Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
                      
                                                  1
 К І Р І С П Е
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ  
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ЭСТЕТИКАСЫНЫҢ 
ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Алматы
 2014


        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ӘӨЖ 17
КБЖ 87.8
Қ 17
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының 
Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
Жалпы редакцияны басқарған:
З.К. Шәукенова, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор
С.Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор 
Ұжымдық монография «Қазақтардың эстетикалық танымының 
құндылықтық-мағыналық негіздері» ҒЗЖ (20122014 жж.) 
нәтижелері бойынша дайындалды
Пікір жазғандар:
Т.Х. Ғабитов, философия ғылымдарының докторы, профессор
З.Н. Сәрсенбаева, философия ғылымдарының докторы
А. Сағиқызыфилософия ғылымдарының докторы, доцент
Авторлық ұжым:
Сатершинов  Б.М.,  философия  ғылымдарының  докторы,  доцент  (автор-
лық  ұжымның  жетекшісі)  (кіріспе,  1.1;  3.1;  қорытынды);  Жолмұхамедова  Н.Х., 
философия  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  (1.2;  1.3;  2.1);  Аташ  Б.М., 
философия ғылымдарының докторы, Әлжан Қ.Ұ., философия ғылымдарының 
кандидаты,  доцент  (2.2;  2.3);  Ошақбаева  Ж.Б.,  философия  ғылымдарының 
кандидаты  (3.2;  3.3);  Әбішев  Қ.Ә.,  философия  ғылымдарының  докторы, 
профессор (3.3); Мейірманов А.Д. (4.1; 4.2). 
Қ 17  Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері. Ұжымдық 
монография / Жалпы ред. басқ. З.К. Шәукенова, С.Е. Нұрмұратов. – Алматы: 
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014.  – 234 б.
ISBN – 978-601-304-029-5
Ұжымдық монографияда қазақ халқының эстетикалық санасы мен таны-
мының құндылықтық-мағыналық негіздері тарихи-философиялық және аксио-
логиялық  қырынан  қарастырылады.  Авторлар  эстетикалық  мәдениет  пен 
халықтың көркем мәдениетін ұғымдық және тұғырнамалық тұрғыда сараптай 
отырып,  көшпелі  өркениетке  негізделген  қазақ  халқының  эстетикалық  дәстү-
рін  рухани  сабақтастықта  пайымдайды.  Сондай-ақ  қазақтардың  діни  және 
мәдени  құндылықтарының  эстетикалық  мән-мағынасы  семиотиканың  осы 
заманғы парадигмасы аясында айқындалады.
Кітап қазақ мәдениеті мен эстетикасы қызықтыратын мамандар мен жал-
пы оқырмандарға, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқыту-
шылары мен студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналады. 
       ӘӨЖ 17
       КБЖ 87.8
ISBN – 978-601-304-029-5 
              © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
                                                                            және дінтану институты, 2014

 
 
 
                      
                                                  3
 К І Р І С П Е
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.................................................................................................................. 4
1  ЭСТЕТИКАЛЫҚ САНА МЕН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫ 
ҰҒЫМДЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Эстетикалық сана мен эстетикалық мәдениетті зерттеудің 
тұғырнамалық-әдіснамалық  негіздері.................................................... 10
1.2 Эстетикалық сананың генезисі: 
әлеуметтік-философиялық талдау........................................................... 17
1.3 Эстетикалық таным және өнер философиясы...................................... 44
2  ЭТНОЭСТЕТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТІ
2.1 Этноэстетика және әлемді көркем игерудің ұлттық бейнелері........ 60
2.2 Ұлттық дүниетанымдағы эстетикалық пайымдаудың 
категориялық концепттік негіздері.......................................................... 77
2.3 Этноэстетика және ұлттың әлемді көркемдік 
игеру экспликациясы................................................................................... 87
3  ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙ САБАҚТАСТЫҒЫ 
3.1 Көшпенділік әлемі және болмысты эстетикалық игеру..................... 98
3.2 Дәстүрлі қазақ әдебиеті мен өнерінің эстетикалық 
және экзистенциалдық қырлары.............................................................. 108
3.3 Қазақ мәдениетінің трансформациясы 
және Мағжан Жұмабаевтың эстетикалық көзқарасы.......................... 148
4  ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАСЫ 
4.1 Қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын рәміздік 
және құндылықтық пайымдау.................................................................. 160
4.2 Қазақтың діни-мәдени мұрасын көркемдік-эстетикалық 
және символдық тұрғыдан талдау............................................................ 189
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 215
ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................................................ 228
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институты туралы мәлімет................................................................................ 228
Информация об Институте философии, политологии 
и религиоведения Комитета науки Министерства образования 
и науки Республики Казахстан......................................................................... 230
Information about the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies of Committee Science of the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan................................ 232


        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
КІРІСПЕ
Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл ұжымдық еңбек 
«Қазақтың  эстетикалық  танымының  құндылықтық-мағыналық 
негіздері» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасының нәтижесі 
болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің  2012–2014  жылдарға  арналған  гранттық  қар-
жыландыру  шеңберінде  «Елдің  зияткерлік  әлеуеті»  басымдығы, 
оның ішінде «Қоғамдық-саяси ғылымдар саласындағы іргелі және 
қолданбалы зерттеулер» бойынша орындалып отыр. 
Зерттеудің  мақсаты  –  қазақ  халқының  эстетикалық  дүние-
танымының  мазмұны  мен  құндылықтық-мағыналық  негіздерін 
дәстүр мен жаңашылдық арақатынасында философиялық талдау 
және кешенді зерттеу. Осы мақсатқа сай оның мынадай міндеттері 
туындайды: эстетика пәні мен ғылымының, эстетикалық таным-
ның – эстетикалық сезімнің, талғамның және идеалдарының мән-
мағынасы мен мазмұнын анықтаудың негізінде этноэстетикалық 
мәдениеттің  құрылымын  айқындау;  қазақ  халқы  эстетикалық 
танымының  дәстүрлі  және  қазіргі  өзгешеліктерін  рухани  сабақ-
тастық қырларында тарихи философиялық тұрғыда талдау және 
дәстүрлі  қазақ  мәдениеті  мен  дүниетанымында,  әдебиеті  мен 
өне-рінде  әлемді  көркемдік  игерудің  ерекшеліктерін  пайымдау; 
қазақтардың  этноэкологиялық  эстетикасының  философиялық, 
антропологиялық, экзистенциалдық, құндылықтық, көркем және 
қолданбалы қырларын зерделеу; қазақ халқының дүниені эстети-
калық  және  көркем  қабылдауының  құндылықтық-мағыналық 
және  рәміздік  негіздерін  ретроспектива  және  перспектива  тұр-
ғысында семиотикалық негізде тұжырымдау. 
Жалпы бүгінгі күні философиялық-эстетикалық өзгеріс пен 
танымға деген әдіснамалық қатынастың белгілі бір типін қалып-
тастыратын  әдіснамалық  ойлаудың  жаңа  дағдысы  бекітілуде. 
Өзінің мазмұны жағынан бұл жол нақты эстетикалық және фило-
софиялық  білімдерді  біріктіреді.  Алайда  қазіргі  эстетикалық 
теорияның  қатаң  ғылыми  категориялары,  ұстындары  мен 

 
 
 
                      
                                                  5
 К І Р І С П Е
заңдары  аясында  «әлемнің  кескіні»  ұғымын  түсіндіруде  қиын 
әрі  күрделі  жағдайларға  тап  келеміз.  Әлемнің  биологиялық, 
физикалық,  философиялық  бейнелерімен  қатар,  оның  сезімдік-
кеңістіктік,  рухани-мәдени,  метафизикалық  кескіндерін  бөліп 
қарастыруға болады. Сонымен бір мезгілде әлемнің үлгісі дүние 
туралы барлық көзқарастардың жүйелі түрде қысқартылған және 
қарапайым  түрде,  сондай-ақ  жекелеген  ұлттық  өзіндік  санаға 
тән  негізгі  семантикалық  қарама-қарсылықтардың  (бинарлық 
оппозицияның) жиынтығы ретінде сипаттала алады. 
Ұлттық өзіндік сана – бұл халықтың өзінің әлеуметтік-этностық 
мәнін  сезінуін,  өзінің  адамзат  тарихында  нақты  рөл  ойнағанын 
және  ойнайтынын,  оның  жалпыадамзаттық  өркениетке  қосқан 
үлесінің  қаншалықты  екендігін  аңғаруын  білдіреді.  Бұл  өзінің 
еркін, тәуелсіз өмір сүруге деген табиғи әрі тарихи құқығын па-
йымдауды білдіреді. Этнос өзімен және өзіне тиесілі нәрселермен, 
қоршаған  ортамен  рухани  үйлесімділікке  ие  болу  қажеттілігіне 
сәйкес өзінің мәдениетін құрады. Басқаша айтқанда, өзінің көр-
кемдік және эстетикалық өлшемдеріндегі ұлттық мәдениет – бұл 
адамның қабылдаған және игерген ғалам мен ғарыштың бейнелі 
үлгісі, адамданған әлем және оның тарихи өмір сүру ортасы. 
Адам  болмысының  құндылықтарын  зерттеудің  ғылымдағы 
парадигмалары әдетте мынадай редукционизмге келіп тіреледі: 
құндылықтарда  индивидуумның  қандай  да  бір  қыры  (экономи-
калық,  тәндік,  әлеуметтік,  саяси,  көркем  және  т.  б.)  ұлғайып, 
қалғандарының содан туындатылатын жағдайындағы не болмаса 
көркем құндылықтарды аксиологиялық талдау жалпы кестелерге 
саятын абстрактылы теорияландырумен, жасанды әмбебаптарды, 
жаңа  мифтерді  құрастырумен  шектеледі  және  сонымен  бір  ме-
зетте  эстетикалық  құндылықтардың  нақты  алуан  түрлілігі  эт-
нос  пен  тұлға  деңгейіне  дейін  төмен  түседі.  Қазақ  мәдениетінің 
эстетикалық және көркем құндылықтарының теориясын жасақ-
тау бейнелі шығармашылықтың жолдарын, оның рухани мұқтаж-
дықтармен байланысын біздің түсінуімізді кеңейтіп қана қоймай, 
әдебиет пен өнер құбылыстарын бағалаудың өлшемдерін байы-
тады,  Қазақстан  дамуының  мәдени  парадигмасын  жасақтауға, 
жалпыұлттық басымдылықтарды бекітуге үлес қосады. 
Ұлттық  эстетикалық  мәдениеттердің  төлтумалылығы 
дүниені  бейнелі  қабылдау  мен  қиялдың,  ұлттық  эстетикалық 
сананың  ерекшеліктерімен  анықталады.  Бұл  мәдениеттердің 


        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
өзгешеліктерінің көрінісі сол этностың қалыптасу ерекшелігінен 
туындайтын этнопсихология дамуының әлеуметтік-тарихи шарт-
тарының  нәтижесі  болып  табылады.  Бұл  тұста  көп  нәрсе  өмір-
қамының жағдайларға, табиғи шарттарға, еңбек пен тұрмыстың 
нақты қалыптарына, сондай-ақ көркем және рухани әрекетке бай-
ланысты болып келеді. 
Қазақ  халқының  рухани  мәдениетін  аксиологиялық  талдау 
оның этностық бірлік ретіндегі өмірінің ерекшеліктерін түсінуге 
мүмкіндік береді. Ұлттық көркемдік сананы анықтаудағы, «этнос-
тың  рухани  мәдениеті»,  «халықтың  эстетикалық  мәдениеті» 
ұғымдарының мазмұнын ашудағы көптеген әдіс-тәсілдердің болуы 
бұл тақырыптың аяғына дейін айқындалып бітпегенін көрсетеді. 
Диахронды қырымен қатар, өз дамуындағы басымдылықтары мен 
келешектерін  ескере  отырып  синхронды  қырында  қазақ  халқы-
ның  эстетикалық  танымының  мәселелерін  одан  әрі  филосо-
фиялық  және  мәдениеттанулық  зерделеудің  қажеттілігі  айқын 
сезіліп отыр. 
Қазақстан  Республикасындағы  қазіргі  көркем  үдерістер 
ерекше  қызығушылық  туғызады,  оларды  аксиологиялық  тал-
дау  өтпелі  қоғам  мен  жаһандану  жағдайындағы  эстетикалық 
сана  дамуының  негізгі  үрдістері  мен  әлеуметтік-мәдени  заңды-
лықтарын  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Бұқаралық  мәдениет 
артефактілерінің  батыстандырушы  ағымы,  ұлттық  мәдениеттің 
болмыстық  негіздерінің  шайқалып  маргиналдануы  қазіргі 
қоғамдағы  қазақ  халқының  көркем  мәдениетінің  шынайы 
құндылықтарын  сақтап  қалу  мәселесін  алға  тартады.  Мәселе 
батыстық  мәдениет  өнімдерін  үстірт  тұтынуға  бағдарланған 
және кейінгі кеңестік елдердің босап қалған кеңістігін толтырып 
үлгірген  төмен  сапалы  батыстық  мәдениет  өнімдерінің  үздіксіз 
ағылуымен ушығып отыр.
Қазіргі әлемдегі руханилыққа деген зәрулік этноэстетиканың 
тарихи тәжірибесін күн тәртібіне шығарады, ұлттық сананың қой-
науына  сүңгіп,  ретроспективалық  өткен  шақ  тағылымын  бүгінгі 
күн мен таяу перспективада қолданудың мүмкіндігін іздестіруге 
итермелейді. Бұл тұрғыдан алғанда, бұл ғылыми-зерттеу бағыты 
осы сұранысты өтеуге ұмтылады.Оны іске асырудың нәтижелері 
қазіргі  тәуелсіз  Қазақстанның  орнықты  дамуының  негізі  ретінде 
руханилықтың  қалыптасуына  да,  өрбуіне  де  дүниетанымдық 
септігін  тигізе  алады.  Сондай-ақ,  қазіргі  жағдайда  әлемдік 

 
 
 
                      
                                                  7
 К І Р І С П Е
қауымдастыққа  ене  отырып,  қоғамның  рухани  дамуының  сара 
жолын  дербес  таңдау  мақсатында  ұлттық  мәдениетті  жаңғырту 
үшін  тарихтың  тағылымдары  мен  сабақтарын  ой  елегінен  жаңа 
деңгейде  өткізуге  жағдай  туғызады.  Ел  ертеңі  –  жастардың  бо-
йында  нәзік  эстетикалық  талғам  мен  талаптың  қалыптасуына 
теориялық, құндылықтық бағдар ретінде қызмет етеді.
Тақырыптың  зерттелу  деңгейіне  келер  болсақ,  көршілес  Ре-
сейде  эстетика  мен  эстетикалық  сана  мәселелері  құндылықтық, 
әлеуметтанулық,  функционалдық  және  т.  б.  қырларынан  зерде-
ленді  [1–5].  Ал  алыс  шетелдік  зерттеулерден  [6–7]  бізді  эстети-
ка  мен  дін  арақатынасы  мәселесі  қызықтырды.  Қазақ  халқының 
эстетикалық  мәдениетінің  дәстүрлі  құндылықтары  мәселелері 
қазақстандық әдебиеттанушылардың, өнертанушылардың, эстет-
тер  мен  мәдениеттанушылардың,  философтардың  және  басқа 
да  гуманитарлық  білім  саласы  мамандарының  жұмыстарында 
зерделенді [8–25]. Алайда қазақтардың эстетикалық танымының 
құндылықтық-мағыналық  қырлары  аз  зерттелген  сала  деп 
топшылауға болады. 
Тақырыптың  зерттелу  деңгейін  тарқатып  айтар  болсақ, 
эстетикалық сана мен эстетикалық әрекет шетелдік және отандық 
ғылымда  біршама  зерттелген.  Бұл  тақырыптың  талдануына  Ре-
сейде мына төмендегі ғалым-зерттеушілер үлкен үлестерін қосты: 
М.М. Бахтин, Ю.Б. Борев, В.В. Давыдов, А.Г. Егоров, М.С. Каган, 
И. Коган, Н.А. Кормин, А.Ф. Лосев, В.П. Матюхин, М.Ф. Овсянни-
ков, А.В. Сагадеев, Б.Ф. Сикорский, В.И. Толстых, В.П. Шестаков, 
Б.Г. Яковлев және басқалары. 
Тұлғаның  эстетикалық  мәдениетін  (М.Р.  Каган,  А.Н.  Буев, 
А.Г. Егоров, О.В. Лармин және т. б.), рухани мәдениетін (А.И. Ар-
нольдов,  Э.А.  Баллер,  В.А.  Межуев,  П.Н.  Федосеев,  Ю.У.  Фохт-
Бабушкин,  И.Т.  Фролов  және  т.  б.)  қалыптастыру  мәселелері 
шетелдік  бірқатар  ғалымдардың  еңбектерінде  әдіснамалық 
тұрғыда  қарастырылады.  Қазіргі  ғылыми  ізденістерде  де 
тұлғаның  эстетикалық-адамгершілігін  қалыптастыру  процесін 
зерттеуге қызығушылық артып, эстетикалық және адамгершілік 
мәдениетінің  мәніне,  мазмұнына,  құрылымына  түсінік  беруде 
әртүрлі көзқарастар пайда болуда (Л.В. Алехина, Н.Л. Аринина, 
О.А. Зорова, Н.Б.Крылова, В.П. Матюхин, Л.П. Печко және т. б.). 
Олардың  көзқарастары  бүгінгі  таңдағы  бірқатар  ғалымдардың 
(Г.С. Батищев, А.А. Бодалев, А.И. Бурова, В.В. Давыдов, И.А. Зя-


        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
зюн,  Е.В.  Квятковский,  А.Н.  Леонтьев,  Д.С.  Лихачев  және  т.  б.) 
тұлғаны  тәрбиелеу,  білім  беру  және  дамытудағы  ұсынылған 
тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Қазақ  халқының  эстетикалық,  көркемдік  мәдениет,  рухани-
дүниетанымдық  мәдениет,  оның  өзіндік  ұлттық  психологиялық 
ерекшеліктері, мазмұндық сипаты философтар мен мәдениетта-
нушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерінде жан-
жақты көрініс табады (Б. Қазыханова, Қ. Нұрланова, Н. Шаханова,
 К. Қаракөзова, А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Ж. Алтаев, Н. Джандиль-
дин, А. Сейдімбек, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Бөлеев және т. б.). 
Бұл тұрғыдан алғанда, алғашқы салмақты еңбектердің қатарына 
Б.Р.  Қазыханованың  «Қазақ  халқының  эстетикалық  мәдениеті» 
(Алма-Ата,  1973,  232  б.)  жатады,  онда  қазақ  өнері  түрлері  мен 
жанрларының  қалыптасуы  мен  дамуы,  олардың  халықтың 
эстетикалық мәдениетінде көрініс табуы талданады. 
Эстетикалық  мәдениеттің  дәстүрлі  құндылықтары  Қ.Ш.  Нұр-
ланованың  «Қазақ  халқының  көркем  мәдениетінің  эстетикасы» 
(Алма-Ата,  1987,  174  б.)  деп  аталатын  монографиясында  зерде-
ленеді, онда автор көркем мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының 
негізгі мәселелерін ашуға тырысады, қазақ ақын-жырауларының 
эстетикалық  шығармашылығының  өзгешеліктері  қарастыры-
лады. Сондай-ақ бұл автордың «Адам және әлем: қазақтың ұлт-
тық идеясы» деп аталатын тағы бір еңбегін атап өту қажет, онда 
дәстүрлі қазақтардың әлемге деген тұтас қатынасы сөз болады. 
Кеңестік  дәуірде  жазылғанымен,  оны  бастыруға  тыйым  са-
лынып,  тәуелсіздік  тұсында  ғана  жарық  көрген  қазақстандық 
авторлардың  (С.  Ақатай,  М.Әуезов,  М.  Қаратаев,  Қ.Нұрланова, 
Б. Мұхамбетова және басқалары) «Көшпенділер. Эстетика: әлемді 
дәстүрлі қазақ өнерімен тану» (Алматы, 1994, 294 б.) деп аталатын 
ұжымдық жұмысын ерекше атап өту қажет. Бұл кітаптың автор-
лары қазақ халқының көркем эстетикалық мұрасының материал-
дары (фольклор, дәстүрлі өнер, этнография, археология, әдебиет 
және  т.  б.)  негізінде  көшпенділердің  дүниеге  көзқарас  жүйесін 
ашады.
Көркем мәдениет мәселелері М.Х. Балтабаевтың «Қазақстан-
ның қазіргі көркем мәдениеті» (Алматы, 1997, 156 б.) деген кіта-
бында қарастырылады, онда автор қазақтың дәстүрлі және қазіргі 
мәдениетін  қазақстандық  қоғамды  дамытуға  үлкен  әлеуеті  бар 
әлеуметтік  феномен  ретінде  алға  тартады.  Қазақ  мәдениеті  мен 

 
 
 
                      
                                                  9
 К І Р І С П Е
философиясының  эстетикалық  мәселелерін  зерттеуге  арналған 
басқа  да  жұмыстардан  мына  еңбектерді  бөле-жара  атауға  бо-
лады:  М.  Әуезовтің  «Времен  связующая  нить»  (Алма-Ата,  1972); 
Г. Шалабаеваның «Этнос. Культура. Самосознание» (Алматы, 1995); 
М. Базарбаевтың «Эстетическое богатство нашей литературы» (Ал-
ма-Ата, 1976); М. Қаратаевтың «Эстетика и эпос» (Алма-Ата, 1977); 
А.  Алимжанованың  «Динамика  эстетических  ценностей  художе-
ственной культуры казахского народа» (Алматы, 2004); «Социаль-
ные,  этические  и  эстетические  взгляды  аль-Фараби»  (Алма-Ата, 
1984), «Духовное наследие аль-Фараби: история и современность» 
(Алматы, 2001, М.С. Бурабаев, А.М. Кенисарин, Г.К. Құрманғалиева, 
Г.Р. Коянбаева, Н.Х. Жолмухамедова); «Культурные контексты Ка-
захстана: история и современность» (Алматы, 1998, Ә. Қодар редак-
циясымен) және өзге ұжымдық монографиялар.
Бұл  зерттеулер  мен  жұмыстар  ұлттың  рухани  мұрасын  иге-
руде,  мәдени  төлтумалылықты  қалыптастыруда,  соның  негізінде 
халқымыздың  эстетикалық  мәдениеті  мен  өнерін  насихаттау-
да үлкен үлес қосты. Алайда бұл бағыттағы ізденістер соңғы он-
жылдықтарда  саябырлап  қалды.  Оның  үстіне  қазақ  халқының 
эстетикалық танымының құндылықтық-мағыналық қырларының 
философиялық  тұрғыда  іргелі  түрде  әлі  күнге  дейін  зерттеле 
қоймағанын  айта  кету  керек.  Сондықтан  аталмыш  мәселелерді 
бүгінгі  күн  сұранысына  орай  зерттеу  сипатында  қарастыру 
маңызды.
Ғылыми  зерттеу  жұмысының  нәтижелері  еліміздегі 
мәдени-тарихи  ахуал  мен  рухани  жағдайды  кемелдендіруге 
өзіндік  септігін  тигізіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  қоғамдағы 
эстетикалық мәдениеттің қажетті деңгейде қалыптасуына игі ық-
палын тигізеді деген ойдамыз. Сондай-ақ бұл бағыттағы зерттеу 
қорытындылары  қазіргі  Қазақстандағы  философиялық  ойды 
дамытуға  да  пайдалануға  негіз  болады,  болашақтағы  ұлттың 
эстетикалық жетілуі мен қоғамның бірігуі үшін қазіргі әлеумет-
тік саланың жаңаруы мен өзгеруі кезеңінде үлкен маңызға ие.

10 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
1 ЭСТЕТИКАЛЫҚ САНА МЕН ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
ТАНЫМДЫ ҰҒЫМДЫҚ ТАЛДАУ 
1.1.  Эстетикалық  сана  мен  эстетикалық  мәдениетті 
зерттеудің тұғырнамалық-әдіснамалық негіздері 
Эстетикалық сана – әлеуметтік-мәдени қауымдастықты білді-
ретін  адамзаттың  эстетикалық  тәжірибесінің  рухани  құрам-
дасын  сипаттайтын  эстетиканың  басты  категорияларының  бірі. 
Ол  эстетикалық  әрекет  барысында  қалыптасады  және  шынайы 
болмыстың  эмоционалдық  тұрғыда  толтырылған  тұтастығын 
айқындайды.  «Ләззат  алу  немесе  алмау»  сезімдерінің  негізіндегі 
интуитивті эстетикалық бағалау да эстетикалық санамен ажыра-
мас байланыста болады. 
Зерттеушілердің  көпшілігінің  пікірінше,  эстетикалық 
субъектті  рухани  ләззат  алу  жағдайына,  катарсис  жағдайына 
әкелетін  эстетикалық  сананың  негізін  құрайтын  рухани  үде-
рістерді  дәл  анықтау  мүмкін  емес.  Сондықтан  эстетикалық 
сананың  мәнін  де  формалдау  қиынға  соғады.  Эстетикалық  сана 
қоршаған  болмысты,  адамдардың  алуан  түрлі  әрекеті  мен  эмо-
ционалды  бағаланған  бейнелер  ретіндегі  оның  нәтижелерін 
бейнелейді. Қоршаған ортаның бұл бейнелері асқақтық, әсемдік, 
қайғы-қасіреті немесе әзіл-әжуа сезімдерімен байланыстағы ерек-
ше күрделі көңіл толқыныстарымен беріледі. Бірақ эстетикалық 
сананың ерекшелігі өз бойына эмоциялық әсерлердің күрделілігі 
мен айқындығын енгізіп қана қоймай, маңызды байланыстар мен 
қатынастарға терең кірігуімен де сипатталады. 
Эстетикалық  сананың  объективті  негізін  әлеуметтік  бол-
мыс пен қоғамдық-тарихи практика құрайды. Эстетикалық сана 
қоғамдық сана формалары жүйесінде ерекше орын алады. Руха-
ни мәдениеттің өзгеше бір бұтағы бола отырып, ол сонымен бір 
мезгілде синтездеуші қызметтер де атқарады. Өйткені эстетика-
лық  сананың  құрылымына  эстетикалық  көзқарастар,  идеалдар, 

 
 
 
                      
                                                  11


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет