Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет16/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Табиғи белгілерге табиғаттың құбылыстары мен заттар 
жатады. Бірақ заттар əлде құбылыстар өздігінен белгі болып 
табылмайды, соны белгі деп қабылдайтын субъект үшін ғана ол 
белгі қызметін атқарады. Тарата айтар болсақ, ондай белгіні 
белгі-нышан десе де жөн, өйткені ол белгі басқа зат туралы 
қажетті ақпарат жеткізеді. Мысалы, түтін – жанып жатқан оттың 
нышаны; жүрек соғысы – тіршіліктің нышаны; дененің 
қызуының көтерілуі – науқастану нышаны; қалың қара бұлт – 
болар жаңбыр нышаны жəне т.с.с. 
Иконалық белгі дегенде "икона" сөзінің этимологиялық 
мəніне негіздеп айтып отырмыз. Грек тіліндегі "еісоn" қазақша-
ға "кескін", "сурет" деп аударылады. Демек, иконалық белгі 
дегеніміз белгі-кескін, белгі-бейне. Бұл белгілер табиғи белгі-
лерден өзінің жасандылығымен, артефактылығымен ерекше-
ленеді. Оны қазақ тіліндегі таңба деген ұғыммен алмастырсақ та 
болғандай. Мысалы, жақында мектеп барын білдіретін арнайы 
таңба жол үстіне салынады, көпшілік орындарында дəретхана, 
эскалатор-баспалдақты танытатын таңбалар қойылады. Əлгі 
кескін-бейнелерге қарап адамдар ненің қайда екенін ажырата 
алады. Кезінде қазақтар табын-табын сиырлар, үйір-үйір 
жылқылар, отар-отар қойларын өзгелердікінен ажырату үшін 
таңба салатын болған. Мысалы, қазақтар малына өз руының не 
атасының белгісі болып есептелетін рəміздік бейнені таңбалап 


38 
салған. "Тайға таңба басқандай" деген тұрақты сөз тіркесі де 
соны аңғартады.
Белгі мен таңба өзара бір-бірімен етене байланысты ұғым-
дар. Сондықтан, кейде ол екеуі бірінің орнына бірі жүре беретін 
сияқты болып көрінеді. Дегенмен, олардың аражігін ашып 
алмаса тағы да болмайды. Меніңше, белгі ұғымының мағынасы 
таңба ұғымының мағынасынан əлдеқайда кең əрі дерексіздеу, 
абстрактілі. Белгі нақты шындықтағы зат пен оны қабылдаушы 
адамның санасын жалғастырушы құрылым. Өз сезім мүшелері-
мен қабылдаған шындық əлемінің нысанын адам өз санасында 
белгі арқылы – ең алдымен, тілдегі сөз арқылы көз алдында 
ұстайды. Сондықтан да біз тілді белгілер жүйесі деп айтамыз.
Ал таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен 
айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу 
үшін қажет əрекет нəтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба 
əлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып 
беру қызметін атқаратын құрылым жəне сонысымен де ол 
абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен 
салыстырғанда "жерге жақынырақ" тұрған сияқты. Осы орайда 
малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын 
рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына 
əкелуі мүмкін екендігін бірнешеме əліпбилер түпнегізінде 
жатқан белгілерді салыстыру арқылы дəйектеген ғылыми 
еңбектер барлығын да айта кеткіміз келеді. Таңба интернацио-
налдық термин "штамп" дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын 
ала кескіндеп алып, соны əлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне 
басып отыру – таңбалау қызметі. Осы орайда, тіл болмысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет