Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздеріне



бет7/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздеріне әлемдік философия, мәдениеттану, өркениеттану, әлеуметтану ілімдеріндегі зерттеу пәні туралы ой қисындары жатады. Солардың ішінде алдымен бүкіл протобілімді қамтитын әмбебапты философия пәнінің жіктелу үрдістері мен білім синтезі және дүниетанымдық тұтастыққа ұмтылу тенденцияларын атап өткен жөн. Зерттеудің теориялық негізіне мәдениет философиясы мен мәдениеттанудың қалыптасуына үлкен әсер еткен классикалық емес философиялық бағыттар (өмір философиясы, мәдени антропология, цивилистика, постмодернизм, постструктурализм, герменевтика, текстология, эзотерика, лингвистік мәдениеттану т.т.) жатады.
Жұмыстың әдістемелік негізіне соңғы жылдары мәдениеттану мен философия ілімдерінде кең таралған методтар, ұстындар, принциптер жатады. Олардың ішінде классикалық рационалдық методтармен (тарихилық пен логикалықтың бірлігі, абстрактыдан нақтылыға өрлеу, анализ, синтез т.т.) қатар мәдени артефактылар мен мәтіндерді зерттеуде қолданатын герменевтика, тарихи-мәдени нұсқаулар, мотивтік талдау, деконструкция, концептерді ажырату т.т. әдістері қолданыс табады. Диссертациялық ізденістің теориялық және әдістемелік негіздері Шығыс пен Батыс өркениеттерінің ұстанымдары мен мәдени философиялық парадигмаларына да қатысты. Ғылыми ізденіс процесінде міндетке сәйкес абстракты-логикалық, жүйелілік, компаративистикалық, құрылымдық, статистикалық талдау әдістері қолданылды. Дерек көзін зерттеуде ресми материалдар, статистикалық мәліметтер, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, сондай-ақ ғылыми ақпарат басылымдарында жарық көрген батыстық және отандық ғалымдар еңбектеріндегі өркениеттің даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер құрады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық ізденіс Қазақстандағы жас ғылым мәдениеттануды пәндік негіздеу, оның басты мәселелері мен категориялық аппаратын шындау, зерттеу бағыттарын айқындау үшін маңызды болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижелері мәдениеттану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген үлкен сенімдеміз. Қорғауға ұсынылып отырған диссертация өркениеттің жалпы теориясын және ол туралы батыстық ғалымдармен қатар отандық әдебиетті талқылағандықтан қолданбалы маңызы арта түседі. Еңбектің зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында мәдениеттану, философия, саясаттану, тарих, социология пәндерін оқытуда, көмекші құрал ретінде қоғамдық ғылымдар бойынша жүргізілетін зерттеулерде, жоғары оқу орнындағы дәрістерде, философия және саясаттану факультеттерінде өтетін арнайы курстарда қолдануға болады деп есептейміз.
1 МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТТЕГІ ӘМБЕБАПТЫЛЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІК



    1. Мәдениет пен өркениетті зерттеудің әдістемелік-философиялық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет