«Филология» мамандыєына арналєан



бет15/29
Дата06.03.2023
өлшемі403,5 Kb.
#71921
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Бақылау сұрақтары:
1.Макро мен микро ортаның айырмашылығы
2.Макро орта дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.
2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.
4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995


6-дәріс. Жеке бас аралық психикалық өзара әрекеттесу формалары.
Мақсаты: Қарым - қатынастағы бедел, қарым-қатынас этикеті жайлы түсінік беру.
Дәрістің мазмұны:
Психологиялық технология туралы түсінік. Қарым-қатынас этикеті. Жеке ара қатынастағы іскерлік карым - қатынас этикетінің психологиялық және педагогикалық технологиясы. Психологиялық -педагогикалық және этикалық талаптар және ережелер. Субординация түсінігі.Қарым - қатынастағы бедел.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3)аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.
Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.
1.Күнделікті қызметтік араласу.

  • әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;

  • келушілерді қабылдау;

  • жиналыстарға, мекемелерге бару;

  • азаматтардың тұрған орындарына бару;

  • жиналыс, конференция, отырыстар;

  • кезекшілік, күзет.

2.Спецификалық қызмет араласуы.

  • жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі;

  • жұмыскерлер арасында араласу;

  • үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.

  • шет азаматтармен іскерлік қатынас.

3.Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.

4.Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.

  • публикалық қатынас және интерьвю;

  • баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;

  • телефон, телесайт, радиохабар;

  • іскерлік жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет