Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


Қазақ өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері



бет10/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
annotation23046

Қазақ өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері




    1. Қазақ өркениеті ғасырлар тоғысында

Бүгінгі күнгі қазақ мәдениетін зерттеушілердің алдында тұрған методологиялық мәні бар өзекті мәселелердің бірі – қазақ өркениеті, Қазақстандық өркениет өзіндік зерттеуді талап етіп отырғаны белгілі. Батыстық өркениетшілердің еңбектері қазақ ойшылдарының арасында да кеңінен қолдау тапты. Олар өркениет теориясын өз бетінше зерделеп, өркениет ошақтарының дамуына өзіндік ерекше түсінік беруге тырысты. Қазақ ғалымы А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-жануары, демографиясы деп түсінген. Қазақ ғалымы өркениет дамуының алғышарттарын былайша сипаттайды: «Шаруашылық өзгерісі, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне түскенше талай ғасырлар өткен. Мұны Еуропа тілінде эволюция деп атайды. Дүние ісі секіріп алға баспайды, эволюция жолымен жылжып, жылысып өзгереді». А. Байтұрсынов өркениеттің эволюциялық жолына талдау жасаған. Ол турасында ғалым «дүниеде тәркі етіп аса көзге көрінетін іс адам баласының тіршілік еткен тәсілі. Сол тіршілік тәсілінің жүзінде тастан жасалған балтадан бастап, осы күнгі сансыз құралдарға жетіп отыр. Ор сияқты үлкен шұңқырларды паналағаннан бастап, осы күнгі биіктігі аспанмен таласқан салтанатты сарайларға жетіп отыр. Сол тіршілік жүзіндегі адам баласының дүниелік табу жолында істеген істерін кәсіп деп, құралмен жасаған тәсілдерін шеберлік деп атаймыз» деген ерекше ойға келеді. Ары қарай өркениет дамуының басты себептері талданады.
Өндіріс-шаруашылық жайы табиғат жағдайымен кіндіктес екендігі даусыз. Дүние «жылылықтың» аз-көбіне қарай, экватордан әрі де, бері де қарай жер жүзі үйек-үйекке тілініп бөлінеді. Бел орталыққа таяу күн төбеге келетін нағыз ыстық жерлер «ыстық үйек» деп аталады. Оған таяу үйек «жылы үйек», оған таяу «салқын үйек», оған таяу «суық үйек» ең ақырында темірқазық. Біз жердің салқын үйегінде тұрамыз. Біздің оңтүстік жағымыздағы таяу үйек «жылы үйек», онан әрі «ыстық үйек». Өркениет пен мәдениет әуелі «жылы үйектен» көрінеді». Өркениеттің жемісі мол, аңы көп «ыстық үйектен» басталмау себебі, онда тамақ асырап, күн көру жеңіл, тіршілік етуге тәсіл қажет емес. Мәдениет ми мен аяқ-қол қатар істеген жерге орнамақшы деп өз тұжырымын дәлелдей келе, алғашқы төрт өркениеттің жердің жеті дариялы «жылы үйегінде» пайда болғанын атап көрсетеді. Ол өркениеттер: «Ніл дариясының бойындағы Мысыр мәдениеті, Ассирия һәм Вавилония мәдениеті, Тигр һәм Евфрат дарияларының бойында, Ант мәдениеті Ант һәм Хуанхэ дарияларының бойында, Қытай мәдениеті Хуанхэ һәм Янцзы дарияларының бойында» [36, 32-38 бб.].
А. Байтұрсынов мәдениет дамуының факторларына көп көңіл бөле отырып, кейбір ғалымдар пікірлерінің біржақты екендігін баса айтады. Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың ықпалы мол екендігін дәлелдейді. «Салқын үйек» пен «суық үйектегі» жерлерге мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, ғылым, өнер біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде орнаған деген ғылыми тұжырым жасайды.
Өркениеттің дамуы қоғамды бөлшектейтінін, ол қоғамның таптық қоғамға айналатынын ойшыл ғалым А. Байтұрсынов ашық айтады. «Класқа бөліну реті біздің қазақтың төре-қара бөлінуі сияқты. Билеуші класс, көнуші класс болып бөліну. Бірақ Еуропа кластарының арасындағы жігі біздің төре мен қара арасындағы жігінен зор болған. Мәдениет жүзінде жоғары тұрған Еуропа жұрттарын алсақ, бұлардың класс жігіне бөлінбегені болмаған. Класс жігіне бөлінуге мемлекет қамы себеп болған» [72, 16-24 бб.]. Алғашқы қазақ ғалымдырының бірі А. Байтұрсыновтың өркениет дамуына және таптық бөлініске мұндай жетік зерттеу жүргізуі терең білім мен ізденімпаздықтың жемісі екенін дәлелдейді.
Өркениетшіл үлгіні ұстанып, өркениеттік іс тындырған тағы бір қазақ ғалымы, ағартушысы Ы. Алтынсарин. Нағыз педагог атына лайық Ыбырай қазақ халқы үшін өркениеттік үлгі ұсынды, ол білім мен ғылымға негізделген даму жолы еді. Ол орыс-қазақ мектептері, екі сыныптық мектептер мен қол өнер училищелерін ашып, көшпелі халыққа білім беріп, орыс халқының көш алды ғылымы мен мәдениетін үйретуге тырысты, осы мақсатта оқулықтар мен хрестоматиялар жазып, жаңа алфавит пен күнтізбені енгізді. Ы. Алтынсарин ел ішін мұғалім ретінде жиі аралай жүріп, халықтың өте ауыр тұрмысын өз қолжазбаларында үнемі жазып жүрді және оның себептерін ашу жолында үлкен еңбек етті. 1879-80 жылдар аралығындағы жұт туралы ауқымды материалдар мен дерек көздерін жинақтаған да Ыбырай еді. Бұл мәліметтер қазіргі күні мұрағаттық сипатымен аса құнды. Ыбырай өркениетке барар бірден-бір жол халық арасында білім мен ғылымды, мәдениетті жетілдіру деп есептеді. Сонымен қатар, ол қазақ халқын отырықшылыққа шақырып, белгілі бір кәсіппен шұғылдануын арман етті және осы мақсатта тәлім-тәрбиеге толы көптеген әңгімелер жазып, жастар бойындағы еңбексүйгіштікті, кәсіпшілікті оятуға ұмтылды. Кәсіппен айналысқан адамның тұрмысы оңды болады деген қағиданы ұстанды [73, 25-28 бб.].
Ыбырайдың осы ойымен қазақтың ұлы ойшылы Абай ұсынған сауда, кәсіпшілік, өнертапқыштық, білімпаздық жолы ұштасады. Осы турасында Абай «адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деген өлең жолдарын жазып, жастардың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына, азамат ретінде қалыптасуына, өркениеттік бағдарды ұстануына жол сілтейді. Абай еңбек ең жоғарғы игілік көзі, адам күшінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, ұлттық арман-мүддені жүзеге асырудың басты көрсеткіші, өркениетке жетудің хаһ жолы деп түсіндірді. Хакім Абай адамдардың жеке басының қажеттіліктерін өтеуге негізделген еңбектен қоғамның, халықтың мүддесіне бағытталған еңбекті бөліп қарайды. «Өзі үшін еңбек ететін адам малға ұқсайды, тек қарнын толтырады, ал нағыз адам адамшылық үшін, қоғам игілігі үшін еңбек етуі қажет» деген озық ойлы пікірін айтады. Абайды қазақ халқының әлем өркениетінде өз орнын табу мәселесі қатты толғандырды. Сол себепті ол өз заманындағы қазақ қоғамының кемшіліктерін қатаң сынға алды. Мол мұралы Ш. Құдайбердиевте қазақ қоғамының рухани өсуіне, жастардың ғылым-білімге, өнерге деген құштарлығын оятуда айтулы еңбек сіңірді. Орыстың солақай саясатына елітіп, қазақтар арасында іріткі салып жүрген пысықтарға байланысты «ар түзейтін ғылым» керектігін айтты, тобырға тоқтау салды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдері ойшылдарының, ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері мен шығармаларының аты аталып ғана қоймай, сонымен бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра ой-пікір жарыстырылып отырды.
Өркениеттік бағдарды ұстанушылар қатарында қазақтың тағы бір озық ойлы ұлы, тұңғыш қазақ зерттеушісі, ғалым Ш. Уәлиханов бар. Шоқан географ, этнограф ретінде қазақ халқының өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда қатынастары, діни сенімдері, асыл мұрағаттары жайлы зерттеулер жүргізді, ғылыми еңбектер жазды. Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі ретінде мемлекеттік сауда саясатына көңіл аударып, оның тиімді де тиімсіз тұстарын ғылыми түрде дәлелдеген. Бірақ, сол кездегі қазақ халқының жалғыз тіршілік ету көзі мал бағу еді. Шоқан осы мәселеге аса ден қойып, жайылымды көшпелі мал шаруашылығының жағдайын талдап, «мал шаруашылығы – халық байлығы» деген қанатты сөз қалдырды [74, 97 б.]. Қазақтар малды тек өнім ретінде ғана емес, өндіріс құралдары ретінде де пайдаланған. Мәселен малдың жүнінен киіз басып, үй жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру арқылы киімдер тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған. Жалпы алғанда, қазақтар шаруашылықпен айналысқан, шикізат өңдеген, өнімдер өндірген, ең бастысы мал арқылы сауда қатынастарын дамытып, айырбас немесе қазіргі ғылыми тілдегі «бартер» жасау жолдарын жүзеге асырған. Шаруашылық дамытудың тағы бір ерекшелігі малдардың жаз айларында солтүстіктің салқын аймақтарында, керісінше қыстың ызғарлы күндерінде оңтүстіктің жылы аймақтарында бағылуы. Мұндай тәжірибе қазақ халқының георгафиялық және экологиялық ілім-білімдерінің табиғи түрде дамығандығын, дала өркениетін меңгергендігін байқатады. Орталық Азия елдерінде көшпелі шаруашылықтың басқалармен салыстырғанда Қазақстанда мейлінше дамығандығы анық. Бертін келе, мал шаруашылығының өрісі тарылып, одан әрі дами алмайтындығына көзі жеткен қазақтар тіршілік күйінің басқа арнаға өзгеру керектігін дөп басып, отырықшылыққа ауыса бастады. Бұл қадам прогрессивтілік мәнге толы шешім болды. Өздерінің төл шаруашылығын басқа түрге ауыстыру қазақтар үшін оңайға соқпады, дегенмен өмірге деген құштарлық пен қазақтың қанына біткен тәуекелділік отырықшылық, егіншілік сияқты жат шаруашылықты меңгеріп әкетуге бет бұрғызды. Егіншіліктің пайдасын білген халық, астық көлемін ұлғайтып, Орал, Орынбор, Семей қалаларын астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналдырды. Керекудегі «Қарқаралы», Қызылжардағы «Қоянды», жәрмеңкелері Орта Азияға танымал болды. Өркениеттік қадам ары қарайғы ақша тарихының толық қалыптасып, кооперациялардың, зауыт-фабрикалардың ашылуымен жалғасын тапты. Кооперацияны М. Дулатов қолдап, халыққа бірігіп жұмыс істеудің тиімді екенін баса айтса, М. Сералин өз еңбектерінде қазақ халқының отырықшылыққа, егіншілікке және интенсивті мал шаруашылығына көшуі сияқты келелі мәселелерді көтеріп, бұл мәселелердің объективті қажеттіліктерін дәлелдеп берген. Отырықшы болу мәдениетке жетудің шарты деп пайымдау негізсіз, сондықтанда жер мәселесін көшу жақсы ма, отырықшы болу жақсы ма деп шешуге емес, қазақ жерінде қай кәсіппен күн көруге болады деп шешу абзал [75, 16 б.]. деген ой айтады. Мұндай құнды мағлұматтар «Айқап», «Ұшқын», «Ауыл», «Еңбекшіқазақ» газет-журналдарында жарияланып, бұқаралық саяси мәні бар дерек көздеріне айналды.
Өндіргіш күштердің қарқынды дамып, капиталистік қатынастардың біртіндеп күш алуы, қазақ қоғамында азиялық және еуропалық мәдениет пен өркениеттің ұшқындарын алып келді. Ұлттық менталитетімізге тән қазақылық қасиеттер бөтен ел өкілдерінің қазақтар арасына тез сіңіп кетуіне ықпал жасады. Қазақтардың аңғалдық, сенгіштік және елгезектік қасиеттері де сырт ел өкілдері үшін барынша тиімді болды. Осылайша қазақ даласында мәдениеттер сұхбаттастығы мен трансформациясы, өркениеттердің алмасуы мен қарым-қатынасы, дәстүрлік жаңашылдық пен сабақтастық өз жалғасын тапты.
Жоғарыда аталған қазақ ойшылдарының өркениеттік үлгісін ұстанып, оны ары қарай қарқынды дамытқан, Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан университеттерінен жоғары білім алған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ж. Аймауытов, Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, М. Тынышбаев, С. Жантөрин, С. Асфендияров және т.б. ұлт зиялылары болды. Аты аталған алаш азаматтарының ойы бір жерде тоғысып, қазақ халының өркениетті халық болып ары қарай қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Олар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, Еуропа мәдениетіне, өркениетіне жетуді мақсат етті.
Жалпы мәдениет пен өркениет деген ұғымдар біріне бірі өте жақын ұғымдар. Бірақ бір емес. Мәдениет – адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс болса, ал өркениеттілік- мәдени табыстардың адам игілігіне жаратылуы.
Қазақ мифологиясының және философиясының қайнар көздері ежелгі дүниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың мифологиялық алғашқы философиясында (б.э.д. І-ІІ мыңжылдықтар) жатыр. Қазақ халқы көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен бірігуінің арқасында пайда болып, олардың әртүрлі мәдени қырларын мұралап, кезіндегі жетекші өркениеттің – сақ өркениетінің мұрагері болып табылады. Олар толық қанды қазақ өркениетін қалыптастырды.
«Қазақ өркениеті» ұғымын нақты тарихи, рухани – мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесінөзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени-өркениеттік тәсілмен жаңаша қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бұрынғы батыстық немесе ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең байтақ Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен қолтықтаса отырып, көшпенділер мәдениеті де қалыптасып,айрықша қазақ-қыпшақ өркениеті өмір сүрген. Қазақ өркениетінде өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы мен зороастірлік діні, өзіндік төл жазуы, рухани және материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған.
Ғылыми тұрғыдан діндер мен мифтерді зерттеуші ғылымдардың атасы Мирча Элиаденің пікірінше ең алғашқы діни нанымдар да, алғашқы әулиелер де осы далада туған. Элиаденің кітабын оқып өскен европалықтарға біздің сайын дала сағымдай көз алдарында елестеп тұрады. Ал енді жолдары түсіп келе қалса, - даланы көрсетіңдерші, деп жалынады, олар үшін дала бір қолжетпес арман сияқты болады да тұрады. Біз қазақ соған көбінесе мән бере бермейміз, шынымен қолда бар алтынның қадірі жоқ. Қалың қазақ дала емес, қалада тұратын заман болып бара жатыр.
Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі - өзіміздің рухани–мәдени дүниеміздің тарихи өткеніне қайта үңілу,оларды ой елегінен өткізу, тарих қатпарында қалған рухани дүниеміздің жанды тамырларын қайта қалыптастыруымыз керек. әрине келешекте мұндай руханияттылықтың зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырға қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі жағдаятынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатын, кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас буындар болады.
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 14 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мәдениетті денген пікірлердің болғаны анық. Алайда соған қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік. Бүгіндері сол ұғым нақтыланды,ауыл мәдениетінің қоғам дамуы үшін тигізер пайдасы орасан екендігі айқындалды. Қазақ халқы ертеректе отырықшы егін және көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Еуропа – центрлік теория бойынша, көшпелілер мәдениеті төмен, өркениеттен жұрдай деп топшыланды.Тек соңғы онжылдықтарда ғана біз Қазақстан территориясында көптеген ірі қалалардың болғанын естіп, біле бастадық. Қазақстанның бір кездері астанасы болған бір ғана Отырардың өзі неге тұрады. Ал ертеректе бабаларымыз батыс Қытай қорғанынан Карпатқа , тундрадан ірі қалаларға толы Иранға дейінгі орасан зор территорияны мекен еткен.
Қазіргі таңдағы коғамдағы өзекті мөселенің бірі -Қазақстан өркениеті, оның деңгейі, дәрежесі, мәдениеті, мәдениет пен өркениет тең үғьмдар ма, т.с.с сұрақтарға жауап іздеу болып отыр. Өркениет мәселесі бұрьннан-ақ зерттеліп келеді. О. Шпенглер «Өркениет мәдениеттің ақыры», - десе, И. Гердер «Өркениет мәдениеттің прогрессі» - дейді. Сонымен қатар Шығыс пен Батыс мәдениетін салыстыру да бүгінгі күн мәселесі болуда. Ал, Қазақстанда өркениет мәселесі қалай? Оның көрсеткіштері қандай? Қазақстан өркениеті қай дәрежеде? Жаһандану өркениетке қатысты ұғым ба? Осындай бірқатар сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Ең алдымен өркениет және мәдениет ұғымдарын талдаған жөн болар.
Өркениет - өз зандылықтары бар социомәдени жүйе. Әрбір өркениеттің өзіндік болмысы бар, өз өмірімен өзінің тарихи тағдырын, институттық құндылықтарын өткізеді. Бір-бірімен байланыса отырып, өркениет ой қайталанбастығын сақтайды. Дәстүр механизмі арқылы мәдениетті беру сабақтастық өркениетке тән сипат. Жаңа өркениет жоғары технология мен ақпаратқа негізделеді. Өркениет пен мәдениет адамдардың шығармашылық күшін жүзеге асырудың 2 әртүрлі амалы. Мәдениетте барлық материалдық пен өндірістік рухқа қызмет етеді. Жұмысшы күшін қайта өндіру - өркениет белгісі, ал тәрбие мен білім арқылы адам тұлғасының құрылымын қайта өндіру- мәдениет белгісі, құндылығы дәстүрі. Өркениет технологиялыққа, институционалдыққа, мәдениет - адам мақсатын жүзеге асыруға ұмтылады [76, 117 б.]
Қазіргі қоғамдық дамудың ең өзекті мәселесі-өркениет пен мәдениет бірлігі болып табылады. Өркениет- материалдық пен рухани мәдениеттің даму деңгсйі. Өркениет прагматистік мақсаты белгілі ұғым. Өркениеттікке қайталанбас өзіндік ерекшелік беріп отырған ұлттық этникалық сипат.Осы орайда елбасымыз айтуы бойынша: «Күллі ұлттық мәдениеттердің кедергісіз еркіндеп өмір сүруін камтамасыз ететін арнайы шарттардың бірі - оларға құқықтық жағдай беру. Қазіргі қазақ мәдениеті кәсіби театрдан операға дейінгі, сәулеткерлік мектептен көркем суреттегі соны өнер ізденістерге дейінгі мәдени құрылғылар мен жаңалықтардың алуан түрін көрсетеді. Қазақ мәдениеті мен өркениеті ашық сипат ұстанып, мәдени тың жаңалықгарды қабылдауға әркез әзір болуы тиіс. Қоғамдағы жаппай ақпараттану, қазақ қоғамының қалашылдануының мәдени салдары қалай, мәдениетті, өркениетті жаңа буын нарық дәуірінде қалай бейімделді сияқты мәселелер шығады» [77, 17 б.]
Жалпы қазақстандық мәдени шындық өз мемлекетінің ауқымындағы мәдени жүйемен шектелмеуі тиіс. Келешекте көп ұлтты болып қалатын Қазақстанның өркендеуі үшін мемлекет тарапынан құқықтық кепілдік керек. Өркениет бағасы - ұлттық тәрбиеде жатыр. Әр мемлекеттің болашағы мен бүгіннің баянды болмағы жастардың білімімен, мәдениетпен терең сусындай алатындығы жатыр. Өркениеттік құндылықтар ұлттық тәрбиеден нәр алады.
Әрбір елдің саналы азаматының алдында тұрған мақсат - дүниежүзілік. қоғамдық құбылысқа өз болмысымен, тіліміз бен дінімізбен ену. Бұл үшін өзіміздің бай мәдениетімізге сүйенеміз. Халқымыздың өзіне тон қайталанбас өнері, ешкімге ұқсамайтын мәдениеті мен өркениеті асқақ рухты болмысы бар. Осы тұста белгілі философ Ғарифолла Есімнің мына ой-толғамына толықтай қосыламын: «Қазіргі замандағы өркениетті елдер дегенде екі мәселе бар: олар — адам құқының сақталуының стандарттық нормалары және өркениеттің технологиялық сапасы. Өркениетті болу әркімнің болғысы келетін психологиялық ері мәдени ынта. Қазақстандық өркениет- халықгың ішкі бірлігі, оның азаматтық парасаттылығын нығайтатын қалыптастыратын әлеуметтік- мәдени шындық» [53, 22 б.]
Өркениет - қоғамдық әлеуметтік даму көрінісі, ол белгілі бір қоғамдық өндірістің формасы технология жетістігі, мемлекеттің саяси жүйесінен байқалады.Өркениет те мәдениет те жеке адамның бойынан моралдығынан, ісінен, байқалады, бұл сол адамның мәдени-өркениеттік деңгейін аңғартады.
Қазақстанда өркениет деңгейі қалай?,- деген сұраққа оралсақ,бұл күрделі де маңызды мәселе. Бұл тұрғыда бірқатар міндеттерді ашып алуымыз керек, жаһанданудың өркениетке ықпалын көрсетуіміз керек. Әрбір мәдениет, этнос, әрбір өркениет қаншалықты артта калғанмен, өзін өзгелермен теңестіруге, өзіндік орнын айқындауға хақылы. Қазақ халқы өзіміздің бай мәдениетімізге ,адамгершілік ресурстық мүмкіндіктерімізге табан тіреуіміз қажет.Мәдени мұраның мәнді саласының бірі-дін. Қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал ететін қазақтар үшін бір кездері ұмыт болуға айналған, бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетіне халықтың бағасын беруге мүмкіндік тудыратын биік идеал мен фактор, символ.
Қай мемлекетте болмасын қай кезеңде болмасын тәуелсіздік, халық еркіндігі, мәдениеті мен өркениетінің, саясаттың дамуының басты көрсеткіші болғаны айқын. Тәуелсіздік кез-келген мемлекеттің толысу тарихы, өмірлік құндылықтарды, өмірдің өз мәнін психологиялық қайта парықтаудың тарихы. Төл мәдениетіміз үшін бұл маңызды. Қазақстанның дәл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық интеграциялануы, ондағы саяси жөне экономикалық обьективті цроцеске жылдам интеграциялануға дайындығы кемел. Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына озық терсң тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру-табыс кілті, Қазақстанның тұрақты гүлденіп көркейер жолы [78, 12-13 бб.].
Маңызды міндеттің бірі-жаһандану процесіне ілесу. Жаһандық өркениет қалың халық бұқарасының тұтыну сұранысын қамтамасыз етуді мақсат еткен «әмбебаптық мәдениет» болып табылады.Сондықтан жаһандық өркениет материя формасында біздің қоғамдық өмірімізде тіршілік саласында жүруде.Әлеуметтік коммуникацияның техникалық жабдықталуы, теледидар телефон, автокөліктер-ешқаңдай ұлттық ерекшелігі жоқ, жалпыға бірдей заттық бұйымдар болып қалды. Қаладағы тұрғын үйлер, үй жиһаздары барша халыққа ыңғайлы, ұнамды үлгіде жасалынатын болды. Халықаралық сауда-саттық тәсілдері, банкаралық есеп айырысу жүйелері де бірлікке келтірілуде.Халықаралық ұйымдарға мүше елдер өз инетитуттарын да бір жүйеге келтіруде. Білім де өркениеттің бір белгісі десек, қазіргі білім саясаты аясында да бірқатар өзгерістер енген, атап кетсек, кредиттік технология жүйесі, оның мақсаты студенттердің мобилдігін арттыру, диплом конверггілігін,ьягаи халықаралық стандарттқа сай болуы, дистанциялық оқыту жүйесі, интернетке үйрену бұл да әлемдік өркениеттен Қазақстанның калып қоймауы, әрі білім сапасын арттыру мақсатындағы шаралар. Міне, бүгінгі таңдағы Қазақстанның өркениеттік дөрежесі осындай. Қазіргі Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылық қуатымен ерекшеленеді, бұл рухани күш-жігердің арқасында саяси ерік қуатты жұмылдыру арқылы мүмкін болып отыр.
Қазір Қазақстанда біртіндеп жаңа өркениет қалыптасып келеді. Азаматтықтың нышандары беки түсуде. Өркениеттің өркен жаюына ықпал етуші фактор - ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Қай кезде болмасын заманымыз тъшыш болса, ұлттық қауіпсіздігіміз нық болса, халқымыз салауатты өмір салтымен өмір сүрсе, білімді азаматтар мен мықты саясаткерлер көбейсе, кәсіби мамандар мен өркениетті, мәдениетті жас ұрпақтар өссе Қазақстан болашақта әлемдік деңгейде үлгі етер мемлекет қатарына қосылар деп үміттенемін. Сонымен қатар экономикамыз бен тұрмыс деңгейіміз көтеріліп, рухани кемелденген мемлекетке айналар болсақ нұр үстіне нұр емес пе ?
Ендеше қауіпсіздік жүйесі мен бейбітшілікті қамтамасыз ету жолында қалыптасқан дүниежүзіндегі әртүрлі елдердің тәжірибесін ескеруіміз керек. Өркениетке бастар жол - жаһандану біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуге қабілетті құбылыс. Жаһандануда таза прагматизм де, технологиялық прогресс әлемінің реализмі де тұтыну мен өндірістің стандарттау режимі бар. Біздің алдыға қоятын мақсатымыз экономиканың нарықтық тетіктері мен адам шығармашылығының еркіндігіне негізделген демократиялық және азаматтық қоғамға жету.
«Өркениеттің тағы бір белгісі ретінде азаматтық қоғамды алсақ қателеспейміз. Себебі азаматтық қоғамдағы адамдар өз мемлекетінің болашағына жауапкершілікпен қарады, ал қоғам жоғары мәдени өркениеттілік, интеллектуалды, материалды даму деңгейінде болады. Ал,бұл адамдар өзара түсінушілік пен бейбіт келісім төзімділікпен қарым-қатынас жасайды» [79, 4 б.]. Бұл әрине өркениттің идеалды формасы деп ойлаймын.Себебі қазіргі таңда бізде ұдайы дамыған азаматтық қоғам жоқ, ол тек бастапқы сатысында. Кеше Кеңес дәуірінде бәрі тек жоғары жаққа тәуелді болып ,жалтақтаса бүгін тәелсіздігіміздің арқасында көп жетістікке жеттік. Азаматтық қоғамға қоса демократия да өркениеттілік пен гуманизмге қадам жасаудың кепілі болып табылады. Себебі демократия адам құқықтарын сақгау арқылы бейбітшіл саяси мәдениетті қалыптастырумен айналысады. Демократиялық құндылықтар әлем мәдениетінің назарындада. Айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, Қазақстан өркениеті бүгін қандай дәрежеде екендігінен жауап алғандаймыз. Жақын жылдарда Қазақстанның ұлы, жоғары өркениеті, экономикасы мықты, табиғи ресурсқа бай, мол рухани және материалдық қазынасы болатын мемлекетке айналары даусыз. Бұлай деуге толық негіз бар.
• Біріншіден, біздің кең байтақ территориямыз бар.
•Екіншіден, әлемдегі ұлы державалармен басқа мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынастамыз.
•Үшіншіден, бізде жаһаңцану процесі қарқынмен жүруде.
•Төртіншіден, біртіндеп демократияның белгілері енуде.
•Бесіншіден, халқымыздың сан ғасырлар жойылмай ұрлақтан-ұрпаққа берілген мол рухани қазынасы, әдебиеті, өнері, мәдениеті, асыл сөздері мен нақыл-қасиеттері бар.
•Алтыншыдан, біздің қазақ халқының бойында бейбітшілік сүйгіш төзімділік және мол интеллектуалдық күш-қуат ,мықты ерік-жігер бар.
•Жетіншіден, өзге ұлттан қазақ халқын ерекелеп тұратын нәрсе - бұл халқымыздың ақпейіл, қонақжайлылығы.
•Сегізіншіден, қазақ халқы қашанда табиғатпен үйлесімде болған, аялаған. Ал бұл материалдық жағынан өркениетті деген батыс қоғамында жоқ, оларда керісінше табиғатқа үстемдік ету бар.
Айта берсек мұндай артықшылықтар толып жатыр. Мәдсниет пен өркениеті бір-бірін толықтырып тұратын ұғымдар. Мәдениет те өркениет те қоғамда, күнделікті өмірде қатар жүреді. Өркениетте демократия туралы сөз болса, мәдениетте демократиялық құндылықтар, жеке азаматтардың рухани кемелденуі, ерік бостандығы, құқығы туралы сөз болары даусыз. Алдыңғы қатарлы өркениетті деген батыс елінің өзінде рухани тоқырау шеңгеліне түскен кездерінде Шығыстың рухани байлығының қажеттігін сезініп қабылдап отыр. Ендеше бізге Қазақстан азаматтарына Батысқа еліктеудің еш қажеттігі жоқ. Дәлел ретінде қазіргі АҚШ ситуациясын алуға болады. Қаншалықты технологиясы жетілген мықты держава болса да, рухани дағдарыста екендігін үстемдік етумен көрсету десек ең дұрысы осы. Әрине батыстық өркениетті, жоғары технологияларды, компыотер, Интернетті меңгеру кажет, бұған қоса өзіміздің дәстүрлі төл мәдениетімізді ұстансақ заман талабы мен ұсынысына сай артта қалмасақ өркениетті ел болғанымыз. Шығыс пен Батыс мәдениетінің өзара байланысу жолында байланыстыр үшін түйіні бола отырып, қазақ жері көптеген өркениет құпияларын сақтауда. Территориямызда қайталанбас археологиялық тарихи-сәулеттік ескеткіштер - 29 қала бар. Айша Бибі, Ахмет Яссауи мавзолейі, Түркістан. Отырар, Шоқан Уалиханов пен Абай Құнанбаев мемориалды музейін алсақ қазақ жерін ашық аспан астындағы музей деуге болады. Алматыда мәдени мұраны сақтау мен зерттеу мәселесі бойынша маңызды жұмыс жүруде.Қала әкімшілігінде екі ай бұрьш қала тарихына, қала мерейтойына, арналған «дөңгелек стол» өтті. Қала музейі құрылысы басталды. Алматы территориясында археология институтының археологтары күшімен зерттелетін ескерткіштер анықталды, бюджетке тарих пен мәдениет ескерткіштерін жасауға ақша қойылды. Қала әлпетін анықтаушы фактор - музей болмақ.
Қазір тұтас қазақ халқын қалыптастыру процесінде этникааралық және мәдениеттер аралық өзара әрекет процестері өтуде. Жаһанданудың мәнді негізі ақпараттық төңкеріс адам өмірінің барлық сферасына ықпал етеді. Ұлттық суверенитет пеи ұлттық «Меннен» өзіндік болмыс пен қайталанбас дәстүрлі мәдениеттің ұлы құндылықгарынан халық шығармашылығы мен даналығынын көп ғасырлық тәжірибесін көреміз. Жаһандану механизмінің мәдениеттің теңділігіне ықпалын зерттеу маңызды. Жаһандану парадоксалды, олай деуімізге негіз бар.Оның с гаңцартизация тенденциясы бар,бұл үлттық ерекшелікті өшіру сонымен кдтар өлемдегі теңсіздікті күшейтеді. Сондықтан жаһанданудың ұлттық мемлекет мүддесін жоюына мүмкіндік бермейтін бір шешім ол жаһандану моделін өзгерту. Ол қолданыстың жаңа типімен жүзеге асуы қажет: жалпылық – ерекшелік - Жаһанданудың тағы бір негативті формасы - псевдомәдениет, күш пен катаңдык культі, басқа адамның құқығын таптау, билікке кез-келген жолмен ұмтылу. Бұл шабуылға ұлы құндылық рухани байлыққа сүйеніп қарсы тұруға болады. Жаһандану бүкіл адамзат ғылми ақылының потенциалы ретіңде бүкіл ел мен халық игілігін жүзеге асыруы керек.
Мәдениет аумағындағы гуманитарлық ғылым өкілдерінің өткізген зерттеулері бойынша, мәдениет пен өркениет ұғымы тең емес және бір уақытта өзара тығыз байланысты ұғым. Өркениет термині материалдық және рухани мәдениеттің нақты өсу деңгейін білдіреді. Неміс ғалымы О. Шпенглердің (1888-1936) айтуы бойынша, әрбір мәдениеттің бірегей және қайталанбас тағдыры бар. Әрбір мәдениет дамуының соңы өркениет сатысы, О. Шпенглер бойынша оған Европа кірді.
Бұл сатыда ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды, әдебиет пен өнер саласында құлдырау болып, қалалар саны тез өседі (урбанизация) деген мінездеме сай келеді. О. Шпенглер бойынша, бұл жолда ұлт «мәдениет жанын» жоғалтады. Зерттеушілер өркениетті адам катынасында сыртқы әлемге әсер етуші ғана емес, сонымен бірге, оған қарсы тұрушы ретінде қарастырған. Өркениет-мемлекет, ұлт, әлеуметтік топ заңдылықтарына қызмет етуші мәдени — социомәдени жүйе [26, 91 б.]. Американдық социолог О. Тоффлердің көзқарасын негізге алсақ, бүгінгі таңда жоғары технология мен ақпаратқа негізделген жаңа, өркениет құрылуда. Техника мен оның өзгерістері әлем бейнесінің толық өзгеруіне әкеледі. Өркениетке бастайтын жолда «технологиялық мәдениет тұр; одан өтпеген» халық өркениеттік, әсіресе техногендік өркениеттің өгей баласы сияқты болмақ. «Технолоиялық мәдениетте» ғылым мен техника кең өріс ала алмайды, натуралдық қалпымыз көп өзгерістерге түспейді.
3. Бжезинскийдің айтуы бойынша, жоғарғы ірі мемлектке төменгі келгірілген мінездеме тән: Бірінші, әлемдік деңгейде және өзге елдерге экономикалық үстемдік жүргізе алу мүмкінділігінің болуы. Екіншіден, өндірістік және өзге де халық шаруашьшығының салаларында үздік әлемдік технологияньщ болуы. Үшіншіден, өте жоғары қарқында әлемдік деңгейде мәдени үстемдіктің болуы. Төртіншіден, өзгелер жете алмайтын әскери үстемдіктің болуы [80, 2-3 б].
Жаһандану дегеніміз қазір американдық үлгіге көшу. Жаһандану біз сияқты кенже ұлттарға арналған идеология. Батысты ешқашан жоққа шығара алмаймыз, ол мүмкін де емес. Дәстүріміз сақталды деп ырза болғанымызбен, өзге алдыңғы қагарлы ұлттардың бізден алыстап бара жатқанын қалайша білмеген-көрмегенсіп отыра бермекпіз. Ғылымға "қазақстандық өркениет" деген ұғымды енгізудің уақыты келді.
Бір ғана өркениет жетегінде кету, өзге өркениетті көрмеу — мәдениетсіздіктің белгісі. М. Хайдеггердің пікірі бойынша, өткен өркениетті терең зерттеп, құндылықтар мен әлемдік құндылықтардың табиғи үйлесімділігін адам-мәдениетті адам деп көрсеткен болатын.
Біздің халқымызға тән деп ұғынылатын еліктеушілік мінезімізден арылатын күн жеткен сияқты. Еліктеушілік өркениетті өсірмейтін, көркейтпейтін тәсіл. Еліктеу дегеніміз біреудің соңынан ерушілік. Оның алдында не күтіп тұрғанына көз жұма қараушылық. Әлемдегі жаңа сапалы өркениет сұранысы, өз өлшемімізді ұсына білу. Өркениеттілікті тек техникалық, технологиялық жағынан алсақ, әрине, ондай өркениеттің ауылы бізден әлі алыс. Ал оның рухани жақгарына келсек, кімнің өркениеттілігі артық екені даулы. Бүгінгі таңда елімізде ғылым, білім,оқу, мәдени, өнер салаларында жаңа сапаға өту міндетті тұр.
«Қазақ» деген кім, «қазақылық» деген не? — деген сұраққа әрқайсымыз ойлануымыз қажет. Қазақстандық өркениеттің құрамды қажетті алғы шарттары бар.
Бастысы саяси еркіндік, мемлекетіміз бар, мол тарихи-мәдени мұраларымыз бар, тамаша халқымыз бар. Геополитикалық жағынан алғанға евразиялық кеңестік, шығыс пен Батыстың арасы, түркілік, мұсылмандық, славяндық, европалык мәдениеттердің тоғысқан жері. Екі өркениет қақтығысы християндық өркениет пен мұсылман еркендігі арасында жүріп жатқан дау-дамай көп. Осы тұста әр ұлт өз менталитетіне берік болуы керек. Менталитеттің басты феномены — тіл. Сондықтан тілімізді сақтауымыз керек. Ұлттық идеяның ең басты көрінісі-халқымыздың жерге деген ықыласынан көрінуі тиіс. Дәстүрімізге берік болуымыз керек. Дәстүрде ұлттық мінез сақталады. Мұсылмандық жолында болуымыз қажет, осыдан ұлттық идея бастау алады. Қазіргі Дүниежүзілік даму барысында ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктері жоғалып, олар экзотикалық уақыты өткен дүниелер ретінде «өгейсіп», «қысқарып» барлық халықтарға, олардың тұрмыстарына, әдет-ғұрпына, қоршаған ортасына тән келетін, әлдебір «барлық-техникалық» мәдениетке бет алуы бой көрсетеді.
Соңғы уақытта ұлттық өзіндік санада, шынайы патриотизмде адамдар өз шығу тегін ойлай бастады. Бұл сұрақ жаңа тәуелсіз мемлекеттерде де, жекелегенде Қазақстанда шықты. Қазақтар қайдан шықтық, біздің тарихшымыз қандай, біз адамзат дамуына, әлемдік өркениет құрылуына не қосты? Бірнеше онжылдықтан соң біз Қазақстан территориясында көптеген қала болғанын білеміз. Бір ғана Отырар, Қазақстанның ежелгі астанасы, өзінің белгілі кітапханасы не тұрады. Бұл орта және орта ғасырда қазақ бабалары кең байтақ территорияда: Қытайдың батыс қабырғасынан, Карпатқа және Тундрадан Иранға дейін өмір сүргенін ескермесек. Бұл туралы бұрынғы ғасырдың аяғында шетел авторлары жазады. Демек біздің тарихымыз бен территориямыз ежелгі, атақгы, көшпелілер емес. Дамыған жері бар малшымыз. Қыс уақытында біздің аталарымыз қалада, үйлерде тұрып, ал жазда малды жайлауға жайды.
Жайлауды рационалды қолданды, мұнда басқалар кіруге рүқсат жоқ. Жер мәселесі бірінші проблема болды. Қазақтардың өз халқын қорғауға даяр аттық армиясы болды. Біз варварлар емеспіз, Иран мен Қытай басшылары біздің бабаларымызды туған жерінен қуды. Олар батысқа қашуға мәжбүр болды. Бұл құбылыс тарихта "халықтардың ұлы көшуі" деп белгілі. Оны жүзеге асыру нәтижесінде қазақтар өз жерінің территориясын кеңейтті.
«Әлемдік өркениетке біздің ата-бабаларымыздың үлесін алсақ ол былай шығады:
1. Бұл Шумер мемлекеті, Арийлер, Элам, Ұлы Тұран, Ұлы Ғұн, Батыс жөне Ақ Ғұн, Кушан патшалығы, Сақтар, Скифтер, Сарматтар, Хорезм, Хазар, Авар, Түрік қағанаты. Олжас Сүлейменов Сақтар «Хасактар» деп аталды деп жазады. Қытайлар бізді қазір — Хасақтар деп атайды. Казахия мемлекеті туралы Византияда X ғасырда білді.
2. Ата-балалардың еңбек құралы мен затқа үлесін айтсақ, арба, киіз үй, зергерлік, конамизация, ирригацияанды жүйелер, күйдірілген кірпіш, сәулет өнері, күнтізбе, кілем, текемет, етіктер, керуен, отарба, монша, бесік, ағаш үй, алтын. Әскери өнерге үлесі: ат армиясы, әскери тактика — темір қылыш, жебе, садақ, үзеңгі, ертоқым.
3. Ғылым мен өнерге: шумерлік пен архон-енисей жазбалары, шумер таңбалары 6, 60, 3600 күнтізбе циклі — 12 жыл, кітаптар, өнердегі аң стилі, астраномия, алгебра, зароастризм, тәңірлік, халық медицинасы, фольклор, қобыз, музыкалы аспаптар, ақ ғүндардың ертегі, эпос, айтыс, мақал, ақын-жырау, тарихшылар, философтар» [81, 31 б.]
О. Сүлейменов хасақтар — б з. д. ҮІ ғ. дейін болды дейді. Бұл шумерлік касситтер, касситтік патшалар. Бұны «сақ өркениеті» деп атауға болады. Қазақстан иеленген үлкен территория бізге қазақ өркениеті деп айтуға мүмкіндік береді. Казақ ішінде диалектің жоқтығы тұрақгы өркениетті көрсетеді. Туыс тілдер: ноғай, өзбек, қарақалпақ т.т. көп. Бұл өркениет Рун кезінде Рим, Византия, Иран үстінен қарап, осы кеңестікті иеленді. Ақ ғүндар Орталық Азияны, Шығыс Түркістанды, Солтүстік Индияны иеленді. Қазақ өркениетіне: 1. Тарих. 2. Мәдениет. 3. Өнер. 4. Ғылым. 5. Музыка. 6. Әдебиет пен тіл. 7. Тапқырлық өнер. 8. Қала. 9. Әскери өнер. 10. Сәулет енері. 11. Жазу. 12. Мемлекет пен құқық. 13. Экономика. 14. Өркениет теориясын жатқызуымызға болады.
2001 жылын БҰҰ - өркениет диалогы жылы деп жариялады. Көптеген халықаралық конференция, симпозиум, семинарлар әр түрлі өркениет байланысы мен даму процесін анализдеуге арналды. Өркениетіліктің Орта Азиялық тәуелсіз мсмлекеттері аспектілермен карасақ: экономикалық саяси, мәдени, лингвистикалық, құқықтық, гендерлік, этнопсихологиялық, халықаралық болып табылады.
Әлемдегі адам болмысының редикалды өзгерісінің объективті процесі жалпы планетарлы масштабта тұлға аралық қатынас типі мен амалдарымен жүзеге асады. XX ғасырдың аяғындағы ақпараттық төңкеріс өзара тәуелді және езара келісуші әлем идеясын шындықка айландырады.
«Жаһандану» мәнінің негізінде ақпараттық революция жатыр. Адамзат өмірінің экономика, саясат, мәдениет, тіл, білім, рухани-өнегелік саласының дамуы мен аралық жөне конфессия аралық қатынастарына ықпал етеді. Жаһанданудың ұлттық мемлекет пеп оның қызығушылықтарын жоймауына бір жол бар, Жаһандану үлгісінің өзін өзгерту. Бұл жаңа қатынас типіне байланысты жүргізілуі тиіс: жалпы - ерекше — жеке, ерекше мен жекені ассимиляциялағанда, бірақ жекенің экстремалдық көрсетуі мен дамуының нәтижесіңде, оның бірегейлігі мен қайталанбастығын жүзеге асырады. Бұл жаңа қатынас типі әлеуметтік-философиялық концепцияларда талданған. Соңғы жылдардың қайғылы жағдайлары көрсеткендей, изоляционистік орнатулар, жабық және қозғалмайтын мономәдениет талаптарының шекті мәні , кез-келген құралды әлдебір ұйымдастырған түрде, яғни халықаралық масштабта фанатизмге, терроризмге, экстремизмге, радикализмге әкеледі. Бірақ бұл өзін шынайы адамшылықтан, ашықгықтан, толеранттылықтан, сенімнен, адамның тірілік шырынынан айырған мәдениет. Мәдениет сөздің турасына қарағанда адамның адамгершілік мәнінің-руханилығың іске асуы меп сыртқы, заттық-практикалық көрінісі. Керісінше, бүгінгі әлемдегі жағдайда мәдениет өзіндік мақсат ретінде жалаңаштанған жансыз шеберлігімен сыртқы форманың соңынан жүруі - бұл руханисыздық мәдениет жағдайлары. Бұл соңғысы «антимәдениет», немесе «мәдениет еліктіруі» деп аталады.
Шығыс пен батыс диалогы мөселесін ғаламдандыру жағдайында осылай қарастыру, біріншіден, Қазақстандық философияның өзіндік бейнесінің әлемдік өркенит диалогына шығуына мүмкіндік береді деген сенім артады.
Екіншіден, жаңаға осылай ену біз үшін мәдени-тарихи өлшем ретінде Қазақстан мен Орталық Азия халқының мәдениетіне, өз шектерін басқа мәдениепен таныстыру арқылы кеңейтеді, бұл процесте өзін тану, бәсекеге қабілетті болу жақсы жүзеге асады.Бұл жаңа шыңға шығуды білдіреді.
Үшіншіден, ғаламданудың жаңа моделі «ашық мәдениеттер диалогы» өлемдік акдараттық жүйеге енуге мүмкіндік береді, сонымен қатар өзінің ұлттық өзіндік болмысын сақтау, өзінің қайталанбастығымен әлемнің ұлттық бейнесін сақтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, XXI ғасырдың басында Орталық Азияда жаңа әлеумепік-экономикалық, мәдени және этикалық бірегейлік құрылып, үлкен шығармашылық пен тиімділікке негізделуде. XXI ғасырда орталық Азия әлемдік қауымдастықгың мүшесі болып, өркениеттің демократиялық дамуының ерекше негізін көрсетпек.
Батыстың қолдайтын бағыты-құндылықтарға сәйкес ортаны өзгерту болса, Шығыстың бетке ұстар құңдылығы-адамды өзгертіп, жетілдіру болмақ. Жалпы ұлтыиа, дініне, саясатына қарамай қазіргі Қазақстанның жалпы ортада тұрған құндылықтарын атап өтейік: Бірінші, демократиялық, экономикалық күшті мемлекет құру; Екіншіден, халықтың руханилығының қайта тудыру идеясы; Үшіншіден, ұлттық түп тамырының шарықтауы республикада тұрып жатқан басқа ұлт өкілдернің арасындағы ынтымақтасгық қазақ ұлтының келешегіне көп әсер етеді. Төртіншіден, республикадағы басқа ұлт өкілдері Қазақстанды демократиялық, унитарлы, зиялы мемлекет, оның территориясы бөлінбейтін, бүтін, мызғымайтындығына сеніммен қарау керекпіз.
Біз қазір өркениетке ұмтылудамыз. Өркениетке де ұлттық ерекшелігімізбен, яғни ұлттық тілімізді өгейсітпей, ұлттық салт-дәстүрімізді жатырқамай, ұрпақтарымызды аздырып-тоздырмай, имандылық, иманжүзділік-әдептілігімізді сақтай отырып жетуіміз керек. Ұлттық намысты аяқ асты еткен халық күнкөріс үшін арын да, ұятын да, Отанын да сатудан тайынбайды.
Қазақстандық өркениет, оның негізінде жатқан қазақ халқына, арысы көшпелілерге өркениеттілік тән бе, әлде тұйықталған шеңберден әлі шыға алмай келеміз бе? Тәуелсіздігін алған қазақ халқының, Қазақстан Республикасының өркениеттік даму сатысы қандай деңгейде деген сауалдар зиялы қауымды ойландырып отырған өзекті мәселелердің бірі екені даусыз.
Өркениет тарихында рухты халықтардың аты қалды, заты қалды. Рухты халықтың алды жарық, Рухты халық – жасампаз алып, тарих рухтың еңсесі биік, есесі мол екнін ертедегі гректер, римдіктер, византийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, шыңғыс хан дәуіріндегі моңғолдар дәлелдеді.
Ең алдымен біздің қазақ, Шоқан айтқандай даланың рыцары - серісі, сайын даланың иесі. «Қазақ» деген айбынды да айдынды ұлт есімі. Екіншіден, қазақ үш жүзден құралған құрама халық емес, тұтас халық. Біз бір атадан тараған үш баланың , үш атаның ұлымыз. Түбіміз бір, түбіріміз бір. Азия сахарасындағы іргелі халықпыз. Ортақ тіл, Қасым хан салған қасқа жол, Есім хан салған ескі жол, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», бүкіл халықтық құрылтай, хан сайлау, жылдық миграция жолын бекіту - осының бәрі біртектілікті, тұтастықты, баршаға ортақ заңдылықты, әдет-салтты іске асырады. Сонымен рухты қалай түсінуіміз керек, жас ұрпақтың рухын қалай көтереміз?бұл мәселенің маңызы өте зор, себебі Қазақстан жаңа мемлекет екенін сылтауратып, қазақтар бұған дейін мемлекет құрмаған деген сөздер оқта-текте айтылып қалып та жатыр.



    1. Қазақ өркениеті ғасырлар сынында.

Ежелгі діни нанымдар, мифтер мен аңыздар адамдардың рухын көтеру үшін, табиғатпен өзара байланысын қалыптастыру үшін қолданыста болған , әрі халықтың тарихи тағдырына, дамуына әсер еткен. Олардың мән-жайын идеялық тегі мен тарихи тұрпатын ашып көрсету аса күрделі, себебі сырттай қарағанда кез-келген діннің болмысы ессіздік сияқты немесе тіпті бір түсініксіз нәрсе болып көрінеді. Ал сол ессіздіктің өзін танып білу үшін кемел зерде қажет. Мұны түсіну үшін көне этнографиялық материалдарға, ертегілер мен аңыздарға, мифтерге жүгініп терең зерттеуді талап етеді. Олардың түп-тамырын тарихи этникалық кең аяда танып түсіндіруге болады. Ұлтық маңызы бар мифтер мен аңыздар діни наныммен байланысты аңыздармен сәйкес келе бермейді, тіпті қайшы келуі де ғажап емес. Мысалы, қазақтың болмысы ежелден әулиеге немесе аруаққа сену, әулиелер арқылы емдеу сияқты мықты дәстүрлері мұсылмандыққа қайшы келеді. Біздің мақсатьмыз халқымыздың дәстүрлі рухани жөн-жорасын суреттеп беру емес, оның әлеуметтік мәніне ғылыми талдау жасап, жарамды жақтарын ашып беру арқылы, қалайда өсіп келе жатқан ұрпақтың сана-сезімін, рухын, талғамын кетеру. Осы баяндамада казақ өркениетінің қалыптасуында үлкен орын алған ұлттық рух, ұлттық сана, қала берді философиясы, мифологиясы туралы біраз сөз қозғамақпыз.
Сенім-нанымдардың тамыры сонау көне заманның тарихи койнауында жатыр. Ежелгі заманнан бізге там-тұмдап жеткен тарихи мұрағаттар (ескерткіштер) тас пен қола дәуірлер кезеңінде даламызда анимистік (өлі заттар мен процессгерді жанды деп пайымдау) табиғатпен сырласып, сіңісе білгенінің айғағы. Табиғаттың тылсым күштерін жанды деп түсініп, оларға адам қасиетін, белгісін телу дәстүрлері болған. Ол құбылыстарға жан бітіріп, иесі бар - мыс, олардың тәңірі бар деп, тәңір иеге бағыну туындаған. Элиаденің сөзімен айтқанда, «күнделікті өмір тіршілікіе орын алған сыртқы күштердін адам бойында қайта қиял түрінде бейнеленуі, жаратушыға еліктеп жер бетінде моделін жасай білген» [82, 65 б. ]
Сонымен, дәстүрлі-наным сенім, ырьш мен жораның, әдет ғүрыптың, талғам мен түйсіктің, наным мен танымның сипаты табиғилықтан бастау алып, көшпелі өмір салтымен қойындасу, ал заттар мен өмір құбылыстарының тіршілік талабымен үйлесе сүрыпталуынан туындаған. Алматы маңында табылған Таңбалы баурайындағы тасқа қашалған құдай түлғалары күн дидарлы адам пішінді болып келетіндігі сондықтан. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде бұл діни түсініктер одан әрі дамыған. Мұнда затты пір тұту, затты киелеу, бірте-бірте сол затгы құдірет күш иесі деп тануға ұласады . Төрт-түлік малдың иелеріне деген мадақ-сенімнің белең алған тұсы да осы кез. Сенім-нанымның түп төркіні, діни-идеяларды адамдардың әлеуметтік қарым-қатнасымен сабақтастыра отырып, қазіргі таңда оған басқа сипатта қарауды талап етеді.
Совет ғалымдары казақ халқының көне сенім-нанымдарын арнайы зерттеген емес. Сенім-нанымдарға ислам дінінің сарқыншақтары деп мән берген жоқ.
Ғасырлар қатарынан бізге жеткен ежелгі рухани мұрағаттар қатарына жататын салт-санамен дәстүр әлеуметгік психологияның саласы. Бұл бай мұраларды игеру, әлем заңдылықтарын игеру, қиял мен шындықты, жарық жалғанның болмысы мен бопсасын, күйкілігі мен құдіреттілігін таба аламыз. Адам баласы қашаннан-ақ дүниені ақиқат қалпында қабылдауға құштар. Адамдар қоршаған ортаны ғылыми таным ретінде білмей жатып-ақ, диалектикалық әдіспен ойлайтын болған, себебі табиғатқа өте жақын, табиғаттың тылсым сырымен астасып, бірлесіп өмір сүріп, табиғаттан үйреніп, өмір сүруі, халықтың рухани болмысының өзегі. Халықтық бұл ақыл-ой, зерделі, өмірлік тәжірибесі (фольклор, музыка, би, сәулет өнерінде) жинақталған.
Қазақ мифологиясының және философиясының қайнар көздері ежелгі дүниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың мифологиялық алғашқы философиясында (б.эд. І-ІІ мыңжылдықтар) жатыр. Қазақ халқы көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен бірігуінің арқасында пайда болып, олардың әртүрлі мәдени қырларын мұралап, кезіндегі жетекші өркениеттің - сақ өркениетінің мұрагері болып табылады. Олар толық қанды қазақ өркениетін қалыптастырды.
«Қазақ өркениеті» ұғымын нақты - тарихи, рухани-мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени-өркениетгік тәсілмен жаңаша қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бұрынғы батыстық немесе ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең байтақ Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен қолтықтаса отырып, көшпенділер мәдениеті де қалыптасып, айрықша қазақ-қыпшақ өркениеті өмір сүрген. Қазақ өркениетіде өркениетке төн тәңірлік дүниетанымы мен зороастрлік діні, өзіндік тел жазуы, рухани және материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған.
Ғылыми тұрғыдан діндер мен мифтерді зертеуші ғалымдардың атасы Мирча Элиаденің пікірінше ең алғашқы діни нанымдарда, алғашқы әулиелерде осы далада туған. Элиаденің кітабын оқып өскен европалықтарға біздің сайын дала сағымдай көз алдарында елестеп тұрады. Ал енді жолдары түсіп келе қалса, - даланы керсетіңдерші, деп жалынады, олар үшін дала бір Қолжетпес арман сияқты болады да тұрады. Біз қазақ соған көбінесе мән бере-бермейміз; шынымен қолда бар алтыннын қадыры жоқ. Қалың қазақ Дала емес қалада тұратын заман болып барады, осы жерде не істеуіміз керек? Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі -езіміздің рухани-мәдени дүниеміздің тарихи еткеніне қайта үңілу, оларды ой елегінен қайта-қайта өткізу, тарих қатпарында қалған рухани дүниеміздің жанды тамырларын қайта калыптастыруымыз керек. Әрине, келешекте мұндай руханияттылықтың зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырғы қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі жағдаятынынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатын, кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас буындар болады.
Өркениет тарихында рухты халықтардың аты калды, заты қалды. Рухты халықтың алды жарық, Рухты халық жасампаз алып, тарих рухтың еңсесі биік, есесі мол екенін ертедегі гректер, римдіктер, византийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, Шыңғыс хан дәуіріндегі моңғолдар дәлелдеді.
Ең алдымен біздің қазақ, Шоқан айтқандай даланың рыцары - серісі, сайын даланың иесі. «Қазақ» деген айбынды да айдынды ұлт есімі. Екіншіден, қазақ үш жүзден құралған құрама халық емес, тұтас халық. Біз бір атадан тараған үш баланың, үш атаның ұлымыз. Түбіміз бір, түбіріміз бір Азия сахарасындағы іргелі халықпыз. Ортақ тіл, Қасымхан салған касқа жол, Есімхан салған ескі жол, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», бүкіл халықтық құрылтай, хан сайлау, жылдық миграция жолын бекіту - осының бәрі біртектілікті, тұтастықты, баршаға ортақ заңдылықты, әдет-салтты іске асырады. Үш ғасыр бойы моңғол тектес тайпаларды бойына сіңіріп, енді өзінің ұлы шаңырағынан өзбекке, ноғайға, башқұртқа, т.б. түркі тектес халықтарға енші берген қазақ, ұлы Мағжан айтқандай, қара шаңыраққа ие болып, ұлт больш қалыптасты. Біз қазақ болғанымызға мақтан ете алатын бақытты жандармыз. Тарихымыз ертеден басталатын қазақ өркениеттінің ұрпақтарының жаңа кезеңі орнықты. Сонымен рухты қалай түсінуіміз керек, жас ұрпақтың рухын калай көтереміз. Бұл мәселенің маңызы өте зор, себебі Қазақстан жаңа мемлекет екенін сылтауратып, қазақтар бұған дейін мемлекет құрмаған деген сөздер оқта-текте айтылып қалып та жатыр.
Рух, жан мен тән арақатынастары философияда адам мәселесімен сипатталатын негізгі іргелі тақырыптардың бірі болып табылады. Соңғы дәуірде адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан бұл мәселелердің арақатынасын, олардың шығу тегінен түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығарылмайтындай айғақтар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар көзқарастар негізінен болжамдар мен үсыныстарға ғана сүйенеді. Бұған таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми көзқарастар осыдан 300-400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл адамзаттың көп ғасырлык тарихындағы аз ғана мезет. Алайда осыған қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық деңгейге үлкен сенімге ие бола отырып, дұрыс бағыт сілтейді.
Адам мен оның рухы туралы идеялар ерте кезден-ақ пайда бола бастады. Мысалы, ежелгі үнді философиясында адам жанының көшуі туралы ілімге сәйкес рухтың субъективтілігі ретінде қарастырылса, ал қытайдың ертедегі бүкіл даналығы адамгершілікпен байланыстағы антропоцентристік сипатта болды. Космологиялық грек натурфилософиясында рух гилозоизм позициясына негізделді, яғни тірі мен елі арасындағы шекара теріске шығарылып, универсумньщ жалпы жандылығы, әсіресе милет мектебі өкілдерінде мойындалды. Антикалық философияда антропологиялық проблематикаға өту софистердің ағартушылығымен және Сократтың этикалық рационализмімен басталады. Ортағасырлардағы діни философия рухқа басымдылық бере отырьш, жан мен тәннің антропологиялық дуализмі арқылы түсіндірсе, ал Қайта өрлеу мен Жаңа заманның философиясы адамды аспаннан жерге түсіріп, оның мәселесін теоцентристік емес, антропоцентристік, гуманистік мағынада шешуге тырысты.
Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы пікір қалыптасты. Адам пайда болуының биологиялық алғышартын ешкім теріске шығара алмайды, алайда адамды тұлға ретінде қалыптастыратын әлеуметтілік екені де сөзсіз. Адам өмір сүруінің табиғи-биологиялық жағы әлеуметтік-мәдени факторлармен «адамданады» және ортаға түсіріледі.
Ал осы адамзаттың ең кеңінен таралған әлеуметтік-мәдени қауымдастығы этнос немесе ұлт. Этнос немесе ұлт тарихи-мәдени айғақ болғандықтан кез-келген мәдениеттің түбірін құрайды. Этнологияда қалыптасқан дәстүр бойынша мәдениет үғымы берілген этносты құрайтын қауымның қоғамдық қатынастары түсінігімен өте ұқсас. Сондықтан да әлеуметтік антропология мен мәдени антропология арасындағы айырмашылық шартты.
Осы жерде мен үлкен мәселе көтерейін деп отырмын, ол - ұлт өркениет субъектісі, өркеннеттің қозғаушы күші. Ұлт жоқ жерде өркениет те жоқ. Ұлттық сана тек қана өркениетті елде қалыптасады. Бізге белгілі әдебиеттерде ұлт мәселесі өркениет субъектісі ретінде қарастырылмаған.
Публицистика мен көпшілік басылымдарда этнос жөне ұлт үғымдары бір мағынада қолданылғанымен, арнаулы ғылыми әдебиеттерде бүл екі түсінік арасында елеулі айырмашылық бар. Көптеген зерттеушілердің пікірінше ұлт - бұл этностық емес, мемлекеттік саяси категория, этникалық емес, азаматтылық. Дегенмен ғылыми әлемде Э. Ренанның классикалық анықтамасы мойындалады: «Ұлт -бүл жан, рухани принцип... Жанды қалыптастыратын екі нәрсе бар. Біріншісі - бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екіншісі -шынайы келісім, бірге тұруға ұмтылу және барынша өз үлесіңді қосуға ұмтылу». Демек, бұл жерде ұлттық бірегейліктің белгісі тек тілдің, территорияның, шаруашылық-мәдени өмірдің орталықтылығынан ғана емес, этникалық өзіндік сананың, ұлттық рух пен мінез-құлықтың, этнопсихологиясы мен менталитетінің жалпылығынан көрінеді.
Рух ұғымы батыстың классикалык идеалистік философиясында абсолюттік тарихи идеямен байланыстырылса, XIX ғасырдың ортасына қарай әр-түрлі халықтардың өдет-ғұрыптары, діни жөне көркем шығармашылық жүйесі туралы жинақталған мәліметтер мен білім мөлшерінен әрбір халыққа тән оның сапалық айырмашылығын табу мақсатында алынған бастапқы психикалық байланыстар – «халықтар рухы» ретінде түсіндіріле бастады. Философиялық, тарихи-филологиялық зерттеулерді психологиямен байланыстыра отырып, «халықтар психологиясы» не этнопсихология деп аталған арнайы ғылым саласы пайда болды. Бұл бағыттың жақтаушылары қатарына: Т. Вейц, Т. Штейнталь, А. Потебня, Э. Дюркгейм, Л. Леви-Брюль, П. Жане т.б. кіреді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында адам мен қоғам, адам мен рух арақатынастарын зерттеуде екі бағыт бөлініп шықты: инстинктер концепциясы және құндылықтар концепциясы. Соңғы бағыттың өкілдері В. Дильтей, В. Виндельбант, Г. Риккерт және т.б. адамның рухани өмірін сипаттау барысында нақты ғылыми тәсілден ерекше идеографиялық тәсілді қолданды.
Әрбір халықтың ұлттық рухын этностың маңызды сипаттамалары болып табылатын менталитеттен және ұлттық мінез-құлықтан аңғаруға болады. Соңғы уақытта кең қолданысқа түскен менталитет (тепз -латынша, ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы) жеке адамның ғана емес, әлеуметтік бірліктің өзіндік ойлау жүйесі, эмоционалдық және құндылықтық бағдары деген менде түсіндіріледі. Менталитет адамның рухани өміріндегі бүкіл құбылыстардың жиынтығы ретінде қарапайым әдеттен сенімге дейінгі, әлемді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінен моральдық нормаларға дейінгі өте үлкен ауқымды қамтиды. Негізінен ойлау жүйесінің, тәртібінің, тәсілінің қайталанбас ерекшелігін белгілеу мақсатында пайдаланылады.
Ұлттық мінез-құлык ұғымы да менталитет түсінігіне жатады. Ол әрбір халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, дауысы мен сөйлеу мәнерінде, жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінде, талғамы мен таңдауында байқалатын өзгеше қасиеттері мен ерекшеліктерін білдіреді. М.М. Бахтиннің айтуынша, ұлттың құпиясы оның дастархан мәзірінде де, киімінде де, биінде де, ұлттық Бахус пен ұлттық Эроста да кездеседі.
Белгілі отандық зерттеуші Сәбетқазы Ақатай өз мақаласында ұлттық рухты казақша өмір сүру дәстүрімен байланыстыра отырып, қазіргі мәдениетіміздегі қос ағымды - қазақ немесе казах (ресми) және қазақы (этникалық) ағымдарды даралап керсетеді [83, 82 б. ].
Осыған ұқсас ой профессор А.Х. Қасымжановтың еңбегінде де ұшырасады. Ол — «нағыз қазақ» пен «шала» қазақ арасындағы өлшемдер көбіне ұмытылған, шіріген дәстүршілдік пен «Тамаша» деп аталатын театрландырылған шоудың тақырыбын қамтитын трагикомедиялық модерннің шекараларын сипаттайды» [84, 214 б. ], - деп жазады .
Ұлттық рухтың мұндай өзгерістерге ұшырауының тамыры тереңде жатыр. Көшпелі мал шаруашылығына негізделген біздің халқымыздың дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық рухы үшін батыстық құндылықтар арасындағы түбірлі айырмашылықтар төмендегі негізге байланысты. Өмір сүру тәртібінде отырықшылық-көшпенділік, мекен ету аймағында қала-дала, шаруашылық жүргізу әдісінде интенсивтік-экспансивтілік, саяси салада бір орталыққа бағынған мемлекет - бірақ қауымға негізделген конфедерация, әлеуметтік қатынастарындағы таптық байланыс қандас-туыстық байланыс, құқық жүйесінде заң - әдет, қоршаған орта мен табиғатқа қатынасында эксплуатация - экология, рухани мәдени жазба дәстүр - ауызша дәстүр, дамуында өзгерістер - тұрақтылық, рухани құндылықтар жүйесінде индивидуализм - рушылдық, ұят-ар прагматизм - жомарттық, рационализм-гедонизм және т.б.
Батыстан енген жаңашылдықтардың салдарынан дәстүрлі мәдениеттің эрозияға ұшырауы барысындағы құндылықтар жүйесіндегі өзгерістерді он тоғызыншы ғасырдың зар-заман ақындары мен Абай жырлаған еді. Халқымыздың бойындағы жат қылықтарды саралай келе «ел қыдырып ас ішіп», еркек арын сататын, ел бұзатын тентектерді Абай «пысықтар» атап, оның типін ерекшелейді (серілікпен шатастырмайық).
Ұлы ақынның «Пысықтар» туралы сөздері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ұзакқа созылған трансформациялық кезеңдерден соң ұлттық рух пен дәстүрлі құндылықтар жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырадық. Нәтижеде халқымызға тән қанағатшылдық (қанағат қарын тойғызады) тойымсыздыққа, имандылық имансыздықты, жанынан жоғары тұратын ар көрсеқызарлыққа, байтақ далаға тән кең пейіл күншілдікке, жомарттық бақай есепке, қонақжайлық сараңдыққа қара қылды қақ жаратын әділеттілік пәлеқорлық пен жалақорлыққа, батырға тән аңғалдық қулық-сұмдыққа, жаңалыққа құштарлық өсек-аяңға, сабырлылық күйгелектікке, уәде мен антқа беріктілік (ең жаман қарғыс — «антұрсын») өтірік пен сатқындыққа, ер мінезділік пысықтыққа, үлкенге деген құрмет көргенсіздікке, төзімділік шыдамсыздыққа, қарапайымдылық даңғойлыққа айналды. Бүгінгі әлеуметтік және антроппия жағдайында жоғарыдағы жат қасиеттерге бұрын құлақ естіп, көз кермеген қылықтар мен құбылыстар қосылды: жыныстық бағдарын өзгерту, жезөкшелік, зинақорлықпен қатар, қылмысгық әлемде кісі өлтіру, әйел зорлау, өз-өзіне қол жұмсау т.с.с. Дүниеқорлық батыстық өркениеттің негізгі қағидасы болғандықтан біздің ұлтымызға жат құбылыс.
Атақты Мәшкүр Жүсіп Көпей де «бір замандар келер сонда қазақтар өзбектен асқан саудагер болады», деп болжап кеткен екен. Қазақтың пысықтығы, екінші жағынан осы заман талаптарына сайма-сай келе қалғанын да мойындауымыз керек, не дегемен басқа елдің босағасын жағалап жүрген жок. Ежелден келе жатқан ақылдылығы, парасаттылығы, төзімділігі қала берді өркениеттілігі де шығар.
Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің әсерінен, ұлттық рухтың танымастай трансформациялануы мен санаға терең ұялап алған құлдық вирустың салдары рухтың, күнәхарлықтың кірі мен шаңы басып өзінің жеңіл әрі ұшқырлық қасиетінен жартылай арылуына әкелді.
Ұлттың шынайы рухы соғыс (қазақтардың бес каруынан) пен өнерде (домбырасынан) айқын көрінеді және ұлттық мінез-құлық ең соңынан өледі. Қазақтар әскери-демократиялық өркениет өкілі екенін ескерсек олардың бойында батырлық пен батылдық рухы ежелден басым болған деп айта аламыз. Иран ұлт азаттық қозғалысы кезінде олардың көсемдері әскердің рухын көтеру үшін армиясын Қазақ деп атағаны тарихтан белгілі емес пе.
Осындай, қазақ өркениетінің жетістіктеріне еліктеудін мысалы жалғыз мұнымен шектелмейді, мысалы: бірінші, орыс қазақтары қазақ батырлары сияқты ер жүректі екен, рухтары биік көрінсін деп, басқа ат таппағандай өздерін бізге еліктеп «қазақ» атауын алды ғой; екінші Украинаға көшіп келген армяндар мен гректер қьшшақтардың рухына табынғандары сонша қыпшақша сөйлеп қана қоймай өз діндеріне қыпшақ тілінде шоқынды емес пе. Қайрат Бегалиннің «Мамлюктер» деген кітабында, мамлюктер билік басына келгеннен бастап тек қана қыпшақ тілінде сөйлейтін болғандығы айтылады. Бұрында өзара қыпшақ тілінде сейлейтін олар, енді мемлекеттік істі мүлде қыпшақ тіліне ауыстырды. Олар араб тілін біле тұра сөйлеуге арланды. Бұл жағдай XVI ғасырға дейін жалғасты.
Қазақтың рухы алдыңғы ұлт-азаттық күрестен өзге, екінші дүниежүзілік соғыста өзін әлемге паш етсе, ал дәстүрдің телегей-теңізі (А. Затаевич айткандай) XIX ғасырдағы әнші, күйші композиторлардың шығармашылығы-нан, сал-серілік дәстүрден бір көрінсе, оның замана лебін қабылдаған түрі өз бояуы мен нақышын жоғалтпаған күйі кейінгі Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың шығармашылықтарында, қазіргі Р.Стамғазиевтің, «Музарт», «Нұрмақасан» және т.б. орындауларында ерекше қырынан көрінеді.
«'Тарих толқынында» атты кітапты талдай отырып М. Қозыбаев былай дейді: «Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев азаттыққа, Қазақстан аумағының тұтастығына, нақтылы экономикалық, әскери, ақпараттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз өте күрделі және ұзақ уақытқа созылатын құбылыс екенін айта келіп осының бәрі баянды болуы үшін ұлттың ұлттылығы керек екендігін, оның қажыр-қайратын еселейтін ұлттық рух керек екендігін баса көрсетеді. Автор сонымен қатар «қазақы төлтумалықты» - ұлттық үрдістерді ұлы өркениеттердің мұрагерлері санатында сақтап қана қоймай, оны еселеп жаңғырта алатын қасиетіне табынады» [85, 110 б. ]. Әрине осы арада қазақ өркениетінің алатын орны ерекше. Қазақ өркениеті ішінен: дала өркениетін, көшпенділер, әскери-демократиялык, қалалық, егіншілік және өзен өркениеттерін таба аламыз. Қазақ өркениеті - қазақ халқының және олардың ертедегі бабалары қассақтардан (касситтерден), шумер, арий, скиф, сақ, ғүндардан одан бері хорезм, қазар, түрік, қыпшақтардан көздің қарашығындай сақталып келе жатқан, өзіне тән ұлттық генотипі, ерекшелігі, шектелген үлкен кеңістігі бар, әлемде өзінің нық орнын алған мемлекеттігі бар, тұрмысының, мәдениетінің даму тарихының нәтижесі. Қазақ өркениеті сақ, оның ішінде қассак,-массагеттер және ғүндар өркениетінің мұрагері. Қазақ өркениеті жаңа ғьілыми бағыт әрі методология ретінде енді қалыптасып келе жатса да оның жасы үлкен әрі тәрбиелік маңызы зор.
Әр халықтың, өркениетінің, мәдениетінің, дінінің өз мифтері мен аңыздары бар. Тек осы мифтің танымал болу дәрежесі әр халықта әр түрлі. Біреулер оны дамыған күйінде сақтай алса, екіншілері оны сақтай алмаған, ал үшіншілері - өздерінің фольклорындағы, тіліндегі, мәдениеті мен өнеріндегі мифті, тани таба алмайды. Бұйырғанда қазақ халқы өзінің аңыздарын үлкен парасаттылықтың арқасында сақтай білді, осы күнге дейін жеткізді.
Аңыз демекші, кезінде қазақтың жазба әдебиетінен гөрі ауызша әдебиетке беймділігін кемшілік ретінде керсетіп, тіпті оны сауатсыздықпен түсіндірмекші болды. Ендігі уақытта белгілі жатыр жалғыз қазақ қана ауызша әдебиетке, әңгімеге және аңыздарға әуес болмаған екен. Мысалы: европа халықтары, әсіресе, венгірлер, еврейлер, ертедегі кельттерді атап кетсе болады. Әңгімешілік дәстүрі әлемде қайтадан жаңғыртылып жатыр, әңгімешілдердің дүниежүзілік ассоциасиясы құрылған, құрушылардың бірі атақты жазушы, философия докторы, әңгімешілік дәстүрдің ең белді өкілі Кларисса Пинкола Эстес «Дар рассказа» кітабының авторы. Ертегі және әңгіме айту арқылы емдеу әдістері де бар (сказкотерапия) екенін біреу білсе, біреу білмейді.
Халқымыздың өркениеті мүмкіндігінше заман ағымына орай жаңа мәнге ие болып жетіліп келеді, бірақ жалпы Қазақстандақ өркениет туралы тұғырлы ойлар әлі де болса өз мәресіне жете қойған жоқ. Түп тамыры «түрік өркениетіне» келіп тірелетін қазақ мәдениеті ұлттық мүдде аясында философиялық тұрғыда зерттеуді талап етеді.
Сондықтан болар ұлтымыздың тарихи-мәдени тұлғасы мен табиғи өркениеттік болмысын ғылыми тұрғыдан тану заман талабына орай күрделеніп, тереңдей түсуде. Қазіргі кезде қазақ өркениетіне қатысты мәселелер шыңырау шегіне жетіп, Қазақстандық мәдениеттанушылар мен ғалымдарымыздың қызығушылығын тудырып, теоретикалық пікірталастардың зерттеу объектісіне айналып отырған шағы. Демек, сындарлы дәуірлерде қуаң тарта бастаған төлтума мәдениетімізге жан бітіріп одан әрі нәрлендіре түсу, сондай-ақ ғасырлар қойнауының қалтарысында ескерусіз қалған ұлттық мәдениетіміз бен өркениетіміздің баға жетпес асыл мұраларын заңды иесіне қайта ұсынуға талпынған Қазақстандық ғалымдардың еңбегі зор. Сондықтан біздің философиялық ізденісіміздің негізгі міндеті - әлемдік өркениеттер тарихынан ерекше орын алатын және өзіндік шежіресі мол көшпелілердің даланың өркениетіне тарихи-философиялық және методологиялық түсіндірме беру.
Қазақтың және оның ата- тектерінің әлемдік өркениеттілік дүниесіне қосқан басты құндылықтарға жататындары:

  1. Еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруге адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті..(К. Ясперс атап өткен жылқыны табу.)

  2. Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды.

  3. Еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары қызметін атқарды, олардағы миграциялық үрдістер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды.

  4. Ұлы жібек жолы және басқа да мәдени коммуникациялық жүйелер арқылы ілкі түркілер мен түркілер Батыс пен Шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбаты себепкер болды.

  5. Қазақтыңарғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефонттыларын алғашқылардың бірі болып енгізді.

  6. Түркілердің әмбебапты дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастықпен келісімдіктіңғ маңызды формасы болды.

  7. «Адам бол» ұстанымы, әлемді жарық деп түсіну адамның көңіл күйіне мән беру , ғарыш және басқа адамдармен үйлесімділікте болу жасы келгендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақ дәстүрлі әдебінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады.

Зерттеушілер қазақ өркениеті тарихын хронологиялық және рухани – ділдік негіздерде қарастыра отырып, төмендегідей топтарды атап өтеді:

  1. сақ кезеңі ;

  2. кейін қазақ құрамына енген тайпалардың мемлекеттік бірлестіктері

  3. ежелгі түркілік кезең

  4. қарахандар мемлекеттігі

  5. қимақ- қыпшақ мемлекеттігі

  6. моңғол кезеңі

  7. моңғол империясының ыдырау кезеңі

  8. қазақ хандығы қалыптасу кезеңі жоңғар басқыншыларымен күресу кезеңі

  9. ресейдің отарлау кезеңі

  10. кеңестік кезең

11) ұлттық интеллегенция мен мемлекеттің қалыптасу кезеңі [86, 6-7 бб.].
Егемендіктің таңы атқан бүгінгі заманда жағдай мүлдем өзгерді. Қазақстандық қоғамдық ғылымдардың қай саласы болса да ең бастысы - әлемдік өркениетпен қатар дамыған қазақстандық өркениеттің әлемге әйгілі болып, ол туралы ғылыми тұжырымдардың нақты мәдени-философиялық қағидаларға айналуын, сондай-ақ қазақ халқының мәдени болмысының әлемдік мәдениетпен ұштасып, біте қайнасып жақындығын және оның мыңдаған жылдарға созылған рухани өзегінің көп өзгерістерге ұшырамай, қасіретті зар замандардың сынынан мүдірмей өткендігін көрсетуге ұмтылуда. Бүгінгі таңдағы философиялық дискурс шеңберінде өркениет дегеніміз әлемдік діндер мен өнер, құқық, мораль жүйесінен орын алып, әмбебап құндылықтардың негізінде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени қауымдастық ретінде түсіндіріледі.
Біз қазақ өркениетінің тарихын, мәдениетін жаңа дүниетанымдық позиция тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарих аясындағы қазақ өркениетінің алатын орнын анықтап, объективті түрде бағалай білуіміз керек. Қазақ мәдениетінің және өркениетінің өзіндік болмысын тану жаһандану кезеңінде егеменді Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі болмақ.
Евразия ұлы дала кеңістігінде орын алған этностардың өркениеттік дәстүрін жалғастырушы қазақ өркениетінің өзіндік болмысы айрықша сипатқа ие. Отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі өмір салты үйлестіре білген түркі мәдениетінің негізінде номадалардың мәдени-дүниетанымдық философиясы жатыр. Қарапайым мысал ретінде Қорқыт ата туралы аңызды алып көрейік. Аңыздың мазмұнына терең үнілсек көшпеліліктен бастау алатындығын көреміз. Себебі, Қорқыт ата болған жерлерді отырықшы адам түсіндіріп бере алмаған болар еді. Өйткені көшпелілерге тән ерекшеліктің өзі осы көшпелі халық болғандығында.
Біздің өмір сүріп отырған өркениет кеңістігін Қазақстандық өркениет деп толық айта аламыз. Біз «өркенің өссін» деп бата алып, соның негізінде тәрбиеленген ұрпақпыз. Біздің алдыға қойған мақсатымыз отандық ұғымдарды жүйелеп, ой елегінен өткізу арқылы халыққа жеткізу. Ең негізгісі басты ұғымдарды анықтау. «Өркен» деген өсу деген мағынаны білдіреді. Демек, сол айтылған тілекке сай болуымыз керек [87].
Өркениет деген мәдениеттің кеңістігі, өркениет мәдениеттің формасы. Кезкелген ұлтта, этноста сол ұлттың өзіне тән мәдениеті болады, яғни мәдениет ол бар нәрсе, ал өркениет болса соның жалғасы іспеттес. Сонда мәдениет дегеніміз процесс, ал өркениет нәтиже.
Қазақстанда өркениет деңгейі қалай? - деген сұраққа оралсақ, бұл күрделі де маңызды мәселе. Бұл тұрғыда бірқатар міндеттерді ашып алуымыз керек, жаһанданудың өркениетке ықпалын көрсетуіміз керек. Елбасымыз «Сындарлы 10 жыл» еңбегінде осы тұрғыда ой тастар орынды ой толғандырып айтады: «Әрбір мәдениет, этнос, әрбір өркениет қаншалықты артта қалғанымен, өзін өзгелермен теңестіруге, өзіндік орнын айқындауға хақылы. Қазақ халқы өзіміздің бай мәдениетімізге, адамгершілік ресурстық мүмкіндіктерімізге табан тіреуіміз қажет. Мәдени мұраның мәнді саласының бірі – дін, қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал ететін қазақтар үшін бір кездері ұмыт болуға айналған бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетіне халықтың бағасын беруге мүмкіндік тудырған биік идеал мен фактор, символ» [78, 2-3 бб.].
Қазір Қазақстанда біртіндеп жаңа өркениет қалыптасып келеді, азаматтық қоғамның нышандары беки түсуде. Өркениеттің өркен жаюына ықпал ететін фактор – ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Қай кезде болмасын заманымыз тыныш болса, халқымыз сауатты өмір салтымен өмір сүрсе, білімді азаматтар мен мықты саясаткерлер көбейсе, кәсіби мамандар мен өркениетті, мәдениетті жас ұрпақтар өссе, Қазақстан болашақта әлемдік деңгейде үлгі етер мемлекет қатарына қосылар деп үміттенемін. Сонымен қатар экономикамыз бен тұрмыс деңгейіміз көтеріліп, рухани кемелденген мемлекетке айналар болсақ нұр емес пе?
А. Тойнби де, О. Шпенглер де түркі халықтарын өркениетсіз халық деп санайды. Олжас Сүлейменов европалық шығыстанушылардың бұл позициясы туралы былай деп әділ көрсетті.: «Досталась от науки кочевникам. Рваные юрты, грязь и нищета ХІХ века произвели такое угнетающее впечатление на европейских ученых, что сама мысль о возможности древнейших культурных контактов степи и Европы казалось кощунственной» [88, 40 б. ].
Ендеше, сөз түркі әлемінің, оның ішінде қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселеге тіреледі. Жалпы, ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Дала өркениеті тиісті салалардан өте алды ма? Әлде А. Тойнби айтқандай, тұрпайы қалпында қалды ма? Қазіргі кезде негізі әлі далалық болып табылатын Шығыс халықта-рының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Батыс Сібір өркениеті деген де бар: «Ежелгі түрік Сібірі шығысқа карағанда батыспен тығыз байланыста болған сияқгы. Оның мәдениеті бұрын болжағанымыздан элдеқайда бай. Байқал жағасында. Ангара мен Лена бойларында ежелгі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері тоқайласып, сол кездің деңгейімен қарағанда қуатты мәдени ошақтары болған. Оларсыз Еуразия тарихын толық түсіну қиын. Табылған археологиялық олжаларға қарағанда, Дон мен Дунайга барар жолдың өзі Байқал өңіріндегі түрік бекіністерінен шыққан» [89, 87 б.]. Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырьнда Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді» [90, 75 б.]. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін біздің дәуірімізге дейінгі ХІ ғасьгрдан бастап, біздің заманымыздың XVIII ғасьгрьна дейін жеткізеді. Ғалымдар көшпенділерді дүниежүзілік өрксниетке қомақты үлес қосты деп есептейді: «нереалъно думать, что в кочевом обществе невозможен технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны и тюрки в частности, изобрели такие вещи, которые ныне вошли в обиход человека как нечто само по себе подразумевающееся. Первое усовершенствование одежды — штаны — сделано еще в глубокой древности. Стремя появилось в центральной Азии между 200 и 400 гг. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках заменилась сначала коляской, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобре-тены изогнутая сабля, вытеснившая прямой меч, и длинный составной лук, метавший стрелы на расстояние до 700 метров. Наконец, қруглая юрта в те времена считалась наиболее совершенным видом жилища» [91, 86 б. ].
«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә. Марғұлан, К. Ақышев, К. Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланып келді. Соңғы жьлдары К. Байпақов Евразия сахарасыңда көшпенділер өркениетінің орнына Дала өркениеті деген ұғымды қолдануды орынды санайды [92, 19 б.].
Ең алдымен «Дала» деген ұғымның басын ашып алу керек. Оны тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Лена, Онон, Керулен, Ертіс, Тобыл, Жайық, Объ, Каспий, Арал, Еділ, Дон, Дунай, Днепр ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Қазақстан жерінде 45000 өзен мен өзен аңғарлары, 85 мың көл бар екен. Осы ұлан- ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
1. Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Европа мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз жолдың торабы. А. Тойнби: « аңдарды үйретіп, қол малы жасауы, өсімдік жинауға үйреніп,оны өсіріп қорек етуден гөрі биігірек өнер, өйткені ол адамның, ақыл – ойы мен ерік- күшін қажет етеді, - дей келіп, - «көшпенділер ат болмағанда мұншама маң даланы бағындырып, керемет қатаң табиғи жағдайда өмір сүре алмас еді, олардың сұңғыла да ұстамды, күшті де төзімді болып келуі сол ат үсті өмірінен» [51, 122 б. ], - деп түйеді.
2.Сайын дала Әму мен сыр бойы арқылы қытай, парсы, үнді, араб өркениеттерімен тоғысты.
3. Сыр мен Әмудария аралығында пайда болған Зәрдеш (зороастр) тәңірлік дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты әлемдік діндердің өзекті қағидаларына негіз болды. Дала өркениетін рухы биік халық жасады. Олар тәңірге табынды. Әлемдік діннің қайсысы болса да сахарада орын алды.
4. Қыр баласы табиғи ортамен толық жарасымды болды. Дала перзенті ешбір шектелу дегенді білмеді, бостандықта өсті, төзімтал, өжет болып өсті. Оларға творчествалық эволюция тән еді.
5. Л. Н. Гумилев, т.б. зерттеушілер «көшпенділер» деген ұғымды абсолюттандырады. Шын мәнінде ұлы сахарадағы халықтың негізгі кәсібі мал бағу болғаны рас. Сонымен бірге ол егін де екті, қолөнерін де дамытты, қала да салды.

    1. Жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарлық дүниетанымды қалыптастырды;

    2. Әскери құрылымның далалық түрін жасады; әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;

    3. Сәулет өнерінің өзіндік дәстүрін қалыптастырды. «Айша бибі, Алаша хан, сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбан, Болғанана, Ботагай мавзолейлері, т.б.)

    4. Дала Гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады.

    5. Мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.

    6. Шаруашылықтың негізі мал өсіру бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.

Бір сөзбен айтсақ атқа қонған көшпенді географиялық кеңістікті игерді, астраномиялық білімге ұмтылды, зат айырбастау, жаудан қорғану мен шабуылға шығу, металл балқытуды игеру, әскери өнерді жетілдіру, атты әскер мен әскери арбаларды қолданып, бұрын- соңды болмаған жеңіске жету – көшпенділерді замананың иесі етті. «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениеттің тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шенінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды. Бір кезде мемлекеттік және аймақтық астана болған Жанкент, Женд, Баршыкент, Сығанақ, Отырар, Яссы, Ордакент, Алып, Заңғарқала, Қуықкескенқала, Құмқала, Алтыасар, Жетіасар, Жалпақасар, Қабылқала, Сеңгірқала, Бестамқала, Сырлытам Суяб, Баласағұн, Исфиджаб, Тараз, Садырқорған, Құлан, Меркі, т.б. қалалар сол заманның көнекөз куәгері. Ендеше Евразиялық сахарадағы көшпенділік дала мен қаланың қоспа құймасы емес пе?
Азияның көне көшпенділері еш жерде қайталанбайтын скиф-сібірлік «аң өрнекті» ғажайып бейнелеу өнерін жасады. Бұл өнерді игерген сақ, үйсін, сармат, ғұн сияқты тайпалардың творчествасында көне Қытайдың, Орта Азияның, Таяу Шығыстың, Грецияның отырықшы халықтарының ықпалы байқалады. Алайда, олар жасаған өнердің болмысы өзгеше, дара ғажайып баға жетпес ұлы өнер еді.
Сайын даладағы көшіп қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық үрдісті жолға қою сал-серілік дәстүр сияқты дала этикасын, менталитетін орнатты [93, 15-17 б.]
Біздің өркениетіміз өте ерте дамыған және ол қала мен даланың синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы үйсін мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген зерттеулер бар. Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан, қырғыз, хазар қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне, Алтын Орда, Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.
Осы арада Дала өркениетінің әлнмдік дамуға қосқан үлесі аз емес.
Тәңірлік дүниетанымды берді; Зердеш (зороастр) дінін таратты. Түркі әлемінің тарихын зерттеушілер түркі-моңғол дінінің тұтас бір көзқарас екендігін, оның пұтқа табынушылықтан, исламнан, Зердеш не маникейлік, ғайсаман (христиан) діндерінен терең болмаса кем емес екендігін көрсетеді. Л.Н. Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен жер арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп мойындайды [94, 135 б.].
Шоқан Уәлиханов тәңірге табынушылықтың тұрақтылығын, ғажайып бейімділігін айта отырып, оның исламға табиғи қосылуын атап көрсетуі көп ой салды. Атақты дат ғалымы В. Томпсон сырын ашқан Орхон жазуы бар таста Білге қағанның гүмбірлеген мына сөздері бар: «Небоподобный, неборожденный...тюркский каган, я ныне сел на царство. Речь мою полностью выслушайте идущие за мной, мои молодежь, союзные мои племена и народы. Когда было сотворено вверху голубое небо, внизу темная земля, между ними обоими были сотворены сыны человеческие. Над сынами человеческими восседали мои предки Бумын каган и Истеми каган. Сев на царство, они устроили племеной союз, так появился тюркский народ. Четыре угла света были им врагами. Выступая с войсками, они покорили все народы, жившые по четырем углам, и принудили их всех к миру. Имеющих головы они заставили склонить голову, имеющих колени они заставили преклонить колени. Мой младший брат, Кюльтегин, скончался, я же заскорбел; зрячие очи мои словно ослепли, вещий разум мой словно потух. Время распределяет небо, сыны человеческие все рождены с тем, чтобы уйти» [94, 150-151 бб.].
Ендеше біздің дала өркениетінің өзіндік төл жазуы барына кімнің дауы бар. Л.Н. Гумилев хұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі (245-250 ж.ж.) Кампучияда болған кезінде хұндардың жазуына ұқсас жазу көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының түпнұсқасы тым алыста жатыр.
Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы» сияқты жырларды орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың, Әбіл жыраудың, Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір жырды 7-10 күннен жырлайды екен [95, 132 б. ]. Сонда 40 жырға 400 күн керек емес пе? Бұл жырлар Гомер жырлаған Илиада мен Одиссей жырларынан несі кем? Түркі тектес халықтардың эпостары не сан! Халқымыздың ауыз әдебиетінің байлығын ұлы Шоқан мақтанышпен жазып, ол халықтың парасаттылығын, дана болмысын, кең мәдени-рухани өрісін, биік өркениеттік тұғырын көрсететінін айтып, европалық менменсінген зерттеушілердің демін басуы осыдан. Сайын далада әуез (музыка) өнері шарықтады. Қазақ хандығы тұсында бес мыңдай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті.
Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда көне түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер қалды. Ал біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген Есік жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті екенін айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді. Д. Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан.
VІ ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс мәдениеті игеріле бастады. С.Г. Кляшторныйдың «VІ ғасырдағы мәдени өрлеудің нәтижесінде ежелгі түрік өркениеті қалыптаса бастады» [94, 287 б. ] деген тұжырымы өркениеттің басы емес, келесі биігіне жеткен кезі десек дұрыс болар еді. Кезінде кеңестік шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті тарихи-мәдени өлкелер қалыптасқанын мойындағанды: еуропалық, араб-исламдық, орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик Н.И. Конрад алғашқы кезде мәдени қарым-қатынаста көне халықтардың мәдениеті үстем болды, ал екінші кезеңде жаңа ортағасырлық әдебиет туындаған кезл\де жас халықтарға кезек тиді, олар ортағасырлық әдебиет жасады- жапондық, жаңа үнділік, жаңа түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, славяндық, романдық, германдық [96, 403 б.], - деп атап көрсетті.Міне, осылай түркі өркениетінің қанат жайып, түркі әдебиетінің өскен кезеңі Түркі қағанатының тұсына келеді. Егер біз Египет өркениеті 6000 жыл бойы дамып, өзін танытты десек, жас түркі өркениеті алда кеткен өркениетті аса жылдамдықпен қуып, баса көктеп өркендеді.
Түркі қағанатының ғажабы – тайпалық томаға тұйықтық көзқарас орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология орнады. Кейін империя құлаған кезде бұл тайпалардың мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу, бірегей саяси-әлеуметтік жүйе, материалдлық мәдениеттің бірегей нормалары сақталды. Сайын даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға қосылатынын білді, осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың бірегейлігі беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы трансконтиненталды трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала мәдениетін қосты.
Соларды тұтастырып мәдениет жасауда жарқын тұлғалардың еңбегінде айтпай кетуге болмас. Әлгі А. Тойнбиіңіз айтқандай прометейлік қамал бұзушылық жеке тұлғаға байланысты. Кезінде Г.Дж. Уэллс ұлы мақсатқа еңбек ететін ойшылдарды «жердің нәрі» дегені белгілі. Бирунидің «Минерологиясы», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Махмұд Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Мұхаммед Қайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашидиі» сияқты туындылар әлемдік өркениеттің қазынасына айналған.
Сол Тойнби өркениетті қиратушы соғыс деп әділ есептейді. Сырқаты бар өркениетті варварлар жаулау арқылы тірілікке ұмтылдырды дей келіп евразияның көшпенділері басқа біреуден алған қару-жарақсыз айдынды қорғаныс соғыстарын да жүргізе алмайтын еді деп санайды. Сөз жоқ, дала өркениетінің халықтары жауынгер болды. Олардың сайын даласына Иран да, Греция да, Ресей де қызықты. Сондықтан ол соғыстардың ішінде әр өркениеттің жүргізген соғысымен, елін-жерін қорғаған табиғи әділ соғыстарда да ашып айту керек.
Дала өркениетінің бір белесі моңғол шапқыншылығы тарихына байланысты. Сөз жоқ, бұл шапқыншылықты Европа варварлардың ісі деп біледі. Ұлы Евразия даласында пайда болған мемлекеттер жаңа мәдени-әлеуметтік тұтастықтың көрінісі болды: «...Түріктер мен татарлар бәр-бәрі Кіндік Азиядан келіп, тарихта елеулі роль атқарды. Көпшілігі олар көшпенді болғандықтан варвар болуға тиіс деп ойлайды, ал бұл қате түсінік» [97, 87 б.]. Моңғолдар сан емес, жауларын сапамен жеңді, онда да тәртіп, ғажайып ұйымшылдықта болды. Әлемді таңдандырған жеңіс Шыңғыс ханның асқан қолбасшылық өнерінің арқасы еді.
Бұл арада Шыңғыс ханның жиһангерлігін емес, өркениеттік дәрежедегі жасампаз қайраткерлігін айту керек. Далалық мемлекет басқару жүйесі сол кезде шыңдала түсті. Моңғолдардың адат заңы ғасырлық халық тәжірибесі үлкен Ясыға – Кодекске айналды. Оған бас қағанның өзі бағынуға тиіс болды. Моңғолдардың Ұлы мәжілісі – Құрылтай хан сайлады, іргелі мәселелерді шешті. Бұл тәртіп империя өз құрамына отырқшы халықты қосып алып, мемлекет көшпелілік сипатын жоғалта бастаған кезде де өзгермеді. М. Аджи Шыңғысханның түбі түркі екендігіне назар аударды [98, 21 б.]. Бұл пікрді кезінде академик В. Бартольд та айтқан-ды. З.В. Тоганның айтуынша Шыңғыстың бабалары өздерін Эргунекуннен шыққан көктүрікпіз деп санаған [99, 50 б. ].
Орыс әскери ғалымы М.Н.Иванин көрсеткендей, Әмір Темір Ұлы Шыңғыстың заңдарын одан әрі дамыта түсті. Моңғол мемлекеттік жүйесі Алтын Орда мен Мәскеу Русінің державалығын шыңдады. Мәскеу мемлекеттігіне самодержавие, орталықтандыру, басыбайлық, почта бекеттері, көлік салығы, халықты жалпылай санақтау, әскери-әкімшілік жүйе, орыстың ақшасы – күміс теңгесі моңғолдар арқылы тарады. Эренжен Хара-Даван моңғолдан сабақ алған орыс елі шашырап жатқан жұртын біріктіріп, Ұлы Мәскеу мемлекеті болып қалыптастыруға әкелді деп санайды.
Басқаша айтқанда, Шыңғыс хан бұл арада ғасырға созылған дала әлемінің тәжірибесін жинақтап, жасампаздық қасиетін танытты. Ендеше, өркениеттің эволюциялық даму барысында болған тарихты даяр қалыпқа бағындырып, қатырып тастамай, салыстырмалы, жүйелі қараған жөн.
Ал сайын даладағы өркениеттің тұтастығы Ресейдің құрамына енген кезде бұзылды. Ол Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтарын жаулап алудан басталды. 35 миллион Ресей мұсылмандарының ұлт-азаттық күресінің өркениеттік мәні бар еді. Олар ұлттық мемлекет үшін, түркі халықтарынң біртұтас мәселелері үшін, діні үшін, тілі үшін күресті. Біздер осы уақытқа дейін жеке-жеке ұлттардың азаттық күресін үзік-үзік алып қарағанда өркениет үшін болған азаматтық соғысының да қадыр-қасиеті төмендейтіні байқағандаймыз.
Қорытып айтсақ Үйсін мемлекеті шығып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде көне түрік өркениеті бой көтерді. Түрік қағанаты – империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған сәтте өркениет өзін әлемге танытты. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет 2500-3000 жылдық тарихы бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі- адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы. Біз тәуелсіз елдің перзенті Отан тарихын мақтан ете аламыз. Қиялымызға серпін, ісімізге екпін, рухымызға қуат берер Отан тарихы - өркениет перзенті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет