Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет70/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Техника философиясы адамның техникалық қызметін, оның 
маңызы мен перспективаларын зерделеумен айналысады. Осы 
ағымның қалыптаса бастауын И.Бекман («Технология бойынша 
жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрика мен мануфактураны тану», 
1777 ж.) және Э.Капп («Техника философиясының негіздері», 1877ж., 
Германия) есімдерімен байланыстырады. Ол екеуінің концепциясы 
«органопроекциялық» сипатқа ие болды, себебі олар техниканы 
адамның өз органдарын, дене ағзаларын табиғи материалға 
проекциялау нәтижесі деп түсіндірді. Мысалы, экскаватор – үлкен 
алақан уысы, автомобиль – желаяқ т.б. 1912-1913 ж.ж. 
П.К.Энгельмейер де «Техника философиясы » деген кітап жазды.
Бұл бағыт бастапқыда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада, 
кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы 
қазіргі техника фисофиясының бастапқы өкілдері қатарына 
Ф.Дессауэрді, О.Шпенглерді, М.Хайдеггерді, Х.Ортега-и-Гассетті, 
Л.Мэмфордты, О.Тоффлерді, К.Шиллингті, К.Ясперсті және т.б. 
жатқызуға болады.
Техника адамның арқасында пайда болады, оның көмегімен ол өз 
өмірінің мәселелерін шешеді. Бірақ техниканы жасаудың арқасында 
адам өзі де қалыптасады және дамиды. Техниканы жетілдіре отырып, 
адамдар тек қоршаған табиғатты ғана емес, сонымен бірге өздерін де 
өзгертеді.
1.Техника философиясының негізгі мәселелері
техника табиғаты мен мәні
техниканың тарихи дамуы
ғылым және техника
техника және қоғам
техника және адам
техника және ойлау
техниканың өсуінің салдары
техноэтика
технократия
техника және табиғат
124


Осы екі бағыттың өкілдері өздерінің көзқарастарын, 
позицияларын негіздеу, дәлелдеу үшін сәйкес әр түрлі қағидаларды 
ұсынады.
Жалпы алғанда техницизм дүниетанымы, «технологиялық 
детерминизм» («технологиялық детерминизм» қоғамда ғылым 
мен техниканың салыстырмалы дербестігі мен анықтаушы рөлін 
абсолюттендіріп, оларға әлеуметтік факторлардың кері ықпалын жете 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет