12
желер береді деп білген Декарттан бастап осы тəсіл тек қана
жаратылыстанымдық
ғылымдарда ғана емес, гуманитарлық
ғылымдарда да қолданыла бастады.
Сол кезеңнен бастап, «білім дегеніміз күш» деген қанатты
сөз тағы бір рационалистік ұстанымдағы Ф.Бэконның арқасында
ел арасына кең тарады. Адамның ақыл-ойынан тысқары қалатын
ештеңе жоқ деген қағидатты ұстанған, ғылыми əдістеме арқылы
барлығын танып-білуге талпынған
адамзаттың еуропалық
бөлігінің экспансиясы сол еуропалық мəдениеттің əлемге
кеңінен тарауына бірден бір себеп болды. Бірақ сол экспансия
арқасында басқаларды бодандау саясаты мен табиғатты аяусыз
қанау да жүзеге асырылғандығын ұмытпаған абзал.
Рационализмнің соңынан ерген ғылым-білім ғасыры
техника
əлемі деген ғаламатты туындатты. Техниканың жетістіктері
адам мен оны қоршаған ортаны танымастай өзгертті. Жеке
бастың еңбек үдерісін көпшілік-конвейерлік
өндіріске дейін
көтерген техникалық прогресс жер шарын бір үлкен фабрика-
зауытқа, ал тіршілікті қандай да бір алып механизмнің əрекетіне
айналдырып жібергендей. Қазіргі заман мəдениеті т
ехницистік
мəдениет, яғни техникалық прогресс пен техниканың маңыз-
дылығына құдайдай сенетін мəдениет.
Техницизм
қатаң мамандану процессін тудырмай қоймай-
ды. Техникаға негізделген өндіріс процесі барысында адамдар-
дың көпшілігі техникалық процесске қажетті бір бөлшек есебіне
жүреді.
Осы жоғарыда келтірілген рационализмнің тағы бір қисынды
көрінісі
субъективизмде жатыр.
«Ойлаймын, демек, тіршілік
етемін» деген жоғарыда аты аталып өткен картезийліктің
(Р.Декарттың) тағы бір танымал формуласы ақыл-ес иесі адам
баласының субъективтілігін жоғары құндылыққа айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: