Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазіргі заманның ерекше сипаттамалары не деп ойлайсың?
2. Қазіргі заманның өзіндік бет-бейнесін қалыптастыратын факторларға
нелер жатады?
3. Қазіргі заман мен осының алдындағы кезеңге салыстырмалы сипаттама
бер.
4. Қазіргі заман мəдениетіндегі батыстық басымдықты қалай түсін-
діресіз?
1.3 Техниканың қазіргі заман
мəдениетіндегі орны
Техника термині тар жəне кең мағынада қолданылатын-
дығын айта кететін болсақ, ұғымының тар мағынасы оны
адамның табиғатты өзгерту барысында өз іс-əрекетіне көмекші
ретінде қолданатын құрал-сайман деп қарастырады. “Техника”
ұғымының кең мағынасы технологиялықтан тыс деңгейде
қолданыс тауып, оны əлеуметтік құндылық дəрежесіне көтереді.
Мысалы, француз зерттеушісі Жак Эллюль «техника» терминіне
дүниетанымдық мағына береді. Ол техника деп машиналық
механизмдерді, машиналық құрал-сайманды ғана емес, көздеген
мақсатқа жетудің қандай да бір əдістерін, процедураларын
қарастырады.
Эллюль техниканы əлемді жалпылай рационализациялаумен
байланыстырады. Соның нəтижесінде адамның ойлау жүйесінен
15
эмоциялар кетіп, себеп-салдарлық реттілік, қатаң қисындылық
орнығады, сананың əмбебаптығы жоғалады.
Техниканың түп тереңінде жатқан ерекшелікті сипаты оның
табиғат пен адам арасындағы делдалдығы, яғни оларды байла-
ныстырушы буын болатындығы. Техниканың əлеуметтік-мəде-
ни іргелі ерекшеліктерінің бірі оның қоршаған ортаны, табиғат
пен адамның өзін қайта құру құралы екендігі. Бұл ерекшелік
əлімсақтан бері келе жатқан аңыздарда да кездеседі. Мысалы,
адамдарды тұңғыш техникалық дағдыға – от жағуға үйреткен
Прометей туралы аңызды есімізге түсірелік немесе қанат
көмегімен ұшу жолын білген Дедал жəне оның ұлы Икар туралы
аңыз, Вавилон мұнарасының құрылысы жəне т.б.
Техниканың айтпай кетуге болмайтын тағы бір əлеуметтік-
мəдени сипаттамасы оның адамның өзін өзгертетіндей əлеуеті-
нің барлығында. Осыдан көптеген мəселелер келіп туындайды:
адам қоғамындығы техниканың орны; социум ерекшеліктеріне
оның ықпалы; əлеуметтік, саяси, сондай-ақ халықаралық қаты-
настар жүйесіне техниканы қосу; психикалық, интеллектуалдық
тұрғыдан алғандағы техникаға байланысты өмір этосы (өнегелік
мөлшер жүйесі) жəне т.б.
Қалыптасқан көзқарас бойынша, техника дегеніміз адам
қолынан жасап шығарған, адам өмірін жетілдіруге, қоршаған
ортаны оның өмір сүруіне бейімдеуге, оның күш-жігерін сақтап,
жағдайын жақсартуға бағытталған құрал-жабдықтар жиын-
тығы.
Техниканың атқаратын қызметтерінің бастысы оның адамды
табиғатқа тəуелділіктен алып шығып, бостандық беруі. Алайда,
табиғаттың қатал қажеттілігінен босанған адам, өзі соны байқа-
мастан, техниканың қоршаған ортаға əсерінен, табиғи ресурс-
тардың азаюынан, тағы да сол сияқты келеңсіз салдарлардың
болуынан техниканың өзінің қатал қажеттілігі торына түсті.
Техниканың дамуы, əсіресе, қазіргі таңдағы дамуы ол үшін
адамның белгілі бір құрбандыққа баруын талап етеді.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін техника тағдыры фило-
софтар мен əлеуметтанушыларға қарағанда суретшілер мен
ақындардың назарын көп аударған болатын. Техниканың дамуы
16
өнеркəсіптік революция кезеңінен бастап, адамды табиғатпен
ұштастыра отырып, ағартушылық оптимизм мен рационалистік
көзқарасты дүниеге əкелді. Ғылым мен техника көмегімен
моральдық, экономикалық, мəдени қарқынды дамуға деген үміт
арта түскен болатын.
Бірақ шындығында да солай ма? Біржақты техницистік
көзқарастарға бүгінгі таңда технофобиялық сарындар келіп
қосылғандай. Ондай болатын жөні де бар. Бұл қауіпті зерделеу
немен байланысты? Техниканың барған сайын күрделенуіне сай
оның адам мен табиғатқа əсерінің алдын-ала болжауға келмей-
тіндігі қобалжытады. “Болашақты болжау” мүмкіндігі техника-
ның сенімділігін талап етеді. Техниканың күрделілігі, оның
адамның бақылап, қадағалауынан тыс қалып қою мүмкіндігі
көңілге күдік ұялатуда.
Техниканың дамуы техникаға негізделген, ғаламаттылығы
тұрғысынан табиғатқа тең түсерліктей жаңа əлемінің пайда
болуына əкелді. Техника адамның қол еңбегін жеңілдету
арқылы еңбек өнімділігін арттырғанымен, босаған уақытты
ұйымдастыру жəне жұмыссыздық сияқты басқа мəселелерді
туындатты.
Ал адамдар арасындағы байырғы бетпе-бет тұлғалық қарым-
қатынастар аясы бірте-бірте тулақтай боп кішірейіп келе жатыр.
Мысалы, біздің тұрақ жайымыздың жақсаруы адамдардың бір-
бір қуысқа кіріп алып, бір-бірінен жаттануына əкеліп соқты.
Көлік арқылы қол жеткізген шапшаңдық жол апаты, елді
мекендегі дыбыс шуы деңгейінің өсуі, ауаның ластануы, таби-
ғатқа зиян əкелу, ағзаға кері əсер ету сынды көп қосымша
қолайсыздықтар əкелді.
Техника адамның табиғатына араласуға мүмкіндігі арқылы
адамның тұлғалық қайталанбас біртуарлығына қауіп туғызып
отырған сыңай танытады. Қазіргі заманның компьютерлендіруі
адам миының «құдіретін» ұлғайтып, ақыл еңбегін жеделдету
негізінде тұлғаның жəне қоғамның интелллектуалды-рухани
өміріне үлкен əсер етеді. Бірақ жаңа техника арқылы еңбекті,
өндірісті жəне жалпы адам өмірін рационализациялау өз ретінде
17
адам интеллектін таяздататын жəне дербестігінен айыратын
компьютерлік рационализация монополиясына əкелуі мүмкін.
Техника туындататын мəселелер түбегейлі шешімін таппа-
ғанымен, олардың кері əсерін азайту мүмкіншілігі де жоқ емес.
Өзіндік органикалық ырғағы бар табиғи тіршілік иелері ретін-
дегі адамның табиғи өмір сүру дағдысынан айырылуы біздің
тұла бітім түп негізімізден жаттануға алып келді.
Сонымен, техника белгілі бір өмір қағидаларын, өнегелік
ережелерін, экономика мен саясатқа қойылатын талаптарды
қалыптастырып, бекітіп қана қоймай, біздің қоршаған ортаны
тану тəсілімізге айтарлықтай əсер етеді екен.
Техниканың барған сайын кеңею үрдісінің жəне оны жалғас-
тыратын мəдениеттегі басым еуропалық өркениет құндылық-
тары жүйесінің əсерінен қазіргі заман мəдениеті жалпы алғанда
техногендік сипатқа ие бола бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |