Дәріс №7. Дәрістің атауы. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары. (1 сағат. 7 апта)
1 Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас.
2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар.
1.Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру, жетілдіруге көмегін тигізетін жеке сынақ әдісі ел арасына кеңінен мәлім болды.
Жеке сынақ әдісі қандай да бір жаңа заңдылықтар ашудың емес, ой мен идеяны тексерудің сәтті тәжірибеден туған құралы, немесе белгілі заңдылықтарды нақтылаудың тәсілі қызметін атқарады. Яғни бұл әдістің көмегімен халық педагогикасындак бұрыннан белгілі сыни тұрғыда қайта қаралды.
Ал әңгімелер халық педагогикасының дамуындағы ең кең таралған бастаулары болды. Тәрбиешілердің бір-бірімен әңгімелесулері, ата-анамен, тәрбиеленушілердің өздерімен әңгімелер, педагогикалық ойланулар үшін қашанда сыналуына және құнды материалдарын берді.
Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады.
Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,
оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
«Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,
кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.
Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
«Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,
ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.
Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл- Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты» Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен оқу тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жазушы, философ, психолог – ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге бөлек, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.
Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый-құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам — табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан тәңірге табынады., жалбарынады. Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс — ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген, ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы-табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл-күйіне жалғастыра жырға қосқан.
Қарым-қатынас жоғарғы дәрежедегі динамикалық әлеуметтік - психологиялық құбылыс.
Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен қылығымыздың себеп болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді.
Дегенмен, қарым-қатынас біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану көзі ретінде де құнды.
Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік іс-әрекетке де жатады., яғни әсерлі жағдайды туғызатын жайлы, қозғаушы қарым-қатынас.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.
Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар.
Балалар мен жастар ортасында аса тиімді құралдарының келесі бірі –ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторларын көрді. Оның «бала өсірген ата-ана бала болып ойнайды, Бала оқытқан ұстаздар бала болып ойнайды» деді осыдан.
Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық-сайран мен баллар үшін қунаш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар.
Әрбір және кез-келген халықтың педагогикалық мәдениетінде жетілген адам идеясын жүзеге асыруға бейімдеоген өзіндік табыстары бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді.
Халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның негізгі идеяларының, формаларының, құралдырының және т.б.сабақтастығын қамтамасыз етеді. Олар өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан ұрпаққа кеңейіп, байып және түрін өзгертіп ауысып отырады.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен , сенім-нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттрары және әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмір тәжірибесіне сондай-ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды.
Балалар өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниені танып білуіне мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны даусыз мәселе.
Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық — жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу. Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.
Достарыңызбен бөлісу: |