Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,13 Mb.
#74
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәрісті бекіту сұрақтары: 

1. Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп қарау  

2. Бірыңғай мүшелерлердің тыныс белгілері. 

3. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. 

 

11-дәріс.  Төл сөздердің тыныс белгілері.   

Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1. Төл сөздердің тыныс белгілері.  

2. Төл сөз бен  автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері. 

Қысқаша мазмұны:  

   


 

1. Төл сөздердің тыныс белгілері.  



 

 

Төл  сөз  екі  түрлі  қолданылады:  бірі-  төл  сөзді  текст  ішінен  бөлмей,  абзацсыз  қолдану;  екіншісі- 



төл сөзді абзацпен бөліп тастау. 

      


Бірінші жағдайда  төл сөз тырнақшаға алынады, екіншіде сызықша арқылы жазылады: 

1.Әкей оқта-текте иінін қозғап қойып, күбірлеп сөйлеп те қояды: «Генерал-поручик!...Ол менің 

ротамда сержант қана еді!Содан бері көп-ақ өткені ме?..» 

      2.–Асан үйінде екен,-деді біреу жүгіріп кеп

          -  Қалима ше? 

          -О да үйінде.(С.Мұқанов.) 

     


2.Төл сөз бен  автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері былайша қойылады: 

2. Төл сөз бен  автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері. 

Әуелі төл сөз, одан кейін автор  сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады да, автор 

сөзінен бұрын,  төл  сөз  болып  тұрған сөйлем хабарлы болса, үтір мен сызықша;  лепті  болса,  леп 

белгісі  мен  сызықша;  сұраулы  болса,  сұрау  белгісі  мен  сызықша  қойылады.Сондай-ақ  көп  нүкте 

мен  сызықша  да  қойылады.Мұндайда  үтір  тырнақшаның  сыртына  қойылады,  ал  сұрау,  леп 

белгілері және коп нүкте тырнақшаның ішіне қойылады. Мысалы: 

«Мұны мен бұрын бір жерден көрдім», - деп ойлады ұста. 



«Мұны мен қайдан көрдім?» - деп ойлады ұста. 

«Мұның кім екенін қайтсем де білуім керек!», - деп өзіне серт берді ұста. 

«Бұл кім болды екен, әлде...»-деп, ойлай бастады ұста. 

    Сызықшаға  алынып  жазылуға  тиісті  төл  сөздердің  тыныс  белгілері  дәл  осындай.Тек  олар  екі 

жағынан  тырнақшаға  алынбайды.Оның  орнына  төл  сөздің  алдына  сызықша  қойылады  да,  жаңа 

жолдан басталып жазылады. 

Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады: 

       1)Ұста: «Мұны қайдан көрдім?»-деп ойлады. 

       2)Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелге қарап: 

- Павлушка, сен социалиспісің? – деп сұрады. 

     Сөйлемт  тырнақшаға  алынған  төл  сөзбен  аяқталып  тұрса,  нүкте  тырнақшаның  сыртынан,  ал 

леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның ішінен қойылады.Мысалы: 

      Ұстаның ойлағаны: «Мен мұны бір жерде көрдім». 

      Ұстаның ойлағаны: «Мұны мен қайдан көрдім?» 

Автор сөзі төл сөздің ортасында келгенде, тыныс белгілері төрт түрлі қойылады: 

а) Автор сөзі төл сөз болып тұрған тұтас сөйлемді екіге бөліп тұрса, автор сөзінің алды – артынан 

үтір  мен  сызықша  қойылады.Төл  сөздің  екінші  жартысы  кіші  әрәптен  басталып 

жазылады.Мысалы: 

1.  –  Мені,  -  деді  Амантай  далаға  шыққан  Асқарға,  -  губернатор  шақырған  екен.  Еріп  

жүрші шырағым. (С.Мұқанов.)  

2.  «Я,  -  деп  ойлады,  шелегін  босағаға  қойып...  далаға  шыққан  Айбала,  -  қуанатын  жөні 

бар». (С.Мұқанов) 

ә)  Екіге  бөлінген  төл  сөздің  бірінші  жартысы  өз  алдына  хабарлы  сөйлем  болса,  автор  сөзінен 

бұрын  үтір  мен  сызықша,  автор  сөзінен  кейін  нүкте  мен  сызықша  қойылады.  Төл  сөздің  екінші 

жартысы бас әріптен басталып жазылады. 

1.  –  Трест  жанып  жатыр,  -  деді  Валя  келтесінен,  даусын  көтере  сөйлеп.                      –  Мама,  мен 

барып  ұйықтаймын.  (А.Фадеев.)  2.  –  Жоғары  шық,  -  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  – 

Ағаңның  қолына  су  кұй,  қалқам  Ботагөз.                              3.  –Амантай  да  бірге  келді,  -  деді  Асқар 

қалтасынан сәби Амантайдың суретін Ботагөзге ұсынып. – Жолда көрдім. Аман! (С.Мұқанов.)  

б)Екіге  бөлінген  төл  сөздің  бірінші  жартысы  лепті,  сұраулы  сөйлем  болса,  немесе  леп  белгісі 

қойылуы  тиісті  қаратпа,  одағай  сөздер  болса,  автор  сөзінің  алдынан  тиісті  леп  белгісі  не  сұрау 

белгісі  мен  сызықша  қойылады  да,  соңынан    нүкте  мен  сызықша  қойылады.  Төл  сөздің  екінші 

жартысы  бас  әріптен  басталып  жазылады,  ал  автордың  сөзі  кіші  әріптен  басталып 

жазылады.Мысалы: 

1) – Бұл не жұмбақ? – десті екеуі қосынан. – Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? 

(С.Мұқанов.) – Жолдастар! – деді Павел.  -  Өмір бойы алға ұмтылайық! (М.Горький.) 

в)Төл  сөздің  бірінші  жартысынан  кейін  көп  нүкте  қойылуға  тиісті  болса,  автор  сөзінің  алдынан 

көп  нүкте  мен  сызықша,  автор  сөзінен  кейін  алдыңғы  бөлікке  қарай  не  үтір  мен  сызықша  ,  не 

нүкте мен сызықша қойылады. Мысалы: 

1)  –  Жаңа...  –  деді  шал  сасқалақтап,  -  Итбайдың  төре  баласы  Сарыбас...  солдатпн  келіп 

шешеңді атып өлтіріп кетті... Саған  кетті... Жасырын! (С.Мұқанов.) 2) – Енді айналмай-ақ 

қоярмыз... – деп сыбырлады. –Былайырақ  шығайық та ауладан аттап түсейік...(А.Фадеев.) 


 

 

4.Кейде  автор  сөзі  төл  сөздің  ортасында  бір,  соңында  бір  келеді.Ондайда  автор  сөзінің 



алдыңғысына тыныс белгілері төл сөздің екіге бөлініп қолданылғанындай қойылады. Соңғысының 

алдынан әдеттегідей тыныс белгілері қойылады.Мысалы: 

1)Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семен маған: 

-  Санитар  машинасымен  бара  жатқан  бір  қазақ  қызын  көрдім.  Құдай  біледі,  сол  сенің 

Ақботаң,  -деді,-  Мұндай  ұқсамас,  -  деп  бастады  да  артығырақ  кетіп    бара  жатқанын  өзі  де 

аңдап, тоқтай қалды.(Ғ.Мүсірепов.) 

Дәрісті бекіту сұрақтары: 

1. Төл сөздердің тыныс белгілері.  

2. Төл сөз бен  автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері 

 

12-тақырып.  Кейбір пунктуациялық  ережелер.   

Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында. 

2. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің  тыныс белгілері. 

3. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері. 



Қысқаша мазмұны:  

   


 

1. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында.  

Пунктуациялық  ережелердің  ішінде  оңашаланған  айқындауыш  мүшелердің  тыныс  белгісі  мен 

құрмалас сөйлемдердін тыныс белгісіне тоқталып өтуге тура келеді. 

      

2.Оңашаланған  айқындауыш  мүше  қазақ  тілінде  өзіне 



ҚАТ

ысты  сөзден  кейін  келеді.  Ол 

өзінен  бұрыңғы  сөздің  мәнін  айқынданқырай,  дәлелдеңкірей  түсу  үшін  қолданылады. 

Оңашаланған  мүше,  көбінесе,  атап  айтканда  деген  сөзді  косуды  тілеп  тұрады.  Айтуда 

оңашаланған  мүше  сөйлемдегі  басқа  сөздерден  дауыстың  аздап  кідірісімен  белініп  тұрады.  Ол 

Күнанбайаулына, Қорыққа, осы Ералыдан барған болар (М. Эуезов). Мұндағы Корыққа дегсн сөз 

Кұнанбай  аулы  деп  тұрғаны  Қорық  екендігін  айқындай  түседі.  Ол  Кунанбайаулына,  атап 

айтқанда Қорыққа, осы Ералыдан барған болар. 

       


Оңашаланған  айкындауыш  мүшенің  тағы  бір  белгісі—ол  өзі  айқындап  тұратын  сөзбен 

септік  жалғаулары  жағынан  тұлғалас  келсді.  Мысалы:  Тобықты  ішіне  ең  алғаш  келген  арба  осы 



Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М. Әуезов).  

            Мұндағы    айқындалып  тұрған  Зеренің  деген  сөз  бен  оңашаланып  тұрған  шешесінің  деген 

сөз  екеуі  де  ілік_жалғауда.Ал      осылардын,  біреуі  жалғаусыз  айтылса,  ол  оңашаланған 

айқьндауыш  мүше  емес,  қосалқы  айқындауыш  мүше        болып  кетеді:  Тобықты  ішіне  ең  алғаш 



келген  арба  Кұнанбайдың  кәрі  шешесі  Зере  нің  көк  арбасы  десе  де  болады.      Қосалқы    

айқындауыш      пен      айқындалушының  арасына  ешқандай  тыныс  белгісі  қойылмайды.                                                                                                                                             

Оңашаланған   айқындауыш   мүшелердің үшінші бір "белгісі— олардын, біркатары яғни, әсіресе, 

мысалы,  яки,  немесе,  болмаса,  басқаша  айтқанда,  көбінесе,  оның  ішінде,  атап  айтқанда  деген 

сөздермен  қоса  айтылады.  Әдетте,  түсінбеушіліктен  осы  сөздердің  жеке  өздерін  екі  жағы-нан 

бірдей үтірмен  бөліп тастаушылық кездеседі. Ол дұрыс емес. Екі жағынан үтірге осы сөздермен 

қоса  жа  салған  оңашаланған  тізбек  алынады:  Әңгімемізді  искусствоның  бір  түрі,  мысалы 



музыка,туралы бастайық..                    

                                 

Тағы бір көңіл қоятын мәселе — сияқты, 

ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен және -дай жұрнағымен келген тізбектердің де сөйлем 

ішінде оқшауланып тұратындығы. Сондықтан бұндай тізбектер де, оңашаланған мүше тәрізді, екі 

жағынан  бірдей  үтірге  алынып  жазылады:  Қазақ  әдебистінде,      бүкіл  совет      әдебаетіндегі 

сияқты,  халқымыздың  ұлы  күрестегі  қаһармандық  істері  суреттеледі;[Қазақ  әдебиетінде,   

бүкіл   совет   әдебиетіндегідей, халқымыздың ұлы күрестегі қаһарман-дық істері суреттеледі.  

        Бірақ  сияқты  және  -дай  жұрнақты  сөздерден  құралған  тіркес  етістіктен  болған  мүшеге 

(көбінесе,  баяндауышқа)  қатысты  болып,қалай?  деген  сұраққа  жауап  беріп  тұрса  ғана 

оқшауланады, ал бұлар өзінен кейінгі зат есімге (не зат есім орнындағы басқа сөздерге) қатысты 

болып,  қандай?  деген  сұраққа  жауап  берсе,  күрделі  анықтауыш  болады  да,  үтір  койылмайды. 

Мысалы: мына екі сөйлемді   салыстырыңыз:   1)   Маяковский де, Горький сияқты,   жырлады 



(Қалай    жырлады?  немесе      Кімше  жырлады,Горький  сияқты).    2.        Горький    сияқты  талат   

бүкіл  дүние жүзіне  ортақ  (Қандай  талант? -Горький сияқты).                              

3. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері 



Қарсылықты  мәнді  құрмалас  сөйлемдердің,    жалғаулықтары  түсіп  қалған  болса,  жай 

сөйлемдердің  арасын  дағы  үтір  сақталатындығын    және  түсіп  қалған  жалғаулықтың  орнына 

сызықша қойылып жазылатынын есте ұстау керек. Мысалы елге  мойнымды созам,— көрінбейді. 


 

 

Маңайға мойнымды созам,— дәнеңе жоқ (С. Мұқанов) деген сөйлемді алсақ, оның жалғаулықты 

түрі  былай  болар  еді:  Елге  мойнымды  созам,  бірақ  ел  көрінбейді.  Маңайға  мойнымды  созам,  ал 

[маңайда] дәнеңе жоқ. 

      


Бұл құрылыс мақал, жұмбақ, өлеңдерде жиі кездеседі: Аягы жоқ,— жүреді, аузы жоқ,— 

сөйлейді; Үйде шешен,— дауда жоқ, үйде батыр,— жауда жоқ. 

      


Кез келген жалғаулық түсіп қалған жердің бәріне сызықша қойыла бермейді. Құрмаласқан 

жай  сөйлемдердің  арасындағы  өйткені,  сондықтан,  себебі  дегсн  жалғаулықтар  түсіп  қалып 

айтылса, сол жерге қос нүкте қойылады: 

     

Қасқырдың  артына  алаңдағанына  енді  ғана  түсіндімі  оның  арт  жағында  шоқақтап  екі 

бөлтірік. кетіп бара жатыр. (С. Мұканов.) Маған қиыны екі етігім болды: сазға кірген етіктер 

әлденеге тістесіп тұрып алады да, қонышынан қолыңмен тартпай шықпайды. ,(С Мұқанов.) 

   


Сабақтаса  құрмаласқан  жай  сөйлемдердің  бастауышы  көбінесе  екеуіне_ортақ  болып 

келеді. Мұндайда бастауыш қай жай сөйлемнің кұрамында айтылса, соған жатқызылады да, үтір 

екі  жай  сөйлемнің  аралығына  қойылады,  Осы  ережені  жете  білмегендіктен,  кейде  бірінші  жай 

сөйлеммен келген ортақ бастауышты оның кұрамынан үтірмен бөліп тастап, екінші жай сөйлемге 

жатқызу кездеседі. Мысалы: Мен, оқуды бітіріп, Қарағандыға бара жатырмын. Бұл дұрыс емес. 

Мұнда окуды бітірген де мен, Қарағандыға бара жатқан да мен. Сондықтан мен  деген бастауыш 

қай  жай  сөйлемнің  құрамында  айтылса,  соған  кіреді:  Мен  оқуды  бітіріп,  Қарагандыға  бара 

жатырмын  немесе  'Оқуды  бітіріп,  мен  Қарағандыга  бара  жатырмын  '(Оқуды  бітіріп  мен, 

Қарағандыға бара жатырмын деп жазу да дұрыс емес). 

     


Пунктуация  ережелерінің  бірқатарын  сөз  еткенде,  соларға  сәйкес  орыс  тілі  пунктуация 

ережелерімен  салыстырып  отыруға  тура  келді.  Әрине,  екі  тілдегі  қолданылатын  пунктуациялық 

таңбалар бірдей болғанмен, олардың қолданылатын орындарының әрдайым бірдей болуы мүмкін 

емес. Осыған қарамастан орыс тілінде қай жерде қандай тыныс белгісі қойылса, соны бұлжытпай 

қазақ  тіліне  қолдана  салу  практикада  кездесіп  қалады.  Мысалы:  орыс  тілінде  бір  жай  сөйлемде 

айтылған баяндауыш келесі жай сөйлемде түсіріліп айтылса, орнына сызықша қойылады.  

      

Қазақ  тілінде,  тегі,  кұрмаласқа  енген  жай  сөйлемдердің      соңғысының      баяндауышы   



түсіріліп        айтылмайды  («Қой—  қозыдан»  деген  сияқты  бірен-саран  мақалдарда  болмаса). 

Керісінше,  алдыңғы  сөйлемдер  баяндауышсыз  қалдырылып,  баяндауыш  жалпы  сөйлемнін 

соңында айтылады, немесе баяндауыш екі рет кайталанады. Жоғарғы сөйлемдердің аудармаларын 

қараңыз:  Мен  кітап,  ол    газет  оқыды.  Тіпті  дұрысырағы:  Мен  кітап      оқыдым,        ал  ол  газет 



оқыды.      (Мен  кітап  оқыдым,  ол  —  газет  деген  сияқты  сөйлем  кұрылысы  болмайды.)  Екінші 

сөйлемнің  дұрыс  аудармасы:  Бұл  жағдайларда  физикалық  бір  денелерден  екінші  бір  денелер 



[пайда болады]: стақаннан бірнеше шыыны сынығы, парафиннің бір кесегінен май шам және т. т. 

пайда болады. 

           Сондай-ақ орыс тілінде кұрмаласкан жай сөйлемдердің бірі шартты мәнді болса, араларына 

сызықша қойылғанмен, қазақ тілінде шартты бағыныңқылы сөйлемдерде арасына үтір қойылады 

(ол  жайында  ережеде  дәлірек  айтылды).  Сондықтан  орыс  тілінде  сызыкша  қойылған  жердің 

барлығында да қазақ тілінде сызықша қойыла бермейді. 

Дәрістің бекіту сұрақтары: 

1. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында. 

2. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің  тыныс белгілері 

3. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 



«ПУНКТУАЦИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» 

ПӘНІНIҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 

 

 

               «Пунктуацияны оқыту әдістемесі»  пәні.                   

               Әдістемелік нұсқаудың мазмұны: 

   Оқу  курсының  құрылымы:    Болашақ  тіл  мамандарының  орфография  мен 

пунктуация  ережелерін  меңгеріп  жазу  тәжірибесін  қазақ  орфографиясы  принциптеріне 

сүйеніп және осы принциптерге сәйкес жасалған емле қағидаларын дұрыс пайдалануы; екі 

түбірден құралған сөздер, терминдік мәндегі сөздер, дыбысталуы жағынан екі түрлі болып 

келетін  сөздердің,  дефис  арқылы  жазылатын  тұлғалардың  орфографиясын  меңгерту. 

Тыныс  белгілерін  қоя  білу  –  сауаттылықты  танытады  әрі  синтаксисті  жете  меңгеруге 

көмектеседі.  Тыныс  белгісі  мен  интонация,  үзілістің  сай  келетін  жерлерін  студенттерге 

меңгерту.  Орфография  мен  пунктуацияның  зерттелу  тарихына  тоқталу,  ғалымдар 

көзқарастарын саралау. 

Оқу  пәнін  меңгертудің  ерекшеліктері:  Болашақ  тіл  мамандарының  пунктуация 

ережелерін  меңгеріп  жазу  тәжірибесін  қазақ  орфографиясы  принциптеріне  сүйеніп  және 

осы  принциптерге  сәйкес  жасалған  емле  қағидаларын  дұрыс  пайдалануы;  екі  түбірден 

құралған сөздер, терминдік мәндегі сөздер, дыбысталуы жағынан екі түрлі болып келетін 

сөздердің,  дефис  арқылы  жазылатын  тұлғалардың  орфографиясын  меңгерту.  Тыныс 

белгілерін қоя білу – сауаттылықты танытады әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. 

Тыныс  белгісі  мен  интонация,  үзілістің  сай  келетін  жерлерін  студенттерге  меңгерту.  

Пунктуацияның зерттелу тарихына тоқталу, ғалымдар көзқарастарын саралау. 



Курс  бойынша  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  формалары:  Курстың  бағдарламасы 

дәріс  және  практикалық  сабақтардан  тұрады.    Бұл  пән  негізінен  практикалық  курсқа 

лайық,  өйткені  практикалық  сабақтар  кезінде  шығармалардың  стильдік  ерекшелігі, 

тілдерінің көркемдігі, енгізген жаңа сөз үлгілері, сөздік, лексикалық байлығы талданады.  



Курсты  меңгеруге  студенттің  жеке  жұмысының  ролі:  Курсты  игеру  белсенді 

жүзеге  асырылуы  керек.  Үй  тапсырмасын  орындауға  кемінде  аптасына  2-3  сағат  уақыт 

бөліп, кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұру керек.  Оқулықты тек тапсырма 

орындау  барысында  емес,  курсты  игеру  барысында  үнемі  оқып  отыру  керек.  Әр 

тапсырмаға дайындалу керек. 

Курсты  меңгеру  кезіндегі  студенттің  өздік  және  аудиториялық  жұмысының 

ара  қатынасы:    Курсты  игерудің  табысты  болуы  көбінесе  студенттің  дәрісханалық 

жұмысты орындауға қатысуына байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік 

таныту,  оқытушының  тапсырмаларын  мерзімінде  және  сапалы  орындау  аттестация  мен 

емтиханда  көмектеседі.  Емтихан  теориялық  білімді  тексеруге  ғана  емес,    тәжірибеде 

қолдана  алу  мүмкіндігін  бағалауға  да  бағытталады.  Емтиханда  тест  түріндегі  сұрақтарға 

жауап беріледі,тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді. 



Мамандандырылған  мамандық  түлегінің  біліктілік  мінездемесіне  сәйкес 

курсты  оқу  кезінде  меңгерілетін  білім  мен  білікке  қойылатын  талап:    Курсқа  деген 

қарым-қатынас  ЖОО  студентіне  лайық  болуы  керек.  Сабақ  босатуға,  кешігуге, 

дәрісханада  тәртіпсіздік  жасауға,  оқытушы  мен  студенттерді  сыйламауға  болмайды. 

Материалды  талқылап,  қажетті  сұрақтар  қою  үшін,  тақырыпты  ашуға  сын  көзбен  қарап, 

шешімін  табу  үшін  және  болашақ  мамандықтарына  қажетті  білімнің  бәрін  алу  үшін 

дайындалып келу керек. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 



 

 

 

 

 

 

«ПУНКТУАЦИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»  

ПӘНІНIҢ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ  

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Семей,2015 

 

 

«Пунктуацияны  оқыту  әдістемесі»  пәнінiң  тәжірибелік  сабақтарының  әдістемелік 



нұсқаулығы 5В01700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 курс студенттеріне арналған. 

Құрастырған: ф.ғ.к Әбікенова Г.Т.  филологиясы кафедрасы. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- тақырып:   Қазақ пунктуациясының дамуына шолу.   



Сабақтың мақсаты: Қазақ пунктуациясының дамуын түсіндіру 

Негізгі сұрақтар: 

Қазақ орфографиясы мен қазақ пунктуациясының дамуы туралы мәліметтер.  

Орфография мен орфоэпия және пунктуацияның сипаты мен байланысы   

 “Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы 

Тапсырма:  Қазақ  тіліне  қызмет  ететін  жазу  таңбалары  (графика,  алфавит,  әліпби)  мен 

орфографиясы (емле) проблемасы  анықтау  



Әдістемелік  нұсқау:  Студенттерге  дәрісте    қарастырылған  тақырыптарға  қоса  қазақ 

орфографиясы мен пунктуациясының  сипатын, зерттелу жолдарын үйрету. 



 Есеп беру түрі: жазбаша 

 

2- тақырып:   Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі. 1 сағат 



Сабақтың мақсаты: Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі туралы мағлұматтар 

беру.  



Негізгі сұрақтар: 

1. Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі. 

2.Қазақ тілі тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектер 

3.Тыныс белгілерінің зерттелу тарихы  



Тапсырма:  Сөздің  жазылу  жағдайының  бәрін  графика  тұрғысынан  түсіндіре  беруге  келмейді. 

Графика  бойынша:  өлөң‚  құлұн‚  түлкү‚  жамбады‚  жасса‚  жұмұшшұ  түрде  жазуға  әбден  болады 

және мұның өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді. Осы мысал ретіндегі сөздерді талдау. 

Әдістемелік  нұсқау:  Қазіргі  тіл  біліміндегі  пунктуация  мәселелерін,  лингвистер  көзқарастарын 

саралату. 



Есеп беру түрі: жазбаша 

3-тақырып: Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерін қолданудағы принциптер.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет