10
1.2 Қазіргі заман мəдениетінің
өзіндік сипаттамалары
Қанша жерден
алуандылықтағы бірлік түп
мақсатымыз
десек те, əрбір қоғамның өзіндік құндылықтарының маңызды
өлшем екендігін мойындасақ та, əлемдік мəдениеттегі
қазіргі
жағдайды біз көбінде еуропалық өмір үлгісінің басымдылық
танытуы деп қарастыруымызға негіз бар. ХХ ғасырда мұндай
жағдайды
еуропаорталықтық деп атағаны да белгілі. Олардың
айтылуы, аталуы түрліше
болғанмен, түп мəн-мағынасы сол
күйінде қалғандығын мойындамасқа болмайды.
Еуроорталық-
тық болсын, батыстандыру болып аударылатын
«вестерниза-
ция» болсын – Батыстың өндірістік даму деңгейі биік елдеріне
тəн өмір сүру тəсілі жəне стилі, сондағы құндылықтар мен
экономикалық даму моделінің
басқа елдерді экспансиялау
процесі.
Еуропалық құндылықтар жүйесін орнықтыруға Еуропаның
жəне одан кезінде бастау алған АҚШ-тың экономикалық, техно-
логиялық жəне əскери басымдылығы қуат беріп отыр. Оның
үстіне У.Черчилл айтыпты-мыс деп жүрген: «Ақпарат кімнің
қолында болса əлем соның уысында»
деген көріпкелдіктің
орындалған заманында, əрине, қоғамдық пікір тудыратын
ақпарат тасқынының 70-80 пайыздайын қадағалап отырған, көп-
шілік мəдениетін қалыптастыратын
киноиндустрия өнімінің
жартысынан көбін шығарып отырған англо-американдық,
демек, бастыстық мəдениет өз өмірінің стандарттарын бүкіл
əлемге үлгі етіп тықпалауы таң қаларлық жағдай емес.
Адам əлемінде болсын, адамзат мəдениетінде болсын жоқтан
ештеңе пайда болмайды. Осы қазіргі заман мəдениетіне алғы-
шарт болған, осы кезеңнің құндылықтарын даярлаған мəдени
дəуірлер қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін сонау Ренессанс-
тық гуманизмнің қалыптасуын,
Реформацияның зайырлылық
принципіне жол ашуын, Ағартушылық дəуірінің жалпылай
сауаттылық пен білім құндылығын алға тартқандығын еске алу
11
керек. Осы аталғандардың барлығының
бір сөзбен айтқанда
Достарыңызбен бөлісу: