Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд



Pdf көрінісі
бет46/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
 
53.Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд 
(А.Камю).
Жауапкершілік пен
еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия
тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан
қарастырылып келді. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің
маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама,
тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып
жүр. Анықтамасы бойынша: «Жауапкершілік – этика және құқық саласымен
байланысқан, ерекше, әлеуметтік және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға,


адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталына- 
ды».
Анықтамада көрсетілгендей, 
шындығында
, қазіргі кезде жауапкершілік
этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз
сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жанжақты деп
айту қиын, себебі, адам онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі
маңызды көрінісі – еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік –
еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз 
байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады. 
Адам о 
 
баста табиғатпен туылса да, оған берілген еркіндік пен жауапкершілік, оны
айналадағы болмысты зерттеп, тануға қызықтырады. Сондықтан бұларды
иеленгендер қашанда белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы
әрекеттене отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін көрсету мүмкіндігіне ие
болады. Олар өз еркімен әрекет етіп, ойлай алатын мүмкіндіктен тұрады.
Объективті әлемде біз өзімізден басқа бар нәрсені көрмейміз, тек,
өзіміздің еркін әрекетіміздің ішкі шектелуін ғана байқаймыз. Еркіндік үшін
алғышарт қажет, адам өз әрекетінде еркін, соңғы нәтижесінде қажеттілікке
тәуелді. Адам еркіндігі мәселесі қазіргі таңда саяси және рухани өмірдің
орталығында тұр, оған жету деңгейі қазіргі қоғаммен, оның жалпы мәдени
дамуы демократиялығымен анықталады және өркениеттілігінің негізгі
критерийі болып табылады.
Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, 
адамдар өз 
 
әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те,
жауапкершілік те абсолютті үғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итерме- 
лейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру,
тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады,
сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік
мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа
да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропо- 
логия, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану,
этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз.
Бұл категориялар адамзат 
дамуының әрбір кезеңінде
, әр дәуірдің
философтары, әлеуметтанушылары болсын, тіпті христиандық, ислам және
буддизм дінінің өзі еркіндік мәселесіне өзінше қарап, өздігінше тұжырым
жасаған, алайда мәселе күрделілігінің салдарынан толық шешілмеген және
бұл ұғымдардың өзара байланысының әлеуметтік-философиялық, діни- 
этикалық аспектілері жайлы зерттеу жоқ, сондықтан біз осы мәселені көтеріп
отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет