Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет66/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

1. Құндылықтар теориялары
• Натуралистік психологизм (Дж. Дьюи, А. Мейнонг, Р. Перри) құндылықтарды 
шындықтың 
объективтік 
факторлары, 
ал 
қайнар 
көзі 
индивидтің 
биопсихологиялық тұрғыдағы қажеттіліктерінде деп есептейді.
Аксиологиялық трансцендентализм (В. Виндельбанд, Г. Риккерт) бойынша 
құндылықтар – идеалды болмыс және адамдардың тілектерінен тәуелсіз 
нормалар, идеал, ал оның иесі «жалпы сана» («таза сана»), яғни трансденталды 
(ол жақтық, шектен тыс) субъект. Бұған мынадай құндылықтарды жатқызуға 
болады: ақиқат, қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік.
• Персоналистік онтологизм (М. Шелер) діни этика принциптерін негізге алады. 
Құндылықтар әлемінің өз иерархиясы бар: ең жоғарғы құндылық Құдай идеясы, 
ал Құдайға сүйіспеншілік адам сезімдерінің ең жоғары формасы. Иерархияның 
келесі баспалдақтарында «сұлулық» және «таным» орналасқан
• Құндылықтардың социологиялық тұжырымдамасы (концепциясы) – М.Вебер 
құндылықты әлеуметтік субъект үшін маңызды норма, болмыс тәсілі ретінде 
қарастырады. Ал құрылымдық –функционалдық талдау мектебі (Т. Парсонс 
және өзгелері) құндылықты әлеуметтік институтардың қызмет етуі мен 
әлеуметтік байланыстарды анықтаудың құралы деп қарайды.
2. Құндылықтардың жіктелуі
• витальды (лат. vita - өмір)
(өмір, денсаулық, игілік, 
экология және т.б.); 
• әлеуметтік (әлеуметтік 
статус, жағдай, байлық, 
отбасы, тәуелсіздік т.б.);
• діни  (Құдай, сенім, ғұрып, 
шіркеу, мешіт және т.б.);
• моральдық (қайырымдылық, 
достық, сүйіспеншілік, парыз, 
әділеттілік, адалдық т.б);
• эстетикалық (сұлулық, идеал, 
үйлесімділік, және т.б.);
• саяси (заңдылық, мемлекеттік, 
ата заң, азаматтық еркіндіктер 
және т.б., және т.б.);


2.
Р.Ингартен (Польша) құндылықтарды витальды (өмірлік) және 
мәдени деп бөледі. Алғашқылары – бұл утилитарлық құндылықтар, 
пайдалылық құндылықтар. Екіншілері – бұл таным құндылықтары
эстетикалық құндылықтар, әлеуметтік қасиеттер мен адамгершілік 
құндылықтары.
3.
Э.Фромм жемісті емес және жемісті бағдарларды бөліп 
көрсетеді (бұл жерде жекелеген, нақты индивидтер емес, «идеалды 
типтер» туралы айтылады.) Жемісті емес бағдарлар рецетивті, 
қанаушылық, ашкөздік және нарықтық бағдарларға бөлінген – олар 
адамдардың психологиясына, менталитетіне қарай бөлінген. Жемісті 
құндылықтық бағдар – бұл адам бойындағы мүмкіншіліктерді іске 
асыру мен күштерді пайдалану қабілеті.
Ресей Ғылым Академиясының әлеуметтік зерттеулерінің 
мәліметі бойынша 14 құндылық тұрақтылығы байқалады: адам өмірі, 
еркіндік, адамгершілік, қарым-қатынас, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ 
көбейту, жұмыс, заңдылық т.б. 
ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институтының мәліметі 
бойынша (1996ж.) республика тұрғындары үшін ең басты 
құндылықтарды былайша 3 топқа бөлуге болады.:
1. Өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, республикадағы 
бейбітшілік пен тыныштық, отбасындағы береке, денсаулық, жеке 
және отбасы қауіпсіздігі, жақсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім.
2. Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық 
қауіпсіздік, жеке тәуелсіздік.
3. Қос азаматтылық. Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік 
үшін жағдай жасалуы, қызметтік карьера.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет