Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет13/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
тайпалық санадан босанып шыққан адамға қатысты деп 
айтуға болады. Ол үшін ойлау мен іс-əрекетті ұйымдастыру 
барысында көзге көрінерлік (визуалды) құндылықтар басым. 
Жазылған, көрінетін əлем – жаңа технология əлемі кəсібилік, 
маманданғандық жəне индивидуализм сынды қасиеттерге басты 
назар аударатын болды. Тек қана фонетикалық алфавит көз бен 
құлақ, семантикалық мағына мен визуалды код арасын 
ажыратады. 
Əдетте, ХV ғ. баспа станогын ойлап тауып, жасап шығарған 
И. Гуттенберг деген мағлұмат ғылымда болса да, көпшілік 
санасында болса да кеңінен таралған. Ал, бірақ, тарихқа, ондағы 
заттай деректерге терең үңілер болсақ, онда ксилографиялық 
баспа (ойып жазу), яғни ағаш тақтайшалардан алғаш басылым 
сурет, мəтін түсіру Қытайда VІІ ғасырда пайда болғандығын 


31 
көреміз. Зерттеушілер көне түріктердің шығыс немесе батыс 
үлгісімен қағаз жасағанын жазады. Қытай шеберлері VІІІ 
ғасырда Самарқан шаһарында қағаз өндірісінің негізін салған. 
Осы өңірден қағаз өндіру тəсілі Жібек жолы арқылы батысқа 
тарап, онда жазу үшін қолданылып келген пергамент пен 
папирусты біртіндеп ығыстырған. Кітап жасау ісінің де 
Шығыста, керек десеңіз, тіпті, Түркістанда б.д.д. ІІ-І ғғ. шық-
қандығы туралы мəліметтер де кезігеді. Мысалы "Ырық бітік" 
шығармасын ксилографиялық жолмен шыққан алғашқы кітап-
тың біріне жатқыза аламыз. Ол, В.Томсеннің болжауынша, VІІІ-
ІХ ғғ. жасалғанға ұқсайды. 
Жапонияда да ксилографиялық кітап шығару тəсілі əжеп-
тəуір өрістеген екен. Одан шыққан басылым үлгілері күні 
бүгінге дейін сақталған. Ендеше, неліктен сол Шығыста тұңғыш 
рет дүниеге келген бұл технологиялық жаңашылдықтар 
(инновациялар) өзінің тиімділігін əрі көпшілік пайдаланысқа 
түсуін тек Батыста тапты деген сұрақ көп ойлануды қажет етеді. 
Оған толымды жауап табудың өзі де қиын. Нақты жауап 
болмаса да, сол жауапқа бастап алып барар жол ретінде мына 
бір оқиғаны баян етелік.
Бұдан екі жарым мың жыл бұрын қытай кемеңгері Чжуан-
цзы (Chuang-Tzu) механизмдердің қауіпі туралы ой тастаған 
екен. Аңыз арқылы жеткен осы нақыл былай дейді: Цзы-гун 
күндердің күнінде Хань өзенінің Солтүстігінде көкөніс өсіріп, 
соларды арық қазып суарып жүрген адамды кездестіріпті-мыс. 
Қолымен су салып жүрген əбігершілікті көрген Цзы-гун əлгіге 
құдық қазып, су ағызуды ұсынғанда ол былай деген екен: 
“Менің ұстазым маған кім машинаны пайдаланып жұмыс істесе 
өзінің де жұмысын машина сияқты жасайды деуші еді. Өз 
жұмысын машина сияқты орындайтын жанның жүрегі де 
машина сияқты болмақ. Ал кеудесінде механикалық жүрегі бар 
адам қарапайымдылық пен аңқылдақтықтың қасиетінен 
айырылады. Аңқылдақ ақ көңілдігінен айырылған адам өзінің 
жанының құштарлық талпыныстарына сенімсіздік танытады. Ал 
өз жаныңның құштарлықтарына сенбеу шынайылықпен жарас-


32 
пайды. Мен құдықты қазуды білмегендіктен əуреленіп жүрген 
жоқпын, мен оларды пайдалануға ұяламын”.
Осыдан байқағанымыздай, қытай данагөйлері ғылым идеясы-
ның өзін абсурдты идея деп білсе керек. Компас, оқ дəрі, 
мылтықты дəстүрлі Қытайдан қабыл алған Еуропа, өкінішке 
орай, оның даналығын, оның өзіне өзі шек қоя білетін байсал-
дылығын бағаламаған: "Бұның бəрі мен сияқты шекті пендеге не 
үшін керек?" деген ұстамдылығын, өзін өзі тоқтата білу 
қабілетін үйренбеген көрінеді. Нəтижесінде тойымсыз тұтыну-
шылық торына түскен жайын балықтай жанындағыны жалмап 
бара жатқан қазіргі адамзат бейнесі көз алдыңа келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет