«Филология» мамандыєына арналєан



бет5/23
Дата03.12.2023
өлшемі216 Kb.
#133855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әлеуметтік бақылау (контроль социальная) - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан-алуан салаларының қызметін, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылында қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу ( адаптация социальная) – адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік диагностика (грек- «танып-білуге» қабілетті» деген сөзіне алынған) - әлеуметтік, өндірістік шағын топтарды ғылыми негізде басқару үшін, олардағы ішкі қатынастарды нақтылы зерттеп білу мақсаттарын жүзеге асыратын, сонымен бірге қоғамдағы кертартпа құбылыстардың пайда болу себептерін, табиғатын зерттей отырып, оларды жою жолдарын анықтап, ұсыныс жасайтын социологияның бір саласы.
Әлеуметтік даму (социальное развитие) - әлеуметтік философия мен социология ғылымдарының басты мәселелерінің бірі. Оның толық көрінісі мен мән-мазмұнын терең түсіну үшін салыстырмалық талдаулар жүргізу керек. Ә.д. күрделі түрде мөлшерлеп көрсетуге көмек көрсете алатын ғылыми ұғымдарға «өмір салты», «әділеттік» деген сияқты ұғымдарға жақын болып есептеледі. Ә.д. ұғымы практикалық ұйымдастыру қызметін атқарады.
Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.
Әлеуметтік динамика – 1.Әлеуметтік динамика ұғымын енгізген француз социологы О.Конт (1798-1857). Конттың түсіндіруінше бұл ұғым қоғамды тұтас түрде сақтай отырып, әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін, тұрақты құрылымдарды зерттейтін, прогрестің бағытын және статистикаға қарсы қойылуын, әлеуметтік құбылыстардың жүйелі түрде ауысуын талдау үшін қолданылатын ұғым. 2.Топтық динамика – кіші топтардағы болып жатқан процестерді бейнелеу үшін неміс және американдық психолог, әлеуметтік психолог К.Левиннің (1890-1947) еңбектерінде қолданылған ұғым. К.Левин, топтағы жеке адамның және топтың өзінің мінез-құлқын физикалық терминдермен байланыстыра отырып баяндайды. Топтағы Ә.д-ның негізгі үлгісі ретінде «топтық кеңістіктің» ішіндегі күштердің бөлінуі және топтағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты кіші топтың «квазистикалық тепе-теңдігі» қарастырылады, сонымен қатар адамның мінез-құлқын қандай да бір психологиялық өзгерістегі тартылыс және тербеліс күштерінің қарым-қатынасының нәтижесі деп түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет