Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет63/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87
Мәдениет типологиясы
Мәдениет ерекше әлеуметтік құбылыс болғандықтан және қоғам 
өмірінің барлық салаларына әсер жасайтындықтан оның 
типологиясын әртүрлі көрсеткіштер, критерийлер негізінде жүргізеді.
Әлемдік мәдениет – біздің планетамызды мекендейтін әртүрлі 
халықтардың ұлттық мәдениеттерінің ең жақсы жетістіктерінің 
синтезі.
Ұлттық мәдениет өз ретінде тиісті қоғамның әртүрлі таптарының, 
әлеуметтік жіктері мен топтарының мәдениетінің синтезі.
Материалдық мәдениет – адамның табиғатты практикалық 
игеру деңгейінің көрсеткіші. Рухани мәдениет – алдымен адам рухы 
мен ақылының барлық байлықтарының қазынасы.
Материалдық немесе рухани мәдениетке жатпайтын да түрлер 
бар, олар бүкіл жүйені, қоғамды қамтиды: экономикалық, саяси, 
экологиялық, эстетикалық мәдениеттер. Сол сияқты «бұқаралық» 
және «элитарлы» мәдениеттер, субмәдениет (субкультура), 
контрмәдениет (контркультура) деп те бөлінеді.
Әлемдік мәдениет
Ұлттық мәдениет
1.Масштабы бойынша
114
2.Қызмет сипаты және оның 
нәтижелері бойынша
Материалдық мәдениет
Рухани мәдениет
Материалдық игіліктерді 
өндіру, алмасу, үлестіру, 
тұрақ, киім, транспорт 
т.б. 
Идеяларды, білімдерді, 
көркем 
бейнелерді, 
моральдық, 
құқықтық 
нормаларды өндіру


Бүгінгі таңда әртүрлі типтегі мәдениеттердің ортағын іздеу 
тенденциясы бар, мәдениеттер арасында диалог (үнқату) процесі 
жүріп жатыр, бұл, әрине, заман талаптарына сай нәрсе.
Жоғарыда айтылғандармен қатар басқа критерийлер бойынша
мысалы, қойылған талаптарды игеру, орындау дәрежесіне қарай 
педагогикалық мәдениеті, ой еңбегі мәдениеті, тіл мәдениеті, қарым-
қатынас мәдениеті, ұлтаралық қатынас мәдениеті т.б. бөлінеді.
3.Субъектісі бойынша
Қалалық
мәдениет
Ауылдық
мәдениет
Жастар 
мәдениеті
Отбасылық
мәдениет
Жеке адам
мәдениеті
Таптық
мәдениет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет