Дәрістің мазмұны: Қарым - қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы. Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезендері: алғашқы қабылдау және эмоциялық бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің жеке ерекшелігін түсіну және оның қылықтарын бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің адамгершілік - мәдени мінез - құлқының дамуын болжау; өзінің мінез -құлкының адамгершілік стратегиясын құру. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция.
Қарым-қатынастың техникалары мен әдіс-тәсілдері - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен кездегі жүріс-тұрысы. Қарым-қатынастың негізгі құралы вербальды және вербальды емес құралдар болып табылады.
Ал қарым-қатынас техникасына келетін болсақ, адамдар ең бірінші қарым-қатынасқа түспей тұрып, өз қызығушылықтарының қарым-қатынасқа түсетін адам қызығушылықтарымен салыстыру, жеке адам ретінде бағалау болып табылады. Қарым-қатынас басталғаннан кейін оның болуын және жалғасуын, қорытындысын, одан шығатын қорытындыны бақылау керек.
Алғаш рет қарым-қатынасқа түсу кезіндегі техника-бет-әлпеттің позасы, алғашқы сөздерді таңдай алу, сөйлеген кездегі тон, ым-ишарат және қозғалыс. Қарым-қатынасқа түскен кезде серіктестен кері байланыс қажет.
Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарым-қатынас мазмұны көрінуінің барлық жиынтығының ортасында болады. Қарым-қатынастың, негізінен, бес жағын қарастыруға болады:
1.Қарым-қатынастың тұлға аралық жағы –адам мен қоршаған орта өзара әрекетінен көрінеді. Бұған: мамандандырылған топтар және отбасы жатады. Осы топтарда адам ұлттық, этникалық, әлеуметтік, жас ерекшелік, эмоциялық-эстетикалық және басқа да қарым-қатынас өлшемдерін меңгереді.
2.Қарым-қатынастың когнитивті жағы-қарым-қатынасқа түсуші адам: Ол кім? Ол қандай адам? Одан не күтуге болады?- деген сияқты сұрақтарға жауап алуға болады. Осы жақ бойынша жанындағы адамды тану мен қатар, өзін-өзі тануға мүмкіндік алады. Қарым-қатынас процесі нәтижесінде адам өзі жайлы және қарым-қатынасқа түсетін адам туралы белгілі бір бейне қалыптасады.
3.Қарым-қатынастың коммуникативті-ақпаратты жағы- адамдар арасында бір-бірімен көзқарас, идеялар, сезім, қызығушылық, көңіл-күй және тағы басқа жағдайлар туралы пікір алмасады. Бұлардың бәрін ақпарат деп қараған жғадайда, коммуникация процесі ақпарат алмау процесі ретінде болады. Бірақ адам қарым-қатынасына бұлай қарау өте таяз көзқарас болып табылады, себебі қарым-қатынас жағдайында ақпарат тек қана берілмейді, ол сонымен бірге қалыптасып, анықталып дамиды.
4.Қарым-қатынастың эмотивті жағы эмоциялар мен сезімдерге, жеке қатынасқа түскендегі адамдардың көңіл күйіне көңіл бөлінеді. Олар қарым-қатынасқа түсуші субьектілердің қозғалыстарынан, әрекеті мен жүріс тұрыстарынан көрінеді. Осылар арқылы өзара бірлесіп жасайтын жұмыстардың нәтижесін алдын ала айтуға болады.
5. қарым-қатынастың когнитивті жағы- әріптестердің позицияларының ішкі және сыртқы қайшылықтарының келісу мақсатына қызмет етеді. Осы жақ бойынша бірлескен іс-әрекеттер кезіндегі әріптестердің өзара қарым-қатынастарын реттейді, белгілі бір құндылықтарға адамдардың ұмтылыстарын ашады, өмірлік іс-әрекеттердің барлық процестері тұлғаға басқарушылық әсер етулермен қамтамасыз етеді.
Қарым-қатынастың өзара түсіну процесі кезіндегі механизмдер Адам қарым-қатынасқа тұлға ретінде түсетіндіктен, келесі серіктесте тұлға ретінде қабылданады. Жүріс тұрыстың сыртқы бейнесінен басқа адамды тануға тырысамыз. Сондағы туындайтын әсер қарым-қатынас кезінде маңызды рөл ойнайды. Біріншіден, басқа адамды тану арқылы танып отырған индивид өзін қалыптастырады. Екіншіден, келесі адамда бірігіп жасаған іс-әрекет жемісі белгіленеді.
Негізгі механизмдер кемінде екі адамнан тұратын қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Эмпатия –қарым-қатынас жасап отырған адамның эмоциялық күйіне қарай ыңғайласу, яғни табиғи көрінісі жағынан аффективті түсіну.
Эмпатия екі түрде жүзеге асады:
Идентификация түрінде, бұл-қарым-қатынас кезінде серіктесті түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу және сол арқылы әрекет ету.
Ал екінші түрі, ол серіктесті қарым-қатынас кезінде түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу, бірақ өз ойың бойынша әрекет ету, бұл-рефлексия.
Идентификацияның мәні. Идентификация –тұлғаның немесе басқа да адамдар тобының өзіндік және ортақ қарым-қатынасында көрінетін, серіктестердің ішкі күйі мен жағдайының салыстыруында жүзеге асатын және өзінің психологиялық және т.б. мінездемелерге еліктеуінде үлгі болуында көрініс табатын әлеуметтік-психологиялық механизм. Идентификация –адамның басқа адаммен, топпен өзін теңдестірунен көрінетін процесс. Бұл тұлғаның өзінің адами құндылықтарын иеленуінің әлеуметтік механизмі. Оқшауланудың идентифкациядан айырмашылығы –тұлғаның ортада және қатынаста өзін жабық ұстауы. Оұшаулануда жиі болатын жағдай біреудің жақындығынан немесе сенімінен айырылу, яғни эмоциялық салқындық. Идентификацияның тұлғаға әсері: бірі адамдармен қарым-қатынасты орнатуға, әлеуметтік-танымдық кеңістігінің дамуына ықпалы болса, ал екіншісі- индивидтің басқа адаммен араласып, соған ұқсап кетуіне әсері. Ал осындай жағдайда, оқшаулану адамға өзінің жеке тұлғалық сезімін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Оқшаулану арқылы жауаптылығы, дербестілігі дамиды. Идентификация –адамның рухани өміріне және іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады. Оның психологиялық маңызы- күйзеліс аясының тарылуына әсер етуі және ішкі тәжірибесінің молаюы. Ол басқа адамға эмоциялық жақындық сезімнің пайда болуымен белгілі. Сонымен қатар идентификация адамның қорқыныш ұялататын, үрей мен шаршаңқы күй туғызатын басқа обьектілерден және жағдайлардан психологиялық қорғауының элементі ретінде байқалады. Осының арқасында, адам өзінің қалағанына жету қабілетіне ие болып, әлсіздігі мен кемсітушілік сезімін жеңетін жаңа күшті бойына дарытады. Идентификация – бір индивидті, адамдар жұбын немесе топты тану үшін қолданылатын феномен. Дәл осы сезім адамдардың бөлінбестігін көрсетеді. Обьективті, субьективті ұқсастықтарына, теңдігіне қарағанда, бір-біріне тәуелділік бар. Тұлға аралық қатынастың тиімділігі мен мазмұны. Өзара түсіну механизмдерін қарастыра келіп, жалпы тану процесін талдауға болады. Барлық зерттеулерде бұл сфера:
1.Тұлғалық перцепция мазмұнын оқу;
2.Тұлғалық перцепция оқу процесі сияқты үлкен екі топқа бөлінеді;
Біріншісі тұлғалық перцепция мазмұны субьект пен обьект сипаттамасына байланысты, бұлардың өзара қарым-қатынасы үлкен рөлге ие.
Тұлға перцепция мазмұнын анықтау кезінде интерпретация, бұл негізінен ғылыми психологияға сүйене отырып, адам жүріс –тұрысы және оның себептерін қарастырады. Ал, басқа жағдайда, яғни қалыпты өмірде адамдар басқа адамдардың іс-әрекетінің себептерін білмейді, білген күнде де толық , нақты емес. Осыдан тындайтын-қосып жазу, яғни қабылдап отырған субьект келесі адам жайында өз өмірлік тәжірибесінен немесе басқа біреуге ұқсатудан адамға тән емес ерекшеліктерді қосып жазады. Бұл атрибуция деп аталады.
Егер қосып жазу құрылымы жағынан күрделілек болса, тек іс-әрекет нәтижесі емес, пиғыл (ниет), сезім және тұлғалық қасиеттері есепке алынатын болса, онда бұл каузальды атрибуция деп аталады. Атрибуция сипаттамасын Г.Келли:
1.Тұлғалық атрибуция (қосып жазу нақты жасалған іс-әрекет себебіне байланысты);
2.Обьектті атрибуция (әрекет бағытталған обьектіге қосып жазу);
3.Жағдаяттық атрибуция (қосып жазу жағдаятқа бағытталған) деп үш типке ажыратты.