Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет21/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Диалектиканың классикалық 
формалары
Ертедегі стихиялық
тұрпайы диалектика 
(Сократ, 
Платон, 
Гераклит, 
Лао-цзы 
және т.б.)
Классикалық неміс 
диалектикасы (Кант, 
Фихте, 
Шеллинг, 
Гегель)
Материалистік 
диалектика (Маркс, 
Энгельс, Плеханов, 
Ленин, 
марксизм 
философиясы)
36
Диалектиканың құрылымы:
Диалектиканың негізгі 
принциптері
Диалетиканың заңдары 
(метапринциптері)
Диалектиканың 
категориялары (негізгі 
емес заңдары)


Ерекшеліктері
Қоршаған шындықтың 
барлық сфераларын 
қамтиды;
Қозғалыс пен дамудың 
терең негіздерін ашады – 
олардың қайнар көзін, 
ескіден жаңаға өтудің 
заңдарын, 
ескі 
мен 
жаңаның байланыстарын
Қарама-қарсылықтардың 
бірлігі мен күресі;
Санның сапаға ауысуы
Терістеуді терістеу
«Заң 
– 
құбылыстар 
арасындағы ішкі және 
қажетті 
байланыс» 
(К.Маркс)
Диалектиканың заңдары
37
Диалектиканың принциптері
Жалпылық байланыс  қоршаған 
дүниенің тұтастығын, оның 
ішкі 
бірлігін, 
барлық 
компонеттерінің – нәрселердің, 
құбылыстардың, процестердің 

өзара 
байланыстылығын, 
өзара тәуелділігін білдіреді.
Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз 
көп байланыстар ретсіз емес бір 
тәртіпте болады дегенді білдіреді. 
Осы байланыстар тұтас жүйе 
құрады, онда олар иерархиялық 
тәртіпте 
орналасады. 
Оның 
арқасында қоршаған дүниеде ішкі 
мақсатқа сәйкестілік бар
Себептілік  – біреуі екіншісін 
тудыратын байланыстардың болуы. 
Қоршаған 
дүниенің 
нәрселері, 
құбылыстары, 
процестері 
бірдемемен шартталған, яғни немесе 
сыртқы, немесе ішкі себебі бар. 
Себеп салдар туғызады, ал мұндай 
байланыстар себепті-салдарлы деп 
аталады.
Тарихилық жобалайды:
Тарихтың, 
дүниенің 
мәңгілігін, 
жойылмайтындығын;
Оның бар болуы және дамуы 
әрқашан созылатын уақытта өтеді.
Байланыс түрлері:
Сыртқы және ішкі (ең кең 
таралған түрлері);
Тікелей (тура) және жанама;
Генетикалық және 
функционалдық;
Кеңістік және уақыттық;
Кездейсоқтық және 
заңдылықты.


Жоғарыда айтылғандай, диалектика дегеніміз дамудың ең жалпы, 
жалпылық заңдары (заңдылықтары) туралы ілім, яғни даму теориясы. Ал 
заң (заңдылық) дегеніміз не? Заң – құбылыстардың ішкі байланысы 
және өзара шарттастығы. Бірақ құбылыстардың және процестердің кез 
келген байланысы заң, заңдылық бола бермейді. Заңға тән байланыстар 
белгілері, сипаты төмендегідей:

заң (заңдылық) ең алдымен объективтік сипатқа ие, ол санадан, 
ойдан шығарылмайды;

заң құбылыстардың бәріне ортақ жалпылылық;

заң бір-бірінен сырттай тәуелсіз нәрселердің ішкі қажетті 
байланысы;

нақты көрінісі қаншалықты құбылмалы болып жатса да, заң 
солардың бәрінде де сақталатын тұрақты, қайталанып отыратын 
байланыс;

заң мәнді құбылыс, ол (заң) құбылыстарда көрінетін, 
құбылыстық түрде іске асатын мән.
Табиғат пен қоғам заңдары жөніндегі білімге сүйене отырып, 
адамдар саналы түрде әрекет етеді, қайсыбір оқиғалардың болатынын 
алдын ала болжайды, табиғат заттары мен олардың қасиеттерін өз 
мүдделеріне сәйкес қайта жасайды, өз өмірінің әлеуметтік жағдайларын 
мақсатқа сай өзгертеді.
Идеалист-философтар заңдардың объективтік сипатын теріске 
шығаруға тырысады, оларды адамның ақыл-ойының туындысы ретінде 
қарастырады. Материалистік диалектика байланыстарды, заңдарды 
ойдан шығарумен, жасанды жолмен «жасаумен» айналыспайды. Ол 
ғылымның алдына бұл заңдарды объективтік дүниенің өзінде ашып алу 
міндетін қояды.
Объективтік заңдардың мынадай негізгі типтері бар (үш топ):
1)
объектілердің ерекше қасиеттерінің арасындағы қатынастарды 
немесе белгілі бір қозғалыс формасының шеңберіндегі процестердің 
арасындағы қатынастарды көрсететін жекеше заңдар;
2)
объектілер мен құбылыстардың үлкен жиынтықтары үшін ортақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет