МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ. ӨРКЕНИЕТ. «Мәдениет» деген термин (орыс. «культура») латынның
«cultura» (өндеу, егу, тәрбиелеу, дамыту) деген сөздің аудармасы.
Әуел баста ол деген топырақты өңдеу, оны егу (культивирование)
дегенді білдірді. Цицерон алғаш рет осы сөзді ауыспалы мағынада,
яғни адам ақылына ықпал жасау, ақылды философиялық өңдеу
мағынасында қолданған («cultura animi»).
Бүгінгі түсініктегі «мәдениет» сөзі Еуропада XVIII ғ. екінші
жартысында, Ағарту дәуірінен бастап кең қолдануға түсті. XVIII ғ.
ойшылдары бұл сөзбен табиғи, стихиялы, хайуанаттық болмысқа
қарағанда адами өмір бейнесінің ерекшелігін белгілеу үшін
пайдалана бастады. Осы сөздің ертерек аналогтары қытай («жэнь»)
және үнді («дхамма» - пали тілінде, «дхарма» («джарма») – санскрит
тілінде) философиясында, қала берді гректерде («пайдейя») кездеседі.
Мәдениет - өте кең, көп мағыналы ұғым, ерекше әлеуметтік
құбылыс, оны зерттеуші ғалымдар, мамандар 200, 500, тіпті 1000-ға
жуық анықтамасы бар дегенді айтады. Бірақ қанша анықтама болса да
(әңгіме анықтамалар санында емес) ең бастыны ойдан шығаруға
болмайды: мәдениет және адам тығыз байланысты, түптеп келгенде
мәдениет – адам іс-әрекетінің, ақыл ойының, қызметінің жемісі.
Сөздің, терминнің бастапқы мағынасына сүйеніп, зерттеушілер бір-
ауыздан мәдениет дегеніміз адам жасайтынның, пайдаланатынның,
жетілдірелітіннің бәрі деп түсінеді.
«Мәдениет философиясы» терминін неокантшылдық Баден
(Фрейбург) мектебінің аясында XIX ғ. басында неміс философы
А.Мюллер енгізді. Мәдениет философиясының пәні мәдениет
формаларын, олардың мағынасын философиялық талдау болып
табылады. Басқаша айтқанда, мәдениеттің идеясын, мақсаттарын,
зерттейтін принциптері мен алғышарттарын, әмбебапты және
барлығын қамтитын феномен ретінде мәдениеттерді философиялық
пайымдау. Неокантшылдар В. Виндельбанд пен Г. Риккерт «мәдениет
туралы ғылымдар» мен «табиғат туралы ғылымдарды» ажыратуды
ұсынғанда философияның рөлі «мәдениет философиясына» жақындай
түседі. Виндельбандтың пікірінше, мәдениет философиясы дегеніміз
философия.
Сонымен, мәдениет дегеніміз адамдардың әлеуметтік болмысты
сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері
мен нәтижелері. Кең мағынада мәдениетке адам (адамзаттың)
жасағанының бәрі кіреді: өндіріс, техника, каналдар, ғимараттар,
113
музыка, кітаптар, өнер жетістіктері т.б. Тар мағынада мәдениет
рухани құндылықтарды қамтиды: білім, ғылым, өнер т.б.