Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


“message” (месидж, хабар, хат). Ал, шындығында, бұл қателікті  Маклюэн əдейілеп жасап отыр. Ол “Massage”



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
“message” (месидж, хабар, хат). Ал, шындығында, бұл қателікті 
Маклюэн əдейілеп жасап отыр. Ол “Massage” деу арқылы 
мынадай екі түрлі ойға түрткі болғысы келген еді. Біріншіден, 
ақпарат құралдары (медиа) массаж сияқты əсер етеді, яғни адам 
санасын сылап-сипап, керек көңіл-күйге алдын-ала даярлайды, 
сөйтіп, шындықты қабылдау заңдылықтарын қалауынша өзгер-
те алады. Екіншіден, ақпарат құралдары бұқаралық мəдениетті 
тұтынатын тобыр ғасырын – Mass-age тудырады. 
М. Маклюэн əлеуметтік-мəдени даму процесін тікелей ақпа-
рат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да 
дискреттік идеяға мəдени дамудың континуалды идеясын қарсы 
қояды. "Мəселенің бəрі ақпарат құралдарында!" – бұл М. 
Mаклюэннің Квентин Фьоремен қосыла жазған осы аттас еңбе-
гінде айтылған тағы бір негізгі тезисі. Сол арқылы ғалым қоғам 
сол қоғамда басымдық танытатын коммуникация типімен анық-
талады, ал адамның қабылдау, аңғаруы – тасымалданушы 
ақпараттың жеткізілу жылдамдығымен анықталады дейді. Ол ол 
ма, коммуникация түрі тек қана сезіммен қабылдауды ғана емес, 
сонымен бірге, əлеуметтік құрылым түрін де анықтайтын болып 
шықты. Адамзат тарихы, түптеп келгенде, бір коммуникация 
құралдарын екіншілерінің “жалмау” тарихы.
М. Маклюэн адамзаттың тарихи даму барысында негізгі 
қарым-қaтынас құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді 
бөліп атап көрсетті. Оны кестелі түрде:
1. Ауызекі сөйлеуге негізделген тіл мəдениетінен əліпбиге 
негізделген хат мəдениетіне өту; 
2. Жазылған сөзден қағазға басылған кітап мəдениетіне өту; 
3. Баспаға негізделген "Гутенберг ғаламынан" электронды 
коммуникация құралдарына өту деп үшсатылы бейнелеуге 
болады.
Əрбір тарихи-мəдени сатының өзіндік қайталанбас ерекше-
ліктері бар. Мысалы, бірінші кезeң – тас дəуіріндегі жабайылық 
(варварлық) кезеңі. Адамдардың өзара қарым-қатынас құралы-
ның бірден-бір көзі – ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша сөзге 
негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық (дыбыстық, 


27 
естілетін) кеңістікте өмір сүреді. Шетсіз-шексіз, бағыт-бағдар-
сыз дыбыстық (акустикалық) кеңістік адам баласының алғашқы 
қауымдық құрылыс кезеңіне сəйкес келеді. Сананың синкрети-
калығының (бөлінбегендігінің, жіктелінбегендігінің) нəтиже-
сінде алғашқы қауымдық қоғамдағы адам табиғат пен қауымнан 
кіндігі ажырамаған, өзінің дербес жан, тіршілік иесі екeндігін 
əлі де түйсіне алмайтын дəрежеде болған. Сол себепті қауым 
мүшелерінің санасы топтық, ұжымдық сипатта қалыптасты.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, 
тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дəстүрлер, мифтер, əдет-
ғұрыптар немесе, жалпылaма айтсақ, фольклор кеңінен дамыды 
жəне ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. 
Тіл – коммуникация құралы ретінде адамның тікелей 
қатынасуын (айтуын, естуін) қaжет ететін болғандықтан да 
адамдар ұжымы өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды. "У 
ішсең – руыңмен", "Көппен көрген ұлы той", "Жалғыз жүріп 
жол тапқанша көппен жүріп адас" деген сияқты қазақ мақал-
мəтелдері сол кезеңнің қауымдық біртұтастығынан хабардар 
етсе керек. 
Технологияларда жалғасын тапқан адамның сезім орган-
дарының өзгерістері мəдениеттегі өзгерістерге сəйкес. Сонымен, 
естілер сөз өзінің бүкіл құпиясынан, өзінің тұлғалық бастама-
сынан хатқа түсіп, қағаз бетіне басылып шыққанда – көрінер 
сөзге айналғанда айырылып қалады. Ендігі жерде жазылған Сөз 
трансценденттіліктің (заңның) белгісі бола бастайды; жазылған 
кітапқа қасиетті, киелі мəн берілген, ол – киелілік, тəртіп, ереже, 
идеалды норма. 
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық 
акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі 
кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан aқыл-өсиет, 
даналық ой, көпжылдық тəжірибе нəтижесі ендігі жерде тікелей 
ауызекі айтылмай, жазылған жəне көзбен көріп оқылатын 
мəтіндерге (текстерге) айналды. Жазу қалаларды, жолдар мен 
əскерді, бюрокрaтияны дүниеге əкелді. Ол сананы тылсым 
көлеңкеден жарыққа шығарып, өркениетке бастама болды. 


28 
Алфавитке дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейім-
делген негізгі сезім мүшесі құлақ болды. "...Сенері құлақ болған 
заман" дегендей, есту сенумен пара-пар болды. Фонетикалық 
алфавит құлақтың сиқырлы əлемін жайбарақат бейтарап көз 
əлеміне алмастырды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып 
есту мүшесі – құлақ емес, көру мүшесі – көз келді. 
Коммуникация құралдары күрделене келе, тек адамды 
қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге 
адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-əреке-
тіне, менталитетіне өзгерістер енгізеді екен. Нəтижесінде, 
бытыраңқы əріптер сияқты, адамдар бірте-бірте о бастағы 
қауымдастықтан, бірлестіктен алыстай берді. Жазу-сызудың 
пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процесстері 
Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан 
ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада XV ғасырдың екінші 
жартысында Иоганн Гуттенберг өзінің ойлап тапқан баспа 
станогын іске қосты. М. Маклюэн айтпақшы, "Гуттенберг 
галактикасы" – баспа ісі нағыз ақпараттық төңкеріске алып 
келді. "Гуттенберг галактикасының" арқасында тұңғыш көпші-
лік-конвейерлік тауар – басылып шыққан кітап жарық көрді. Ол 
бұрын-соңды болмаған көп мүмкіншіліктерге жол ашты. 
Жазу-сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тəжіри-
бені ру көсемдерінің зердесі сақтап, адам өмірлік мəні бар 
қағидаларды тек солардан еститін болса, енді əрбір адам жеке-
дара oтырып-ақ, кітапты оқу арқылы өткен-кеткен аталар 
даналығынан, мұрасынан үлгі алатын жағдайға жетті. Жеке 
адам дара адам өзінің жеке тұлға екeндігін түсіне бастады. 
Өзінің басқалардан ерекшeленетінін, өзіне ғана тəн дауысы, 
жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр-сипаты, қасиеті бар екен-
дігін ұғынған адамзатта индивидуализм идеясы пайда болды. 
Оның ұжымдық сипаты – ұлтшылдық та бой көтере бастады. 
“Қазіргі уақытта адам кезінде өзі қолымен жасаған əріптері 
мен операцияларын орындайтын, қайталайтын техникалық 
құралдардың сансыз көп түрін ойлап шығарды. Мысалы, қару-
жарақ эволюциясы тіс пен жұдырықтан басталып, атом 
бомбасымен аяқталып отыр. Үй мен киім-кешек – темпера-


29 
тураны бақылаудың биологиялық механизмдерін жүзеге асыру. 
Үй жиһаздары адамды жүресінен отыру немесе еденге жантая 
салу əдетінен айырып отыр. Электр құралдары көзілдірік, 
теледидар, телефон жəне кітаптар арқылы адам кеңістік пен 
уақытты пысқырмайтын болды. Бұлардың барлығы – кеңістік-
тегі біздің тəніміздің мүмкіншіліктерін ұлғайту жолы. Ақша – 
күнделікті істелген еңбекті ұзаққа сақтау əрі жалғастыру амалы. 
Қазіргі транспорт торабы өзіміздің аяғымыздың сүрлеуі. 
М.Маклюэн сол 50-ші жылдардың өзінде шизофрения 
дегеніміз сауаттылықтың болмай тұрмайтын салдары деп 
анықтайды. Фонетикалық хат ой мен іс-əрекетті бөліп тастамай 
тұрғанда адамдар өз ойлары үшін де, өздері жасаған ісі, 
көрсеткен қылығы үшін де жауапкершілік сезінген. Сауатты 
адам ендігі түйсігі қақ айырылған əлемде екіге бөлінген, 
жарылған, тұтастығын жоғалтқан жан. Ол – екіленген ауру, 
шизофреник. “Фонетикалық алфавит дыбыстан мəнді мағынаны 
бөліп алады, сөйтіп, ол дыбысты визуалды код ретінде 
көрсетеді. Фонетикалық алфавитті пайдаланған адамдар оларды 
өзгерістерге ұшырататын тəжірбие ықпалында қалды. Пикто-
графиялық та, идеограмматикалық та, иероглифтік те жазу 
түрлері ондай ықпалға ие болған жоқ. Тек фонетикалық алфавит 
адамды оның тегінен, руынан, атасынан айырды. Фонетикалық 
жазу түрінен басқа ешбір жазу адамды тыңдауға негізделген 
қауымдастықтан, өзара тəуелділік пен өзара байланыстағы 
əлемнен алып шыға алмаған” (М.Маклюэн. Галактика 
Гутенберга. М., 2005). 
Алфавиттік хат өте дамыған, өте ыңғайлы жəне ең көп 
қолданылатын жазу процесі. Алфавиттік хатты қазірде əлемнің 
көптеген халықтары пайдаланады. Оның негіздері жастайынан 
балалық шақта тез əрі жеңіл қабылданады. Ұғымды немесе 
буынды білдірмейтін, жеке дыбысты беретін əріптер – алфавит-
тік хаттың үлкен жетістігі. Алфавиттің тиімділігін иероглиф-
термен салыстыратын болсақ, мысалы, бір де бір синолог (қытай 
тілінің маманы) қытайлықтардың 80 000-нан астам иероглиф 
белгілерін біле бермейді. Бүгінде оқыған, сауатты қытайлықтар 
9000 белгіні ғана игерген. Оның өзін де меңгеру оңай емес. Ал 


30 
бар болғаны 22, 24 немесе 26 белгіні қолдану қаншалықты оңай! 
Алфавит бір тілден басқа тілге жеп-жеңіл ауыса алады. Бүгінгі 
күні бір ғана латын алфавиті ағылшын, француз, итальян, неміс, 
испан, поляк, голланд, чех, харват, уэльск, фин, венгр жəне 
басқа көптеген тілдерді қамтамасыз етеді. Бұл алфавит көне 
еврейлер, финикийліктер, арамейлер, гректер, этрускілер, 
римдіктер пайдаланған алфавитке барып тіреледі. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, көзге сенген жазу əлемінің 
мəдени кейіпкері дыбыстық сөз əлемінің мəдени кейіпкерінен 
көптеген сипаттамаларымен ерекшеленеді. Данышпан Сократ – 
акустикалық сөз əлемі мен визуалды жазу мəдениетінің 
шекарасындағы жан. Бірақ ол ештеңе жазып қалдырмады. 
Ортағасырларда Сократтың шəкірті – Платонды оның жеке 
хатшысы деп қабылдаған көрінеді. Мəнсіз символды (таңбаны) 
мəнсіз дыбыспен біріктіріп, мағына құрастырдық, сөйтіп, 
батыстық адам типін туғыздық. Біртектілік, бірбейнелілік жəне 
қайталанушылық – көрер көз əлемнің, визуалды əлемнің негізгі 
мінездемелері. 
“Қасиетті сакралды” əлем немесе тəжірибені ұйымдастыру-
дың ауыз екі сөзге негізделген əлем түрі – аудиотактилді əлем. 
Дыбыстық əлемге көшпелі болмыс тəн, ал "homo sedens" – 
отырықшы адам – өркениет өнімі. “Цивилизация” терминін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет