«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет27/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Постмодернизм.  Метафизиканың  логикалық  аяқталуын  Хайдеггерден  кейін                    

Ж. Деррида (1930) жалғастырды. Метафизикаға сынмен қарап, ол сонымен бірге Ницше мен 

Фрейдтің  ілімдерін  дамытады.  Осы  ойшылдар  сияқты  Дерриданың  метафизикаға  сыны  бір 

уақытта  барлық  батыс  ойларына  сын  болып  табылады.  Деррида  іштен  «деконструкция» 

көмегімен  сынауға  тырысады.  Деконструкция  –  мәтінге  деген  қатынаста  ерекше  стратегия, 

ол 


өзіне 

оның 


«деконструкциясын» 

және 


оның 

реконструкциясын 

қосады. 

Деконструкцияның бастамасы – ол мәтіннен тыс болмау мүмкінсіздігі. Зерттеушінің мәтінге 

әрбір  интерпретациясы  мен  сыны  болмайтын  болып  саналады.  Деррида  мәтін  немесе  хат 

ұғымын  кеңейткенде  соңында  тіл  және  барлығы  «жазу»  болып  түсіндіріледі.  Ол  бұл 

кеңейтуді мәтінді және «жазуды» іс әрекет ретінде интерпретациялай отырып жасайды, яғни 

анықтайды және бөледі. Дерриданың ойынша метафизиканың басты қателігі ол үнемі негізді 

іздейді  және  оны  тіршіліктен  табады.  Хайдеггерге  сүйене  отырып,  Деррида  осында  негізді 

іздеудің  нәтижесіздігін  көрсетуге  тырысады.  Дүниеде  бұл  мағынада  негіз  болмайды. 

«Болмыс» формасында «қатыстылықтың» негізін іздеу, қарастыру пайдасыз. 

Осы  аспектіде  «жазу»,  «айырмашылықты»  сипаттайды.  Жазу  жаңа  айырмашылықтар 

арасындағы  үздіксіз  сайыс  болса  пайда  болады.  Бұл  ашық  сайыста  «басқа»  үнемі  негізгі 

орында  болады.  Мәтінді  «деконструкциялау»  идеясы  әдеби  сыншылдар  арасында  кең 

тарады. Постмодернизм термині «постструктурализм» терминінің аналогымен пайда болды. 

Мишель Фуко (1926-1984) өзінің «Сөз және заттар» (1966) еңбегі арқасында көпшілікке 

белгілі болды. Онда мына құрылымдық көзқарас қорғалады: адам - әлеуметтік конструкция. 

Өзінің өзіндік негізіндегі шындығы – ол құрылымдар. Леви – Стросспен бірге Фуко адамды 

автономды  индивид  ретінде  түсіндіретін  теорияларға  сын  айтады.  Фуко    «гуманитарлық 

ғылымдардың  археологиясын»,  яғни  осы  дәуірдің  негізгі  құрылымдық  байланыстарын 

іздейді. Ол осы дәуірге тән ойлауды, іс-әрекетінде анықтайтын детерминантын құрылымды 

эпистема деп атады. Фуконың «археологиялық» зерттеулерінің сипаты оның жұмыстарының 

терең  ғылыми  формасына  қарамастан  практикалық  (саяси)  негізде  болатындығы.  Негізі 



45 

 

бойынша  Фуко  қоғамдық  маргиналдар  гомосексуалистер,  тұтқындар,  «психикасы  дұрыс 



емес адамдар» т.б. жақтарында табылады. 

Ричард  Рорти  (1931)  аналитикалық  философияны  зерттеді.  Ол  эпистемология  үшін 

дәстүрлі субъект пен объектінің айырмашылығын сынға алады. Сонымен қатар ол ақиқат ой 

мен зат арасындағы өзара бір қатынас ретіндегі идеяны сынға алады. Оның ұстанған жауабы 

прагматикалық  сипатта,  ақиқат  идеясының  пайдалылығын  көрсетеді.  Ол  сол  уақытта  да  ой 

спецификалық  контекстте  үнемі  «ситуацияланғандығын»  атап  көрсетеді.  Рорти  осылайша 

контекстуалист  болып  табылады.  Прагматизм  мен  контекстуализм  бірге  алынып  Рортиді 

саяси  дәстүрді  философиядан  гөрі  жоғарырақ  қоюға  әкеледі.  Солтүстік  Америкадағы  оның 

аумағына  байланысты  ол  либералды  және  демократиялық  дәстүрлерді  жақтайды.  Оның 

«контексті»  анық  базистік  құндылықтарды  және  пайдалыны  анықтайды.  Сонымен  бірге 

Рорти  бұл  құндылықтарды  философиялық  аргументтер  көмегімен  негіздеуге  тырыспайды. 

Оның ойынша әрбір философиялық аргументация мүмкін емес. Классикалық аналитикалық 

философиядан  контекстуализмге өткенде, Рорти философиядан саяси мәдениеттің жоғарғы 

екендігіне келеді. 

Рорти 

аналитикалық 



философияның 

бұрынғы 


жақтаушысы 

ретінде 


деконструктивистердің  жұмыстарының  әдістерін,  позицияларын  жақтайды.  Рортидің 

ойынша  философиялық  мәтіндердің  әдеби  мәтіндерден  артықшылығы  жоқ.  Оларды  оқу 

қызықты,  олар  бізге  позицияларды  және  көріністерді  ашады,  бірақ  ақиқаттылыққа  немесе 

жалпыға қажеттілікті көрсетпейді. 

Соңында  Рортидің  еркешелігі  ол  жеке  және  көпшілік  аумақтарына  шек  қояды.  Жеке 

адам  ретінде  ол  ұлы  классиктерді  оқу  барысында  білім  алады  және  осыған  байланысты 

білімді  тұлға  болып  табылады.  Қоғамның  ұйымдасуы  барысында  ол  көпшілік  сфераны 

айтады.  Бұл  жерде  Рорти  либералды  қоғамның  жақтасы.  Ницше  мен  Хайдеггерді  оқығанда 

ол олардың талаптарына ирониямен қарайды. Саяси адам ретінде ол Ницше мен Хайдеггер 

типтес  филсофтарды  қауіпті  ретінде  қарастырады.  Ол  саясатта  ашық  және  ағартушы 

либералды 

қоғамның 

жақтасы 

болып 


табылады. 

Сондықтан 

ол 

француз 


деконструктивистерін  өмір  философиясын  саясатпен  араластырғаны  үшін  сынға  алады. 

(Деррида  және  Фуко).    Саясатта  философияға  негізделген  радикальды  сыншылдардың 

жақтасы емес, үнемі либерал болуы керек.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет