Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынастың жалпы сипаттамасы
2.Қарым – қатынас қызметі
Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.
2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.
4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
2-дәріс.Қарым - қатынас, оның түрлері. Мақсаты: Қарым – қатынас түрлері жайлы мәлімет беру.
Дәрістің мазмұны: Қарым-қатынас түрлері: іскерлік қарым - қатынас, жеке өзара қарым-қатынас, топтық қарым-қатынас, көпшілік қарым-қатынас және т.б. Ұзақтығы және аяқталуы бойынша: қысқа және ұзақ уақытты; аяқталған және аяқталмаған немесе үзілген.
Қарым-қатынастың мазмұнына байланысты келесі түрлері бар: 1.Материалдық қарым-қатынас –іс-әрекеттің пәні мен өнімділігін айырбастау, яғни адамдар индивидуалды іс-әрекет жасаудың арқасында оның өнімділігі, өз қажеттіліктерін өтейтін құралдар жайлы пікір алмасады.
2.Кондиционалдық қарым-қатынас –белгілі бір қарым-қатынас кезінде адамдар бір біріне әсер етеді.
3.Танымдық қарым-қатынас - адамдар бір бірімен білімдерімен алмасады.
4.Мотивациялық қарым-қатынас – адамдар мақсаттары, қызығушылықтары, түрткілері, қажеттіліктері жайлы пікір алмасады.
Қарым-қатынастың мақсаты дегеніміз - адамның бойында белгілі бір жағдайға байланысты белсенділігінің пайда болуы.
Мақсатына байланысты қарым-қатынастың келесі түрлері бар: Биологиялық қарым-қатынас- ағзаны ұстап тұру, мақтау, дамыту үшін қажет. Ол ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен тығыз байланысты.
Әлеуметтік қарым-қатынас-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы және дамуы.
Қарым-қатынастүрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.