“Утопия”деген еңбегінде демократиялық басқаруға,
тепе- теңдікке негізделген
утопиялық мемлекетті сипаттайды. Мордың айтуынша, беймәлім аралда әділетті
қоғам орнатылған. Онда бай да, кедей де жоқ. Меншіктің түрі - қоғамдық ортақ
меншік. Еңбек нәтижелері тең бөліске түседі. Алайда, Мор ортағасырлық қол
еңбегінен басқа жұмыстың түрін білмеді. Сондықтан да оның "Утопиясы"
қарабайыр, өнімсіз еңбекке негізделген қоғамды дәріптеген болып шығады.
Әрине, Морды болашақ техникалық дамуды болжап біле алмады деп кінәлауға
болмайды. Оның қияли социализмі еңбекші халық үшін
тек арман болып қалған
тоқшылыққа негізделген әдетті қоғам құруды уағыздайды, ол
сонысымен
ерекшеленеді. Мордың жолын қуған Т. Кампанелла 1599 жылы Испания
үстемдігіне қарсы көтерілген халықтың
көсемі ретінде ұсталып, абақтыға
жабылған. 27 жыл бойы бас еркіндігінен айырылған Кампанелла барлық жазаның
түріне көндікті де, мойымады да. Ол абақтыда өзінің атақты "Күн қаласын"
жазды. Кітаптың идеялары итальян еңбекшілерінің жағдайын қайткен күнде
жақсартуға болады деген арманнан туғаны ақиқат. Өзінің мазмұны жағынан "Күн
қаласы" Мордың "Утопиясына" өте ұқсас, негізгі идеялары бір-бірімен сәйкес.
Екі кітапта да
қарапайым қол еңбегіне, қоғамдық ортақ меншікке,
тең бөліске
негізделген ортағасырлық шаруалардың арманы болған қоңыржай тірлік
суреттеледі. Екі кітапта да қорғаныс мәселесіне көп көңіл бөлінеді.Т.Кампанелла
“Күн қаласы” деген еңбегінде жеке меншік жойылған
қоғамдық меншік еңбекті
тең бөлісу т.б.мәселелерді қозғайды. Адамзаттың бірлігі мен игілігін
армандайды.
Достарыңызбен бөлісу: