Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
пайда болып, жанарына жас тығылары айдан анық. Жалпы бұл 
туынды  адамзат  баласын  гуманист  болуға  тәрбиелейді,  адам 
атаулыға бір-бірін жақсы көруді насихаттайды. Кедей шаруалар 
өзінің сол өмірінде де бақытты бола алады деген байламға келеді. 
Махаббат рахаты жанұялық қуаныш сияқты сезімдерді игере оты-
рып,  шаруалардың  бақытты  өмір  сүретіндеріне  сенеді.  Қуаныш 
пен қайғы бай кедей демей жалпы адамзатқа ортақ нәрсе дегенді 
Карамзин осы повесінде көрсетеді. 
Е. Тұрсынов сал-серілердің махаббат туралы көп жырлағаны-
на тоқталады: «Салдың өлеңдерінде махаббат лирикасы көрнекті 
орын  алады.  Мысалы,  Біржан  сал  шығармаларының  толық 
жинағына  кірген  59  өлеңнің  (1967  жылғы  басылым)  23-і  махаб-
бат  тақырыбына,  9-ы  махаббат  пен  өмірдің  барлық  тірліктеріне 
арналған».
 Ақ тұйғын құс қолымда сырғақты ма?
 Басып-басып алайын ырғақтыма.
 Бозбала, саған айтар өсиетiм,
 Жақын жүр әлпештеген ардақтыға [131].
Біржан  сал  дүниетанымының  тірегі  –  шындықты  тайсал-
май  айтып,  салдық  дәстүрді  еліне  кең  ауқымда  таратып,  оның 
эстетикалық  қуатын  айқындап,  халқына  жеткізуші.  Ол  барлық 
өлеңдерінде адамға деген сүйіспеншілік идеясын негіз етіп алады, 
өлеңдерінде адамның қоғамға қатыстылығын айқындайды. 
Сал-серілердің  ақындығы  мен  өнерпаздығы,  әншілігі  қатар 
келеді.  Олардың  әндері  нәзік,  сезімді  толқытарлық  лирикалы, 
көбінесе махаббат тақырыбына арналып айтылады. Ақан серінің 
«Торыны таңға байлап, мінген қандай» деген лирикасын мысалға 
алсақ,  онда  торы  атты  әсемдеп  жаратып  мініп,  қызды  ауылдың 
тұсында ән шырқап, сұлу қызға жеңгесі арқылы сөз айтып, иша-
ратпен  әзілдесіп,  іштей  бірін-бірі  ұғысқан,  біріне-бірі  ынтық 
болған ақын сыры баяндалады.
Жастарға эстетикалық тәрбие беруде өз шығармашылығымен 
ғана емес, сонымен қатар талғампаз сырт келбетімен, іс-әрекетімен 
үлгі болған, сондықтан «сері» атанған ақын Ақан Қорамсаұлының 
орны  өте  үлкен.  Өз  өлеңдерінде  эстетикалық  категорияларды 
әрқашан жырлап өткен Ақанның шығармаларының тілі бай, осы 
категорияларды  беруде  түрлі  теңеулерді  көркем  сөзбен  орынды 

 
 
 
                      
                                                  121
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
бере білген. Мәселен, «Торыны таң асырып мінген қандай» өлеңінде 
«үкілеп, әсемдеп», «ақша маңдай», «қалқажан», «ақ білек» сияқты 
сөздерді  пайдалану  арқылы  жырдың  нақышын  келтіре  түседі. 
Өзінің қалыптасқан эстетикалық талғамын ғана көрсетіп қоймай, 
Ақан сері басқалардың да қандай болуы керектігі туралы айтады. 
Бұған  оның  «Жайықтың  ақ  түлкісі  аралдағы»,  «Сүйген  қалқа», 
«Көңіл сыры», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипа-
ты», «Жігіт сипаты», «Қыз сипаты», т. б. өлеңдері мысал бола алады.
Махаббатқа  толы  ақын  өлеңдеріндегі  қыздың  эстетикалық 
сипатын  бейнелеген.  Мысалы,  жоғарыда  аталған  «Көңіл  сыры» 
өлеңіндегі «перизат, сүмбіл шаш, оймақ ауыз, меруерт тіс, асыл 
зат, алқызыл гүл, қарақат көз, жазық маңдай, хор» деген сөздер 
соны  айғақтайды.  Ақынның  өлеңдері  әсемдікті,  сұлулықты, 
әдемілікті жырлай отырып, соған жетуге шақырады, «Жай жату 
тек бүгінгі жанның қамы, Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы» 
екенін айтады.
Ақан  сері  Қорамсаұлы  биік  те  алғыр  романтикаға  ұлас-
қан,  ғашықтыққа  құштар  сезімі  орасан,  жүрек  тебірентер,  жан 
жадыратар,  өміршең  лириканы  дүниеге  әкелді.  Оның  шығар-
малары – жастыққа, қарекетке толы өміршең, асқақ туындылар. 
Ақанның  лирикалары  өмірге,  болашаққа  құштар  жастың  жан 
сезіміне,  жүрек  сеніміне  суарылған  асыл  жырлар.  «Біздің  көңіл 
қайда  жатыр»,  «Ішінде  орта  жүздің  жүрмін  шарлап»,  «Майда 
қоңыр»,  «Айкөк»,  «Сырымбет»  тағы  басқа  өлеңдерінде  мұқалу, 
қажу  дегеннің  ізі  де  жоқ.  Шалқар  көлдің  жадыраңқы  бейнесін 
танытарлықтай  аспан  әлемінде  шарықтайды.  Өзінің  «Әйелдер 
сипаты»  өлеңінде  әйелдердің  қасіретін,  қайға-мұңын  термелей 
келе,  ең  жақсы  деген  әйел  жұртына  назар  аударады,  әйелдерді 
сыйлауға, бағалауға үндейді.
 Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
 Адам көп танитұғын әйел затын.
 Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
 Гүл жүзді, сырлы сөзді жақсы қатын.
 Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,
 Оларға айту керек орынды сөз
 Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң,
 Алып кете жаздайды қиғаштап көз – [132, 322 б.]

122 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
деп әйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді. Ақан серінің озық 
пікірлері  тек  жастар  өмірін,  не  әйелдер  еркіндігін  жырлаудан 
көрініп қоймайды. Ақынның басқа шығармалары да оның ашық 
ойлы саналы талант иесі екеніне куә бола алады. Оның дүниеге 
көзқарасы  өзі  жасаған  дәуір  санасы  тұрғысы  шеңберінде  туып 
қалыптасты,  кейін  жетіле  келе  оның  ілгері  сатысына  көтерілді, 
озық ойлы, адал жанды азамат ақын дәрежесіне жетті. Ол қоғам 
өмірі  туралы  терең  толғанып,  езілген  елмен  бірге  күңіренеді. 
Өзінің  «Заманға  қарап»,  «Халқым  сенген»,  «Асыл  мен  жасық» 
тағы басқа өлеңдерінің әлеуметтік мәні зор. Аталған туындылар-
да ақынның саяси-әлеуметтік қоғамдық көзқарасы прогресшіл, ең 
алдымен, адамгершіл екені анық байқалады. Оқу-өнер, білім мен 
жастар еркіндігін, махаббат азаттығын көксеген ақынның басқаша 
болуы мүмкін емес. Әр тұста елі, халқымен бірге заман зардабын 
бірге  тартты.  Азаттықтың  тура  жолын  іздеп  жарғақ  құлағы  ты-
ным таппады. 
Болғанда мұндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен майға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз [132, 325 б.].
Ел тізгінін ұстағандарды ақын осылайша дәл түсініп, әділет 
табу үшін бұлардан еш қайыр болмасына көзі жетеді. Ақынның 
«Нұртазаға», «Шоғырмаққа», «Парашыл оязной», «Бір болысқа» 
тағы басқа өлеңдері қазақ арасындағы болыстық билікті сынауға 
арналады. 
Ақан  серінің  ғашықтық  лирикаларының  бір  тобы  белгілі 
адамдарға  арналады.  Өзінің  ғашықтары:  Ақтоты,  Ұрқия,  Жамал 
тағы  басқалары.  Бұл  саладағы  ақын  шығармалары  бастан  өткен 
қасіретті  жайларды,  сәтсіз  армандарды  асқақтата  әнге  қосса, 
«Нұрила», «Балқадиша», «Мақпал қыз», «Ақшабақ» тағы басқа аттас 
сұлулармен жай тілдесіп, олардың бас қайғыларына ортақтасады. 
Сұлуға деген ақын көңілі мөлдір. Оған салса махаббатқа ешбір 
кедергі, тежеу болуға тиіс емес. Ақан туындылары жастардың ма-
хаббат еркіндігін ту етіп аспанға көтеретін асқақ арманның ойы 
мен  күні.  Бас  бостандығы  жоқ  қазақ  қыздарының  көз  жасына 
суарылған  мұңы  мен  мүддесінің  қайнары.  Сүйіскен  екі  жастың 
дегендеріне жеткен шақтарын табиғи жырлайды. 

 
 
 
                      
                                                  123
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Қарағым құшақтасам құмарланып,
Қосылған қос ғашықтай жұбайланып.
Жан тынып ішімдегі жалын шықса,
Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып...
Ми – тамыр, ақыл-ойдан арман қалмай,
Мастансам қызуыңа тым алданып.
Көтеріп гүл-бәйшешек көңіл күліп,
Семірсе нәпсі мұрат бір жалданып... 
Бұл  өмірге  қызығып,  құмартудың  белгісі.  Ақанның  махаб-
бат мәселесіндегі кредосы – өзіне барлық жағынан тең, ойы-бойы 
қатар,  шын  жүрегінен  берілген,  сертке  берік  адал  жармен  айы-
рылмас  ғұмыр  кешу.  Көрінген  көріктіге  көз  тастап,  жеңілтектік 
мінез көрсетуге қарсы. Дегенмен Ақан сұлулықты көре де, бағалай 
да білген. 
Жалпы  Ақан  серілікке,  махаббатқа  өмір  қызығы  деп  қарап, 
әдеміліктің  мәңгілік  әсерін  ардақтайды.  Ақының  әндері  мен 
өлеңдері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Оның есімі – мәңгі 
жастықтың  символы.  Лирикалық  шығармалары  –  әдемілік  пен 
махаббаттың  асыл  өрнектері,  поэтикалық  образдың  сарқылмас 
көзі. Ақан сері әндерінің тақырыбы көп қырлы және сан алуан, по-
этикасы халықтың дәстүрлі поэзиясымен үндес, әуеніне әуезділік, 
ырғақтық-интонациялық  байлық,  ішкі  қайырым  үйлесімділігі, 
лирикалық нәзіктік тән. Әнші-композитор туындыларының сипаты 
образды-поэтикалық көркемдігімен, әсерлігімен халықтың дәстүр-
лі өнерінен өзек алған тамырластығымен дараланады [133, 5–7 б.]. 
Үкілі  Ыбырай  ән  мен  жырдың  көгінде  шарықтап  самғаған 
атамекен  табиғатын,  сұлу  жаратылысын,  ән  сазымен  аққудың 
саңқылын, қаздың қаңқылын, шағаланың шаңқылын, тас бұлақтың 
сылдырап аққанын, айдын көлдің толқығанын, өз басының көңіл-
күй құбылыстарын, ішкі жан сарайын, ой-сезім әлемін, көркемдік-
эстетикалық  дүниетанымын,  замана  шындығын  әрі  нәзік,  әрі 
терең  философиялық  тілмен  суреттеген.  Өлең  жырларының 
нәзік кестесі, өрнек нақышы, музыкалық құбылыстарға бай. Саз 
–  келісім  жағынан  алғанда,  жігерлі,  ойнақы,  бұрқыраған  қуатқа 
толы. 
«Үкілі  Ыбырай  сал-серіліктің  сайранында  қалып  қоймай, 
бойына Махамбеттің мінезі сіңген қайсар ақын, алғыр айтыскер, 
үлкен сықақшы, ержүрек азамат ақын, – деп көрсетеді Кәкімбек 

124 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Салықов  [134].  «Қарақат  көзді  сым  саусақ»  өлеңі  Абайдың 
ғашықтық тақырыбына жазылған әйгілі толғаныстарын ойға орал-
тады, дана жүректердің махаббатшыл нәзік лүпілдері де алыстан 
ұласып жатқандай сезім білдіреді.
Қарақат көзді, сым саусақ,
Лебізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге де керек малды айдап.
Етің аппақ қояндай,
Қызығыңа тоям ба-ай,
Алыстан аңсап келгенде,
Не қыл деп жатсың оянбай, 
деп тебіренгені, ақынның жан қияр ғашыққа деген үздігіп тұрған 
құмарлығы, ынтықтығы және өзінің де осал еместігі қатар көрініп 
тұр. «Не қыл деп жатсың оянбай» дегенінен қимастық, сыйластық, 
сағынышқа оранған шыдамсыздық көрініп тұр. 
Жаяу  Мұса  Байжанұлы  шығармаларында  эстетикалық 
тәрбиеге, жалпы эстетиканың категорияларына байланысты түрлі 
ойлар  айтылған.  Оның  атақты  өлеңіндегі  «Ақ  сиса  қызыл  сиса, 
сиса,  сиса,  Жарасар  қамзол  сұлу  белін  қиса»  деген  жолдардан-
ақ  киім-кешек  эстетикасына  байланысты  ойларды  аңғарамыз, 
«Ұлытау»  өлеңінде  «Туған  жерім  Баянауыл,  кейде  тынық,  кейде 
дауыл»  деген  жолынан  табиғат  эстетикасына  байланысты  ақын 
көзқарасын көреміз. 
А.  Затаевичтің  жазуына  қарағанда,  Жаяу  Мұса  шығармала-
рынан тек қазақ әуендері емес, «марш», «вальс», «мазурка» сияқ-
ты  батыс  музыкасына  тән  леп  есіп  тұратыны  да  содан  болуға 
тиіс. Әсіресе, ол би музыкасына да қатты ден қойған. Қызылжар, 
Омбы  сияқты  үлкен  қалалардан  тәлім-тәрбие  алған  Мұса  жаз 
айларында  еліне  келгенде  үстіндегі  ықшам  киімі,  тек  домбыра 
ғана емес, сырнайда, скрипкада ойнайтын өнері, қазақ ақындары 
ғана емес, орыс поэзиясының да кейбір үлгілерін жатқа білетіні, 
орыс  жазушыларының  шығармаларының  мазмұнын  қызықты 
етіп айта білетіні ауыл адамдарын, әсіресе, жастарды таң-тамаша 
қалдырады. Әшейінде ауыл үстінен ат ойнатып өтетін орыстар-
мен  емін-еркін  сөйлесуі,  заң-законды  жақсы  білетіні  ауылдағы 
атқамінерлердің аузын аштырады.

 
 
 
                      
                                                  125
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
Жаяу  Мұса  Біржан  сал  мен  Ақан  серіден  келе  жатқан  ән 
дәстүрін  дамыта  түсті  және  қазақ  музыкасының  мазмұны  мен 
түріне,  орындаушылық  өнеріне  көптеген  жаңалықтар  енгізді. 
Ол көршілес туысқан халықтардың (орыс, татар т. б.) музыкалық 
мәдениетін үйреніп, зор әсер алды.
Айтпай  кетуге  болмайтын  ерекше  тұлға  –  Баймырзаұлы 
Балуан  Шолақ  1864  жылы  қазіргі  Көкшетау  облысына  қарасты 
Еңбекші  ауданында  дүниеге  келген.  Балуан  Шолақ  жауырыны 
жерге тимеген балуан, бүкіл қазақ даласына есімі кең тараған саз-
гер. Бала кезінде саусағын үсітіп алғандықтан, ел оны еркелетіп 
«Балуан Шолақ» деп атап кеткен. Ал азан шақырылып қойған аты 
– Нұрмағанбет. Нұрмағанбеттің шыққан  тегі Ұлы жүздің Дулат 
тайпасындағы Сәмбет руы. 
Балуан  Шолақтың  әкесі  Баймырза  ағаш  шебері,  шешесі 
Қалампыр  қарулы  кісі  болған  деседі.  «Алып  –  анадан»  деп  бе-
кер  айтылмаса  керек.  Балуан  Шолақ  та  шешесіне  тартып,  алып 
денелі  батыр  болған.  Балуан  14  жасынан  бастап  күресті  ермек 
етіп, ат қуып, шауып келе жатқан тұлпардың үстінде адам сенгісіз 
жаттығуларды  шебер  орындаған.  Ат  үстінде  тігінен  не  басымен 
тұруы,  аттың  бауырынан  өтуі,  аяғын  үзеңгіге  қыстырып,  жатып 
шабуы батырдың тұла бойындағы қара күшті айқындайды. Түрлі 
жиындарға қатысып, 51 пұт қара тасты көтеріп, жиналған қалың 
жұрттың таңдайын қақтырған балуан 35 жасында орыс балуаны 
Иван Коренмен бақ сынасып, оның қабырғасын сындырады. Со-
нымен бірге, Балуан Шолақ бала кезінен ән-күйге құмар болған. 
Уақыт  өте  келе  жас  балуан  бұл  екі  өнерді  өз  бойында  қатар 
дамытқан.  Балуан  шолақ  өз  өмірін  Ғайникей  деген  қызбен  бай-
ланыстырып, қасына әнші-күйші, палуандарды, өнерлі жастарды 
жинап  алып,  ел  аралап,  салдық  құрады.  Балуан  Шолақ  Біржан 
салды ұстаз көріп, Ақан серінің әндерін тамаша орындаған. Бұл 
кісілілердің  шеберліктерін  берік  ұстанып,  уақыт  өте  келе  өзі  де 
ән  шығара  бастаған.  Ол  қазақтың  әншілік  өнерінің  дамуына 
айтарлықтай  үлес  қосып,  жарыққа  теңдесі  жоқ  туындыларды 
әкелген.  Әнші-сазгер  Көкшетау,  Қараөткел,  Қарқаралы,  Сары-
су  маңындағы  барлық  елді-мекендерді  аралап,  қазақ  өлеңдерін 
бүкіл өлкеге таратқан.
Балуан Шолақтың көптеген асыл туындылары Ғалия сұлудың 
арқасында өмірге келді. Сұлуды құлай сүйге ақын: 

126 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Үш жүзге атым шыққан балуан Шолақ,
Денеме тегіс біткен күш пенен бақ.
Көргенде сұлу әйел есім қалмас,
Жігіттің бойындағы күнәм сол-ақ [132]. 
деп ағынан жарылады. Ғалия да Балуанды ұнатады. Дегенмен, екі 
ғашық өмір айдынында бірге жүзе алмады.
Жалған жаламен абақтыға жабылғанда ақынды сүйген жанға 
деген  сағыныш  дерті  дендеп,  қарс  айрылған  көкірегінен  әдемі 
жырлар төгілген.
Айым да – сен, Ғалия, күнім де – сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім Ғалия дуалансын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.
Қара өткелде Ғалия сен емес пе ең,
Бұл Арқаның шортаны мен емес пе ем.
Сүмбіл шаш, құралай көз, Ғалияжан,
Ынтығымды құрытқан сен емес пе ең? [132]
Халық  әнші  композиторларының  ішінде  өзіндік  ерекшелігі 
бар өнерпаз – Мәди ақын. Мәди әндері мұң мен шерге құрылған, 
арман  мен  үмітке  толы  лирикаласымен  ерекшеленеді.  Мәдидің 
шығармашылығында халық кәсіби әні бұрын-соңды кездеспеген 
сезімдермен,  ынта-құштарлықпен  байытылады.  Айтулы  әнші-
ақынның сыршылдыққа, нәзік иірімдерге толы өлеңдерімен қатар 
өмір,  дүние  турасында  философиялық  шынайы  толғаныстарға 
құрылған  әндері  де  көп.  Қудан  ұшқыр,  құнаннан  жүйрік, 
нәзік  жанды  ақынның  «Үшқарасын»  Ілия  Жақанов  «Әр  сөзі  сай 
сүйекті  сырқыратады,  әр  сөзінде  қуат,  салмақ,  уыт,  зіл,  мейірім 
нұры бар» деп толғанады [135, 97 б.]. Әрбір сөзі шоқтай қызулы, 
толқынды, ағынды. Музыкалық поэзиялық қасиеттері бір-бірімен 
шебер орайласып, өзгеше көркемдік сұлулыққа ие. Сұлулықтың 
көрмесіндей, дүлдүлдердің шабысындай, ғасырлардың дауысын-
дай, ой мен сезімнің телегейіндей, сөз миуасының гүл бақшасын-
дай! Сұлулықты – үйлесімділіктен, табиғат үйлесімділігінен, адам 
мен  оның  өмірінің  үйлесімділігінен  іздейді.  Сұлулықты  табиғат 
пен адамның, жан мен тәннің бірлігі мен жарасымдығы, синтезі, 
ұлттық  танымның  негізі  ретінде  қарыстырады.  Табиғаттағы, 

 
 
 
                      
                                                  127
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
адам  бойындағы,  қарым-қатынастағы,  іс-әрекеттегі  сұлулықты 
қазақтың дүниетанымдық көзқарас-сезімімен қабылдайды. Өзінің 
көзқарасы көрініс алған шығармалары арқылы жастарды халық 
тәлімін үлгі тұтуға, өзінің ісінде ұлттық салт-дәстүрді негізге алуға 
уағыздайды. 
Сұлулықты  әркім  әртүрлі  түсінеді.  Табиғаттың  сұлулығына 
шексіз  сүйсініп,  таңғалып  тамсанамыз,  содан  ерекше  ләззат 
аламыз.  Ал  адамның  сыртқы  сымбат  сұлулығы  кімге  де  бол-
са  ұнайды,  қызығамыз,  кейде  іштей  қызғанамыз.  Әр  адамның 
бет-бейнесі,  кескін-келбеті,  мінез-құлқы  әр  түрлі,  бір-біріне 
ұқсамайды. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлықтай сұлу 
болмаса да, өзіне тартып тұратын бір қасиеті болады. Ол қасиет 
–  адамның  адамгершілік  қасиеттерімен  тығыз  байланысты  ішкі 
жан дүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны 
сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. Нағыз сұлулармен сөйлесе 
келе  олардың  жан  сұлулығының  таяз  екендігін  көрсең  оның 
сұлулығының  еш  мәні  қалмайды.  Жан  сұлулығы  сөзсіз,  сана-
сезімнің  жоғарылығынан  туындайды.  Адамның  өнер-білімге, 
өмір  сүруге  құштарлығы,  айналасындағы  сұлулықты  жоғары 
бағалауына,  сүюіне  ықпал  етеді.  Сұлулықты  көре  білсең,  оны 
бағалай да білесің. 
Сұлулықтың,  әдеміліктің  өмірде  маңызы  аса  зор.  Адамның 
жан дүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алла-
ның сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, 
әрқашан  жақсылық  туралы  ойлап,  жақсы  жолмен  жүретін 
адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші! Өмір өлшеулі 
болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына 
тоймай,  сұқтана  қарап,  жақсы  істерімізбен  айналамызға  шуақ 
шашуымыз  керек.  Көз  соқырлығынан  көңіл  соқырлығы  жаман. 
Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр 
адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, 
мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды бол-
дырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. 
Өмірдің  көмескі  жақтары  да  бар  болғанмен,  жүрегінің  жылуы, 
көңілінің  сәулесі  бар  адам  әр  уақыт  өмірдің  жарық  жағын  қа-
лайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, 
сұлулық деген осы. 
Адамның  сыртқы  бейнесі  оның  ішкі  жан  дүниесімен  тығыз 
байланысты.  Ішкі  жан  дүние  –  мінез-құлық.  Дауыс  көтеріп, 

128 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
оспадарсыз  сөйлесең,  сыртқы  бейнең  қанша  сұлу  болып,  әдемі 
киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып, 
Ақылына  қарай  шығарып  салады»  деген  ұғым  осыны  меңзеп 
тұрған  секілді.  Адаммен  қарым-қатынасың  сөз  ғой,  сондықтан 
да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен 
дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. 
Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге 
мүлдем болмайды. Өмір мен өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа 
бөлей  отырып,  сұлулық  қоғамда  зор  танымдық  және  тәрбиелік 
рөл  атқарады.  Адам  дүниені  сұлулық  үлгісінде  қайта  құруға 
ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем бо-
луы керек. Қазақтар киелі әйел құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және 
қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, 
күн  сәулесі  мен  кемпірқосақ  нұрына  шомылған,  қолында  ба-
лаларды  қорғайтын  алтын  садағы  бар  жас  келіншек  немесе  қыз 
ретінде таныған.
Сұлулықтың  бірден  бір  сыры  –  іштегі  сезімдерде  жатыр. 
Неғұрлым өзіңізді әдемімін деп сезінсеңіз, соғұрлым айналаңызға 
тартымды  болып  көрінесіз.  Адам  өзінің  тартымдылығына  сеніп 
тұрса,  оның  жүріс-тұрысы  да,  қимылы  да  өзгереді.  Ең  басты 
өзгеретіні – сіздің көзқарасыңыз. Көз – жанымыздың айнасы. Өзіне 
сенімді, әдемілігіне сенімді әйелдің бейнесін көзіңізден оқуға бо-
латындай  болсын.  Адам  қаншалықты  көрікті  болса,  соншалық 
ақылды  болады.  Ажарлы  адамның  ой-өресі  де  биік  болады. 
Ғалымдар «ақылына көркі сай» деген теңеудің ғылыми негізі бар 
екенін дәлелдеген.
Ел  арасында  сақталған  жыр  дастандарда,  қазақ  қызының 
жан-дүниесі  нәзік,  инабатты  екені  жиі  баяндалады.  Ғасырлар 
бойы  ел  аузындағы  аңыз  әңгімелерге,  батырлар  жырына,  ән-
жырға  арқау  болған  қайсарлық  пен  даналықтың  иесі  әйел  заты 
екені айдай анық. Мәселен кешегі өткен Тұран патшасы Томирис, 
Шыңғыс ханның әйелі Бөрте, Қабанбай батырдың жары Гауһар, 
Олжабай  батырдың  анасы  Есенбике,  Абылай  ханның  қызы 
Айтолқын,  Кенесарының  қарындасы  Бопай  тарихи  тұлғалар 
емес пе? Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» және 
«Еңлік-Кебек»  дастандарындағы  Мамыр  мен  Еңлік  махаббатың 
мәңгілік  символы  ғой.  Ал  Домалақ  ана  (Нұрила),  Қалампыр 
ана,  Қарашаш,  Абақ,  Шашты,  Зере,  Ұлпан,  Айша  бибі,  Құртқа, 
Гүлбаршын,  Айғаным,  Бопай  сияқты  аналарымыздың  тағдыры 

 
 
 
                      
                                                  129
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
мен  өмірі,  болмыс  бітімі,  адамзатқа  үлгі  болмақ.  Бұлардың 
әрқайсысы  көрегенділікті,  тапқырлықты,  адалдықты,  махаббат 
пен сұлулықты үйлестіре білген ақыл-парасатың иелері. Осыдан 
қазақ қызының инабатты, ізетті, сыпайы, көркем мінезді болғанын 
көреміз.
Ұрпақтың  эстетикалық  тәрбиесі  үшін  маңызы  зор  өлеңдер 
Шал ақында көптеп кездеседі. «Дос болма майда тілді күлгенме-
нен,  сырты  ғана  жылтырап  жүргенменен»  –  деп  өсиет  айтқан 
Шал ақын сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арақатынасын 
ашып  берді.  Өлеңдерінде  Шал  ақынның  ішкі  дүниесі,  оның 
эстетикалық  қабылдау  жүйесі  анық  көрініс  береді.  Ақынның 
түсінігінде өмірдегі үйлесім – артына ұрпақ қалдыру болып табы-
лады. Шал ақынның шығармашылығын талдау барысында ондағы 
эстетикалық  ойлардың  қарым-қатынас,  мінез-құлық,  жақсылық 
пен жамандық, әсемдік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен төмендік 
эстетикасына  қатысты  құрылғанын  көреміз.  Бұл  ақынның 
алдындағылардан ерекшелігі – ол тек сипаттап қана қоймай, со-
нымен бірге үлгі алуға, жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге 
шақырады, яғни тікелей эстетикалық тәрбие беруге бағытталған.
Әуезовтың  «Абай  жолын»  оқып  отырсаң  қазақ  қандай? 
Қызылды  жасылды  киінген  қыз-бозбалалар,  астарында  құйрық 
жалы  сүзілген  сайгүлік.  Жұрт  шат-шадыман,  ән-күйі  әуелеген, 
кеш бойы алтыбақан аясында сауық құрған жастар. Абай, Мұхтар 
дәуірінде  қазақ  толық  қанды  эстетикасымен  өмір  сүрді.  Жақсы 
әндер айтты, сәнімен, мәнімен киінді. Совет үкіметі кезінде қыл 
аяғы бұрын қазақ қаралы күндерде ғана киетін қара түсті де тал-
дап  жатпайтын  болды.  Мұның  бәрі  ұлттың  эстетикасы  су  аяғы 
құрдымға  беттегендігінің,  төмендегендігінің  белгілері  ғой.  Бізге 
бәрі  дұрыс  құсап  көрінетін,  көп  елей  бермейтін  осындай  ұсақ 
нәрселердің бәрі ұлттық эстетикаға әсер етеді. Ұлттық эстетиканың 
төмендеуі тіпті демографияға ықпал жасайды. Сұлулықты сезіну 
қуаты  төмендеген  адам  немесе  қоғам  белсіз,  бедеуге  айналады. 
Аңызға айналған ессіз ғашықтар бүгінгі қоғамда неге жоқ? Әрине, 
бәрі өмірге суық ақылдың көзімен қарайды. Эстетикалық сезімнен 
гөрі материалдық жағдайың қалай, соны басты орынға қояды.
«Қазақ  қыздың  жолы  жiңiшке»  деп  бекер  айтпаған.  Себебі 
отбасы  мен  босағаның  беріктігі  қыз  абыройына  байланысты 
екені мәлім. «Қыз қылығымен жағады» демекші ақындар қыздың 
сұлулығын емес ақылдылығы мен даналығын жырға қосқан. Абай 

130 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет