Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. Саяси еркіндік. Ұлттық



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
 
55.Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. Саяси еркіндік. Ұлттық 
еркіндік.
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай 
әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекеттерінің объективті 
жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және 
салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік 
топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын 
игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік 
дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. 
Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының 
қуатты қозғаушы күші болып табылады. Саяси еркіндік - мемлекет конституңиясы 
кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде 
еркін саяси үрдістерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқығы, сөз, 
ақпарат алу бостандығы, еркін, тең, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар 
құру, азаматтардың өз мақсат-мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады. 
Саяси еркіндіктер БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған 
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Деклараңиясында толық қарастырылған. 
 
56.Абайдың «толық адам» концепциясы.
Абай халқымыздың ұлы ұстазы, тәлімгер педагогы. Оның өлеңдері мен 
қара сөздерінің ең басты объектісі — адам, басты мақсаты — адам 
тәрбиесі. Ғалым Мекемтас Мырзахметовтің зерттеуінше, адам болғанда 
да «өзі үшін оттаған хайуанның» бірі емес, адамдар үшін еңбек ететін, 
«ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын» жан – жақты жетілген адам. 
Абайша айтқанда, «толық адам». Ал «толық адам», «жетілген адам» 
дегендердің мағынасы – терең философиялық ұғымдар. Абайдың 
мұраты – адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы 
қоғамды жетілдіру, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер 


қатарына қосу. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, 
адам атына терең мән беріп, жоғары талап қойған Абай өз 
шығармаларында адамның жаратылысы мен өсіп - жетілуін, адам болу 
жолы мен адамдықтан шығатын жаман істерді атап көрсетеді. 
«Толық адам» бейнесін көрсететін, дәлірек жеткізетін басты өлеңдерінің 
бірі – «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі. Абайдың 1898 жылы 
жазған өлеңдерінің бірі. Тақырыбы: Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі. Идеясы: 
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған» адам ғана «толық адам» бола 
алады. «Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек». 
Бұл жерде жүрек – қағылез, сергек сезімде, ал қайрат – байсалды 
сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Тәрбиелілігі: 
Қазіргі кезде біреу жүрекке бағынса, біреуі ақылға бағынса, біреуі 
қайраттың жетегінде кетеді. Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі ғана адамды 
«толық» етеді. Ақын бұл өлеңінде ақылды бәрінен бұрын қойған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет