ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ Тарих (гр. historia) - өткен шақ туралы әңгіме, болған оқиға
туралы естелік дегенді білдіреді. «Тарих философиясы» ұғымын
ғылымға, философияға Вольтер Марк Франсуа Аруэ енгізді.
Философияда тарихты, оның дамуын түсіну мына кезеңдерден
өтті деуге болады:
Ежелгі гректер тарихты, дүниені эстетикалық түрде,
гармониялық және циклді айналым, тұйықталған Ғарыш түрінде,
мәңгі айналым және қалыптасу түрінде түсінді;
Ежелгі еврейлер дүниежүзілік, әлемдік тарихтың басталуы
мен аяқталуы (эсхотология – ақыр заман) бар деп ұғынды;
Орта ғасырлық христиандық тарих философиясы
провинденциализм, яғни Құдай алдын ала бәрін көріп-біліп қойған
деген идеяға сүйенеді, «Құдай шаһарының» «жердегі шаһарға»
сәулесінің түсуі;
Қайта өрлеу (Ренессанс) немесе Ағартушылық заманы
тарихты ақыл-оймен зерделеуді, тарихқа прогресс ұғымын енгізді;
И. Гердер (1744-1803, неміс философы) – қоғам, тарих
дамуын табиғат тарихының тікелей жалғасы ретінде қарастырды,
сонымен бірге қоғам дамуының заңдылықтары табиғи сипат алады
деп ойлады;
Г. Гегель (1770-1831) тарих дегеніміз рухани абсолюттік
идеяның заңды дамуы. Рух субстанциясы – еркіндік. Тарих, қоғам
процесі - өнер, ғылым, дін, философия дамуымен ерекшеленеді;
К. Маркс (1818-1883): «Тарих - өзінің мақсатын көздеген
адам қызметінен басқа ештеңе емес»;
О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин локалдық, дербес
қоғамдар идеясын ұсынды. 1. Тарихқа көзқарастар Тарих - хаосты, кездейсоқтық процесс, ешқандай
логикасы,
заңдылықтары,
бағыттылығы
(иррационалистер)
Тарих – белгілі
логикасы бар,
мақсатты бағытталған, заңды