Филология кафедрасы


Студенттердің білімін бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,13 Mb.
#74
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

8. Студенттердің білімін бағалау жүйесі. 

Пәнді игеру бүкіл өтілген материалды қамтитын жазбаша емтиханмен аяқталады. Емтиханға 

жіберілудің міндетті шарты бағдарламада көрсетілген тапсырмалардың барлығын орындау болып 

табылады.  

Қорытынды  баға  қою  кезінде  2  межелік  бақылауда  жинаған  ұпайлар  есепке  алынады.  Оқу 

үрдісін  және  білімді  бағалауды  бөлу  ұстанымына  сәйкес  ауызша  емтихан  Офис  тіркеушімен 

жүргізіледі.  

  Әріп  баға  мен  оның  ұпаймен  сандық  көрсеткіші  дұрыс  жауаптардың  пайыздық  мәні 

бойынша төмендегі кестеге сәйкес анықталады: 

 

Студент білімін бағалау жүйесі 

Әріптік жүйемен 

бағалау 

 

Балдар 

% ұстау 

Дәстүрлі жүйемен 

бағалау  

А 

4,0 



100 

Өте жақсы 

 

  А –  


3,67 

90-94 


  В + 

3,33 


85-89 

Жақсы 


 

               В 

3,0 

80-84 


  В –  

2,67 


75-79 

  С + 


2,33 

70-74 


   Қанағаттанарлық 

               С 

2,0 

65-69 


  С –  

1,67 


60-64 

1,33 



55-59 

1,0 



50-54 



0-49 

Қанағаттанғысыз  



Рейтингіні есептеу. 

№ 

 

Жұмыс түрлері 

Ұпай саны 

Пайызы 

Ағымдағы бақылау 



15 

15 


ОЖСӨЖ, СӨЖ тапсырмалары  

30 

30 


Межелік бақылау 

10 

10 


Қорытынды емтихан 

45 

45 


 

Барлығы 


100 

100 


 

 Пән бойынша қорытынды бағаны есептеу.  

1 формула. Межелік бақылау бағасы: 

Р = (  Б  с)   х 100% 

           Б  о 

Р – межелік бақылаудың рейтингтік бағасы 

Б  с – пән бойынша жоғары ұпай 

Б  о – пән бойынша студент жинаған барлық ұпай саны 

100 – коэффицент 

2 формула. Қорытынды бағаның есептелуі: 


 

 

Иэ = РИ * 0,6 + Э * 0,4 



Иэ – қорытынды емтихан бағасының пайыздық мөлшері 

РИ – қорытынды межелік бақылау бағасының пайыздық мөлшері 

Э – емтихан бағасының пайыздық мөлшері 

0,6 және 0,4 - коэффиценттер 



 

9. Саясаты мен процедурасы 

Жұмыстың  барлық  түрін  (ең  жоғары  ұпай,  айып  және  ынталандыру  ұпайлары)  қамтиды; 

Сабақты босату – сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші, сондықтан курс бойынша қорытынды баға 

шығаруда  есепке  алынады.  Тапсырма  уақытында  орындалмаса,  әр  жолы  бағаңыз  жарты  ұпайға 

кемітіліп отырады. Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін біледі. Сіздің міндетіңіз сабаққа 

қатысу, оқу. Кездейсоқ жағдайлар мен ауырып қалуыңыз ғана себепті деп саналады.  

Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы өткізуіңіз керек. 

Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз. 

Өз  жұмыс  орнында  болып,  міндеттін  атқармау  да  жазаға  тартылуға  себеп  болады.  Курс 

бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек.  

Белгіленген  мерзімнен  кейін  өткізілген  тапсырмаларға  қойылатын  баға    төмендетіледі  де    өз 

кезегінде  қорытынды  бағаға  әсер  етеді.  Сабақ  кестесі  бойынша  дәрісханада  орындаған 

жұмыстарыныз  да  есепке  алынады.  Сабақта  болмасаңыз,  дәрісхана  жұмысын  орындамағаныңыз 

және сабақтан қалғаныңыз  үшін жазаланасыз.  

Курсты  игеру  белсенді  жүзеге  асырылуы  керек.  Үй  тапсырмасын  орындауға  кемінде 

аптасына  2-3  сағат  уақыт  бөліну  керек.  Кестеге  сәйкес  оқытушыдан  үнемі  кеңес  алып  тұрыңыз. 

Оқулықты  тек  тапсырма  орындау  барысында  емес,  курсты  игеру  барысында  үнемі  оқып  отыру 

керек.  Әр  тапсырмаға  дайындалу  керек.  Курсты  игерудің  табысты  болуы  көбінесе  сіздің 

дәрісханалық  жұмысты  орындауға  қатысуыңызға  байланысты  болады.  Сабаққа  жақсы  қатысу, 

белсенділік  таныту,  оқытушының  тапсырмаларын  мерзімінде  және  сапалы  орындау  аттестация 

мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде 

қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап 

бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді. 

Аралық  аттестация  өтілген  материал  баршаға  міндетті  және  өтілген  тақырып  бойынша 

алынады: 

-

 



біреуден көшіріп алуға; 

-

 



сіз үшін басқа біреудің орындауына; 

-

 



жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге; 

-

 



топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай, сол үшін ұпай сұрауға және т.б. 

Курсқа  деген  сіздің  қарым-қатынасыңыз  ЖОО  студентіне  лайық  болады  деп  ойлаймыз.  Сабақ 

босатуға,  кешігуге,  дәрісханада  тәртіпсіздік  жасауға,  оқытушы  мен  студенттерді  сыйламауға 

болмайды.  Материалды  талқылап,  қажетті  сұрақтар  қою  үшін,  тақырыпты  ашуға  сын  көзбен 

қарап,  шешімін  табу  үшін  және  болашақ  жұмысынызға  қажетті  білімнің  бәрін  алу  үшін 

дайындалып келуіңіз керек. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ 



 

Араб  жазуы  (әріп  таңбалары)  –  құран  қолданған  әліпби,  сондықтан  оған 

өзгерістер  енгізуге,  қысқартуға,  өзге  таңбаларды  қосуға  болмайды  деген  діндар 

догматиктердің  қарсы  пікірлері  де  (мақалалары   да)  болғанына  қарамастан,  ауыл 

мұғалімдері,  озат ойлы, білімді адамдар тарапынан Байтұрсынұлы әліпбиі  батыл қолдау 

табады. 

Графика - дыбысты нақты сөзден‚ морфемадан тыс берудің барлық мүмкіндіктерін 

қарастырады.  Сондықтан  оны  жазудың  жалпы  да  дерексіз  ережесі  десе  де  болады‚  ал 

орфография  –  көптеген  себептерге  байланысты  графикадан  туындайтын  бұрмалар‚ 

ерекшеліктер. 



Дәстүрлік  принцип  сөздің  бір  кезде  жазылып  қалыптасқан‚  дәстүрге  айналған 

түрін  сақтап  жазу.  Бұған  қазақ  тіліндегі:  хат‚  хабар‚  халық‚  қаһар‚  жаһан  сияқты 

сөздерде х‚ һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі 

қалпына қайшы келуі де‚ келмеуі де мүмкін. 



Дифференциялаушы  (лат.  dіfferentіa  –  айырым)  принцип  –  дыбыстық  құрамы 

бірдей  сөздерді  бір-бірінен  орфографияның  көмегімен  айыру.  Бұл  принцип  қазақ  тіл 

білімінде  ескерілмейді.  Дұрысы‚  дәстүрлік  принцип  бойынша:  хабар‚  хал‚  халық‚  хан‚ 

хат‚ хош түрінде жазып жүргендеріміз‚ о баста тіліміздегі омонимдері (қабар‚ қал‚ қалық‚ 

қат‚ қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну керек. Қазақ тілінде 2‚5 

мың  омоним  сөз  бар‚  10-15  сөзді  түрлендіріп  жазу  арқылы  бұл  мәселені  шешу  мүмкін 

емес. 


Жалған  редукция  —  а й т у д а   д а у ы с т ы   д ы б ы с   сәл  айтылғанмен 

(көмескі    айтылғанмен),    жазуда   тең баланады. 

К і т а б и   с т и л ь   дегеніміз  —  тіліміздегі  сөздерді  кітаптағы  жазылуы  бойынша 

оқуды  айтамыз.  Кітаби  стиль  әріп  таңбасын  толық  дыбыстаумен  байланысты  болады. 

Кітаби стильде жазба тілге тән кітаби лексика көбірек ұшырайды. 

Морфологиялық  принцип  сөздің  морфологиялық  құрамын  ескеріп‚  морфемалар 

(сөз  және  қосымша)  құрамында  болатын  дыбыс  алмасуларын  елемей‚  бастапқы  қалпын 

сақтап  жазу.  Мысалы:  жан‚  жамбады‚  жаңғанда  түрде  айтылатын  сөзформаларға  ортақ 

түбір  –  жан‚  жанбады‚  жанғанда  деп  жазылады.  Ал:  жаз‚  жазса‚  жазшы‚  айтуда:  жаз‚ 

жасса‚  жашшы‚  алайда  түбір  (жаз)  сақталып  жазылады.  Морфологиялық  принципті 

фонемалық принцип деп те атайды. 

 

Н о р м а т и в т і к   с т и л ь   дегеніміз  -  әдеби  тіліміздегі  сөздердің  белгілі  бір 

дыбысталу заңына негізделіп айтылуы. Нормативтік стильдің қалыптасуына, тіліміздегі 

сөздердің  дұрыс  айтылу  ережелерінің  жетіле,  шыңдала  түсуіне  кино,  театр,  радио  мен 

телевизия, мектеп ерекше әсер етеді. 

Мағыналық дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бірі болмаса, бірінің қатысуы арқылы 

(артикуляциясы  арқылы)  жасалады,  сондықтан  с ө й л е у   д ы б ы с т а р ы н ы ң   б ә р і н  

а р т и к у л я ц и я л ы қ  д ы б ы с  дейміз. 

Орфографиялық сөздік — сөздерді дұрыс (мөлшерлік) жазу 

сөздігі.


 

Орфографиялық  сөздік  (емле  сөздік)  —  тілдегі  сөздердің  жазылу  нормасын  көрсететін 

сөздік.  

        


Орфоэпиялық  сөздік -  сөздің 

орфоэпиялық  түрін,

  яғни  оның  қазіргі  әдеби 

айтылуын  және  екпінін  қамтып  көрсететін  сөздік.  Қазақ  әдеби  тілінің  орфоэпиялық 

нормасының қалыптасуына негіз болған онын бай ауыз әдебиеті.

  

«Орфоэпия»  грек  тілінің  orthos  —  дұрыс,  түзу  және  epos  —  сөз  яғни  дұрыс 

сөз, түзу сөз» деген мағынадан шыққан. 

Тілдегі  сөздердің,  сөз  тіркестерінің  дұрыс  айтылу  ережелері  орфоэпия  (орфос  — 

гректің дұрыс, түзу және эпос — сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады. Сөздер 

мен  сөз  тіркесінін  айтылуы  мен  жазылуы  әрдайым  бірдей  бола  бермейді. 

           Орфографиялық  принцип  бір  сөз  екі  түрлі  не  одан  көп  түрде  жазылатын 

жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (лат. prіncіpіum – 



 

 

негіз‚  бастау)  негізінде  орфографиялық  ережелер  жасалады.  Жазу  ережелері  ойды  дәл 

жеткізіп‚ жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет. 

Парадигматилық  жүйе  дегеніміз  –  тіл  бірліктерінің  (дыбыстардың, 

морфологиялық  көрсеткіштердің,  емлелік  тәртіптердің  т.б.)  екі  түрлі  типін  бір-бірінің 

қарсысына қойып жүйелеу. 

Протеза  -  кейбір  сөздердің  алдынан  дауысты  дыбыстың  қосылып  айтылуын 

п р о т е з а   дейміз.  Мысалы:  рақат,  рақым,  рас,  лаж,  лай,  лайық  сөздері  ырақат, 



ырақым, ырас, ылай, ылайық болып айтылады. 

Редукция (сусу, сәл айтылу) - сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың айтуда естілер-

естілмес  болып  әлсіреуін,  қысқа  айтылуын,  кейде  мүлдем  сусып  түсіп  қалуын 

р е д у к ц и я  дейміз. 

Тәртіпті жазу дегеніміз - тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (әрпі) 

бар болса 



Фонетикалық  принцип  бойынша  сөз  айтылуындағыдай  жазылады‚  яғни  әрбір 

әріп  фонеманы  емес‚  дыбысты  білдіреді.  Сонда:  жаз‚  жасса‚  жашшы‚  жан‚  жамбады‚ 

жаңғанда түрде жазылады да‚ фонемалық транскрипцияға жуықтайды. 

  Шын редукция дегеніміз — сөзде қ ы с а ң дауыстылар  а й т ы л м а й д ы  да, 

ж а з ы л м а й ды  д  а.  Бұған  жарық  —  жарқыл,  қорыққорқақ  сияқты  сөздердің 

өзгерісін жатқызамыз.    

Элизия  (мүлдем  түсу)  -  сөз  ішінде  немесе  сөз  аралығында  бір  интонациямен, 

бір ритм-ырғақпен, екпінмен айтылған  сөздердегі бір дауысты дыбыстың  түсіп  қалып, 

мүлдем айтылмауын элизия дейді. Элизиялық құбылыс — түркі тектес тілдердің бәріне 

тән: 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 



ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ 

  ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Пунктуацияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс сабақтарының 

қысқаша конспектісі 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей, 2015 

 

 

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 3 курс студенттерінің дәріс 



сабақтарының қысқаша конспектісі ұсынылған. 

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент м.а  Әбікенова Г.Т. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ 



 

1-тақырып. Қазақ пунктуациясының дамуына шолу.   

Дәрістің негізгі сұрақтары:  

1.Қазақ пунктуациясының дамуы туралы мәліметтер.  

2.Жазба түрдің грамматикалық бөлшектерінің пунктуация арқылы берілуі.   

3.“Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы. 



Қысқаша мазмұны: 

1.Қазақ пунктуациясының дамуы туралы мәліметтер.  

Пунктуация  ережелерінің  бірқатарын  сөз  еткенде,  соларға  сәйкес  орыс  тілі  пунктуация 

ережелерімен  салыстырып  отыруға  тура  келді.  Әрине,  екі  тілдегі  қолданылатын  пунктуациялық 

таңбалар бірдей болғанмен, олардың қолданылатын орындарының әрдайым бірдей болуы мүмкін 

емес. Осыған қарамастан орыс тілінде қай жерде қандай тыныс белгісі қойылса, соны бұлжытпай 

қазақ  тіліне  қолдана  салу  практикада  кездесіп  қалады.  Мысалы:  орыс  тілінде  бір  жай  сөйлемде 

айтылған  баяндауыш  келесі  жай  сөйлемде  түсіріліп  айтылса,  орнына  сызықша  қойылады:  1)  Я 



читал  книгу,  а  он  —  газеты.  2)  В  этих  случаях  из  одних  физических  тел  получаюшся  другие 

физические  тела:  из  стакана  —  кусочки  стекла,  из  куска  парафина—  свеча  и  т.  д.  («Химия» 

окулығынан.) 

      

Қазақ  тілінде,  тегі,  кұрмаласқа  енген  жай  сөйлемдердің      соңғысының      баяндауышы   



түсіріліп        айтылмайды  («Қой—  қозыдан»  деген  сияқты  бірен-саран  мақалдарда  болмаса). 

Керісінше,  алдыңғы  сөйлемдер  баяндауышсыз  қалдырылып,  баяндауыш  жалпы  сөйлемнін 

соңында айтылады, немесе баяндауыш екі рет кайталанады. Жоғарғы сөйлемдердің аудармаларын 

қараңыз:  Мен  кітап,  ол    газет  оқыды.  Тіпті  дұрысырағы:  Мен  кітап      оқыдым,        ал  ол  газет 



оқыды.      (Мен  кітап  оқыдым,  ол  —  газет  деген  сияқты  сөйлем  кұрылысы  болмайды.)  Екінші 

сөйлемнің  дұрыс  аудармасы:  Бұл  жағдайларда  физикалық  бір  денелерден  екінші  бір  денелер 



[пайда болады]: стақаннан бірнеше шыыны сынығы, парафиннің бір кесегінен май шам және т. т. 

пайда болады. 

           Сондай-ақ орыс тілінде кұрмаласкан жай сөйлемдердің бірі шартты мәнді болса, араларына 

сызықша қойылғанмен, қазақ тілінде шартты бағыныңқылы сөйлемдерде арасына үтір қойылады 

(ол  жайында  ережеде  дәлірек  айтылды).  Сондықтан  орыс  тілінде  сызыкша  қойылған  жердің 

барлығында да қазак тілінде сызықша қойыла бермейді. 

2.Жазба түрдің грамматикалық бөлшектерінің пунктуация арқылы берілуі.   

  

Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы 



(емле)  проблемасы  ХІХ  ғасырдың  90-жылдарынан  бастап  баспасөз  бетінде  көтеріліп,  әлеумет 

назарына  іліне  бастады.  “Дала  уалаяты  газетінің”  1896-жылғы  27-санында  Ыбырай 

Алтынсаринның  ағартушылық  идеясын  қ

олда


ған  сауатты  азамат  А.Құрмамбаевтың  “Қазақ  тілі 

турасынан”  деген  мақаласы  жарияланды.  Мұнда  автор  қазақтың  жазба  тілі  ноғай  (татар) 

сөздерімен “шұбарланып барады” деп қауіп айтады. Бұл қазақ тілінің  сөздік қазынасы жайындағы 

алғаш  көтерілген  мәселе  болса,  әрі  қарай  ұлттық  (“қазаққа  керек”)  жазу-графика,  орфография, 

пунктуация  мәселелері  де  әңгіме  бола  бастайды.  “Дала  уалаяты  газетінің”  (әрі  қарай  ДУГ)  1896 

жылғы 31-32 – сандарында жарияланған ағартушы Д.Сұлтанғазиннің “Қазақ тілінше жазу туралы” 

деген көлемді мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында айта келіп, «көп заманнан 

бері  қазақ  тілінде  жүріп,  бұзылған  себебінен  (автор  бұл  кезде  «бұзылған»  деп  фонетикалық 

тұрпаты  қазақ  тіліне  икемделіп  өзгерген  құбылысты  айтып  отыр)  араб,  парсы  сөздерін  қазақтың 

сөйлеуі  бойынша  жазу  жарайды»  -  деп  орфографияға  қатысты  ең  алғашқы  пікірлердің  бірін 

айтады. Бұл принципті қазақ емлесі  күні бүгінге дейін танып келеді.  

Араб  жазуы  (әріп  таңбалары)  –  құран  қолданған  әліпби,  сондықтан  оған  өзгерістер 

енгізуге,  қысқартуға,  өзге  таңбаларды  қосуға  болмайды  деген  діндар  догматиктердің  қарсы 

пікірлері де (мақалалары  да) болғанына қарамастан, ауыл мұғалімдері, озат ойлы, білімді адамдар 

тарапынан Байтұрсынұлы әліпбиі  батыл қолдау табады. 

Сөйтіп,  қазақ  тілінің  әлеуметтік  қызметінің  даму  сипаты,  жазба  тілі,  алфавиті, 

терминологиясы,  оқу-ағарту  істерінің  күй-қалпы,  оқу  құралдарының  қажеттігі  сияқты  мәселелер 

туралы  пікірлер  айтылды.  ХІХ  ғасырдың  ең  соңғы  жылдары  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы 

жылдарында  қазақ  қоғамында  ашылған  әр  сатылы  мектептерде  балалардың  ана  тілінде  сауатын 

ашатын  графиканың  мәні,  оның  қазақ  балаларын  оқытуда  қиындық  келтіретін  тұстары  кеңінен 

айтыла  бастады.  Бұл  пікірлерге  ауыл  мұғалімдерінің  айтқандары  прагматикалық  сипатта  болды. 

Ал  графика  мен  оқыту  проблемаларын  ғылыми-тәжірибелік  негізде  тұңғыш  рет  көтерген  ұлы 

ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов, Аманқос 


 

 

Мектептегі  сияқты  зерттеушілер  жақсы  талдап  көрсеткен  болатын  (Қазақ  тілі  жөніндегі 



революциядан  бұрынғы  зерттеулер.  Алматы,  «Ғылым»,  1993,  18-20  –  беттер).  А.  Байтұрсынов 

оқыту  ісінде  ең  басты  құрал  –  оқулық  екенін  айтып,  ал  оқулық  бойынша  балалар  сауаттарын 

қиналмай тез ашуы үшін жазу тәртібі  болу  керек дейді («Айқап»,  1912, №  4  – 5, «Жазу тәртібі» 

деген мақаласында). Ахмет Байтұрсынов енгізген «Жазу тәртібі» термині «Қазақ жазба дүниесіне 

қажет алфавит» деген ұғымды береді, яғни қазақ тілінің табиғи фонетикалық құрылымына сәйкес 

тілде  бар  дыбыстардың  жеке  таңбасы  (әрпі)  болуы,  сондай-ақ  жазуда  қазақ  тілінің  үндестік 

заңдарының  сақталуы  қажет  екендігін  ескертті.  Бұл  пікір-ұсынысқа  қарсы  шыққандар  да  болды, 

олар «түркі тілдеріне ортақ» бұрынғы жазу (емлеге қатысты) үлгісін сақтауды ұсынды. Демек, А. 

Байтұрсынов және бірқатар зиялылар қолданып келе жатқан араб әліпбиіне қазақ жазбалары үшін 

өзгеріс енгізу, яғни реформалау принципін ұсынды. Ол: «бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ», 

жазғанымыздың қате, дұрыстығын айтарлық емле жоқ, оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға 

ашып-арнаған әріптер жоқ» - деп жазғанда, қазақтарға қажет тек алфавит мәселесі ғана емес, соған 

тікелей  қатысты  емле  мәселесін  де  көтерді,  оның  әлі  күнге  жоқтығын  айтты.  Бұл  пікірсайысты 

«Айқап» журналынан «Қазақ» газеті іліп әкетті. 

А.  Байтұрсынов  қазақ  жазуы  үшін  жасаған  әліпби  жобасын  қостай  отырып,  Міржақып 

Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады 

(«Айқап», 1912, № 8). Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды. 

3.“Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы. 

Қазақ  жазуының  орфографиясы  ХХ  ғасырдың  басында  Ахмет  Байтұрсыновтың 

мақалаларында  тұңғыш  рет  сөз  болды.  Оның  қажеттігі  мен  рөлі  ғана  дәлелденіп  қойған  жоқ, 

алғашқы  ережелері  іспеттес  тәртіп  жүйесін  ұсынды.  Ахмет  Байтұрсынов  қазақ  жазуының  емлесі 

туралы  ой-пікірлерін  өзі  редакторы  болған  «Қазақ»  газетінің  беттерінде  әрі  қарай  жалғастырып, 

пікірсайысқа  жол  берді.  Емле  мәселесіне  келгенде,  «Айқап»  пен  «Қазақ»  газеттері  қарама-қарсы 

екі түрлі бағытта болды. «Айқап» бұрынғы дәстүрлі әліпби жүйесі мен емлені қолдаса, «Қазақ», 

әрине, А.Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен жаңа емле принциптерін жақтады. 

Сөйтіп,  ХХ  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарында  қазақ  мәдениеті,  жазба  тілі  үшін 

графика  (әліпби)  мәселесі  мен  қазақ  жазуы  емлесі  жайындағы  әңгіме  баспасөз  беттеріндегі 

пікірталастар  түрінде  әлеуметтік  үнге  ие  болды.  Бұл  –  қазақ  рухани-мәдени  дүниесінің  едәуір 

көтерілгенін, ұлттық проблемаларға бара алатын зиялы топтың, мәдени күштің жетіле бастағанын 

танытты. 

 Тіл  (қазақ  тілі)  жайында  жазылған  мақалалардың  көпшілігінде  араб  әліпбиінің  қазақ  тілі 

үшін  жарамсыз,  оны  толықтыру  не  жаңа  алфавит  жасау  қажет  дейді  (Р.Дүйсенбаев  «Қазақ 

алфавиті  туралы  мәселеге,  ДУГ,  1897,  №10).  Араб  алфавитінің  қазақ  тіліне  үйлесімсіздігін 

Д.Сұлтанғазин  де,  О.Әлжановтар  да  айтады.  Демек,  араб  графикасын  реформалау  идеясы  ХІХ 

ғасырдың  80-90  жылдарында  әлеумет  назарына  ұсынылса  да,  оның  жүзеге  асырылуы  ХХ 

ғасырдың алғашқы 10-15 жылының үлесіне тигені белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске 

кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. 

Қазақ  жазбаларының  орфографиясы  мен  жазба  мәдениеті  туралы  әлеуметтік  үн  де  ХІХ 

ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылы барысында ашығырақ шықты, мақалалар 

жарияланды, қазіргі тыныс белгілерінің түр-тұрпаты мен орындары көрсетілді (ДУГ, 1896, №31). 

Жоғарыда  айтылды,  араб  жазуымен  берілген  мәтіндерде  ешқандай  тыныс  белгілері  болмады. 

ДУГ-тің  өзі  бастапқы  нөмірлерінде  тыныс  белгілерінсіз  шығып  тұрыпты.  Кейін  өзі  танытып 

түсіндірген тыныс белгілерін пайдаланды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет