Философия, саясаттану


  Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
калық  тұрғыдан  игеруінің  күрделі  жүйесі  және  оларға  сәйкес 
этноэстетикалық құндылықтардың иерархиясы. 
Этноэстетиканы зерттеу этика, аксиология, әлемнің онтоло-
гиялық бейнесімен (таным теориясы) қатар этностық мәдениет-
тің  маңызды  құраушысы  болып  табылады,  оларсыз  қоғам 
мәдениетінің  іргетасын  елестету  мүмкін  емес.  Осы  орай-
да,  этноэстетиканың  өнертанулық  пәндерден  ерекшелейтін 
теориялық-әдіснамалық сипатын тағы да ерекше атап өту қажет. 
Этномәдениеттің  эстетикалық  компоненті  тәрбиелік  үдерісті, 
сонымен  қатар,  кез-келген  ұлттың  тұлғаны  қалыптастырудағы 
құндылықтық-мағыналық мәнін анықтайды. 
Этноэстетикалық құндылықтарды халықтың мәдени дәстүрі-
нің  рухани  формасында  көрініс  тапқан  және  мәдени-тарихи 
өзгешелікті  анықтаушы  жүйе  ретінде  қарастыру  керек.  Ата-
бабамыздың рухани ерлігі – бұл келешек ұрпақ үшін өз әлемің-
нің рухани шынайылығын сақтап қалу дағдысы мен дарыны. Осы 
бір рухани шынайылық этнос пен ұлттың әлемге деген қатынасын 
анықтап,  өмір  сүруге,  бұғанаңды  қатайтып  ары  қарай  жетілуге 
күш-қайрат  берді.  Қазақ  халқының  этномәдени  тамыры  этнос 
руханилығының генотипін құрады. 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  бір  сөзінде  былай 
дейді:  «Ата-бабамыз  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен 
қорғап,  Қазақстанның  қазіргі  ұлан-ғайыр  территориясын, 
өзіндік  мәдениетіміз  бен  өмірді  қабылдау  мен  танудың  ерек-
ше  рухын  бізге  мұра  қылып  тастап  кетті.  Еркіндік  сүйгіш  пен 
дала  ерлігінің  рухын  тарихтың  қиын-қыстау  кезеңдерінде  де 
жоғалтқан  емеспіз,  оны  бастарынан  көптеген  сынақты  өткізген 
келешек ұрпақ үшін сақтап қалды» [93].
Этномәдениеттің құраушы бөлігі ретінде этноэстетикалық мә-
селенің  өзектілігі  айқын  болып  отыр,  себебі  ол  тұлғаның  бойын-
дағы көркемдік талғам, этностың эстетикалық мұраты, эстетикалық 
әсерленушілік, әдемілік пен үйлесімділікті көре білу, сезіну, туын-
дату және эстетикалық тұрғыдан оны бағалай білу сияқты ерекше 
қасиеттерді  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Этноэстетиканың 
дамуындағы  негізгі  үрдістер  этникалық  мәдениеттің  тарихи-
құндылықтық мазмұны бар әлемдік стандарттарға сәйкес замана-
уи біліми-педагогикалық техно-логиялардың бірігуі болып отыр. 
Этникалық  мәдениеттің  сезімтал  табиғаты  этноэстетикалық 
мұраты,  талғамды,  қажеттіліктерді  және  сезімді  бір  ұрпақтан 

76 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
келесі  ұрпаққа  жеткізуші  болып  табылады.  Эстетикалық  және 
этникалықтың ішкі өзара тығыз байланысы ешқандай да күмән 
тудырмайды, себебі оның қол жеткізудегі мақсаты мен құралын 
сипаттап  беріп  отыр.  Этнос  идеалы-эстетикалық  үлгілер  ретін-
дегі  көркем  құндылықтардың  жиынтығы;  этностың  ұлттық 
мәдениетінің  жарқын  өкілдерінің  эстетикалық-педагогикалық 
және әлеуметтік-шығармашылық қызметі (әншілер, жыршылар, 
бишілер,  декоративті-қолданбалы  өнер  шеберлері  және  т.  б.) 
этноэстетикалық мәдениеттің құрылымдық-функционалдық эле-
менті болып отыр. 
Жетілген адам идеалы тұлғаны қалыптастырудың негізгі мақ-
саты. Мұндағы мақсат рухани-өнегелік, эстетикалық және тұлға-
ның  өзге  қасиеттерін  жинақтау,  аталған  қасиеттерді  қалыптас-
тыру  қоғамның  талаптарымен  шартталған.  Осылайша  этно-
эстетикалық  мәдениет  идеалды  (талап,  ықылас,  мақсат)  және 
тәжірибелік деңгейде көрініс беретін тұлға мәдениетінің сипаты 
болып келеді. 
Осы тұрғыдан біз мәдениеттің негізгі дәстүрлі құндылықтар 
жүйесінің  заманауи  эстетикалық  теориясын  мұражай  жәдігер-
лері  ретінде  емес,  заманауи  көркем  тәжірибе  мен  мәдениеттің 
тірі  әрі  жігерлі  формасы  ретінде  қайта  жаңғырту  керек  деген 
қорытындыға  келеміз.  Табиғатқа,  еңбекке,  эстетикалық  онтоло-
гия мәселесіне, этноэстетикадағы дәстүр мен инновацияның ара-
қатынасына деген белсенді эстетикалық қатынас таныту нәтижелі 
болып  келеді.  Бұл  өзге  тарихи  дәуірдегі  адамдардың  болмысын 
қазіргі заман қабылдай алуы үшін көркемдік тұрғыдан бейімдеп, 
сол  дәуірдің  формасында  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Заманауи 
өнер үшін өткен құндылықтардың мұрасын игерудегі неғұрлым 
өзекті жол кәсіби өнерді халықтың көркем шығармашылығынан 
туындаған  классикалық  мұрамен  біріктіру.  Этноэстетиканың 
келешегі  білім  беру  жүйесі  және  әр  адамның  эстетикалық  са-
насын  қалыптастыруды  тәрбиелеуде  жатыр.  Сонымен  бірге 
түпкі  нәтижесі  негізгі  мақсатқа  сай  келу  керек,  яғни  заманауи 
жаһандану  үдерісі  жағдайындағы  қоғамның  гуманизациясы, 
мультикультурализм  этномәдениеттің  қайта  жаңғыруы  аясын-
да ғана мүмкін болып отыр. Білім беру жүйесі «әлемнің мәдени 
келбетін»,  ұлттық  ерекшелікті,  мәдениеттің  бірегейлігі  мен  әр 
алуандылығын жоғалтып алу қатеріне тап болмас үшін, әлемдік 
үдерістерді  жаһандық  тұрғыдан  көретін,  сонымен  қатар  белгілі 

 
 
 
                      
                                                  77
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
бір мәдениеттің өкілі болып табылатын адамды қалыптастыруға 
бағытталған болуы керек.
Этноэстетика  көркем  жиынтық  ретінде  халықта  әсемдік  ту-
ралы қалыптасқан түсініктерге сай құрылады, олар қолданбалы 
өнерде әрқашанда ою-өрнектерде рационалды қолданылып; түр-
лі-түсті үлгілердің алуан түрін қамтыған аса бай; сонымен қатар 
аса шектен шығушылығы жоқ, жұмсақ колоритте; еркіндікте және 
композициялық  шешімдердің  жергілікті  орнында;  фактураның 
тиімділігінде және т. б. көркем және безендіруде көрініс тапқан. 
Ұлттардың  эстетикалық  және  этикалық  көзқарастарының 
ерекшелігі  олардың  керемет  бай  және  алуан  түрлі  ауызша 
шығармашылығы,  атап  айтар  болсақ:  ертегілер,  жұмбақтар, 
мақал-мәтелдер,  тарихи  және  салттық  өлеңдер,  эпикалық 
шығармалар арқылы көрінеді. Халықтың идеалы тек әсемдік ту-
ралы түсініктерде ғана көрінбейді, сонымен қатар оның жанама 
мағынасы:  ұсқынсыз,  арсыз,  қайғылы,  күлкінішті  түрлерінде  де 
көрінеді.
Осылайша, «ұлттық көркем мәдениет көркем образдардағы 
негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар мен эстетикалық иде-
алдар  жүйесімен  қатар,  халықта  қалыптасқан  және  ұрпақтан 
ұрпаққа  беріліп  отыратын  көркем  құндылықтарды  қалыптас-
тыру,  сақтау  және  таратудың  жолдары  мен  түрлерін,  қазіргі 
таңда  сақтау  және  дамыту  үшін  қажет  ұлттық  шығармалардың 
болмыстық  түрлерін  қамтиды»,  сол  арқылы  ол  адамзаттағы 
ең  қымбат  –  ұлттық  даналықты,  ойдың  тазалығы  мен  рухани 
сұлулықты сақтайды [94].
2.2  Ұлттық  дүниетанымдағы  эстетикалық  пайымдаудың 
категориялық-концепттік негіздері
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  қолға  алынып  отырған 
бірегейлену  беталысының  табиғи-тарихи  қажеттіліктерінің  бірі  – 
ұлт руханиятын ғылыми-теориялық тұрғыдан саралау мен қайта 
жаңғырту  мәселесі  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда  ғылыми  дискурс 
пен  зерделеу  аймағында  этнопсихология,  этнопедагогика,  этно-
философия сияқты ұлттық арнада бағамдалып жүрген қоғамдық 
ғылым  салалары,  келесі  кезекте  одан  әрі  дифференциациялану-
ды  сұранып  тұрған  сыңайлы.  Осы  орайда,  ұлттық  философия 

78 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
аймағындағы  этноэстетиканы,  яғни,  қазақ  халқының  көркемдік 
дүниетанымын, әсемдікті пайымдау ерекшеліктері мен сұлулықты 
түйсіну  бағдарларын  саралау  бүгінгі  күнгі  ұлттаным  мен  қазақ-
тану аясындағы маңызды түйткілдердің бірі екендігі сөзсіз.
Ұлттық  философияны  зерделеудің  логикалық-әдіснамалық 
негіздерін  ұсыну  мен  таразылау  бойынша  бүгінгі  күні  отандық 
ғалымдар  арасында  екі  түрлі  көзқарастың  тоғысуы  мен  түйісуі 
жүргізілуде: біріншісі, оны ғылымдағы әлемдік ой стандарты мен 
парадигмалары болып саналатын ұстанымдар бойынша зерттеу 
болса;  екіншісі,  калыптасып  қалған  еуропаорталықтық  стерео-
типтерден арылып, оны шығыстық үлгіде, тіпті, төл дүниетаным 
аясында  зерделеу.  Осы  орайда,  біз,  екі  үлгіні  бітістіре  карасты-
руды  қолдаймыз,  батыстық  және  ұлттық  танымның  логикалық-
әдіснамалық негіздерін ретіне қарай қолдануды, ыңғайына қарай 
кіріктіруді  басшылықка  алғанды  жөн  санаймыз.  Сондықтан, 
қарастырылып  отырған  мәселе  –  жалпы  «қазақ  эстетикасы» 
тақырыбы  аясындағы  ұлттық  көркемдік  танымды  концептуаль-
ды негізде жинақтауға қарай бағдарланады. 1990 жылдары қазақ 
философиясын  зерделеу  қолға  алынған  шақта,  оны,  алдымен, 
категориялық-концептік тұрғыдан саралап алу қажеттігі туралы 
ұтымды пікірлер айтылған болатын [95, 17–23 бб.]. Мұнда арнайы 
жалпы ұғымдарға келіп тоғысатын, біріктірілетін, тұтасатын, жал-
пылау арқылы кіріктірілетін түсініктер мен ұстанымдар туралы 
айтыла бастаған еді. Яғни, «заман», «құт», «ата салты» сияқты кате-
гориялық  деп  топшылауға  болатын  концепттердің  бар  екендігі, 
танымның  осындай  жалпы  ұғымдарға  келіп  тоғысатындығы  да 
рас.  Сондықтан,  қазақ  эстетикасын  категориялық-концепттік 
негізде байыптау осындай беталысты дамыта түсу қадамдарының 
бірі деп айта аламыз. Осы орайда, біз екі арнаны басшылықа ала-
мыз: алдымен, әлемдік эстетикадағы қалыптасып қалған катего-
риялар негізіндегі концепттерді ұлттық көркемдік ойтолғамға сай 
зерделеуді және ондағы категориялық топтарға келіп тоғысатын 
жалпы ұғымдарды жинақтауды қолға алмақпыз.
Халқымыздың дүниетанымы мен талғамы әсемдікті бағалауға, 
дүниенің көркемдігін түйсіне білуге және оны құндылық ретінде 
ішкі сезіммен жоғары деңгейде түйістіруге негізделгендігі де рас 
[96]. Сондықтан бұл мәселені зерттеуші қазақстандық ғалымдар 
көркемдік  танымның  космологиялық  және  антропологиялық 
ұстанымдарының  бірлігі  мен  үйлесімділігін  атап  көрсетіп  жүр 

 
 
 
                      
                                                  79
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
[97,  98].  Осы  орайда,  ұлттық  көркемдік  танымның  эстетикалық 
талғамы мен танымының құрылу жүйесін тұтастай қарастыруға 
байланысты мынадай негізгі ерекшеліктерін топтап көрсетуімізге 
болады:
– Ұлттық эстетика ғалам мен адамның бірлігіне негізделген, 
табиғат  пен  қоғамдық  қатынастарды  тұтастай  қамтитын  түбір-
лестікке  келіп  ыңғайланатындығы.  Мәселен,  киіз  үйдің  ғарыш-
тық модельді тұспалдауы – адам мен әлем қатынасының үйлесім-
ділігін  тұрмыс-тіршілікке  көшіруден  туған.  Мұндай  бағдарды 
толығырақ  ашу  үшін,  жекеден  жалпыға  өту  бойынша  оның 
субъектіге қатысты мынадай шеңберлерін атап өтуімізге болады: 
1. Ішкі рухани дүние тазалығы. Ол халқымызда «көркем мінез», 
«ішкі дүние сүлулығы» сияқты ұғымдардың қолданысында анық 
байқалады;  2.  Адамның  ішкі  мазмұны  мен  формасының  үйле-
сімділігі. Мәселен, қазақ сахарасындағы жыраулық дәстүрді жал-
ғастырушы  ойшылдардың  бірі  –  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы 
осы  үйлесімділік  пен  үйлесімсіздікті  жарыспалы  түрде  былай-
ша  бейнелейді:  «Іші-сырты  тең  сұлу.  Әйел  емес  үр  (хор  қызы) 
деңіз» немесе «Іші-тысы тең жаман, Қап-қара батпақ лайлайды» 
[99,107 б.]. Мұндай үйлесімділіктің бұзылуын халқымыз: «сырты 
бүтін,  іші  түтін»,  –  деп  қысқаша  тұжырымдаған;  3.  Субъектінің 
әлеуметпен үйлесімділігі. Мысалы, «У ішсең руыңмен», «Жалғыз 
жүріп  жол  тапқанша,  көппен  бірге  адас»  деген  сияқты  мақал-
дар  қоғам  мен  адам  бірлігінің  терең  қатпарларының  қайтала-
малылығы мен тұрақтылығын паш етіп түрғандай болады; 4. Суб-
ъектінің  әлеммен  үйлесімділігі:  а)  ғарышпен  бірлік.  Халқымыз: 
әлеуметтік мәртебені – «жұлдызы жоғары» деп айғақтаса, адам-
дар арасындағы түбегейлі келіспеушіліктерді – «жұлдызы қарсы» 
деп  бағалайды.  Немесе,  «менің  жұлдызым»  деп  түнгі  аспан 
әлеміндегі жұлдыздарды меншіктеушілік сана да адам мен әлем 
үйлесімділігінің, оның идеалының нақты нұсқалары десе де бола-
ды; б) табиғатпен жымдасу. Мысалы, «Жер көгерсе, ел көгерер» 
деген сияқты мәтелдер адам мен табиғат арасындағы байланыс-
тарды сәйкестендіруден туған; 5. Субъектінің құдаймен тоғысуы. 
Мұны  исламдағы  суфизмнен,  шамандықтағы  өзге  әлеммен 
қатынастан т. б. анық байқауға болады.
– Әсемдік туралы пайымдаулар моральдық құндылықтармен 
біте қайнаса келе, түптеп келгенде, «этика-эстетикалық» деп анық-
тауға  болатындай  жұптасу  парадигмасы  бойынша  пайымда-

80 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
латындығы.  Мәселен,  «не  жаман,  не  жақсы»,  «не  тәтті,  не  ащы» 
деген сиякты дихотомиялар немесе «біріншіден не жаман, екінші-
ден не жаман...» деген тәрізді тізбектеліп келетін градациялардың 
жауабы  көп  жағдайда  адамгершілік  құндылықтарымен  келіп 
түйісіп жатады.
–  Ұлттық  таным  түсінікте,  батыстық  таным  парадигмасын-
да  белең  алатын  жалаң  рационалдылық  тұрғыдан  негізделген 
логикалық  ақиқатпен  қатар,  этикалық  және  «эстетикалық 
ақиқат» деп атауға болатындай, әсемдікті терең түйсінуден туған, 
жалғандық  пен  адасудан  алшақтаған  өлшемдердің  ниетінің 
байқалатындығы. Осы тұста Қ. Әбішевтің: «Болуға тиісті, болуға 
міндетті  қатынаста  ғана  ақиқат  жолы  әрі  көркем,  тамаша,  әрі 
жақсылық  бола  алады.  Әлеммен  сәйкестікте  даму,  әлемнің 
сәйкестігін  дамыту  –  негізгі  ақиқат  осы»,  –  деп  тұжырымдаған 
пікірлері де [100, 244 б.] біздің идеямызды қуаттай түседі.
–  Қазақ  тілінің  сөздік  қоры  жағынан  бай  тілдерге  жататын-
дығына  байланысты,  нақтырақ,  мәселеге  қатысты  тұрғыдан 
алғанда, сын есімдердің синонимдерінің сан түрлі құбылуы көр-
кемдік  таным  мен  талғамның  биік  келбетін  паш  етіп  тұратын-
дығы.  Мысалы,  қазақтарда,  басқа  халықтарда  кездесе  бермейтін 
жылқы малының бірнеше түстерінің белгіленуі.
–  Эстетикалық  категориялардың  кіріктірілген  нұсқаларына 
ұқсату  бойынша,  олардың  этикалық  мәселелермен  келіп  орай-
ласатын түбірлестікті концептердің қалыптасуы. Мысалы, сарғаю 
(күту) – сары түстің әсемдігі мен мұңаю арқылы қайғылылықты 
(трагедиялық)  біріктіреді  немесе  «сары  өзек»  –  кішкентай  өзен 
мағынасында  көлемінің  шағындығы  арқылы  өзеннің  сүйкімді-
лігін орнықтырып, сұлулық категориясына келіп тоғысады.
– Әлемдік ғылымдағы эстетикалык категориялармен ыңғай-
ласатын  және  өзіндік  төлтума  концептермен  бағалауға  бола-
тындай  көркемдік  таным  құралдарының  ұғымдық  деңгейде 
құрылуы.  Мысалы,  үнсіздік,  тұрақтылық  т.  б.  құбылыстардың 
экзистенциалдық-эстетикалық қырлары басымдау болып келеді.
Осындай көзқарастарды әрі карай дамыту мен жүйелеу мақ-
сатында,  жалпы  эстетикалык  категориялар  бойынша  көркемдік 
дүниетанымның  ұғымдық-аппараттық  құрылым  бағдарын  бы-
лайша  ұсына  аламыз  және  оның:  «ғарыштағы-табиғаттағы-
қоғамдағы-адамдағы-тұрмыс-тіршіліктегі»  түзілімін  жинақтап 
беруімізге болады:

 
 
 
                      
                                                  81
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Категориялар
Ғарышта
Табиғатта Қоғамда
Адамда
Тұрмыс- 
тіршілікте
Аскақтық
Ай, күн,
жұлдыз,
Көк
Аспан т. б.
Тау, құс,
қыран,
теңіз т. б.
Тектілік,
ақсүйек-
тік т. б.
Текті, 
адал
сүт емген
т. б.
Пәктік,
даналық 
т. б.
Қайғылылық Қара
түнек,
қара
құрдым
т. б.
Жұт,
топалаң,
Астаң-
кестең
Дүние
Зар заман,
қилы за-
ман,
жалған
дүние т. б.
Тұл
(жетім),
жесір т. б.
Жоқтау,
кара
жамылу,
қоштасу 
т. б.
Үйлесімділік 18 мың
ғалам,
тылсым
дүние т. б.
Құт,
«қорада
қой егіз
тапса,
далада
бір түп
жусан
артық 
шығады»
«Төртеу
түгел 
болса,
төбедегі
келеді»,
жігіттің 
үш
жұрты 
т. б.
«Сырты
бүтін, іші
түтін» 
т. б.
Жеті 
қазына
т. б.
Әсемдік
Құс жолы, 
Күн нұры 
т. б.
Жерұйық, 
көк (шөп), 
бұлақтың
сылдыры 
т. б.
Ізгілікті 
қоғам,
«қайы-
рымды 
қала 
тұрғыны», 
идеалы
 т. б.
Сұлу 
әйел
мен ер 
адам
келбет-
терінің 
түрлері, 
аттылы 
адам
Ақтам-
бердінің 
«күлдір-
күлдір 
кісінетіп» 
деп
басталатын
өлең
жолдары
Ерлік
Көк Тәңірі 
(ер адам 
сипатты)
Көк
бөрі,
барыс
Каһар-
мандық, 
ұлттық 
рух
Жан 
пида,
намыс,
сұстылық
Отызында 
орда бұзу, 
кырқында 
қамал алу, 
ер қаруы 
бес қару 
т. б.
Төмендік
Ғарыштағы 
зұлым рух-
тар
«Қара 
жердің 
өлгені қар
астында 
қалғаны» 
(Бұқар 
жырау 
толғауы)
Ата
салтынан 
ауытқу, 
ата баба 
аруағын 
қорлау
Тексіздік, 
ездік,
құлдық 
пен 
күңдік
Қараша 
үй,
жаман
қатын,
іштен
шыққан
шұбар
жылан

82 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Келесі кезекте, ұлттық көркемдік таным аймағындағы өзіндік 
төлтума эстетикалық концептердің семантикалық бағдарын жә-
не оның диалектикалык жұп нұсқаларын тізбектеп көрсетуімізге 
болады:
–  «Үнсіздік»  –  сөз  қадірі.  Үнсіздік  байсалдылықпен,  ойлы-
лықпен,  сабырлылықпен  келіп  тоғысады  да,  адамгершілікті 
мінез-құлыққа  келіп  орайласатын  этикалық  қырларды  жамай-
ды  және  концепт  ретінде  көп  мағыналы,  көп  қатпарлы  фило-
софияны  туғызады.  Мысалы,  шопан  –  үнсіз,  хан  –  үнсіз.  Ата 
кәсіптің  субъектісі  шопан  ерікті-еріксіз  түрде  үнсіз,  себебі,  ол 
табиғат  аясындағы  жалғыздық  пен  оқшаулық  арқылы  өзіне-
өзі  үңіледі,  физиологиялық  байсалдылық  пен  алаңсыздық  оны 
психологиялық байсалды ойға жетелейді, сөйтіп, экзистенциал-
ды мағынаны жамайды. Ал ханның үнсіздігі әлеуметтік мәртебені 
асқақтату мен парасатты ойтолғамның негізгі имиджін білдіреді, 
«Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген ұғымды бекіте түседі. Ол 
осы  өзінің  ішіне  бүккен  тылсымдығы  арқылы  таза  эстетикалық 
кейіпке  енеді.  Мысалы,  Б.  Хасанұлы  үнсіздіктің  құрылымдық-
функционалдық жақтарына мән беріп, оның бірнеше қызметтер 
атқаратындығын  лингвистикалық  тұрғыдан  пайымдаса  [101, 
65–74  бб.],  С.  Оспанов  үнсіздік  құбылысының  ерекше  таным 
құралдарының бірі екендігін атап өтіп, оның теологиялық және 
антропологиялық  қырларын  сараптайды:  «Тіпті  даналардың 
үндемеуі  –  ойлау  үдерісінде  сананың  алаңсыз  ештеңе  туралы 
ойламай  ұйқыдағы  сәті  емес,  ойлап-ойлап  ойдың  шетіне  жете 
алмаған дағдарысы»[102, 119, 169 бб.]. 
Осы үнсіздіктің қарама-қарсы жағы – шешендік (сөзшеңдік), 
бірақ бұларды құрғақ және диаметральді қайшылықта түсінбеу 
қажет.  Мысалы,  шешендік  құр  сөзуарлық  емес,  үнсіздікті 
алғышарт  етіп  алған  және  нәтижесі  шешендік  пен  даналық  ар-
кылы  өзінің  қалпын  сөйлеумен  сабақтастырып,  сөзшеңдікпен 
жалғастыратын диалектикалық көріністі айғақтап береді. Демек, 
үнсіздік парасатты ойды туғызудың детерминанты десе де бола-
ды.  Бірақ  эмпатиялық  шешендік  пен  даналық  ауытқыған  сәтте 
мылжыңдық пен «тілі мен жағына сүйенген» антипатияға да оңай 
айнала алады.
Үнсіздік тек адам мен қоғамда ғана емес, ол табиғатқа өздігінен 
сіңірілген  жалпы  объективтендірілген  эстетика.  Мысалы,  Абай 
айтқандай: «Баяғы жартас, бір жартас. Жартасқа бардым, айғайды 

 
 
 
                      
                                                  83
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
салдым».  Міне  қазақ  халқы  осы  үнсіздікті  табиғаттан  адамға 
көшіре алған. Бірақ табиғаттағы үнсіздіктің, мүлде өлі, абсолютті 
тыныштық қалпын, алаңсыздық келбетін көшпелі өзіне ыңғайлай 
бастайды, үнсіз табиғатпен іштеседі, оған тіл қатады: «Бұлғыр да 
бұлғыр бұлғыр тау» (Алпамыс батыр жырынан), «Әуелеп ұшқан 
коңыр  қаз»  (Қыз  Жібек  жырынан),  «Ау,  қызғыш  құс,  қызғыш 
құс»  т.  б.  Табиғат  өзінің  үнсіз  қалпы  арқылы,  нақтырақ  айткан-
да  жауапсыздығы  арқылы,  риторикалық  сауалдарды  туында-
ту  арқылы  өзінің  өз  сырын  өзі  ішіне  бүккен  асқақтығын  паш 
етеді.  Бұдан  үнсіздік  концептісінің  асқақтық  (үнсіздік-ойлылық) 
пен  қайғылылыққа  (үнсіздік-мұңлылық)  келіп  тоғысатын 
тұстарын  байқай  аламыз.  Осы  діліміздегі  үнсіздік  концептісі 
бүгінгі  таңда  да  ұлттық  руханиятта  саналы  және  архетиптік 
түрде  жалғасын  тауып  отыр.  Мысалы,  «Келін»  фильмі  тұтастай 
үнсіздікке  құрылған  және  бұл  үнсіздіктің  айтулы-айғақты 
құбылыс  екендігін  толық  бағамдағандығы  діліміздің  (көрермен 
үшін)  оны  қабылдағандығымен  келіп  шартталады-себептеседі, 
сөйтіп,  сана  астарындағы  терең  қабаттардағы  архетиптерді  оят-
са,  М.  Мұқағалидің  «Үнсіздік»  өлеңі  осы  концепттің  саналы 
пайымдауының мысалы бола алады.
«Тәттілік»  –  ащы  (шындық).  Мұны  көпмағыналы  таза 
концептуалдылық  десе  де  болады.  Мысалы,  «жан  тәтті»  мағы-
насында онтологиялық, «ананың сүті тәтті» мағынасында этика-
лық  түпбастауларға  келіп  тіреледі.  Осы  тұста  шегініс  жасасақ, 
қазақ  әфсаналарының  мазмұнында  «дүниеде  не  тәтті»  деген 
сауалдың екі баламалық жауабы құрылады: бірі – қант, екіншісі 
– ананың сүті болып белгіленеді. Бірінші жауап құпталады және 
ол этика-эстетикалық мағынаны арналас түрде жамап алады. Ал 
«жан  тәтті»  концептісінің  экзистенциалдық  мағынасына  мыса-
лы –  Қорқыт ата жырларындағы  «Доқа  Қожаұлы Дели Домрул 
әңгімесінің  баяны»  жырындағы  таза  философиялық  мағынада 
көрінісі  беруі,  оқиға  мазмұнында  ол  «ащы  ақиқатпен»  келіп 
шешімін  табады:  Домрулдың  әке-шешесінің  жанын  ұлы  үшін 
бере  алмауы,  әркімнің  өзінің  бар  болу  құндылығын  әйгілеп  бе-
реді және түпащы ақиқаттың келбетін паш етеді [103, 90–98 бб.]. 
Осыдан,  тәттілік  пен  ащылықтың  араластығы  мен  қатар  жүріп 
отыратындығы мазмұндалады.
Әлемдік  эстетика  теориясындағы  трагикомедия  сияқты 
«медальдің екі жағы» рәмізіне келіп тоғысады деп айта аламыз. 

84 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет