Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Өнердің  адамдар  мен  тұлғалық  тәлімнің  реттеушісі  ретін-
дегі  рөлі  де  маңызды.  Қоғамдық  сананың  ерекше  түрі  ретіне 
өнерде  материалдық  және  рухани  өндіріс  үрдісі  барысында 
қалыптасатын  қоғамдық  қатынастардың  жүйесі  идеалдарда, 
қажеттіліктерде  көрініс  табады.  Өнерді  қолданудың  тиімділігі, 
яғни,  оның  тұлғаның  сезімдері  мен  көзқарастарына  ықпалы, 
оның  шығармашылық  дамуына  ықпалы  тікелей  тұлғаның  көр-
кем дамуына байланысты.
Өнердің ең маңызды қызметтерінің бірі тәрбиелеуші қызметі 
болып  табылады.  Әлемнің  эстетикалық  ерекшелігін  бейнелей 
отырып,  әсем  және  ұсқынсыз,  қайғылы  және  күлкінішті,  асқақ 
және арсыз тұстарын көрсете отырып өнер адамның эмоционал-
ды  әлемін  асылдандырады,  сезімдерді  тәрбиелейді,  интеллектті 
қалыптастырады,  адам  рухының  ең  жақсы  қабілеттерін  оятып, 
эстетикалық  қуаныш  тудырады.  Адамның  рухани  әлемін  ба-
йыту көп жағдайда өнердің алуан түрлерінің тұлғаға ықпал ету 
деңгейіне байланысты.
Батыстық «бұқаралық мәдениет», негізінен терең таптық сипа-
ты бар, антиұлттық және антигумандық болып келеді. Оны халық 
қалыптастырмайды, ол оның қажеттіліктері мен сұраныстарынан 
мүлде  алшық  адамдар  арқылы  қалыптасады.  Бұл  негізінен 
тұлғасыз,  мәдениеттің  рухани-адамгершілік  құндылықтарынан 
айрылған, ірі капитал мүддесі үшін индустрия құралдары арқылы 
қоғамдық  сананы  қалыптастыруға  бағытталған.  Ондағы  –  музыка 
да, театр да, кино да, теледидар да, радио да – барлығы бір ғана 
мақсат:  яғни,  миллиондаған  тыңдармандар  мен  көрермендер  са-
насында  ойлаудың  белгілі  бір  стереотипін  қалыптастыру.  «Егер-
де  миллиондаған  тираждармен  шығып  жатқан  жалған  әдебиет, 
порноромандар, комикстар және нашақорлық жалған беллетрис-
тика (оны маңызды әдебиет деп санап, оқып жатқандардың үлесі 
тек екі пайыз ғана, мәселен АҚШ-та ) жөнінде айтар болсақ, онда 
«бұқаралық мәдениет» тек ұлттық мәдениетті ғана жойып қоймай, 
сонымен қатар халықтың өзін бұзып, жойып отыр» [76].
Х.  Ортега-Гассеттің  әлемді  эстетикалық  түсіну  саласындағы 
ашқан көріпкелдік жаңалығы оның болмысты бейнелік жолмен 
түсінудің негізгі міндеттерін шешпейтін, халықтың эстетикалық 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өнердің деградация-
латын нұсқауы. Қазіргі таңда біз белгілі бір эстетикалық кеңістікті 
қалыптастыру  үшін  эстетикалық  тетіктерді  белсенді  түрде 

 
 
 
                      
                                                  57
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
қолдануды  бақылай  аламыз,  оны  әлемнің  жалған-бейнесі  деп 
атауға болады. Бұл жерде біз бейнелік түсіну емес, шынайылық 
кеңістігінің  бейнелік қалыптастыру үрдісін көріп отырмыз. Осы 
енді  ғана  қалыптасып  келе  жатқан  және  уақыт  өте  келе  өзін 
тереңірек  қарастыруды  талап  ететін  мәселенің  жарқын  мысалы 
ретінде американдық кинематографтағы эстетикалық кеңістіктің 
қалыптасуы  мен  қоғамның  мінез-құлығының  түрлі  үлгілері 
арасындағы байланыстың нақтырақ болып көріне бастауы [77].
Танымал  ресейлік  ғалым,  Мәскеу  мемлекеттік  мәдениет 
университетінің  мәдениеттану  және  өнертану  факультетінің  де-
каны  А.О.  Флиердің  пікірінше,  «жоғары»  мәдениет  нарықпен
қақтығысты  көтере  алмай,  жойылады  [78].  Маргиналды  субмә-
дениеттерге  тиімді  түрде  тек  «либералды  құндылықтар»  мәде-
ниеті,  негізінен  американдық  мәдениет  қана  төтеп  бере  алады, 
Флиердің  ойынша,  «жоғарғы  мәдениет  адамдардың  жүрек-тері 
мен  саналары үшін  күрестен шығып  қалды. Сол себептен, «жо-
ғарғы»  мәдениетке  қатысты  мемлекеттік  саясаттың  міндеті  тек 
дамыту  ғана  емес,  сонымен  қатар  қалыптасқан  мәдени  әлеуетті 
сақтау, бастысы – оның мектебін сақтау».
Өнердің ең маңызды қызметтерінің бірі гедонистік қызметі. 
Өнер  туындылары  адамға  эстетикалық  қуаныш  алып  келеді, 
оның рухани және физикалық күштерін белсенді етеді, эмоцио-
налды  және  интеллектуалды  ләззат  алуға  деген  қажеттіліктерін 
қанағаттандырады. Адамға эстетикалық жолмен ықпал ете оты-
рып, оны рухани байыта және эстетикалық ләззат бере отырып, 
өнер осылайша, түрлі рухани қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Тұлғаның  әлеуметтік  қасиеттерінің  қалыптасуына,  оның 
эстетикалық  қажеттіліктерінің  қалыптасуына  өнердің  комму-
никативті  қызметі  үлкен  ықпал  етеді,  өзге  адамдармен  ру-
хани  қарым-қатынасқа  түсу  адамдар,  ұрпақтар  және  ұлттар 
арасындағы қатынастардың құралы болып табылады. Өнер адам-
ды қоғамдық, эстетикалық және адамгершілік идеалдарға жақын 
болу  үшін  қызмет  етеді.  Өнермен  байланыс,  көрермендердің, 
тыңдармандардың  белсенді  қатысуы  әлемді  көркем  қабылдау 
тәжірибесін байыта түседі.
Әр кезеңдерде де адам алдында бірінші кезекте «Адам болу», 
өзінің  шынайы  адамдық  келбетін  сақтау  міндеті  тұрды;  оның 
тек жолдары мен әдістері ғана өзгереді. Мәселен, қазіргі таңдағы 
ғаламдық  экологиялық,  саяси,  экономикалық,  адамгершілік, 

58 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
ұлттық  және  өзге  де  дағдарыстар  жағдайында  жалпы  адамның 
аман қалу мәселесі алдыңғы қатарға шығады, сол себептен, зерт-
теу жұмыстары бірінші кезекте білім, тәрбие беру, жоғарғы иде-
алдар және адамның мақсаттарына емес, экономика және адам-
дарды  материалды  қамтамасыз  ету  мәселелеріне  бағытталған. 
Алайда,  экономика  мәселелерін  шешу  білім  және  тәрбие  беру 
салаларындағы  өзгерістермен  байланысты,  себебі  бұл  екі  сала 
шығармашылық,  түрлі  өзгерістерге  тез  бейімделе  алатын,  бір 
ғана кәсіби позициядан көп салада жұмыс істей алатын, танымға 
ұмтылатын, қайратты, орын алып отырған үрдістерге ықпал ету-
ге ұмтылатын адамдарды даярлап шығарады. Алдағы болашақта, 
бірінші кезекте индивидуалдылық пен іскерлік, болашаққа бағдар 
алу қасиеттері көп қолдауға ие болады. 
Бір сөзбен айтқанда, өмір шығармашылық мәселелерді ше-
шуге  қабілетті  адамдарды  талап  етеді.  Шығармашылық  адам 
дегеніміз  –  бұл  тәжірибе  элементтерін  біріктіре  алатын,  оның 
шығармашылық  жасампаздық  әлеуетін  ұйымдастыра  ала-
тын  және  мінез-құлықтың  жаңа  үлгілерін  дамыта  алатын  адам. 
Осындай  іс-әрекет  (шығармашылық)  арқылы  әлемді  де,  өзін  де, 
«өзіндік»  ішкі  және  сыртқы  әлемді  тануға  болады.  Бұл  жерде 
пәндердің  және  адамның  рулық  өлшемдеріне  сәйкес,  сұлулық 
заңдылықтары бойынша әмбебап шығармашылық туралы мәселе 
болып тұр.
Қазіргі таңда адамның Жердегі сандық өмір сүруі емес, адамзат 
қоғамының сапалық жағдайы жөнінде сөз болып тұрғаны белгілі. 
Адамның алуан түрлі қасиеттерінің ішінде оны эстетикалық ин-
дивид ретінде сипаттайтын, яғни, өмірді тануға ұмтылатын және 
онымен үйлесімділік пен келісім негізінде қарым-қатынас құруға 
ұмтылатын  Адам  болуға  қажет  қасиеттер;  шығармашылық  іс-
әрекетте  өзінің  мәндік  күштерін  жүзеге  асыру.  Адамзат  тарихы 
осындай  «эстетикалық  идеалды»  іздестіруге  куә  болды.  Эстети-
ка  қазіргі  таңның  аса  өзекті  мәселелерін  шешуге  көмектесе  алуы 
мүмкін.
Сонымен,  өнерді  синтездендіруші  миссиясы  келесі  жолдар-
дан көрінеді:
-  жеке  тұлға  деңгейінде  оның  барлық  рухани  күштерін 
біріктіреді;
- әрбір нақты қоғамдық даму деңгейінде ұлттың біртұтас өзін- 
өзі түсінуін қамтамасыз етеді;

 
 
 
                      
                                                  59
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
-  ұлттардың  тарихи  байланысы  деңгейінде  мәдениеттің 
үдемелі үрдісінің бірлігін көрсетеді. 
Өнердің  шынайы  мағынасы  ол  адамзат  мүдделерінің  ең 
терең  қырларын  әмбебап  формаларда  аша  отырып,  түсініктер 
мен бейнелерді туындату және қамту барысында көрінеді. Эсте-
тикалық  мазмұн  адамдардың  рухани  байлығының  айтарлықтай 
құрамдас  бөлігін  құрайды  және  олардың  өмірінде  маңызы  зор. 
Ол  адамгершілікке  және  қоғамдық  сананың  өзге  де  түрлеріне 
жағымды  ықпал  етеді,  адамдарға  үлкен  рухани  ләззат, 
сұлулықты қабылдауға және бағалауға деген қабілет алып келеді, 
қоғамдық сананың қажетті бөлігі болып келеді, ол тұтастық пен 
мобильділікті,  болашаққа  деген  ізденушілікті,  дәл  осы  шақтағы 
адамгершілік – психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 
Өнер  мен  эстетикалық  сана  –  адамзаттың  рухани  мәдениетінің 
болашағы. 

60 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
2 ЭТНОЭСТЕТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ КӨРКЕМ 
МӘДЕНИЕТІ 
 
2.1  Этноэстетика  және  әлемді  көркем  игерудің  ұлттық 
бейнелері 
Үшінші  мыңжылдықтың  басында  адамдар  әлемі  ғарыштық 
жылдамдықпен  өзгеріп  отыр.  Экономикалық,  ақпараттық  және 
мәдени  байланыстарды  қалыптастыру  мен  күшейтудің  мақсаты 
ұлттардың тағдырын ортақ бір әлемдік тағдырға айналдыру бо-
лып табылады, алайда, бұл күткен адамзатты біріктіру әлі де бол-
май отыр. Әлемнің көптеген аймақтарында азаматтық соғыстар 
жүріп отыр, миллиондаған адамдар қашқындықта және бөлінуде 
аман қалудың жолдарын іздестіріп жүр.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде адамдардың өздерінің этникалық 
бірегейлігіне  деген  қызығушылық  артып  отыр.  Бұл  адамзат 
өміріндегі жаһандану үрдісінің шарттарында ұлттардың өзіндік 
ерекшеліктерін сақтауға деген ұмтылыстарымен түсіндіріледі.
Адамзат тарихы – үзілістер мен үздіксіз сабақтастық, ұрпақ 
алмасу,  формациялар  мен  өркенеиттердің  ауысуының  шексіз 
үрдісі  болып  табылады.  Осы  үрдісте  рухани  және  материалды 
мәдениеттің  қалыптасқан  құндылықтарын  ұрпақтан  ұрпаққа 
ұқыппен беріп отырған этностар дамиды. Бұл құндылықтардың 
сақталып,  одан  ары  қарай  көбеюі  этностардың  ұлттық 
мәдениеттерінің дәстүрлеріне байланысты, оларды зерттеу және 
түсіну әр кезде өз этносы мен қоғамның ғана емес, сонымен қатар 
бүкіл адамзаттың (практикалық болмаса да теориялық деңгейде) 
маңызды мәселелерін анықтап, шешуге көмектеседі. 
Адамзат  дамуының  қазіргі  сатысындағы  социогуманитар-
лы  ғылымдардың  дамуы  көп  жағдайда  этникалық  дәстүрлерге 
қатысты тәсілдемелер арқылы анықталады, ал олар өз кезегінде 
жастарды  тәрбиелеу  үрдісінің  мәдени  ерекшеліктерімен  қатар, 
осы тәрбие беру үрдісіндегі мәдени сабақтастықтың үзілуіне жол 
бермеу және оның алдын алу тетіктерін іздестірумен байланысты, 
ал бұл біздің өркениетіміздің негізгі ерекшелігі болып табылады.

 
 
 
                      
                                                  61
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
Этностардың  ұлттық  мәдениеттерінің  дәстүрлерін  және 
олардың  жаһандану  үрдісіндегі  алатын  рөлдерін  зерттеу  тек 
теориялық тұрғыдан ғана маңызды емес. Уақыт өткен сайын ол 
адамзат өмірінің жаһандану толқындарына кезігіп отырған нақты 
этностар мен қоғам өмірінің талабы болып отыр.
Жаһандық  динамика  жөніндегі  пікірлердің  жалпы  жиын-
тығын  негізгі  үш  позияцияға  сыйдыруға  болады.  Бірінші  пози-
цияның жақтаушыларының (Ш. Айзенштадт, П. Бьюкеннен және 
ресейлік  мәдениеттанушы  А.Я.  Флиер)  пікірінше,  жаһандану 
қазіргі таңның түбегейлі жаңалығы емес, ол тек адамзаттың мәдени 
өлшеміндегі  циклдарының  үнемі  өзгерістеріндегі  кезекті  саты 
(көтерілу/төмендеу) ғана болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, 
постиндустриалды  даму  кезеңінде  энтропияның  төмендеуі  ба-
сым болды, алайда, бұл жақын уақытта кері үдеріспен алмасады. 
Келесі топ (С. Хантингтон, Э. Тоффлер, У. Ганнерс, Э. Люттвак), 
керісінше,  қазіргі  әлем  терең,  қайтаруға  болмайтын,  Хантинг-
тон  пікірінше  өркениеттердің  ғаламдық  қақтығыстарының 
нәтижесінде  орын  алып  отырған  өзгерістердің  нәтижесі  болса
Тоффлердің пікірінше болашаққа мұқалту және оны түсінбеуге 
негізделген  өзгерістер  болып  табылады.  Ганнерс  пен  Люттвак 
тұрғысынан,  –  бұл  өркениеттер  қақтығысынан  гөрі,  адамзаттың 
алдағы  келе  жатқан  дамудың  әлі  анықталмаған  үрдісімен 
соқтығысуы, ол басында жаһандану ретінде көрініп, кейіннен кез 
келген шынайылық кейпіне енуі мүмкін [79].
Қоғамтанудың басым көпшілігі қолдайтын ұстанымға сәйкес, 
жаһандану  –  бұл  Батыстың  постиндустриалды  даму  сатысын-
да тұрған мемлекеттерді саяси, экономикалық және ақпараттық 
басып  алуы,  ол  «үшінші  әлем»  елдеріне  тікелей  немесе  жанама 
колониалды басымдық етуін қайта қалыптастыруға бағытталған 
(негізінен  осы  елдердің  ішкі  нарықтарында  экономикалық 
тұрғыдан басым болу).
Жаһандану құбылысынын, жаһандық сана, жаһандық мәде-
ниет  және  интеграция,  унификация,  әмбебап  және  аймақтану 
және  т.  б.  үрдістерінің  ерекшеліктерін  анықтау  жөніндегі  пікір-
таластар әлі күнге дейін жалғасып отыр. Батыста және Ресейде та-
нымал болған «өркениеттер қақтығысы» концепциясының орны-
на, пікірталастың әрқилы болғандығына қарамастан – жаһандану 
идеясын  гуманистік  мазмұнмен  толтыруды  түсіну  келіп  отыр. 
«Жаһандану»  құбылысының  бүкіл  мәселелерінің  жүйесін 

62 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
мейілінше  жете,  жан-жақты  және  аса  ұқыптылықпен  даярлау 
жаһанданудан  оның  жалпыадамзаттық  келешегін  көруге  бола-
ды. Олар батыстық, либералды-нарықтық үлгіден ұлы діндердің 
қолдауымен зиялы қауым арқылы басқарылатын «әлемдік қауым 
жобаларын» ұсынады [80].
Мемлекеттерге  бөлінген  адамзат  қоғамы  шарттарында  егер 
де  белгілі  бір  ұлт  өзінің  этностық  мүдделерімен  қатар  өткенді, 
келешекті, елді және әлемді қамти отырып, оларды ғаламдық та-
рихи масштабта жүзеге асыру мүмкіндіктерін дұрыс түсінбесе ке-
лешекте бір де бір мемлекет жеке, өзінің ақылымен ғана өмір сүре 
алмайды.  Мемлекеттер  немесе  өзге  де  тарихи  құрылымдардың 
егемендігі  емес,  этностардың  тарихи  егемендік  қағидаты  ең 
фундаментальді қағидат болып табылады, себебі, мемлекет этнос-
тарды емес, этностар мемлекетті қалыптастырады (және басқа да 
тарихи  құрылымдарды).  Этносты  дәл  осылай  түсіну  этностық 
мәндік қасиеттерін бекітетін «этникалық сана-сезім», «этностық», 
«этникалық  бірегейлік»  және  т.  б.  түсініктерін  анықтауға  және 
талдауға себін тигізеді.
Этнос – бұл ортақ тарихи тағдыры бар, барлығына түсінікті 
тілі  (вертикалды  және  горизонталды)  бар,  ортақ  мәдениеті  бар 
(бір  фундаментальды  құндылықтар)  тарихи  анықталған  ата-
бабалардың ұрпағы және өздерін ортақ ата тектен шықтып деп 
мойындайтын ұрпақтар. Ұрпақтар үшін (сонымен қатар ұлттар 
үшін) төмендегі белгілер міндетті: 
- туысқандық (жалған болса да, аңыздық, мифологиялық);
-  ұрпаққа  ата-бабаларды  түсінікті  етуді  қамтамасыз  ететін 
тілінің үздіксіздігі (ауызша шығармашылық);
- тарихтағы бір тағдыр (жалған болса да ортақ, аңыздық және 
мифологиялық, өткен мен келешек);
- есебі жоқ түйсік пен сезіну, тағдырды ұқсас түсіну, ал сол 
арқылы бүкіл әлемді түсіну, яғни бір менталитет [81].
Осындай  түсінік  аясында  кез  келген  ұлтқа  (жалпы  этносқа) 
жататын әрбір адам әрдайым өзінің ұлтымен туыстық байланысты 
сезбеуі мүмкін емес.
Адамзат  тарихында  этностардың  дамуының  үш  деңгейі  бө-
лінген: тайпалар, ұлттар және халықтар. Тайпа – сол дәуірде өмір 
сүрген рулардан жоғары адамдардың қауымдастығы болып табы-
лады. Ол өзін құрайтын индивидтер бойынша сол дәуірдегі тари-
хи индивидтен жоғары ағза – алғашқы қауымдық индивидтердің 

 
 
 
                      
                                                  63
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
қауымдастығымен  сәйкес  келеді.  Алғашқы  қауымдық  кезеңнен 
шыққан белгілі бір тайпалардың таралуы, олардың тайпаларды 
бөлуге  келмейтін  біртұтастыққа  бірігуі  ұлттың  қалыптасуына 
алып  келеді.  Алайда,  осындай  таралу  ұзақ  үрдіс,  ол  біріккен 
тайпалардың  бүкіл  өркениеттерінің  кезеңінде  болуы  мүмкін. 
«Ұлт – бұл көптеген тайпалардың біртұтас қауымдастыққа бірігіп, 
ондағы  таралуында  олардың  ерекшелігін  ажыратуға  келмейтін 
және  өздерінің  маңызын  жойған  жағдайдағы  қауымдастық  бо-
лып  табылады»  [82].  Бірқатар  алғашқы  (оларға  қосылатын) 
тайпалардың бір ұлтқа бірігуінің басынан аяғына дейін тайпалар-
дан халыққа ауысатын өтпелі құрылым-ұлыс болып табылады. 
Қазіргі таңдағы күрделі шарттар аясында адамды тәрбиелеу-
дің  негізгі  этико-эстетикалық  нормалары  мен  адамгершілік-
көркем жолдарын қайта қалыптастыру қажеттілігіне байланысты 
көптеген құбылыстарға қайта баға беріліп отыр, ұлттық көркем 
мәдениетті қайта жаңғырту қажеттілігі, оны зерттеудің жаңа са-
палы  тәсілдемесі  туындап  отыр.  Жан-жақты  дамыған  тұлғаның 
қалыптасу барысындағы ең рационалды және гуманистік жолдар-
ды іздестіру және оларды жоғарғы идеалдарда тәрбиелеу қазіргі 
заман  адамына  рухани  ықпал  етудің  мықты  құралы  ретінде 
адамгершілік-эстетикалық  мәдениеттің  дәстүрлі  негіздеріне 
қызығушылық туындатып отыр.
Осыған  байланысты  А.С.  Панариннің  айтқан  ескертпесі  өте 
орынды болып келеді: «мәдениет саласындағы капитуляция, ата-
бабалардың  тәжірибесінен  алшақтау,  ұлттық  мәдениеттен  елік-
теуші мәдениеттің пайдасына байланысты алшақтау орын алған 
кезде саяси капитуляция тек уақытша мәселе болып қалады» [83].
Ұлттық көркем мәдениет патриоттық тәрбие берудің, ұлттық 
намыс  пен  өзіндік  ар-намыс  сезімін  тәрбиелеудің  ең  тиімді 
құралдарының бірі, ол негізінде тықпаланған уағыз емес, ұлттық 
және халық көркем мәдениетінің туындыларын терең және жан-
жақты түсіну болып табылады [84].
Қазіргі таңда соңғысын байқауға болады: «этникалықты мо-
билизациялау» белсенді түрде орын алып отыр, кішігірім этнос-
тар  өздерінің  руханилықтарының  негіздеріне,  өздерінің  ұлттық 
мәдениеттерінің негіздеріне жүгініп: біз кімбіз, біздің өзгелерден 
ерекшелігіміз қандай, біз әлемді және ондағы орнымызды қалай 
қабылдаймыз және қалай түсінеміз т. б. [85]. 
Осы  және  өзге  де  сұрақтарға  жауаптарды  олар  ата-ба-
балары  мұра  ретінде  қалдырып  кеткен  аса  бай  рухани-

64 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
адамгершілік мұрадан табады. Ұлттық көркем мәдениет «ұлттық 
сананың  материализацияның  өзіндік  саласы»  [86]  және  өзінде 
«материалдық, рухани және көркем жетістіктердің алуандылығы 
мен байлығын шоғырландырған құндылықтық қор» болып табы-
лады  [87],  сол  себептен,  ұлттық  көркем  мәдениет  –  бұл  ұлттың 
өзінің  ұлттық  шығармашылығы  арқылы  таным  жолы,  ұлттық 
дүниетаным жолы, ұлттық психологияны, ұлттық тарихи ойлау-
ды, ұлттық моральды және ұлттық эстетиканы түсіну және сезіну.
Сонымен  қатар  ұлттық  көркем  мәдениет  адамдарды  тек 
ұлттық  мәдениеттің  негіздеріне  ғана  жақындатып  қоймай,  жал-
пыұлттық мәдениетке де жақындата түседі, дәлірек айтсақ, әрбір 
мәдениеттің  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  жүгінуі  (махаб-
бат,  сенім,  қайырымдылық,  сұлулық)  өз  кезегінде  түрлі  ұлт-
тардың көркем шығармаларында ұқсас тұстар мен сюжеттердің 
пайда  болуына  алып  келеді  (әлемдегі  барлық  аналар  бесік  жы-
рын бірдей айтады, барлық батырлық жекпе-жектер, танылмаған 
балалармен,  бауырлар  мен  апалармен  кездесу  бір-біріне  ұқсап 
жатады),  ал  өзінің  даму  барысында  «түйіскен»  халықтардың 
мәдениеттерінде  ұқсас  жанрлардың  туындауына  алып  келеді, 
мәселен,  «Алпамыс»  жырлары  (В.М.  Жирмунский  «Алпамыс» 
жырының қазақ және қарақалпақ үлгілері қазақтарда, өзбектерде 
және  қарақалпақтарда  сақталған  ортақ  ең  ежелгі  эпикалық 
сюжеті бар деп басып айтқан) немесе «Қобылан» («Қобыланды»). 
Қазақтар,  қарақалпақтар,  ноғайлар,  башқұрттар  және  татарлар 
арасында таралған «Қобыланды-батыр» эпосы «қыпшақтардың» 
(ноғайлар  тайпалар  одағының  құрамына  кірген)  қалмақтармен 
күресі жөнінде баяндайды [88].
Ұлттық  көркем  мәдениет  халықтарды  жақындата  түседі, 
мәдениеттер  сұхбатына  негізделген  өзара  түсіністікке,  өзара 
танымға  үлесін  қосады,  бұл  тек  қана  мәдениет  өнімдерімен  ал-
масуды  ғана  білдірмейді,  сонымен  қатар  өзара  баю  үрдісін 
көрсетеді  (бұл  қазіргі  таңдағы  кең  көлемде  орын  алып  отырған 
миграция жағдайында аса қажет: ол ұлттардың «сәтті бейімделу» 
мәселелерін,  «өзге  ортаға  сіңісу»  мәселелерін  шешуге  үлесін 
қосады) [89]. 
Әлемнің  жалпы  суреті  түрлі  жолдармен  қалыптасады, 
атап  айтар  болсақ:  ақпаратты  рәсімдеу  және  ұсыну  жолдары-
мен,  көп  жағдайда  географиялық  және  әлеуметтік  аспектілерде 
кеңінен таралатын өнер арқылы сипатталатын ортақ ақпараттық 

 
 
 
                      
                                                  65
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
кеңістік. Біртіндеп әлемнің біртұтас бейнесі қалыптаса бастайды, 
ол  әлемнің  өзге  де  мәдени  және  этникалық  бейнелерін  екінші 
қатарға,  периферияға  ығыстырады.  Әлемнің  осы  бейнесінің 
негізгі сипаттарының бірі оның әрекеттік ұстанымы; ол – мінез-
құлықтың  белгілі  бір  құндылықтық  бағыттары  мен  үлгілерін 
қалыптастыруға бағытталған: адамды әлемнің белгілі бір бейне-
сіне  ендіруге  ұмтылған,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  іс-
әрекеті, негізінен жарнама жасаушылардың әрекеті құрылады.
Қазіргі  таңдағы  әлем  бейнесінің  ерекшелігінің  мәселесі 
әлеуметтік-саяси  анықтамалардың  аясынан  тыс  шығатыны 
белгілі.  Әлемнің  бейнесін  қалыптастыратын  түрлі  жолдар  оны 
құрайтын  маңызды  құрамдас  бөліктері  ретінде  нақты  эсте-
тикалық  парадигма  негізінде  құрылады.  Әлем  суреті  белгілі 
құндылықтық  түсініктер,  сонымен  қатар  сұлулық  жөніндегі 
түсініктер негізінде қалыптасады. Әрине, осындай түсініктердің 
эстетикалық  мазмұнын  сыни  тұрғыдан  талқылауға  болады, 
алайда, әлемнің бейнесі эстетикалық жақты ала отыра құрылып 
отырғаны маңызды, сонымен қатар ол адамнан белсенді әрекет-
тік жауап күтеді.
Кез  келген  ойшылдың  әлемді  түсінуінің  ең  маңызды 
жақтарына жататын эстетикалық түсінік шынайылықтың құры-
лымдық  негізінде  жатқан  әлемнің  тұтастығын  онтологиялық 
сезінуден шығады.
Әлеуметтік-мәдени-философиялық  бірліктің  күрделі  өзара 
толықтырып тұрған құрылымындағы кез келген философиялық 
жүйенің  бойында  эстетикалық  дүниетанымның  бейнелік  кейпі 
болады.  Кез  келген  философиялық  жүйенің  көркем  кеңістігі 
–  эмоционалды  ортасы  бар  деп  айтуға  болады,  ол  ойшылдың 
шығармаларын  ортақ  бір  тұтастыққа  біріктіреді,  оны  М.  Ма-
мардашвили  біздің  ойлауымызды  рационалды-интуитивтегі 
бірліктегі әлемді эстетикалық түсіну кезеңін синтездеу қабілеті деп 
сипаттайды.  М.  Мамардашвили  «біздің  санамыздың  құрылысы 
ретінде  бір  шынайы  философия  бар  және  түсініктер  мен 
ілімдердің философиясы бар, оның пәні шынайы философияның 
экспликациясы. Алайда, бұл мен ойлаймын, мен тіршілік етемін 
деген  философиялық  дәлелге  балама  тек  –  көркем  бейнені 
қалыптастырған жағдайда ғана орындалады» деп жазды [90].
Кез  келген  күрделі  әлеуметтік  жағдайларда  эмоционалды-
бейнелік деңгейде жақындасу және өзара түсіну әсері орын ала-

66 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет