2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани,
1. Тарих философиядағы адам мәселесі.
2. Философиядағы тұлға мәселесі.
табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін
ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің
негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге
заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен
еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен
мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып,
философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры,
48
өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/ мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі,
адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты
философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды.
Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық
процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі
идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының философиялық негіз
етіп алады.
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла
бастады. Бұл туралы біздің заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни
түсініктер мәлімет берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы
қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған
философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам
туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды.
Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар мен құдайлар арасындағы шекара шартты және
өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке
ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан
зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін
тигізді.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең
көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде
“аспан” концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек
табиғат бөлігі ғана емес, жоғарғы рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясы негізін
аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни
антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне
назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам
мораль заңына - даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде
жетілдіру тиіс деп жазады. Оқытудың мақсаты Конфуций концепциясына сай “идеалды
Достарыңызбен бөлісу: