Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Маршалл Маклюэннің коммуникация құралдарының түрөзгерісі туралы
концепциясының түйін сөзін анықта. Оны қалай түсіндіруге болады?
2. Ақпарат таратудың жалғыз көзі ауызекі сөз болатын мəдениет сипат-
тамасы қандай?
4. Коммуникация құралдарының өзгеруіне сай берілген мəдени типология-
ны келтір.
5. М.Маклюэн концепциясындағы қазіргі адамзат мəдениетінің сипат-
тамасы.
33
3 АҚПАРАТ ЖƏНЕ МƏДЕНИЕТ
3.1 Ақпарат жəне ақпарат теориясындағы
белгі, таңба
Ақпарат дегенімізді жəне ақпарат теориясын дұрыс түсіну
үшін оған қажетті функционалды ұғымдарды жан-жақты қарас-
тырып алған жөн. Олар белгі, таңба, тіл жəне т.б. сынды бірін
бірі туындата өрбитін ұғымдар. Ақпарат теориясында кең
мағынадағы (сөйлейтін тіл шекарасымен бітпейтін) тіл ұғымы-
ның алатын орны зор. Өйткені адамзат мəдениетіндегі ақпарат
алмасудың негізгі жолы тіл болып табылады.
Тіл – мəдениеттің мəйегі əрі мəдени аударылуды мүмкін
етуші құрал. "Тіл дегеніміз не?" деген сұрақ басқа сұрақтардан
гөрі ХХ ғасыр рухани жағдаятын анықтайтын сұрақ болған еді
деп сенімді түрде айта аламыз. Бұл сұрақтың маңызы тіл
мамандарының таза кəсіби қызығушылығының шегінен шығып
тұр. Тілге деген түрлі көзқарастың қалыптасуы оны объектива-
циялауға, яғни оны ізденіс пəні ретінде алуға деген талпыныс-
тан туындаған. Бірақ əйгілі философ Л. Витгенштейннің драма-
тизмге толы тəжірибесі көрсеткендей, тіл туралы сұрақтың
тереңін ақыл-ойдың қарауына түгелдей сыйғызып жіберу
мүмкін емес екен.
Естеріңізге сала кетейік, "Логикалық-философиялық трактат-
тарында" Л. Витгенштейн кемел таза тіл іздестіріп, соның
мүмкіншілігін негіздеген болатын. Сол шығармасының қатты
сындар соққысында қалғанын көрген əрі өзінің де тілге деген
34
көзқарастарын қайта саралауға мəжбүр болған ғалым "айтып
жеткізілуі мүмкін емес дүние жайлы үндемеген жөн" деп, біраз
уақытқа дейін үн-түнсіз жүрген кездері де болған. Кейінірек ол
өзінің тілге деген бастапқы ұстанымын түбегейлі түрде өзгертіп,
"таза" тіл іздеу орнына күнделікті пайдаланыстағы "тазартыл-
маған" тілді қарастыруға кірісті. Нəтижесінде, ол "еш қоспасыз
стерильденген" таза тіл болмасына көзі жетіп, тіпті, тілішілік
контексті ғана емес, сонымен бірге, тілден тысқары жатқан
контекстіні де ескеру керектігін тұжырымдады. Ақыр аяғында,
Л. Витгенштейн тілді пайдалану барысындағы мағына
концепциясын туындатты.
ХХ ғасырда тілді философиялық тұрғыдан жаппай зерттеу
басталды деп жоғарыда айтқан едік. Сол зерттеулерді топтап,
төмендегідей үш кезеңге бөліп, рет-ретімен тезистер арқылы
былайша беруге болады:
1. Тіл – ойдың негізгі құралы. Сондықтан тілді оның логика-
лық мəніне сай пайдалану таным туралығын береді. Бұл түсінік
– логикалық позитивизм жолындағылардың түсінігі.
2. Тіл – ойдан тысқары, трансценденталды əлем. Сондықтан
тілді түсініксіз мағыналардан ажырату таза ойлауға əкелуі тиіс.
Бұны феноменологиялық ұстаным дер едік.
3. Тіл ойдан бұрын болған құрылым, ендеше, тіл категория-
лары ой категорияларын анықтайды. Бұл жол – структурализм
жолы.
Тілдік таңба арқасында адамзаттың бүткіл тарихындағы
тəжірибесі жоғалып кетпей, қоғамдық игілік түрінде əлеуметтік
дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Кез
келген табиғи тіл – тарихи тұрғыдан қалыптасқан белгілік-
таңбалық жүйе. Тілдей белгілік жүйеге өзінің мəдени мəнділігі
жағынан басқа ешбір таңбалар тең келмейді. Тіл өте ыңғайлы
əрі үнемді белгілер жүйесі. Сөйлегенде біз аса көп қуат
жібермейміз, кейбіреулер, тіпті, одан рахат алады десе де
болады. Үйреншікті тіліміз оңай, қарапайым болып көрінгені-
мен, ол өте көпқұрылымды, тарамдалған, иерархиялы, көпдең-
гейлі белгілер жүйесі екендігін естен шығармау керек.
35
Мəдени жады тұқым қуалау жолымен, яғни генмен
берілмейтіндігі белгілі. Демек, ол белгіге айналған, таңбалап
салынған түрде ғана өз мұрагеріне жетеді. Белгі, таңба деп, ең
кең де қарапайым түсінікте, алдын ала бекітілген əлеуметтік
шарттылыққа сүйене отырып, əлдененің орнында тұрған, сол
əлдененің орнын басып тұрғанның бəрін айтады. Адамзаттың
жинақтаған білімі, шеберлігі, дағдысы, өзін-өзі ұстау форма-
лары, салт-дəстүрлері тек қана нақты мəдениет жүйесінде
қалыптасады. Сондықтан да белгі-таңба əрбір жаңа ұрпаққа сол
ұрпақ тиесілі мəдениеттің мəдени ақпаратын сақтап, жеткізу
үшін қажет деген сөз. Ондай тасымал түрлері өте көп (салт-
дəстүр, əдет-ғұрып, өнер жəне т.б.). Солардың ішіндегі ең біре-
гейі тіл деуге толық негіз бар.
Адамзат тарихының өн бойында орасан көп белгі-таңбалар
жасалынды, оларсыз адам əрекетін көзге елестету де мүмкін
емес. Нақты адам үшін сол белгілер, таңбаларды немесе солар-
дың жүйесін игеру, білу оның басқа адамдармен қатынасқа
кіресілі, тиесілі екендігін танытады. Өздігінен бір де бір таңба
құнды емес, ешбір мəні жоқ, тек қана ол нақты бір белгілер
жүйесіне ену арқылы жəне өзара қатынас құруы арқылы бағалы.
Мысалы, сəлемдесуге арналған белгілер жүйесі бар. Біздер қол
алысып, кеуде қағысамыз, біреулер – тəжім етіп, иіледі жəне
т.с.с. Осындағы қол алысу, кеуде қағысу, тəж ету өздігінен
ешқандай құндылық емес, ал, бірақ адамдар арасындағы қарым-
қатынас тұрғысынан алғанда олар үшін аса маңызды рəсім.
Барлық таңбалар жүйесі біріге келіп, белгілі бір социумның
белгілі бір кезеңдегі мəдениетін құрастырады. Əрбір таңбаға
белгілі бір мағына берілген, яғни əр таңба өзінің функциясы
(қызметі) мен мазмұнына ие. Таңба мазмұны күрделі, көпжақты,
сығыңқы ақпаратты бойына сыйғызады. Белгіге айналған əлем
Достарыңызбен бөлісу: |