Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі



Pdf көрінісі
бет44/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
 
51.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі 
(Б.Спиноза).
Әлемдік философияда еркіндік мәселесі көне грек ойшылдарының 
идеяларында көрініс тапты. Қоғамда адамдардың еркін және еркіндігі 
жоқтарға бөлінуіне байланысты еркіндік антика философиясында мәселе 
ретінде қойыла бастады. Бұл мәселені алғаш философия тарихында 
Сократ көтерген болатын. Әрі қарай өрбіткендер Платон, Эпикур, 
стоиктер және т. б. болды. Орта ғасырларда болса, ерік бостандығы 
ретінде философия мен теологияда еркіндік мәселесін шешуге 
талпыныстар жасалынды. 
Бұл әсіресе христиан дінінің үстемдік етуімен байланысты. Ондағы негізгі 
идея адамның «күнә мен күнәдан құтылу» жолдарын таңдауы болды. Бұл 
мәселеде философтар ғана емес теологтар да бір шешімге келген жоқ. 
Соңында екі негізгі бағыттағылар арасында күрес басталды. Еркіндіктің 
алдын ала Құдаймен анықталып қойылатындығын жақтаушылардың ең 
көрнекті өкілі Августин болды. Орта ғасырдағы ұлы христиан ойшылы 
ақыл мен еріктің айырмашылығын адамның Құдай алдындағы 
күнәһарлығы еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан тайқуынан көреді. 
Екінші бағытқа ерік бостандығын дәріптеуші Фома Аквинскийдің ілімін 
жатқызуға болады. Ал қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары еркіндікті 
адамның кедергісіз жан - жақты даму ретінде түсіне отырып, оны жоғарғы 
адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді. Мұндай түсінік Дж. Бруно, Пико 
делла Мирандола, М. Монтень еңбектерінде байқалады. 
Жаңа Заманда капитализмнің орнығуымен еркіндік өзекті мәселеге 
айналды. Еркіндік мәселесі жайында Декарт пен Спиноза, Гоббс пен 
Руссо, Локк пен Юм сияқты ойшылдар өз көзқарастарын қалыптастырған 
болатын. 


Осы ойшылдардың ізденістерінің өзіндік бір қорытындысындай және 
батыстық мәдениеттегі еркіндік мәселесін шешуде өзіндік үлгі 
қалыптастырған неміс классикалық философиясы деуімізге болады. 
Неміс классикалық философиясының өкілдері И. Кант, Г. В. Ф. Гегель, Л. 
Фейербах, И. Г. Фихте, В. И. Шеллинг еркіндік мәселесін ерекше деңгейге 
көтере отырып, оны онтологиялық, этикалық, әлеуметтік - психологиялық 
тұрғыдан қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет