Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,13 Mb.
#74
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың мақсаты: Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерін қолданудағы 

принциптерімен таныстыру. 



Негізгі сұрақтар: 

 2.Қазақ  пунктуациясының  системасы  және  тыныс  белгілерін  қолданудағы  принциптер  туралы 

мәліметтер, дефис, параграф, жұлдызша, айшық, апостроф сияқты шартты белгілер.  

3.Бұл белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолдану жолдары. 



Тапсырма:  Орфоэпиялық  сөздікті  пайдалана  отырып,    әдеби  тілдің  сөздерді  дұрыс  жазу  үлгісі 

мен дұрыс сөйлеу үлгісін жасау.   



Әдістемелік нұсқау: Пунктуация, оның маңызы және тыныс белгілерін қолдану  туралы ғалымдар 

көзқарастарын салыстыра отырып, өзіндік ой-тұжырымын жасау. 



Есеп беру түрі: жазбаша 

4-тақырып: Пунктуацияның теориялық негіздері, пунктуацияны оқыту мәселелері.   1 сағат. 

Сабақтың  мақсаты:      :  Пунктуацияның  теориялық  негіздері,  пунктуацияны  оқыту  мәселелері 

туралы  түсіндіру.  Дұрыс  сөйлеу  мен  жазу  мәдениетінің  қалыптасуы  мен  сөйлеу  стилінің 

түрлеріне тоқталу. 

Негізгі сұрақтар: 

1. Пунктуацияның теориялық негіздері. 

2. Пунктуацияны оқыту мәселелері.    

3. Жазу жұмысында пунктуациялық заңдылықтар. 



Тапсырма:  Өзіңіз  қалаған  көркем  шығармадан    сөйлеу  мәдениеті  дыбыс  тілімен  тікелей 

байланыстылығын табу. 



Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу стилінің түрлері туралы ғалымдар көзқарастарын салыстыру. 

Есеп беру түрі: жазбаша 

5-тақырып: Қазақ пунктуациясының шешілмей, әр түрлі қойылып жүрген мәселелерін оқыту.   

Сабақтың  мақсаты:  Қазақ  пунктуациясының  шешілмей,  әр  түрлі  қойылып  жүрген  мәселелерін 

түсіндіру.    



Негізгі сұрақтар: 

1. Оңашаланған айқындауыштардың тыныс белгілері. 

2.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері. 


 

 

3. Етістіктің көсемше формаларына байланысты тыныс белгілер. 



4.Қыстырма сөйлемдердің тыныс белгілері 

5.Тыныс белгісін дұрыс қоя білудің бір критерий» - интонация. 



Тапсырма: Системасы бөлек тілдердің өзінде тыныс белгілерінің қолданылу ұқсастығы жоқ емес.  

Сондықтан да ұқсастықтар тауып дәлелдеу. 



Әдістемелік  нұсқау:  Қазақ  пунктуациясының  шешілмей,  әр  түрлі  қойылып  жүрген  мәселелерін 

жайында    өзіндік  ой-тұжырымын  айтып  өту.  Ғалымдар  көзқарастарын  салыстыру.  Көркем 

шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу. 

Есеп беру түрі: жазбаша 

 

6-тақырып:  Тыныс белгілерінің түрлерін оқыту және тыныс белгілерінің қолданылуы.   

Сабақтың мақсаты: Тыныс белгілерінің қолданылуындағы ерекшеліктерді меңгерту.  

Негізгі сұрақтар: 

1. Нүкте және оның кей жағдайда қойылмайтындығы 

2. Жаңа жол, қос нүкте мен көп нүкте, нүктелі үтір, олардың қолданылуы 

3. Тырнақша, жақша, үтір, олардың қолданылуы 

4. Сызықша, сызықшаның қойылатын орындары. 

Тапсырма:  тыныс  белгілерінің  қолданудағы  ерекшеліктерді  ескере  отырып  жай  сөйлемі  бар  6 

мысал келтіріңіз. Оларға фонетикалық және орфографиялық талдау жасаңыз. 



Әдістемелік  нұсқау:  Тыныс  белгілерінің  қолданылуындағы  ерекшеліктерді  ескере  отырып, 

орфографиялық сөздікті пайдалану арқылы мәтінге анализ жасау 



Есеп беру түрі: жазбаша 

7-тақырып:

  Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер (үш жұлдызша, параграф, апостроф, 

айшық)   

Сабақтың  мақсаты:  Тыныс  белгілеріне  жатпайтын  шартты  белгілермен  таныстыру,  оларға 

анықтама беру. 



Негізгі  сұрақтар: 

1.Жұлдызша,  беретін түсінігі.  

2.Апостроф-әріптің үстіңгі жағына қойылатын үтір. 

Тапсырма:      Көркем  шығармадан  6  мысал    теріп,  олардан  тыныс  белгілеріне  байланысты 

өзгерістерді тауып, талдау жасаңыз. 



Әдістемелік нұсқау тыныс белгілеріне қатысты ғалымдар еңбектерін қарау, талдпу, салыстыру. 

Есеп беру түрі: жазбаша 

  

 



    

8-тақырып:  Тыныс белгілерінің қабаттаса  қолданылуы.   

Сабақтың мақсаты: Қабаттаса қолданылатын тыныс белгілері туралы мағлұматтар беру.  

Негізгі сұрақтар: 

1. Тыныс белгілерінің қабаттаса  келетін орындары. 

2. Тыныс белгілерінің қосымша қызметтері. 

Тапсырма:  1  Құрмалас  сөйлемдегі  бірақ,сонда  да,алайда,сондықтан  дегенмен  сияқты 

жалғаулықтар түсіп қалғанда,екі сөйлем арасына әуелі үтір,одан кейін сызықша қойылуы 

2  Салалас  құрмаласқа  енген  жай  сөйлемдердегі  іс  шұғыл  болса,немесе  біріндегі  іске 

екіншісіндегі қарама-қарсы қойып айтылса,араларына әуелі үтір,одан кейін сызықша қойылуы. 

3  Сызықша  нүктемен,үтірмен,сұраужәне  леп  белгілерімен,көп  нүктемен  қабаттаса 

келгенде, сол тыныс белгілерінен қойылуы. 



Әдістемелік  нұсқау:  Қабаттаса  қолданылатын  тыныс  белгілері  туралы  жайындағы  зерттеулерді 

қарастыру. 



Есеп беру түрі: жазбаша 

9-тақырып:  

 Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.  

Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша туралы мәліметтер 

беру. 


Негізгі сұрақтар: 

1.Бастауыш пен баяндауыштың  арасына қойылатын сызықша. 

2.Қыстырма сөздерден кейін қойылатын тыныс белгі. 

3. Мақал мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде қойылатын сызықшаның орны. 



 

 

Тапсырма: Бастауыш зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып баяндауышта 

атау  тұлғадағы  зат  есімнен  немесе  заттанған  басқа  сөз  таптарынан  болса  бастауыштан  кейін 

сызықша қойылуы туралы пікірлер жинаттыру, қарама-қайшылықты анықтап, дәлел келтіру. 



Әдістемелік  нұсқау  Бастауыш  пен  баяндауыш  арасына  қойылатын  сызықша  жайында  ғалымдар 

пікірі мен көзқарастарын салыстыру. 



Есеп беру түрі: жазбаша   

 10-тақырып  Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты:  

   


 

Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері туралы мәлімет беру. 



Негізгі сұрақтары: 

1. Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп қарау  

2. Бірыңғай мүшелерлердің тыныс белгілері. 

3. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. 



Тапсырма:  Көркем  шығармалардан,  жаттығу  жұмыстарын  орындату  арқылы  бірыңғай  мүшелер 

мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерінің  орындарын анықтау. 



Әдістемелік  нұсқау:    Бірыңғай  мүшелер  мен  жалпылауыш  сөздердің  тыныс  белгілері  туралы 

ғалымдар пікірі мен көзқарастарын салыстыру. 



Есеп беру түрі: жазбаша   

                                                                            



11-тақырып  Төл сөздердің тыныс белгілері.   

Сабақтың мақсаты:  

   


 

Төл  сөздердің    және  төлеу  сөздердің,  автор  сөзінің  тыныс  белгілері  туралы  мағлұмат  беру, 

дәлелдемелер  келтіру. 

Негізгі сұрақтары: 

1. Төл сөздердің тыныс белгілері.  

2. Төл сөз бен  автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері 

Тапсырма: Көркем шығармалардан, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы төл сөздердің  және 

төлеу сөздердің, автор сөзінің тыныс белгілерінің орнын анықтау. 



Әдістемелік нұсқау:  Төл сөздердің  және төлеу сөздердің, автор сөзінің тыныс белгілері туралы 

ғалымдар пікірі мен көзқарастарын салыстыру. 



Есеп беру түрі: жазбаша      

                                                                         



12-тақырып  Кейбір пунктуацияның кейбір ережелері.  

Сабақтың мақсаты:  

   


 

Оңашаланған айқындауыш мүшелердің  тыныс белгілері, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері 

туралы мағлұмат беру, дәлелдемелер  келтіру. 

Негізгі сұрақтары: 

1. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында. 

2. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің  тыныс белгілері 

3. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері 



Тапсырма: Көркем шығармалардан, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы Төл сөздердің  және 

төлеу сөздердің, автор сөзінің тыныс белгілерінің орнын анықтау. 



Әдістемелік  нұсқау:    Оңашаланған  айқындауыш  мүшелердің    тыныс  белгілері,  құрмалас 

сөйлемдердің тыныс белгілері туралы ғалымдар пікірі мен көзқарастарын салыстыру. 



Есеп беру түрі: жазбаша      

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 



 

 

 

 

 

 

 

«ПУНКТУАЦИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» 

ПӘНІНIҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН 

ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Семей, 2015 



 

 

«Пунктуацияны  оқыту  әдістемесі»  пәнінiң  оқытушы  басшылығымен  студенттің  өздік 



жұмысын орындауға арнаған әдістемелік нұсқаулығы 

5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 курс студенттеріне арналған. 

Құрастырған: ф.ғ.к.Әбікенова Г.Т. филология кафедрасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

1- тақырып:   Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалар (Р.Дүйсенбаев «Қазақ алфавиті 

туралы мәселелер, ДУГ, 1897, №10).  

Сабақтың мақсаты: Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясының дамуын түсіндіру 

Қарастырылатын сұрақтар:  

1.Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалар  

2.Қазақ  орфографиясы  мен  қазақ  орфоэпиясының  дамуы  мен  қалыптасуы,  оған  еңбегі 

сіңген қазақ тілші ғалымдары 

 

3.Қазақ графикасы мен орфографияның, орфоэпиясының зерттелуі 



Тапсырма:  Қазақ  тіліне  қызмет  ететін  жазу  таңбалары  (графика,  алфавит,  әліпби)  мен 

орфографиясы (емле) проблемасы  анықтау. 



Есеп беру түрі: Конспект 

Әдістемелік  нұсқау:  Студенттерге  дәрісте  қарастырылған  тақырыптарға  қоса  қазақ 

орфографиясы мен орфоэпиясының дамуын  толықтырып жазғызу.   

Конспект  материалды  толық  оқып  шығуынан  кейін  жасалатын  жазба  жұмыс.  Ол  мәтіннен 

қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін   алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда  сөзбе-

сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын 

тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс. 

Конспектте  жұмыстың  авторының  аты-жөні  толық  жазылады,    жұмыс  атауы,  шыққан 

баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс. 



Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

1-апта, жоғарғы ұпай- 3 



 

2-тақырыпЖазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. 

Сабақтың мақсаты: 

Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері мен тілдегі жазудың негізгі принциптері туралы 

мағлұматтар беру.  

Қарастырылатын сұрақтар:  

1. Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл 

білімінің саласы  жөнінде толық мағлұматтар беру. 

2. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды   

 

3.Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы 



(емле) проблемасы. 

Тапсырма:  Сөздің  жазылу  жағдайының  бәрін  графика  тұрғысынан  түсіндіре  беруге  келмейді. 

Графика  бойынша:  өлөң‚  құлұн‚  түлкү‚  жамбады‚  жасса‚  жұмұшшұ  түрде  жазуға  әбден  болады 

және мұның өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді. Осы мысал ретіндегі сөздерді талдау. 

Есеп беру түрі: Конспект 

Әдістемелік  нұсқау:  Қазіргі  тіл  біліміндегі  орфография  мен  орфоэпия  мәселелерін,  лингвистер 

көзқарастарын  саралату.  Конспект  материалды  толық  оқып  шығуынан  кейін  жасалатын  жазба 

жұмыс.  Ол  мәтіннен  қысқаша  түсінік  алып,  керекті  жерлерін      алу.  Автордың  негізгі  ойлары 

конспект жасауда  сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. 

Бұл  мәтіннің  мазмұнын  тиімді  қамти  алуын  көздейді.  Конспект  жасағанда  мәтіннің  беттері 

көрсетілуі тиіс. 

Конспектте  жұмыстың  авторының  аты-жөні  толық  жазылады,    жұмыс  атауы,  шыққан 

баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс. 



Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

2-апта, жоғарғы ұпай- 3 

 

3-тақырып. Қазіргі қазақ әдеби тілі — қазақ халқының жалпы халықтық, ұлттық, мемлекеттік 

тілі  



Сабақтың мақсаты: Қазіргі қазақ әдеби тілі — қазақ халқының жалпы халықтық, ұлттық, 

мемлекеттік тілі екенін түсіндіру. 



Қарастырылатын сұрақтар:  

1.Әрбір әдеби тілдің сөздерді дұрыс жазу үлгісі мен дұрыс сөйлеу үлгісі 

2.Халықтың ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдебиеттің тілі бір-бірімен тығыз байланысты.  

3.Әдеби тілдің жүйелі түрде қалыптасқан, орныққан орфографиялық және орфоэпиялык, 

нормалары. 

Тапсырма: Орфоэпиялық сөздікті пайдалана отырып,  әдеби тілдің сөздерді дұрыс жазу үлгісі 

мен дұрыс сөйлеу үлгісін жасау.   



 

 

Есеп беру түрі: жазбаша пікір айту 



Әдістемелік  нұсқау:  Орфоэпия  және  оның  маңызы  және  тыныс  белгілерін  қолдану    туралы 

ғалымдар  көзқарастарын  салыстыра  отырып,  өзіндік  ой-тұжырымын  жасау.  Реферат  – 

баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.  

Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.  

Рефератқа  дайындалуда  студент  тақырып  бойынша  әдебиеттерді  таңдауы,  жоспар  құруы 

қажет.  


Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.  

Рефератты  орындауда  баяндама  10-15  минутты  қамтиды.  Оны  орындауда  тақырып  мәні 

ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. 

Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. 

Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да  топ студенттері білдіруі мүмкін. 

Баяндаушыны  бағалауда  орындаудағы  сенімділік,  дәлелді    нақты  таныта  білуі,  қойылған 

сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады. 

Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

3-апта, жоғарғы ұпай- 3 

 

4-тақырып.  Мәдениет  пен  искусствоның,  ғылым  мен  техниканың  өскен  заманында  дұрыс 

сөйлеу мәдениеті.  



Сабақтың  мақсаты:  Мәдениет  пен  искусствоның,  ғылым  мен  техниканың  өскен  заманында 

дұрыс сөйлеу мәдениеті туралы мағлұмат беру. 



Қаралатын негізгі сұрақтар: 

1.Сөз тізбектерінің бірімен-бірі қиысып, үйлесіп, белгілі бір үндестікте айтылуы. 

2.Дұрыс сөйлеу мәдениеті дыбыс тілімен тікелей байланысты  

3.Дұрыс  сөйлеу  мәдениетінің  қалыптасуын  жазу  тілінің  шығуымен  бірдей  деуге 

болмайды. 

Тапсырма:  Өзіңіз  қалаған  көркем  шығармадан    сөйлеу  мәдениеті  дыбыс  тілімен  тікелей 

байланыстылығын табу. 



Есеп беру түрі: картотека 

Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу стилінің түрлері туралы ғалымдар көзқарастарын салыстыру. 

Картотеканы дайындау үшін ең алдымен мысалды еңбектен белгілеп теріп алу керек.  



Үлгі:  

Ауызша сөйлеу стилінің түрлері 

 

Мысал 

Әдебиет: М.Жұмабаев. Таңдамалы шығармалар жинағы. 1-кітап. Алматы: Санат.1992 ж.52-б. 



Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

4-апта, жоғарғы ұпай- 3 

 

5-тақырып. Қазақ тілі орфографиясының тұрақтамай, жиі өзгеріске ұшырай беруі 

Сабақтың  мақсаты:  Қазақ  тілі  орфографиясының  тұрақтамай,  жиі  өзгеріске  ұшырай  беруі 

туралы ережелерді түсіндіру.    



Қарастырылатын сұрақтар:  

1.Бас әріптің қолданылуы мен жазылуы   

2.Дауыстылардың жазылуы . 

3.Дауысты дыбыстардың айтылуы 



Тапсырма:  Көркем  шығармадан  мысал  теру  арқылы  дауысты  дыбыстардың  айтылуындағы 

ерекшеліктерін дәлелдеңіз. Терілген мысалдарға фонетикалық талдау жүргізіңіз. 



Есеп беру түрі: конспект 

Әдістемелік  нұсқау:  Дауысты  дыбыстардың  айтылуы      жайында    өзіндік  ой-тұжырымын  айтып 

өту. Ғалымдар көзқарастарын салыстыру. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу. 

Конспект  материалды  толық  оқып  шығуынан  кейін  жасалатын  жазба  жұмыс.  Ол  мәтіннен 

қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін   алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда  сөзбе-

сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын 

тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс. 



 

 

Конспектте  жұмыстың  авторының  аты-жөні  толық  жазылады,    жұмыс  атауы,  шыққан 



баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс. 

Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

5-апта, жоғарғы ұпай- 3 



  

6-тақырып:   Тыныс белгілерді қоюдың негізгі үш түрлі белгілері   

Сабақтың  мақсаты:  Тыныс  белгілерді  қоюдың  негізгі  үш  түрлі  белгілері    туралы  мәліметтер 

беру. 


Қаралатын негізгі сұрақтар: 

1.Тыныс белгілерді қоюдың негізгі   белгілері   

2.Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты белгісі 

  

3.Сөйлемнің мағынасына байланысты белгісі 



4.Сөйлемнің интонациясына байланысты белгісі  

Тапсырма:  Тыныс  белгілерді  қоюдың  негізгі  үш  түрлі  белгілері    туралы  пікірлер  жинаттыру, 

қарама-қайшылықты анықтап, дәлел келтіру. 



Есеп беру түрі: реферат 

Әдістемелік  нұсқау  Тыныс  белгілерді  қоюдың  негізгі  үш  түрлі  белгілері    туралы  пікірлер 

жинаттыру,  қарама-қайшылықты  анықтап,  дәлел  келтіру,  ғалымдар  пікірі  мен  көзқарастарын 

салыстыру. Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.  

Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.  

Рефератқа  дайындалуда  студент  тақырып  бойынша  әдебиеттерді  таңдауы,  жоспар  құруы 

қажет.  


Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.  

Рефератты  орындауда  баяндама  10-15  минутты  қамтиды.  Оны  орындауда  тақырып  мәні 

ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. 

Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. 

Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да  топ студенттері білдіруі мүмкін. 

Баяндаушыны  бағалауда  орындаудағы  сенімділік,  дәлелді    нақты  таныта  білуі,  қойылған 

сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады. 

Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

9-апта, жоғарғы ұпай- 3 

 

7- тақырып.  Тыныс белгілеріне байланысты ғалымдар пікірлері мен тұжырымдамалары  

Сабақтың мақсаты: Тыныс белгілеріне байланысты ғалымдар пікірлері мен тұжырымдамалары 

туралы мағлұмат бере отырып, әрқайсысының орнын белгілеу. 



Қаралатын негізгі сұрақтар: 

1.Тыныс белгілеріне байланысты ғалымдар пікірлері мен тұжырымдамалары            

2.Қазақ пунктуациясының шешілмей, әр түрлі қойылып жүрген жерлері.  

Тапсырма: Көркем шығармалардан, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы тыныс белгілерінің 

орындарын анықтау. 



Есеп беру түрі:картотека 

Әдістемелік  нұсқау  Тыныс  белгілерінің  түрлері,  сөйлем  соңына  қойылатын  тыныс  белгілері 

туралы  ғалымдар пікірі мен көзқарастарын салыстыру. Картотеканы дайындау үшін ең алдымен 

мысалды еңбектен белгілеп теріп алу керек.  

Үлгі:  

Тыныс белгілерінің түрлері, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері 

 

Мысал 

Әдебиет: М.Жұмабаев. Таңдамалы шығармалар жинағы. 1-кітап. Алматы: Санат.1992 ж.52-б. 



Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау:  

10-апта, жоғарғы ұпай- 3 

                                                                                       

8-тақырып.  Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің 

орналасу тәртібі   



Сабақтың мақсаты: Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс 

белгілерінің орналасу тәртібін анықтау. 



 

 

Қаралатын негізгі сұрақтар: 

1.Ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде,нүкте жақшаның сыртына қойылмауы. 

2.Ремарка  кейіпкердің  сөзінің  ішінде  екі  сөйлемнің  арасында  немесе  кейіпкер  сөзінің 

аяғында келсе, нүкте жақшаның ішіне қойылады, жақшаның алдынан сөйлемге иісті тыныс белгісі 

қойылуы. 

3.Тырнақшаға алынған цитаттың немесе басқаларының өзі тырнақшаға алынған сөздерден, 

сөйлемнен басталса, немесе аяқталса, екі тырнақша қатар қойылмай, біреуі-ақ қойылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет