Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынастағы этика
2.Қарым – қатынас этикасын дамыту жолдары
Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.
2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.
4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
8-дәріс.Педагогикалық қарым - қатынастың психологиялықаспектілері Мақсаты: Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік беру. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі жайлы мағлұмат беру.
Дәрістің мазмұны: Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі. Коммуникативті міндеттері. Коммуникативті іскерлік және комуникативті қабілеттілік. Қарым - қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Педагогикалық қарым – қатынастағы гуманистік бағытты қолдап қорғаушы К.Роджерс мүғалімнің оқушылармен арадағы бір-бірін түсіну мәселесін басты міндет етіп қояды Р.Бернс осы мақсаттағы технологиялық принциптерге толық қосылатынын атап көрсетеді:
«Мұғалім оқу процесінің басынан бастап аяғына дейін оқушыларға деген сенімін көрсете білу керек.
Ол оқушылар тобының, сол сияқты әрбір жеке оқушының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтау мен нақтылауға көмектесуі керек.
Ол әр кезде де оқушыларда оқуға деген ішкі мотивациясы бар екендігіне сүйенуі керек.
Ол оқушылар қиындықтарға тап болғанда, әрқашан да көмекке даяр тұратын, оқушылар үшін түрлі тәжірибенің көзі болып табылатындай болуы керек.
Әр оқушы үшін осындай рөлді орындауы ол үшін өте маңызды.
Ол топтық эмоциялық күйін сезіне білуі мен оны қабылдай алу қабілетін дамытуы керек.
Ол топтағы өзара әрекеттің белсенді мүшесі болуы керек.
Ол әр оқушының сезімі мен күйзелістерін түсіне алатындай дәрежедегі эмпатиялық жағдайға ұмтылуы керек.
Ең соңында, ол өзін өзі жақсы білуі керек» (4, 328-329).
Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып, тәжірибелі, оқушының жетегімен оған дайындық жасауға мүмкіндік алады. Жан – жақты, заман талабына сай білікті, кәсіби – педагог мамандарды дайындау жоғары оқу орнындағы бөлік оқу үрдісін ақпараттандыру мәселесін жеделдеткенде, инновациялық оқыту технологиясын енгізгенде сонымен қатар, оқытудың әлемдік озық үлгілері мен халқымыздың төл педагогикалық қағидаларын пайдаланғанда мүмкін болары сөзсіз.