Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
аударылған əлем, өйткені ол өзінің түпкі нұсқасынан, түпкі 
жүйесінен мүлдем бөлек жүйеге, жаңа шындыққа айналдырыл-
ған əлем. Кез келген семиотикалық ізденісте белгі ұғымына сын 
көзбен қарауға тура келеді. Содан барып оның анықтамасын 
беру, оның тарихи дамуына тоқталу, оның басқа да таңбалау-


36 
шылық тəжірбиелерге қатынасын жəне олардың арасындағы 
рөлін анықтау қажеттілігі туындайды.
Белгі-таңба бүгіндері тек лингвистиканың ғана емес, 
сонымен қатар, философияның да, оны тəсілдемелік негіз ететін 
мəдениеттанудың да орталық ұғымы. Белгілік-таңбалық қызмет 
тек қана адам бойында ғана кездесетін ерекшелік. Жануар-
лардың өміріндегі сигналдар, мысалы, дыбыстар арқылы, жүріс-
тұрысының өзгеруімен берілетін сигналдар эволюция нəтиже-
сінде пайда болған əрі олар тұқым қуалау жолымен ұрпақтан 
ұрпаққа беріліп отырады. Тек адам ғана үнемі өзіндік белгілер 
жасайды, оларға белгі туралы мағлұмат тұқым арқылы 
жетпейді. Белгілер – адамзат мəдениетінің тіршілік ету 
формасы, болу түрі. Бірақ та осы бір адам қабілеті басқа 
мəдениеттерді қабылдау жəне түсіну барысында үлкен мəселе де 
туғызатындығы жайлы алдыңғы тараулардағы аударылар-
лық/аударылмастық дилеммасы, Сепир-Уорфтың лингвистика-
лық салыстырмалылық теориясы туралы жазған тарау-бөлімше-
лерде айтқан едік. 
Тілдің белгілік-таңбалық табиғатына тоқталмастан бұрын
осы арада белгі-таңба туралы тереңірек мағлұмат бере кеткен 
жөн. Осы ізденісте белгі-таңба деп қатар беріп отырғанымыз 
қазақ ауызекі тіліне тəн сөздерді қосарландыру тəсілінің əсері 
емес. Ол тілге қатысты контексте белгі мен таңбаның ара жігін 
ажырата қараудың қиындығында болып тұр. Ол бір біздің 
басымыздағы жайт емес, тіпті, филолог ғалымдардың өздері де 
анық-қанығын ажыратпаған мəселе. Өйткені тіл біліміне қатыс-
ты зерттеулерде тілдің таңбалық сипаты туралы айтылғанмен, 
аракідік таңба мен белгіні теңдес ұғым ретінде баламалай 
қолдануға да кезігеміз. Ж. Дерриданың "Грамматология жайын-
да" деген үлкен шығармасын аударушы Ə. Қодар "таңба" сөзін 
қолданады. Бірақ көптеген философиялық, мəдениеттанулық 
оқулықтар, анықтама-сөздіктер мен мақалалардан біз ғалым-
зерттеушілердің тілді белгілер жүйесі деп алатындығын да 
білеміз.
Белгіге қарабайыр түсінік беретін болсақ, ол – өзінен бөлек 
басқа бір нəрсені, затты, құбылысты білдіретін жəне басқаларға 


37 
жеткізетін құрылым. Барлық белгілер үшін ортақ функция – 
оның бізге өзінен өзгеше басқа нəрсені білдіретіндігі деп 
анықтайды Ə. Тұрғынбаев пен Л. Нұсқабаева. Белгі өзінің басқа 
зат пен сол затты қабылдаушы (рецептор) арасындағы 
атқаратын қызметіне қарай анықталатындығын көрсетіп тұр. 
Демек, белгі интенционалды, яғни үнемі бірдеңеге бағыттал-
ған. Ал, жалпы, интенционалдық деп сананың затты көздейтін-
дігін білдіретін жəне өзінің əлемде барлығын танытатын сана-
ның қасиетін айтады. 
Белгілер: табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды 
жəне т.б. болып бөлінеді. Белгілер жіктемесін ғалымдар түрліше 
беруі мүмкін, бірақ олардың барлығын осында келтіріп жату 
мүмкін де емес əрі біздің ондай алға қойған міндетіміз де жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет