ҒТР, сөзсіз, адам күшін, қоғамның потенциалын көтереді. Бірақ,
кейбір жағдайларда
негативті салдары бар, соны болдырмауға, ал
болған күнде – оны жоюға, әйтпесе кері ықпалдың әсерін минимумге,
яғни ең аз мөлшер дәрежесіне жеткізу жолдарын іздеп табуды естен
шығармағанымыз керек.
ҚҰҚЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
«Құқық философиясы» терминін айналымға голландық
(нидерландық)
саяси ойшыл, заңгер философ, тарихшы, табиғи
құқықтың аса жаңа теориясын және
халықаралық құқық ғылымын
қалаушылардың бірі Г.Гуго енгізді. Оның пайымдауынша,
юриспруденция (заңгерлік) үш бөліктен тұрады: заңгерлік догматика,
құқық философиясы және тарихы. Сөйтіп,
«құқық философиясы»
бастапқыда заңгерлік ғылым шеңберінде пайда болды.
«Құқық философиясы» терминінің кеңінен таралуына
Г.Гегельдің «Құқық философиясы»
(1820)
еңбегінің ықпалы зор
болды. Оның пікірінше, құқық философиясы Гуго ойлағандай
юридикалық (заңгерлік) емес философиялық пән. Сонда юридикалық
ғылымды (Гегель оны позитивтік құқық туралы ғылым немесе құқық
туралы позитивтік ғылым деп атайды) ол
тарихи ғылым деп
сипаттайды. Құқық философиясы пәнін Гегель былай
тұжырымдайды: «Құқық туралы философиялық ғылым өзінің пәні
ретінде
құқық идеясын - құқық ұғымы және оның жүзеге
асуын
қарастырады».
Құқық философиясы құқықтың мәні, мағынасы мен ұғымы,
негіздері мен дүниедегі орны, құндылығы мен маңызы, адам, қоғам
және мемлекет өміріндегі және халық
пен адамзат тағдырындағы
рөлін зерттеумен айналысады. Оның мақсаты – құқық негізіне жатқан
ойларды игеру.
Құқық философиясы – философиялық - құқықтық білімдер
саласы, ол практикалық юриспруденция,
заңнама мәселелерін
шешуге тікелей бағытталмай, құқықтық мәнін,
шығу тегін және
мағынасын зерделеуге, оның бастамаларын,
принциптерін тануға
негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: