Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,13 Mb.
#74
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәрісті бекіту сұрақтары: 

1. Оңашаланған айқындауыштардың тыныс белгілері. 

2.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері. 

3. Етістіктің көсемше формаларына байланысты тыныс белгілер. 

4.Қыстырма сөйлемдердің тыныс белгілері 


 

 

5.Тыныс белгісін дұрыс қоя білудің бір критерий» - интонация. 



  

6 - тақырып. Тыныс белгілерінің түрлерін оқыту және тыныс белгілерінің қолданылуын 

оқыту. 

Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1. Нүкте және оның кей жағдайда қойылмайтындығы. 

2. Жаңа жол, қос нүкте мен көп нүкте, нүктелі үтір, олардың қолданылуы. 

3. Тырнақша, жақша, үтір, олардың қолданылуы. 

4. Сызықша, сызықшаның қойылатын орындары. 

Қысқаша мазмұны: 

 

1. Нүкте және оның кей жағдайда қойылмайтындығы. 



1.Нүкте хабарлы және екпінсіз айтылған бұйрық,тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады. 

2.Нүкте ары қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін сөйлемнен кейін қойылады. 

3.Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып,оған тиісті тыныс 

белгілерінің  бірі  қойылған  болса,қыстырма  сөлемнен  кейін  жақшаның  ішінен  нүкте 

қойылады.Мысалы:1)Ендеше,егер  рұқсат  етсе,сонда  түсейік.Бүгін  ас  ішетін  жеріміз  де 

жоқ.Жататын  қуысы  болса  болады.(Итбайдың  бұлай  деуіне  себеп-қызын  көрейін  дегендік 

еді.)(С.Мұқанов.) 

4.Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады.Мысалы: 

Пётр.Бұл немене? 

Аманкелді.Біле алмадым...Сақал мен мұртқа бір кезек келген сияқты.(Ғ.Мүсірепов.) 

            Сұрау белгісі 

Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. 

Сұраулық  мәнін  ерекше  көтеру  үшін  кейде  біріңғай  мүшенің  әрқайсысынан  кейін  сұрау 

белгісі қойылуы мүмкін. 

Автор  мәселенің  талас  я  күдікті  екендігін  көрсетіп,оқушының  назарын  аударғысы 

келгенде,немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде,цитаттың ішінде белгілі бір сөзден 

не  сөйлемнен  кейін  жақша  ішіне  алынып  не  сұрау  белгісін,не  леп  белгісін,не  екеуін  қатар 

қояды,кейде  бір  белгінің  өзін  екі-үш  қайталап  қояды.Бұл,көбінесе,сын-библиографиялық 

шығармаларда кездеседі: 

Осы  сөйлемді  аудармашы  былай  аударады:”Гүлді  орамал  жауып,төрт  таған  столға 

қойылған  суретке(?)телмендей  қараған  бадана  көзінде  еміне  тіленген  жалыныш,үміт 

болғандықтан,Левин соған қарауға да шошитын еді”.Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып,сан жағын 

ғана  сақтаған:ломберный  стол-төрт  таған  стол(?),салфетка-орамал,образ-сурет(?),выражение-

болғандықтан,устремленных-телмендей,в  больших-бадана,страстная-еміне.(Ә.Нүрпейісов,”Анна 

Каренинаның”аудармасы.) 

Поэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарды да айтпай кетуге 

болмайды: 

Еңбек-кеме,матрос-мен кемеде, 

Оны сүймек сыбаға пешенеме(?!) 

(Қ.Шаңғытбаев.”Ақын және өмір шындығы.”) 

Леп белгісі 

Леп белгісі көтерінкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. 

Ерекше  бір  көңіл  күйіне  байланысты  көтерінкі  дауыспен  бұйыру,өтініш  мағынасында  айтылған 

сөйлемдерге леп белгісі қойылады. 

Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады. 

Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа,одағай сөздер мен жоқ,иә деген сөздерден кейін леп 

белгісі қойылады. 

Ерекше мән бере көтеріңкіайтылғпн атаулысөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы 

мүмкін:”Иегі  ителгеннің  тамағындай”деп  қызықтырған,асықтытған  қалындық!Ділда!Мұның 

жары!(М.Әуезов.) 

Сәлемдескенде айтылатын,ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады. 

                    2. Жаңа жол, қос нүкте мен көп нүкте, нүктелі үтір, олардың қолданылуы. 

Көп нүкте 

Сөйлеуші белгілі бір себептермен(қатты асып-сасу,ентігу,тұтығу,әлсіреу т.б.)сөздерін,ойын бөліп-

бөліп  айтқанда,бір  сөздің  ішіндегі  әріптердің  арасына  немесе  сөйлем  ішіндегі  сөздердің 

арасына,ал ойы бітпей қалғанда,сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады: 

1.Құдайберді есікке көзімен нұсқап: 



 

 

-Адам  бола  ма?!...Болар  ма?..Іңілерің  міне...Кім  боларын...не  көрерін  қайдан...білейін,-



деді.(М.Әуезов.)2.Ж-ж-жоқ...мен...өзім 

барам... 

3.-А...с...с...қар,-дедіБотакөз 

толықсыған 

дауыспен.(С.Мұқанов.) 

22.Көп  нүкте  алынған  цитаттың  бас  жағынан,ара-арасынан  және  соңынан  сөйлем  не  сөздер 

қалдырылған жерге қойылады. 

23.Жазушы  айтып  келе  жатқан  оқиғаның  жалғасын  созбай,әрі  қарай  тоқтатады  да  көп  нүкте 

қояды.Абайдың ілгері созып келе жатқан оң қолы жібек шымылдыққа тиген кезде,алдынан қарсы 

қозғалып кележатқан Тоқжанның ыстық саусақтары мұның бетіне тиіп еді.Дірілдеген демдері 

қосылып,ыстық еріндері енді айрылмастайтабысқан-ды...(М.Әуезов.) 

           3. Тырнақша, жақша, үтір, олардың қолданылуы. 

Үтір 


Үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөздер,қаратпа сөз тізбектері бөлінеді. 

Нақтылы  біреуге  арналмаған,жалпылық-белгісіздік  мағынасы  бар  сөздер  мен  сөз  тізбектері  де 

үтірмен бөлінеді. 

Сөйлемдегі қыстырма сөздер,сөз тізбектері және сөйлемдер үтірмен бөлінеді. 

Үтірмен сөйлемдегі одағайлар бөлінеді. 

Бәсе,жә,қош,құп,жарайды,мақұл,дұрыс сияқты сөздер үтірмен бөлінеді. 

Сөйлемдегі иә,жоқ,мә,мәңіз деген сөздер үтірмен бөлінеді. 

Үтір сөйлемнің біріңғай мүшелерінің арасына қойылады. 

Сөйлемдегі оңашаланған айқындауыш мүшелер үтірмен бөлінеді. 

Сияқты,ретінде  қатар,емес,түгіл  деген  сөздермен  келген  және  ----дай,-дей,-тай,-тей  жұрнақтары 

қосылған тізбектер де үтірге алынады. 

Қарамастан,қоспағанда,есептегенде  деген  сөздерге  аяқталатын  сөз  тізбектері  үтірмен 

ажыраталады. 

Үтір құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына қойылады. 

Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі хабарлы сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлігі болса,одан 

кейін үтір (және сызықша)қойылады. 

Бірнеше сөзден құралған күрделі қос сөздердің арасына қойылады. 

Бірдей немесе әр келкі тұлғада қайталап келетін жеке сөздер мен тіркестердің арасына қойылады. 

Ол-ол  ма,бұл-бұлма,ол-ол  болсын  деген  тіркестер  сөйлем  ішіндегі  басқа  сөздерден  үтірмен 

бөлінеді. 

            Нүктелі үтір 

Нүктелі  үтір  санамаланып  айтылған,мағыналары  ыңғайлас  сөйлемдердің  арасына 

қойылады. 

Мағынасы,құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдердің арасына нүктклі үтір қойылуы мүмкін. 

Жайылмалы,әрі өз ішінде үтірлері бар біріңғай мүшелердің арасына нүктелі үтір қойылады. 

4. Сызықша, сызықшаның қойылатын орындары. 



  

Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады. 

Сызықша біріңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.  

Алдында  жалпылауыш  сөзі  бар  біріңғай  мүшелерден  кейін  сөйлем  аяқталмаса,ең  соңғы  біріңғай 

мүшеден соң сызықша қойылады. 

Диалог төл сөздің алды-артынан(егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса),тырнақшаға алынған төл 

сөздің артынан сызықша қойылады. 

Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады. 

Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады. 

Біріңғай  сұраулы  мүшелерді  немесе  сұраулы  сөйлемдерді  жинақтап  тұртын  әйтеуір  деген  сөз 

түсіп қалған жерге сызықша қойылады:Ісінгендіктен бе,таяқтан әлсірегендіктен бе-денесі зілдей 

ауыр екен.(С.Мұқанов.) 

Оңашаланған айқындауыштың алдынан ызықша қойылады. 



Сондай,сонда,сонша,соншалық,сол,мынау,мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестен кейін жеке 

сөйлем тұрса,бұл сөздерден кейін сызықша қойылады. 

Мекен,уақыт,сан  шендестігін  білдіретін  сөздердің  арасына  сызықша  қойылады.(ол-дан  жалғауы 

мен шейін шылауының мағынасын білдіреді):1)Мойынты-Шу темір жолы.2)Институтта күніне 6-



8  сағат  лекция  болады.3)Машина  сағатына  30-45километрден  жүріп  отырып,жолдың  жартысына 

келіп қалды. 

           Бұларды  белгісіздік-жалпылық  және  болжалдық  мағынадағы  қос  сөз  сан  есімдермен 

шатастырмау керек.Олар дефис арқылы жазылады.1) Кермеге төрт –бес ат қатар байланыпты. 



 

 

(Мұндағы төрт-бес-болжалды сан есім.)Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр(мұнда да екі-үш 



болжалды сан есім.) 

           Тырнақша. 

Цитат  тырнақшаға  алынады.Алынған  цитат  бірнеше  абзацтан  құралған  болса,әр  абзац 

бөлек-бөлек  тырнақшаға  алынбайды.Тырнақша  цитаттың  басталған  жерінен  ашылып,біткен 

жерінен бірақ жабылады. 

Шығарманың ішіне келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады. 

            Кейде тырнақша хатының әрбір абзацы сайын ашылып отырады да,ең соңынан барып бір-

ақ  жабылады.Бұл-өте  сирек  қолданылатын  ереже.Мысалы:С.Мұқановтың  <Ботакөз>романында 

Асқардың,Кенжетайдың хаттары: 

<Ботакөз!.. 

<Амантай!.. 

<Екеуінің  аттарыңды  қағазға  түсіргеннен  кейін,аяғына  не  сөз  қосарымды  білмей,бірнеше  минут 

дағдарып отырмын... 



<  Сен берген аманатты Сағит қолыма тапсырды...(осылай кете береді де,тырнақша ең соңғы Омбы 

1919жыл 6 январь дегеннен кейін жабылады.) 

Диолог емес төл сөз тырнақшаға алынады. 

            Жақша 

Қыстырма сөйлемдер не сөз тіркестері жақшаға алынады. 

Белгілі  бір  сөздерді  түсіндіру  үшін  оның  аудармасы,синонимі  т.б.беріледі  де,жақшаға 

алынып жазылады: 

1)Большевизмнің  негізін  салушы  В.И.Ленин  Симбирск(қазір  Ульяновск)қаласында  1870  жылы 



туған.2)1900  жылдың  декабірінде  шетелде  “Искра”(“Ұшқыш”)газетінің  бірінші  нөмері 

шықты.3)Газеттің  атынан  соң”  Ұшқыннан  жалын  лаулайды  “деген  нақыл  сөз(  эпиграф) 

жазылды. 

Алынған сөйлем,цитат және мысал қайдан,кімдікі екенін көрсету үшін,оның соңынан жазылған 

кітаптың  аты,авторы  т.б.жақшаға  алынады:”Біздің  алдымызда  қиын,жаңа,бірақ  ұлы  және 

ардақты міндет тұр-кең,алуан жақты,алуан түрлі әдеби істі социал-демократиялық жұмысшы 

қозғалысымен  тығыз  және  айырғысыз  байланысты  түрде  ұйымдастыру  міндеті 

тұр”.(В.И.Ленин.Шығармалар,Xтом,35-бет). 

Драмалық  шығармалардағы  ремаркалар  (автордың  түсіндірмелері)  жақшаға  алынады: 



Аманкелді

Миша! 


(Жайнаққа) 

Әкет мыналарыңды (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді). Миша, аман қайттың ба? (Амандасады). 

(Ғ.Мүсірепов). 

Мәселенің  талас  я  күдікті  екендігін  көрсетіп,оқушының  назарын  аудару  үшін,біреуден 

келтірілген цитаттың ішіндегі жеке сөздерге не сөйлемге  қойылатын леп,сұрау белгілері жақшаға 

алынады. 

Келтірілген  мысал  не  цитаттың  ішіндегі  белгілі  бір  сөздерді  не  сөйлемдерді  санамалап 

көрсету үшін, жол-жөнекей қойылатын цифрлар (не әріптер) екі жағынан жақшаға алынады: 

       (1) Жасыл желегін бүркенген қарағайдың арасымен жүріп отырып,(2)Асқар көлдің қабағына 

шықса,(3)мұз бетінде бірсыпыра кісі сырғанақ теуіп жүр екен.Мұнда үш сөйлем бар... 

            Қос нүкте  

Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады. 

Салалас  құрмаластағы  біріне-бірі  түсінік  болып  келген  және  өйткені,  себебі  деген 

жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.  

Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады. 

Әрі  қарай  санамалап  кететін  біріңғай  сөздердің,сөйлемдердің  алдынан  келетін 

жалпылауыш мәнді сөйлемнен,сөздерден кейін қос нүкте қойылады. 

Біріңғай  мүшелерден  бұрын  келген  мысалы,атап  айтқанда  деген  қыстырма  сөзден  кейін 

қос нүкте қойылады. 

      

2.  1)Хабарлы  сөйлемдерден  кейін  нүкте  қойылады.  Хабарлы  сөйлемдер  толымды, 

толымсыз, атаулы, жай, құрмалас болып келе береді.    

       


1) Жүгіріп басып Күләнда келеді. Артынан дауыс шықты. Бұрылып қарады.(С.Ерубаев.) 2) 

Аспанда  алақандай  бұлт  жоқ.  Қазір  тал  түс.  Жер  беті  аппақ.  (Ғ.Мұстафин.)  3)  Жалма-жан 

тұра сала далаға шықсам, түсболып, күн ыси бастаған екен. (Б.Майлин.)  

       


2).  Әрі  қарай кең түрде баяндауы ескертетін  сөйлемнен кейін қос нүкте қойылмай, нүкте 

қойылады. Бұл баяндаудың өзі бірнеше сөйлемдерден құралады, көбінесе жаңа жолдан басталып 

жазылады. Мысалы:  


 

 

        



Мен іркіліп қалдым. Оның себебі төмендегі еді.     

       

Адамқұлды  мен  бірінші  рет...  көтерілістің  алғашқы  күндерінде  көрдім.  О  кезде  таныса 

қоюға  уақыт  болған  жоқ...(«Адамқұл  дегеніміз  осы»дегенге  дейін  әрі  қарай  бір  бетке  жуық 

созылады.) (С.Мұқанов.)  

3). Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте, нүктелі 

үтір, кейде үтір қойылады.  

     


  Санамаланып  айтылған  бірыңғай  сөйлемдердің  әрқайсысынан  кейін  нүкте  қойылса, 

әрқайсысы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы:  

       Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады:  

1)Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін бұзады.  

2)Сілтілер майларды сабынға айналдырады.  

3)Сілтілер  ерітінділерінде  лакмустың  және  фенолфталейннің  түсі  өзгереді.  (Химия 

оқулығынан).  

        

Санамаланып  айтылған  бірыңғай  сөйлемдердің  арасына  нүктелі  үтір  қойылса,  олардың 

әрқайсысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:  

        


Партияның  ұйымдық  құрылымының  басшы  принципі  демократиялық  централизм  болып 

табылады, мұның мәнісі мынада:  

    

 а)партияның басшы органдарының бәрі төменнен жоғарыға дейін сайланып қойылады;  

    

 ә)партия  органдары  өз  паротия  ұйымдары  алдында  және  жоғарғы  органдар  алдында 

мезгіл-мезгіл есеп беріп отырады;  

     

б)партия тәртібі қатаң сақталады және азшылық көпшілікке бағынады;  

   

 в)жоғары органдардың шешімдерін төменгі органдар сөзсіз орындауға міндетті.  (Совет 

Одағы Коммунистік партиясының Уставы, Алматы, 1966, 12-бет.)  

 Дәрісті бекіту сұрақтары: 

1. Нүкте және оның кей жағдайда қойылмайтындығы 

2. Жаңа жол, қос нүкте мен көп нүкте, нүктелі үтір, олардың қолданылуы 

3. Тырнақша, жақша, үтір, олардың қолданылуы 

4. Сызықша, сызықшаның қойылатын орындары. 

              

7  -тақырып.  Тыныс  белгілеріне  жатпайтын  шартты  белгілер  (үш  жұлдызша,  параграф, 

апостроф, айшық) 

Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1.Жұлдызша,  беретін түсінігі.  

2.Апостроф-әріптің үстіңгі жағына қойылатын үтір. 

Қысқаша мазмұны: 

  

1.Жұлдызша,  беретін түсінігі.  



 

Жұлдызша  (*)  арқылы  жазушы  белгілі  бір  себеппен    айтып  отырған  тексті  не  қыстырма 

сөзді  я  сөйлемді  енгізбей,  оны  тасымал  (жұлдызша)  арқылы  беттің  төменгі  ашық  жеріне  жазып 

түсінік  береді,  мысалы:  1.  «Меньшевиктер,  сіздердің  мұның  бәрінде  не  жұмыстарыңыз  бар, 

ревалюцияда және оның уақытша үкіметінде не жұмыстарыңыз бар. Сіздердің орындарыңыз ана 

жақта, «Мемлекеттік Думада....*. 

2. Евгений қалды есен – аман: 

     Әуелі күтті оны Madame**, 

     Сосын Monsier*** алды кезек (А.П.). 

 

Жұлдызша кейде арқылы қоршалап та белгіленеді. Мысалы: Адам үшін, оның бақыты мен 



болашағы  үшін  күрескен,  өзінің  мәңгі-бақи  өлмес,  өшпес  шығармаларында  адам  деген  ардақты 

есімнің  қорғаушысы  болған    Алексей  Максимович  Горькийдің  «Әдебиет  туралы»***  кітабын  өз 

елінің,  өз  табының  сезгіші,  өз  халқының  көзі  мен  жүрегі,  ойы  мен  мақсаты  –  ұлы  художниктің 

тамаша бейнесі тұрады. («Қ.М.») 

 

 Кейде  жұлдызша  орнына  сан    не  әріп  қойылады,  олар  кейде  айшық  [  )  ]қа  алынып 



жазылады, мысалы:  

1.

 



Сірә,  топ  pe’re  Vonsen  anez  entendu  darler  а)  мінезі  қатты,  ұстаған  жолынан 

айырылмайтын адам («Қ.Ә.») 

2.

 

 Алыс та болса іздеп тап  



Кореннойға

1

 кіруге (А). 



 

2.Апостроф-әріптің үстіңгі жағына қойылатын үтір.  



Апостроф  –  әріптің  үстіңгі    жазығынан  қойылатын  үтір.  Апостроф  шет  тәлден  келген  сөздердің 

тура мағынасында беру үшін  қолданылады. Мысалы: Жанна д’Арк, д’Есте, с’езд т.б. 



 

 

 



Апостроф қазақ тілінде, негізінде, поэзияда ритмді белгілеу үшін ғана алынады.  

 

Пунктуация  системасындағы  белгілер  жөнінде  айтылғаннан  мынаны  аңғаруға  болады: 



Қазақ тілі пунктуация системасындағы беогілерден айырмашылық жоқ. Ал қолданылуы жағынан 

алсақ,  ол  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылысына  байланысты  екендігі  сөзсіз.  Мұны  біз  әрбір 

тыныс белгісінің қолданылатын жерлері жөнінде айтқанда, нақты мысалдар арқылы көрсеттік. Бұл 

жерде  тыныс  белгілерінің  маңызын  айтумен  бірге,  тыныс  белгілерінің  әрқайсысының 

қолданылатын жерлерін арнап зерттемегенмен, әр тыныс белгісінің қолданылуы жөнінде айтылып 

келген ережелерге азды – көпті қосқан ережелеріміз де болды. 

*Қолжазба осы арада үзіледі 

** Madame –(французша) дворяндар семьясында болатын тәрбиеші әйел 

***Monsier - (французша) дворяндар семьясында болатын тәрбиеші ер адам. 

Коренной (орысша) – түпкі ат. 



Дәрісті бекіту сұрақтары: 

1.Жұлдызша,  беретін түсінігі.  

2.Апостроф-әріптің үстіңгі жағына қойылатын үтір. 

 

8 - тақырып. Тыныс белгілерінің қабаттаса  қолданылуы. 



Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1. Тыныс белгілерінің қабаттаса  келетін орындары. 

2. Тыныс белгілерінің қосымша қызметтері.                                                                                          

 Қысқаша мазмұны:  

1. Тыныс белгілерінің қабаттаса  келетін орындары. 

Құрмалас  сөйлемдегі  бірақ,сонда  да,алайда,сондықтан  дегенмен  сияқты  жалғаулықтар 

түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына әуелі үтір,одан кейін сызықша қойылады. 

Салалас  құрмаласқа  нген  жай  сөйлемдердегі  іс  шұғыл  болса,немесе  біріндегі  іске 

екіншісіндегі қарама-қарсы қойып айтылса,араларына әуелі үтір,одан кейін сызықша қойылады. 

Сызықша  нүктемен,үтірмен,сұраужәне  леп  белгілерімен,көп  нүктемен  қабаттаса 

келгенде,сол тыныс белгілерінен қойылады. 

         1)-Енді  сен  не  істемекшісің?-деді  ана  баласының  сөзін  бөліп.2)-Мен..-деп,Асқар  азғана 

кідіріп  бірдемені қиял еткендей бөгеліп тұрды да,-көлді  жағалап қайтам,-деді.3)-Рас!-деп,Тоғжан 

қызара түсіп көзін төмендетті.-Сізді мен бір көрдім. 

Нүкте мен сызықша қатар қойылатын орындарды. 

Тырнақша  мен  нүкте,үтір,сұрау,леп  белгілері  және  көп  нүкте  қабаттаса  келгенде,олар 

былайша орналасады: 

а)егер леп,сұрау белгілері және көп нүкте тырнақшаға алынған сөйлемге ғана қатысты болса,олар 

тырнақшадан бұрын қойылады,ал үтір мен нүкте тынақшадан соң қойылады: 

1)”Өзім алып шығайын”,-деп ойлады Бүркітбай. 

2)”Өзім алып шықсам қайтеді?”-деп ойлады Бүркітбай. 

3)”Ешкім де емес,өзім алып шығам!” 

4)”Өзім алып шығйын”.(деп жазған дұрыс емес). 

       Бұлармен қабаттаса сызықша жүрсе,ол тырнақшадан соң қойылады. 

ә)Тырнақшаға алынуы тиісті құрылым тұтас сөйлем емес, 

оның ішіндегі жеке сөздер не сөз тізбектері болса,сөйлем соңына қойылатын леп,сұрау белгілері 

мен көп нүкте қатар келген тырнақшаның сыртынан қойылады. 

1)-Әй,қайтіп  келесің  бе”бала”?-деп  қалжыңдай  айғайлайды  ол  жолдасына.2)О,шіркін,осы  ән  ғой 

“құлақтан кіріп,бойды алар”! 

б)Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса,леп,сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшанаң 

іші жағынан қойылғанда,тырнақшаның сыртына басқа тыныс белгісі қойылмайды: 

1)”Олай болса,-деп ойлайды Асқар,-мынау көш не?”2)1914 жылдан бергі номерлерін Асқар тез-тез 

жүгіртіп қарап шықты:”Екі жылда Франция қырық миллиард шығын ұстаған...” 

Нүкте,леп,сұрау  белгілері  және  көп  нүкте  жақша  ішінде  алынған  тексте  қатысты 

болса,жақшаның  ішінен  қойылады.Жақшаның  сыртына  жалпы  сөйлемге  тиісті  тыныс  белгісі 

қойылады: 

                      Байқауымша,әңгіме былай: 



                      Біріншіден( рас қой мұным?), 

                      Орыс үйі көрмей тыным, 

                      Қонақ күткен,сөз қылып ұдай... 

                                                                                         ( А.С.Пушкин). 

 

 

Баяндаманың,сөйленген  сөздердің  ішіндегі  жашаға  алынған  ремаркалар  сөйлем  соңында 



келгенде,тыныс белгісі мен жақша былай қабаттасады: 

Ремарканың алдындағы сөйлем соңына қойылатын нүкте жақшаның алдынан қойылмай,соңынан 

бір-ақ қойылуы мүмкін: 

Біздер,жазышлар,көркем сөзімізбен Ленин партиясының ісіне қызмет етуге дайынбыз. 

Немесе  ремарканың  алдынан  бір  нүкте,жақша  ішінен  немесе  сыртына  тағы  нүкте  қойылып 

жазылуы да мүмкін: 

Біздер,жазышулар,көркем сөзімізбен Ленин партиясының ісіне қызмет етуге дайынбыз. 

Былай қоюға да болады: 



Біздер, жазушылар,көркем сөзімізбен Ленин партиясының ісіне қызмет етуге дайынбыз. 

Келтірілген цитаттың қайдан және кімдікі екенін көрсету үшін жақша ішіне алынып   

2. Тыныс белгілерінің қосымша қызметтері.                                                                                          

Драмалық  шығармалардағы  жақшаға  алынатын  ремаркалардыңтыныс  белгілерінің 

орналасу тәртібі мынадай: 

а)Ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде,нүкте жақшаның сыртына қойылмайды. 

Баян (аз ойланып).Үш түрлі шарт қойсам,орындамарсың? 

ә)Ремарка  кейіпкердің  сөзінің  ішінде  екі  сөйлемнің  арасында  немесе  кейіпкер  сөзінің  аяғында 

келсе,нүкте  жақшаның  ішіне  қойылады,жақшаның  алдынан  сөйлемге  иісті  тыныс  белгісі 

қойылады: 

Амангелді.Миша!(Жайнаққа).Әкет мыналарыңды!(Жайнақ Жапарларды айдап кетед)і. 

Тырнақшаға  алынған  цитаттың  немесе  басқаларының  өзі  тырнақшаға  алынған 

сөздерден,сөйлемнен  басталса,немесе  аяқталса,екі  тырнақша  қатар  қойылмай,біреуі-ақ 

қойылады,яғни  ол  жалпы  цитаттың  ішіндегі  тырнақшаға  алынған  сөздерге  де  тиісті 

болады.Мысалы:”Звезда”және”Ленинград”журналдары 

туралы”қаулысында 

партияның 

Орталық камитеті әдебиеттегі бейсаясаттық пен идеясыздықты сынады. 

Мұнда  қаулының  аты”Звезда”және”Ленинград”журналдары  туралы”тұтасымен  тырнақшаға 

алынуға  тиіс.  Ал  қаулының  аты  “Звезда”деген  журналдың  атынан  басталып  тұр.  Сонда  Звезда 

деген  сөздің  алдынан  ашылған  тырнақша  әрі  қаулының  атын  алу  үшін,  әрі  журналдың  атын  алу 

үшін ашылып тұр. 

Кейде мұндайда екі пішіндегі тырнақшалар қолданылады: 



“Звезда”және”Ленинград”журналдары туралы”қаулы

Жақша  ішіне  алынған  сөздердің  тұрған  жеріне  қойылатын  тыныс  белгісі  жақшадан  соң 

қойылады. 

Аңдағұл  атынан  рудың  он  шақты  аулы  айнала  қонып  жайлайтын  Алуа  атты  шалқар  көл 

бар(оған кейін ораламыз),көлдің әр тұсынан су ағар жырақалар кеп қосылады. 

Егер  жақша  ішіндегі  қыстырма  жоқ  болса,мұндағы  үтір  шалқар  көл  бар  деп  аяқталатын  жай 

сөйлемнен кейін қойылуы тиіс еді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет