Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ды. Өзіңе бейтаныс адам немесе топтың мінез-құлқының логика-
сын түсіну үшін олардың ішкі әлемінің құрылымын түсіну қажет, 
олардың қандай әлемнің бейнелік үлгісінде өмір сүріп жатқанын 
және ойланатынын түсіну қажет. Осындай қарым-қатынас түрінің 
тиімді  түрі  өнер  болып  табылады.  Себебі  көркем  шығармада 
әлемнің бейнесі қалыптасады, ол жерде міндетті түрде суретшінің 
түсініктерін  сипаттайтын  манифестелген  тұжырымдары  мен 
мойындамаған  қырлары  көрінеді,  алайда  олар  өте  терең  және 
оның әлеммен өте нәзік байланыстары болып табылады. Әлемнің 
бейнесі интуитивті-эмоционалды деңгейде қалыптасып, сезіледі. 
Әрине,  кейіннен  ол  аналитикалық  формаға  айналуы  мүмкін. 
Бұл  әлемнің  бейнесінің  қалыптасуына  түрлі  жолдар  ұсынатын 
өнердің  міндеттері  екені  рас.  Ал  эстетика  адамның  танымдық 
қабілеттерінің  ерекше  түрінің  осы  көріністерін  зерттейді,  соған 
қоса осы мәселе бойынша түрлі ойшылдардың эстетикалық па-
йымдау  мәселелерімен  қатар,  өнер  туындыларының  өзін  және 
жалпы эстетикалық қабілетті зерттейді.
Ұлттық  дүниетаным  мәселесі  ХХ  ғасырдың  гуманитарлық 
ойының  басты  мәселелерінің  бірі  екені  анық,  алайда,  «ұлттық 
рух», «ұлт жаны» мәселелері антикалық кезеңдердегі ойшылдар-
ды да қызықтырған. XIX ғасырда Вильгельм фон Гумбольдт ұлт-
тық дүниетаным мен әлемді түсінудің бар екендігі жөнінде жазған. 
Н. Бердяев былай деп жазған болатын: «Мәдениет ешқашан адам-
нан алшақ болған емес және болмайды да , ол әрқашан да нақты-
адамзаттық, яғни, ұлттық, индивидуалды-ұлттық және тек осын-
дай сапада ғана ол жалпыадамзаттық деңгейге көтеріледі» [91].
Мәдениеттің  қазіргі  таңдағы  даму  сатысындағы  фольклор 
қоғамда негізінен халықтың дәстүрлі көркем мұрасы ретінде қыз-
мет еткенімен ұлттық болмыста өзінің өмір сүруін жалғастырып, 
көркем  өнер  аясында  белсенді  түрде  қолданылып  келгенімен 
де, ол дегенмен, кәсіби өнерде де көрініп отыр, себебі фольклор 
әрқашан да әрбір жаңа ұрпақ Ақиқат, Қайырымдылық және Сұ-
лулық жөнінде түсініктерді алатын ең бай қор болып табылады. 
Осы  аталғандардың  барлығы,  әрине,  зерттеушілердің  фольклор 
мәселесінің  түрлі  қырларын  зерттеуге  қызығушылығын  туында-
тады. Қазіргі таңда фольклор оның таза әдеби мазмұнын талдауға 
арналған  орасан  зор  жұмыстарды  айтпағанда  философиялық-
әлеуметтанулық, адамгершілік, этикалық тұрғыдан да зерттеліп 
келеді.

 
 
 
                      
                                                  67
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Қазақ  халқының  көркем-эстетикалық  санасының  креативті 
түрінің туындауы және дамуы әдіснама және теориялық тұрғы-
дан  маңызды  болып  келеді.  Бұл  казақ  көркем  мәдениетінің 
канондық түрінен креативті түріне, анонимді көркем-эстетикалық 
шығармашылықтан  авторлық  шығармашылық  индивидуалды-
лыққа, өнердің күнделікті ұлттық өмірден бөлінбеген болмысы-
нан  салыстырмалы  түрде  тәуелсіздікке  деген  бірте-бірте  тезде-
тілген динамиканың ритмі.
Осының барысында келесі құбылыстар нақты көрініс тапты:
- пропорция туралы, болашақ туралы, яғни, нақты білімдер 
мен көркем шығармашылығының синтезі
- өнер түрлерінің жаңа иерархиясының қалыптасуы;
-  белгілі  дүниетанымдық  көзқарастарды  көркем  ойлаудың 
фундаменті, негізі ретінде түсіну; 
- эстетикалық мазмұнды мәдениеттің барлық онтологиялық 
және  гносеологиялық  ерекшеліктері  мен  ұмтылыстарын  жүзеге 
асыратын жүйетүзуші доминанты ретінде түсіну; 
- адам-жаратушының рөлін өзінің шығармашылық үрдісінде 
табиғат  пен  қоғамның  объективті  заңдары  танушы  жасырын 
даналықтың иесі және субъекті ретінде мойындау; 
-  жаңа  шынайылықты  қалыптастыратын  суретшінің  автор-
лық «Мен» рөлінің анықталуы
- табиғат-суретші және адам-суретшінің бір эстетикалық заң-
дар арқылы жарататынын түсіну.
Эстетикалық  мазмұн  –  бұл  жалпыэтникалық  құндылық. 
Ол  адамға  этностың  рухани-мәдени  тәжірибесін  жеке  игеруге 
мүмкіндік  беріп,  өзінің  ішкі  мәдени-адамгершілік  әлемін  байы-
тып, субъективті етеді. Тек осындай жолмен ғана индивидуалды 
болмысы  аз  ғана  уақыт  пен  кеңістікпен  шектелген  қарапайым 
адам әлем билеушісі болып, мәңгіліктің бөлігіне ие бола алады.
Эстетикалық мазмұн түрлі формаларда көрініс береді, атап 
айтар  болсақ:  әсемдік,  ұсқынсыздық,  асқақ,  арсыз,  трагикалық, 
күлкінішті, батылдық. Дамудың кез келген сатысында эстетикалық 
мазмұн адамзат іс-әрекетінің әмбебап-фундаментальды қасиетін, 
оның  мәнін  құрайды.  Адамзаттық  іс-әрекет  алғашқы  қауымдық 
қоғамда  да,  XXI  ғасырда  да  бірінші  кезекте,  сұлулық  заңдары 
бойынша;  екіншіден,  күлкілі  (карнавал,  мейрамдар  мен  ұлттық 
мерекелер,  қалжыңдардың  әлеуметтік  қызметтері,  анекдот-
тар); үшіншіден, трагикалық заңдары бойынша (жерлеу рәсімі); 

68 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
төртіншіден,  асқақтық  заңдары  бойынша  (мейрам,  жеңіскерді 
қарсы алу, гимндер, демонстрациялар); бесіншіден, ұсқынсыздық 
заңдары (китч) бойынша қалыптасады.
Әсемдік  категориясы  кез  келген  эстетикалық  іс-әрекетте 
әмбебап болып келеді. Ол міндетті түрде ерлікте де болады және 
батылдық  құбылысы  болып,  этика  тұрғысынан  асқақ  болып 
көрінсе, эстетика тұрғысынан әсем болып көрінеді.
Эстетикалық  іс-әрекет  тарихи  көркем  іс-әрекеттің  алдында 
келеді. Кез келген қоғамдағы эстетикалық іс-әрекет алуан қырлы 
болып келеді және онда шығармашылық сипатына байланысты 
бірнеше  түрлерді  бөліп  көрсетуге  болады.  Біріншіден,  эстетика 
субъектілерінің  көркем-тәжірибелік  іс-әрекеті  (мейрамдар,  де-
монстрациялар  әскери  шерулер,  той  немес  жерлеу  рәсімдері, 
этикет  және  т.  б.);  екіншіден,  көркем-шығаримашылық  (өнер 
шығармаларын  туындату);  үшіншіден,  дизайн;  төртіншіден, 
көркем-рецептивті  (көркем  шығармаларды,  табиғат  сұлулығын 
қабылдау);  бесіншіден,  рухани-тәрбиелік  (эстетикалық  тәрбие 
беру);  алтыншыдан,  теориялық  (көркем-эстетикалық  концеп-
циялар  мен  көзқарастарды  қалыптастыру).  Әрине,  этностың 
эстетикалық  іс-әрекетінің  шыңы  өнер,  көркем  шығармашылық 
болып  табылады.  Оған  қоса  эстетикалық  іс-әрекет  көркем  іс-
әрекетке этностың күнделікті тәжірибе барысында айналады.
Эстетикалық мазмұн көркем мазмұннан кеңірек болып келеді, 
себебі ол тек өнерді ғана емес, сонымен қатар еңбек, болмыс және 
мәдениет  салаларын  да  қамтиды:  жалпы,  архитектура,  ұлттық 
сәулет  өнері,  декоративті-қолданбалы  өнер  және  т.  б.  –  бірінші 
кезекте,  адамның  әлеммен,  нақтырақ  айтсақ,  табиғатпен  өзара 
қарым-қатынастарын үйлестіретін мәдени іс-әрекеттің нәтижесі. 
Эстетиканың  проблемалық  кеңістігін  әлемді  эстетикалық  игеру 
екені сөзсіз. 
Отандық  эстетика  тарихындағы  ең  маңызды  мәселе  ол 
қазақ  халқы  үшін  объективті-шынайы  мағынадағы  көпбейнелі 
этникалық шынайылықты көрсететін эстетикалық мазмұн болып 
табылады, оны келесі мәселелер түрінде нақтылауға болады. 
Біріншіден, эстетикалық мазмұнның табиғаты мен мәні, тари-
хи шарттылығы мен оның формаларының өзгермелігі, этникалық 
қоғам өміріндегі маңызының деңгейі. Сонымен қатар сұлулықтың, 
әсемдіктің әмбебап мағынасы, жалпы осылардың барлығы қазақ 
эстетикасы тарихының проблемалық кеңістігін құрайды. 

 
 
 
                      
                                                  69
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Екіншіден, адам және өнер, яғни, ара-қатынас көркем шығар-
машылықты, былайша айтқанда әдебиетте, көркем суретте, көр-
кем мүсіндеуде, театрда, кинода, музыкада, хореографияда, сәулет 
өнерінде,  декоративті-қолданбалы  өнерде  көркем  шығарма-
шылықтың  барынша  жалпы  заңдарын;  өнердің  пайда  болу 
табиғаты  және  даму  заңдарын,  әлеуметтік  қызметін  зерттеуді 
анықтайды.  Ғылымда  қалыптасқан  көзқарасқа  сай,  өнер  –  бұл 
сұлулық  заңдары  бойынша  әлемді  игерудің  қалыптасқан  және 
бекітілген  формасы,  бұл  жерде  эстетикалық  мазмұн,  әлем  мен 
тұлғаның көркем концепциясы толыққанды дамиды.
Үшіншіден,  болмыс,  адамзат  әрекеті,  фольклор,  салт-
дәстүрлердің  эстетикалық  қырлары,  карнавал  шаралары,  де-
монстрация,  этикет,  тағам  өнері,  дизайн,  техникалық  эстетика 
салаларында,  кәсіпорын  өндіріс  және  т.  б.  саласындағы  әлемді 
эстетикалық игеру мәселесі.
Төртіншіден, өнертану, әдебиеттану және т. б. қағидаттары-
ның  эволюциясы.  Себебі  эстетикалық  идеяда  өзге  салалармен 
салыстырғанда  белгілі  бір  дәуірдің  идеялық-адамгершілік 
шоғырландыруы нақты көрінеді. Мәселен, Қазақстанның Ресейге 
қосылу  нәтижесінде  қоғамдық  болмыс  пен  қазақ  халқының 
қоғамдық санасының модернизациясы орын алды. Осындай жағ-
дай XIX–XX ғғ. шебінде маркстік идеялар қоғамдық санаға енген 
кезде орын алды. Ал XX ғасырдың 2030-шы жылдары, нақтырақ 
айтсақ  1917  жылдан  бастап  жаңа  көркем  әдіске  –  социалистік 
реализмге  негізделген  тоталитарлы  қазақстандық  эстетика 
басталды.  Дәл  осылай  жағдай  XX  ғасырдың  90-шы  жылдары 
тоталитаризм  кезінде  билік  еткен  марксистік-лениндік  эстетика 
құлдыраған  кезде  де  болады.  Сол  кезде  эстетикалық  ойлау 
мен  эстетикалық  сезінудің  жаңа  құрылымын  қызу  іздестіру 
басталды,  ол  болмыс  пен  шығармашылықтың  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  бастаулары  арасында  үйлесімді  байланысын 
іздеген күнделікті өмір мен қазіргі заман мәдениетінде әлі күнге 
дейін жалғасып келеді. 
Осыған  байланысты  қазіргі  таңдағы  Қазақстанда  өзінің  та-
рихына,  тіліне,  мәдениетіне,  дәстүрлері  мен  салттарына  деген 
қызығушылығы  кездейсоқ  емес.  Мұның  барлығы  заңдылық,  се-
бебі эстетика және оның субъектісінің шынайы, күнделікті өмірі 
(адамның,  халықтың)  өзара  үйлесімділікпен  байланысқан  және 
бір-бірін өзара толықтырып отырады.

70 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Этноэстетиканың дамуы кеңістіктік-уақыттық, не әлеуметтік-
тарихи өлшемдермен шектелмейді. Ол өмір сияқты шексіз. «Өзі-
нің негізіне жетуге» ұмтылған зерттеуші ойы этноэстетикада өзіне 
жаңа  кеңістіктерді  ашып,  жаңа  ашылулармен  байып,  солармен 
ғылыми білімдер мен түсініктер қорын толықтырып отырады. 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  өзінің  тарихи  дамуында  ерекше 
кезеңді басынан кешіріп отыр, бұл кезең – әлемнің елу дамыған 
елдерінің қатарына кіретін қоғамның негіздерін қалайды. 
Жүйелік  трансформация  қазақстандықтардың  қоғамдық 
санасына  ерекше  әсер  етеді,  ол  оны  уақыт  қойған  талаптарды 
шешуге  бағыттайды.  Бұл  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Страте-
гиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол-
дауында атап өтілген ХХІ ғасырдың он ғаламдық сын-қатерлерінің 
ішінде  біздің  өркениетіміздің  құндылықтарының  дағдарысында 
ерекше көрінеді.
Біздің пікірімізше, материалды өндірістің шапшаң өсуі ути-
литарлы  басымдылықтың  дамуына  алып  келді,  соның  тікелей 
нәтижесінде қазіргі таңдағы әлем күрделі рухани дағдарыста. Ру-
хани игіліктерден озып, дамып келе жатқан материалды игілік-
тер бірінші кезекте, өмірдің идеялық-адамгершілік қағидаларын 
басып  келеді.  Қазіргі  таңда  «бірінші  экономика,  содан  кейін 
мәдениет»  деген  қағидаттың  қазіргі  таңда  басымдыққа  ие  екен-
дігі құпия емес. Осыдан қалған қалдық бойынша қаржыландыру, 
эстетикалық  негізсіздік  бұқаралық  мәдениеттің  ең  сорақы 
үлгілерінің кеңінен таралуына алып келеді. 
Музейлер мен кітапханалар, галереялар мен театрлар, өткен 
дәуірдің сәулет өнерінің ескерткіштері мен қазіргі таңдағы өнер 
шығармалары,  жаңа  технологиялар  мен  мәдени  индустрияны 
өркениеттік жолмен игеру адамның, қоғамның және мемлекеттің 
тұрақты дамуының маңызды алғышарттарын құрайды. Қоғамда 
орын алып отырған өзгерістер оған тән эстетикалық танымдағы 
өзгерістерге алып келеді. Әрбір эстетикалық таным сезімдегі нақты 
заттармен байланысты. Әлемді эстетикалық өлшеуде тек ақылмен, 
таза абстракциямен қабылдау мүмкін емес. Ол қайырымдылыққа 
ұмтылу  оның  белгілі  бір  нақты  көріністеріне  тартылу  тәрізді. 
Мәдениеттегі  адамның  болмысы,  оның  мәдениеттегі  іс-әрекеті, 
кейде тіпті болмыстың кең аясында эстетикалық феноменологияға 
толы болады.

 
 
 
                      
                                                  71
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Философиялық  сұхбаттың  эстетизациясы  мен  замана-
уи  әлеуметтік-мәдени  шынайылықтың  эстетизациясы  әлемнің 
ғылыми-рационалды  суретінің  орнына  келген  әлемнің  жаңа 
көркем-эстетикалық суретінде үйлесіп отыр. Адам әсемдікке де-
ген  қажеттілікті  сезінеді.  Бұл  қажеттілікті  кеңірек  түсіну  және 
адамның сұлулықтың ұсқынсыздықпен, қайғылының күлкілімен, 
жүйелік пен рационалдының бейберекетсіздік пен иррационал-
дылықпен, бейнелінің түсініктермен, ойынның салмақтылықпен, 
канондықтың жаңашылдықпен, асқақтықтың арсыздықпен, фор-
малдылықтың  мазмұнмен  қақтығысын  қамтитын  эстетикаға 
қажеттілігін жиі айту дұрыс болар еді.
Қазіргі таңда біздің алдымызда осында эстетикаланған әлем-
дегі  адамның  орны  мен  рөлі  жөніндегі  мәселе  көтеріліп  отыр 
(бояуланған),  адамның  болмыстық,  тірі  өміріндегі  стратегияның 
маңызы қаншалықты? Мұның барлығы эстетикалық мазмұнның 
онтологиясы тек әлеуметтік өмірде ғана емес, сонымен қатар терең 
адамдық  мәні  бар  дегенді  білдіреді.  Эстетика  шығармашылық 
дүниеқұрылыстың  факторы,  адамның  өзін  өзі  жүзеге  асырудың 
құралы бола тұрып, адам үшін адамзат тіршілігінің толықтығы 
мен алуан түрлі кеңістігін құра отырып, адамға шынайы ықпал 
етуге қабілетті.
Осыған  байланысты  өскелең  ұрпақтың  дамуы  аса  маңызды. 
Негізгі идеяны қамтамасыз ете алмаған адамның ішкі дүниесінің 
қалыптасуына,  оның  өмірлік  бағыттарды  таңдауына,  қоғамдық 
талғамдары  мен  тұлғаның  өмірдегі  және  іс-әрекетіндегі  субъек-
тивті факторларды жеңуге кері әсер етеді. 
Рухани дағдарысты туған мәдениетті зерттеу деңгейінің жетіс-
пеулігімен  түсіндіруге  болады,  оның  құрамдас  бөлігі  ұлттық 
ойдың тағдыры болып табылады. Бұл жерде қазақ халқы ерекше 
емес.  Қазақ  халқының  дәстүрлі  рухани  мәдениеті  өзінің  мағы-
налық  мазмұны  жағынан  өте  бай,  ол  ғасырлар  мұралары  мен 
көптеген тарихи кезеңдерден құралады, солай бола тұра негізсіз 
ұмтылып,  кеңестік  дуірдегі  ғылыми  және  мәдени  өмірінде  қол 
жетімсіз жағдай болды.
Біріншіден,  этноэстетиканың  объективті  негіздерін,  ұлттық 
және кәсіби өнердің тарихи байланыстары мен ара-қатынастарын, 
шығармашылықтың осы екі түрінің ерекшелігі келесі тұжырымға 
алып  келеді:  этноэстетиканың  негіздері  –  фольклорда  жатыр. 
Олар кәсіби өнерге де негіз болып, соңғылары арқылы өздері де 

72 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
байиды. Кәсіби өнер фольклордан алған формаларын одан ары 
дамытып қайтарады.
Екіншіден,  этноэстетикалық  дамудың  түрлі  кезеңдері  мен 
жолдарын  салыстыру  бұл  даму  ұлттық  шеңберде  жүзеге  асы-
рылады деп айтуға негіз береді. Осыған байланысты В.Г. Белинс-
кий  былай  деген:  «Белгілі  бір  халықтың  дамуы  өзге  халыққа 
еліктеушіліктің арқасында жүрсе де бұл даму ұлттық шеңбер ая-
сында жүреді» [92].
Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  алғалы  бері  қазақ  халқының 
дәстүрлі рухани құндылықтарын зерттеуге деген қоғамдық және 
ғылыми қызығушылық өсті, ол өткен өмірдің барлық қырларын 
қамтиды.  Қоғамдық  жүйенің  өзгеруі  өткен  дәуірдің  тарихи 
мұрасын  қайта  қарастыруға  және  сыни  көзқарас  қалыптасты-
руға  алып  келеді.  Қоғамдық  және  адамгершілік  мәселелердің 
қойылуы мен шешілуіне қатысты әлеуметтік статустың, этикалық 
ұстанымдардың,  дүниетанымдық  тәсілдемелердің  алуандығына 
қарамастан  олар  өздерінің  дүниетанымдық  мұраттарының 
жалпыадамзаттық  және  гуманистік  себептерінде  ортақ  болып 
келеді.
Осы  үрдісте  қазақстандық  қоғамның  рухани-адамгершілік 
күйі оның өзін өзі сезіну және тарихи өзгерістерді қабылдаудың 
тірегі ретінде қоғамның түбегейлі өзгерісіне бағытталған жасам-
паздық және позитивті іс-әрекетінде шешуші рөл атқарады. 
Қоғамдық сана мен халықтың психологиясына өшпес тарихи-
мәдени  құндылықтар,  нормаларды  мен  идеалдарды  ендіру 
және  негіздеу  мәдени  қайта  жандандыру  және  рухани  жаңару 
мәселесінде өте маңызды, ол оның рухын өзінің мұрасына қатысты 
бұрынғы стереотиптерінен босатып, тарихи қателіктерден сабақ 
алдырып,  Қазақстанның  қазіргі  таңдағы  социогуманитарлы 
ғылымының өзекті міндетіне айналып отыр. 
Қоғамның  сенімді  және  тұрақты  дамуы  оның  тіршілігінің 
негізгі  құрылымдарының  тұрақтылығын,  оның  мүшелерінің 
заңды  әрекеттерін,  негізгі  құндылықтар  мен  бірге  өмір  сүрудің 
басты нормаларына қатысты келісімін ұйғарады. Сонымен қатар 
принципті  тұрғыда  өмірдің  сүру  қалпының,  құндылықтардың, 
діни сенімдер мен дүниетанымдық ұстанымдардың плюрализмін 
дәріптеу  тек  мәдени  парадигмалардың  ғаламдық  нарығының 
құрылымы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оған  деген  индивид  қаты-
насының қағидаты да болып отыр. 

 
 
 
                      
                                                  73
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Осыған  байланысты  отандық  социогуманитаристиканың 
негізгі міндеттері келесідей: 
-  дәстүрлі  мәдениеттердің  ерекше  эстетикалық  тәжірибесін 
зерттеуге және түсінуге қызығушылықтың артуы
-  адам  мен  әлемді  терең  түсінуге  негізделген  әлемді  эстети-
калық қабылдаудың альтернативті жолдарын іздестіру;
- тәрбие және білім беру үрдісінде, республиканың әлеуметтік-
мәдени  іс-әрекетінде,  әрине  жағымсыз  және  қажетсіз  тұстарды 
теріске  шығара  отырып,  ата-бабалардың  позитивті  әлеуметтік 
және рухани тәжірибесін қолдану. 
Бұл  міндеттер  қоғамның  талап  етілетін  өзгерістерінің  құн-
дылықтық  мағынасын  терең  түсінген  және  оларға  өзінің  бүкіл 
жасампаздық энергиясын жұмсаған кезде ғана толықанды шешілуі 
мүмкін.  Сонымен  қатар  шығармашылық  ойлауы  бар  жөні  түзу 
адамды тәрбиелеу – тек жанұялық қана емес, мемлекеттік міндет 
екенін естен шығармау керек. Қазақ халқында мынадай мақал бар: 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Қазақстанның болашағы үшін 
реформалар  кезеңінде  дәстүрлер  мен  жаңашылдықтың  үйлесуі 
маңызды.
Мәдени  саясат  ұлттық  мәдени  индустрияның  шапшаң  да-
муына  қайта  бағытталуы  және  мұраны  жою,  коммерциализа-
ция  сияқты  жағымсыз  құбылыстарды  нейтралдауға  бағытталуы 
тиіс. Сол себептен болашақта жаңа ұрпақты ұлттық және рухани 
төзімділікте, халықтар арасында өзара түсіністікке, еңбексүйгіштік 
пен  азаматтық  патриотизмге  тәрбиелейтін  ғаламдық  мәдени 
жағдайды қалыптастыру қажет.
Қазіргі  таңда  қазақстандық  ғылым  үшін  ең  өзекті  міндет, 
біздің пікірімізше, гуманитарлы ғылыми зерттеулерді әлдеқайда 
жоғары ғылыми деңгейге көтеру қажеттігі. Осы мәселені шешудің 
бір жолы – зерттеушіден дүниетанымдық бағыттарының өзгеруін, 
белгілі  стереотиптерін  жеңуді  талап  ететін  жаңа  әдіснамалық 
тәсілдемелер  мен  концепцияларды  қолдану  болып  табылады. 
Феноменология,  синергетика,  герменевтика,  компаративистика-
мен қатар, осындай әдістердің бірі – өркениеттік тәсілдеме. Бұл 
әдістің  ең  маңызды  сипаттары  әмбебаптылық,  ашықтық  және 
жан-жақтылық. 
Әдістің  әмбебаптылығы  қоғамды  оның  материалды,  әлеу-
меттік  және  рухани  өмірлерін  біріктіріп,  біртұтастық  ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді. Әдістің ашықтығы өзге әдістердің 

74 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
толық  қорын  (синергетика,  герменевтика)  қолдануға  мүмкіндік 
береді. Тарихи қағидат, ғылыми объективтілік, негізделген плюра-
лизм және толеранттылық, тарихи ақиқатқа қатысты пікірлердің 
алдын  ала  пішілмегендігі  қазақ  мәдениетінің,  қазақ  қоғамының 
тарихы мен негіздерін түсіну үрдісінде әдіснамалық бағыттар бо-
луы қажет. 
Эстетикалық  таным,  одан  шығатын  өнер  де  адамның  әлеу-
меттілігінің ең жоғарғы көріністерінің бірі. Қоғамнан тыс әсемдік 
пен ұсқынсыздық, өткен мен келешек және т. б. жоқ. Эстетикалық 
құндылықтардың  мақсаттар  мен  идеалдар  ретінде  өмір  сүруі 
адамның  мақсатты  іс-әрекетке  қабілеттілігімен  байланысты. 
Жалпы,  нормалар,  мақсаттар  және  идеалдар  ажырамас  бөлік 
ретінде адамды дүниедегі онтологиялық мәртебесі арқылы бөліп 
көрсетеді, себебі, адам әлемге тек бейімделіп қана қоймай, сана-
лы түрде тіршіліктің сыртқы шарттарын өзінің мақсаттары мен 
қажеттіліктеріне (олардың жағымды немесе жағымсыз болуы ол 
өз алдына жеке мәселе) сай өзгертуге қабілетті.
Адам социумның мүшесі бола отырып, қоғамның қолдауына 
мұқтаж; қоғамның өзге мүшелерінсіз адам өзін таныта алмайды. 
Осылайша, әлемге деген эстетикалық қатынастың ерекшелігі жал-
пы,  айырықша,  дара  яғни  әлеуметтік-тұтастық  (жалпыәлемдік), 
жеке топтық (этностық) және жеке нақтылы (тұлғалық) жоспар-
дың синтезінде болып отыр. 
Этникалық шынайылықтың құндылықтық өлшемі индивид-
тің  жеке  әлемге  деген  құндылықтық  қатынасының  бастауында 
жатыр. Игілік үшін қандай өмір салтын қарастыру қажеттілігіне 
қатысты әр түрлі қауымдастықтағы адамдардың көзқарастары әр 
қилы  болған  сайын  этностар  мен  олардың  мәдениетінің  де  ара-
сында неғұрлым өзара айырмашылықтары байқалады. 
Этникалық шынайылықтың құндылықтық өлшемі ландшаф-
тылық  ерекшеліктерді,  психоментальды  кешенді,  халықтың  та-
рихын, мәдениетін, игере отырып, бір этностың өзге этникалық, 
мәдени, әлеуметтік, діни әлемнің, мемлекеттің, қауымдастықтың 
өкілімен  түйіседі,  бұл  үдеріс  барысында  ол  өзінің  іздеп  жүрген 
көпсатылы  шынайылығына  ие  болады.  Этноэстетикалық  мәде-
ниет  –  құндылықтар,  нормалар,  дәстүр  мен  әдет-ғұрып,  сенім 
мен  білім  түрінде  жинақталған  өмірлік,  құндылық  тұрғыдан 
іріктелініп алынған жағымды әлеуметтік тәжірибе. Бұл – белгілі 
бір  халықтың,  этностың  дүниені  қабылдауы,  шындықты  эстети-

 
 
 
                      
                                                  75

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет