Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет35/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87
Мүмкіндік пен шындық. Жоқтан бардың пайда болуы мүмкін 
еместігі бізге белгілі, ал жаңа ескінің аясында негізі қаланған белгілі 
бір алғышарттардан ғана пайда болатыны мәлім. Олай болса жаңаның 
пайда болу күйіндегі болмысы мүмкіндік деп аталады, басқаша 
айтқанда мүмкіндік –
дамудың объективті тенденциясы, 
потенциясы. Мүмкіндік - әлі жүзеге аспаған, бірақ жүзеге асуы 
ықтимал құбылыс. Тиісті жағдайлар туған кезде мүмкіндік шындыққа 
айналады. Шындық дегеніміз жүзеге асқан мүмкіндік, қалыптасып 
және дамып үлгерген нәрсе ретінде түсініледі.
Мүмкіндік шындықпен етене байланысты, сондықтан олардың 
бір-біріне өтуі, ауысуы, алмасуы әрі диалектикалық, әрі заңды 
процесс. Дегенмен мүмкіндік пен шындық категорияларының қарым-
58


қатынасында шындық «бірінші» орында болады. Сонымен қатар
шындық кейінгі дамудың бастама пукті де болып табылады.
Мүмкіндік пен шындықтың бірлігін көрсете отырып, сонымен 
бірге олардың айырмашалығын да білуіміз керек. Мәселен, адамның 
дүниені толық танып білу мүмкіндігінің (сол сияқты өз мамандығын, 
кәсібін) – ал бұл мүмкіндіктің шындықта жүзеге асуынан айтарлықтай 
айырмашылығы бар. Қала берді жүзеге асатын және жүзеге аспайтын 
мүмкіндіктер болады.
Мүмкіндіктердің мынандай түрлері бар:

абстрактілі немесе формальды мүмкіндіктер;

реалды мүмкіндік;

нақтылы мүмкінділік;

логикалық мүмкінділік.
Абстрактілі немесе формальды мүмкіндіктер – белгілі бір 
жағдайда жүзеге аспайтын, бірақ әйтеуір бір мүмкіншілігі бар 
мүмкіндік. Бұл ретте мүмкіндікті мүмкін емеспен шатастырмау керек. 
Мүмкін еместік ешқашан жүзеге аспайды, ол шындыққа, объективтік 
заңдылықтарға қайшы.
Реалды мүмкіндік - өзінің жүзеге асуына барлық қажетті 
шарттары мен жағдайлары бар мүмкіндік. Даму процесінде 
абстрактілі мүмкіндік реалды мүмкіндікке өтуі, ауысуы, айналуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет