Қазақ эстетикасының
құндылықтық-мағыналық негіздері
Құнанбаев:«Ары бар, ақылы бар, ұяты бар; Ата-ананың қызынан
қапы қалма» деп орынды айтса керек. Қыз абыройы туралы
жазу үшін қоршаған ортасына көз жүгірткен абзал. Себебі оның
абыройлы болуы ақыл парасатының және инабаттылығының
жоғарылығында. Білімге құштарлығы мен бейімділігінде. Халық
өсіп келе жатқан қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін
қойып, оларды орындап отыруды да қыздың абыройы деп санаған.
Бұларға ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі
сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана
тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, қой, сиыр
сауа білу, кілем тоқи, кесте тіге білу т.б секілді мінез-құлықтық
қасиеттер мен дағды, икемділіктерді жатқызған.
Қыз – нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді
жан. Ол бойжетіп келін, дүниеге сәби әкеліп ана, кейін салиқалы
әже болады. Осы арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Бұл ұлы заңдылық. Сондықтан әйел тіршіліктің мәні, жылулық
пен мейірімділіктің, берекенің бастауы болмақ. Әйелдің басты
міндеті – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барын-
ша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. Махаббаттың
құдіретін жырға қосқан ақын жазушылар табиғи сұлулыққа бас
иген. Ғашықтық адалдыққа, мөлдір махаббатты құрметтеуге, үй
болудағы үйлесімділікке жол ашады. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
қызды таңдағанда сұлулығынан гөрі ішкі жан дүниесі мен руха-
ни байлығына назар аудару керек екенін баса айтады. Ал Абай
Құнанбаев «Жасаулы деп, малды деп байдан алма» деп дәулеті
мен даңқына қызықпауын ескертеді.
Қазақ эстетикасында табиғатқа шексіз сүйіспеншілік, оны
сезініп түсінуі, онымен бірге ажырамас біртұтастықта өмір сүру
талғам-түсінігі ерекше орын алды. Қазақ халқының мәдени
мұрасының эстетикалық құндылықтары салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптардың, ауызекі поэтикалық, музыкалық, қолданбалы өнері-
нің эстетикалық-танымдық мәдениетін қалыптастыруда мүмкін-
діктерінің жоғары екендігін дәлелдейді. Ал, ғұлама ойшылдардың
еңбектері, олардың өздері нәр алып өскен халықтың осы мәдени
мұрасының эстетикалық талғам мен танымды дамытудағы әлеуе-
тін жоғары бағалағандығын, болашақ ұрпақты осы ұлттық тағылым
негізінде тәрбиелеу қажеттігін жақсы түсінгендігін айғақтайды.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы – өнер.
Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы
131
3 Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі
эстетикалық ой сабақтастығы
бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер
етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Сөздi өнер
ретiнде қарастырсақ, өнер өз кезегiнде эстетика iлiмiнiң негiзгi
объектiсi. Немiс философы Гегель эстетика терминiн «өнер фило-
софиясы» десек дұрыс болар едi деген екен. Маркс өнер әсемдiкпен
тығыз байланысты, ол адамдарға эстетикалық ләззат берiп, оны
ұғындыратын пән деп қарады. Егер сен өнерден ләззат алғың
келсе, онда сен көркемдiк жағынан бiлiмдар адам болуың қажет
дейдi. Өнер дегенiмiз – адамның болмысты бейнелеуiнiң айрықша
формасы, өнердiң түрлерi көп: сәулет өнерi, сымбат өнерi, кескiн
өнерi, әуез өнерi және сөз өнерi. Қандай сәулеттi сарайлар, әсем
суреттер, әдемi ән-күй болсын, сөзбен суреттеп, көрсетуге бола-
ды, сөз өнерiнiң ерекшелiгi осында. Сөз өнерi өмiрдi әр қырынан
көрсете алады. Ол адам өмiрiнiң ой-сезiмiне ой жiбере алады,
адамның ең күрделi, ең нәзiк толқу-толғанысын түсiнiп, баян-
дап бере алады. Ауыз әдебиетiмен қатар халық музыкасы да да-
мыды. Қазақ халқы өлеңге шешен сөйлеуге қандай шебер болса,
ән салуға, күй шығаруға да дарынды болды. Өлең-жырлары ой
мен сезiмге толы болып, әсемдiк пен сұлулық ұғымдарын тудыр-
ды. Қазақтар өнердi жоғары бағалаған, оның қоғамдағы орнын,
күнделiктi тұрмысқа қажеттiгiн, қай өнердiң болсын, адам өмiрiне
ықпал ететiндiгiн жақсы бiлген.
Қазақ эстетикасының Батыс пен Шығыстың дәстүрлі көркем
мәдениет үлгілерінің типтік ерекшеліктеріне ұқсамайтын, олар-
ды сіңіре отырып дамыған өзіндік төлтума мәдениеті болды.
Қазақ халқы «адам мен әлем біртұтас» деген философиялық
тұжырымға көзбен көріп, қиял қанатымен жетіп, ой тезіне са-
лып, іштей білген тәжірибесі, көшпенді өмірі арқылы ие болды.
Осы рухани сырластық деңгейі халықтың әдет-ғұрып сырына,
эстетикалық негізіне айналған. Қазақ эстетикасында табиғатқа
шексіз сүйіспеншілік, оны сезініп түсінуі, онымен бірге ажырамас
біртұтастықта өмір сүру талғам-түсінігі ерекше орын алды.
Қазақ халқы үшін өмір сүру, мәнді өмір сүру ең басты
құндылықтардың бірі. Халық өмірді, жарық дүниені жоғары
бағалайды. Жарық дүниені түсіну, білу – адамның рухани тәжі-
рибесінің негізі. Қазақ философиясында, дүниетанымында Жарық
дүниеге көзқарас, онымен қарым-қатынас негізгі орын алады.
Қазақ Жарық дүниенің шексіз шалқарын көзбен де, қиялмен де
көріп, ой көзіне салады. Қазақ философиясының Жарық дүниеге
132
Қазақ эстетикасының
құндылықтық-мағыналық негіздері
көзқарасының биіктігі мынадай ой-тұжырымда: бір жағынан «бұл
дүние – біртұтас десе, екінші жағынан «адам мен әлем біртұтас»
деп түйеді» [136, 3 б.]. Осы біртұтас дүниеде адамның өз орнын
сезіне білуі, ол орнының Жарық дүниенің үзілмес өмірінің керегі
екендігін білу – өз алдына бір шоқы. Жарық дүние бүкіл Әлемді
бейнелейді, сонымен бірге адам әлемін, адамдардың тіршілігін
аңғартады.
Шешендік – қазақ сөз өнері салаларының халықтық көркемдік
ойлау деңгейін танытатын байырғы үлгілерінің бірі. Қазақ халқы-
ның қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінде тұрмыстық-әлеуметтік
қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелерін, жеке адамдар
мен халықтың тағдырын шешетін сын сәттерінде би-шешендердің
шешімдері негізгі ықпалды құқықтық, тәлім-тәрбиелік қызмет
атқарған. Би-шешендердің қызметі қазақ халқының барлық
әлеуметтік топтарының адамгершілік-имандылық мінез-құлық
дағдыларының ата-бабалық қалыптасқан жүйемен жүріп отыру-
ын қадағалаған, елді басқарып отырған хандарды да, қол бастаған
батырларды да, мыңғырған малы бар байларды да, дәулеті жоқ
кедей шаруаларды да, ел ісіне араласа бастаған бозбалаларды да
халықтық адамгершілік ұлағатымен тәрбиелеген.
Ұлттық шешендік өнер, шешендік сөздер теориясының дамуы-
ның келесі бір кезеңі тікелей әдебиетші ғалым Балтабай Адамбаев
еңбектерімен айқындалады. Б. Адамбаев М. Әуезов, С. Сейфул-
лин, Х. Досмұхамедов ұсынған «билер сөзі» терминін «шешендік
сөздер» терминімен алмастырып, тақырып аясын айқындап,
жанрдың ішкі үлгілерін мазмұнына қарай үшке, құрылысына
қарай екіге бөледі. «Шешендік сөздердің әлеуметтік және әдеби
эстетикалық мәнін, жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін анықтау
үшін сөз нұсқауларын талдаймыз және мазмұнына қарай
шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш салаға
топтап зерттейміз», – деп атап өтеді [137].
Ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржаны деуге боларлық түрi –
шешендiк сөздер. Шешендiк сөз суырып салма ақындықпен туыс-
тас. Шешендiк өнер туралы iлiм риторика деп аталады, ол бiздiң
жыл санауымыздан бес ғасыр бұрын қалыптаса бастаған. Бұл
шешендiк өнер немесе риторика ғылымы «өнердiң падишасы»
ретiнде саналған, тарихы көне Грекиядан басталады. Римдiктер
сөз зергерлерiн: 1) шешендер; 2) философтар; 3) ақындар; 4) тарих-
шылар деп төрт топқа бөлген [138, 3 б.]. Шешендiк өнер негiзiнен
133
3 Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі
эстетикалық ой сабақтастығы
қоғамдық қажеттiлiктен туған. Бұл өнер Мысыр, Вавилон, Қытай,
үндi елдерiнде дамыған.
Риторика – тыңдаушыны иландыра бiлу өнерi. Оның iрге-
тасын грек софисi Протагор қалаған. Сократ Платонмен заман-
дас, бiрiншi рет софистер арасында сөз айтысын, пiкiр таласын
баcтаған, өзi де сөз сайысына түскен шешен болған [139, 9 б.].
Сократтың ұғымында философияның мақсаты – адамдарды өзiн-
өзi танып бiлуге үйрету, соның арқасында адамдарды дұрыс өмiр
сүруге баулу.
Адамдарды уәжге тоқтату, олардың көзiн ақиқатқа жеткiзу –
диалектикаға да, риторикаға да ортақ мiндет. Шешендiк өнердiң
философиямен тығыз байланысты екендiгiне көптеген ойшыл-
дар назар аударған. Мысалы, Көне Антика дәуiрiнде шешендiк
өнердiң классигi саясаткер Марк Тулий Цицерон болды. Ол
шешендiк өнердiң теориясы хақында үш ғылыми трактат жазған.
Цицерон: «шешеннiң тағдыры мемлекет тағдырымен төркiндес,
шешенде диалектиктiң тапқырлығы, философтың ойы, ақынның
тiлi, заңгердiң есте сақтау қабiлетi, трагиктiң дауысы болуға тиiс.
Және де шынайы шешен халық өмiрi мен әдет-ғұрып, салт-сана,
дәстүрлерiне жетiк болуы керек», – дейдi. Ол «атақты шешен-
дер нелiктен аз?» – деген сұрақ қояды да, оған өзi былай жауап
бередi: «Себебi, шешендiк өнер – өте қиын өнер, оған көп бiлiм,
еңбек қажет, өзiңе түрлi таным жолдарын сiңiре бiлуiң керек,
сөз сұлулығын бүкiл жан-дүниеңмен түсiне бiлуiң және тарих-
ты, заңды жақсы бiлуiң керек, әрине есте сақтау қабiлетiң өте
жақсы болуы тиiс. Ең соңғысы – орындау қабiлетiң, сөздi халыққа
жақсылап жеткiзе бiлу керек» [140, 90 б.].
Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз риториканы диалектика мен
софистикаға байланысты қарайды, диалектика мен риториканың
тамырластығын қарастыра отырып, олардың айырмашылығын
да көрсетедi. Егер диалектика шынайы бiлiмге негiзделген ой
түю болса, риторика шешендiк ұғымға негiзделедi. Шешендiк сөз
құдiретiн шындықты ашып, әдiлеттi үкiм кесуге жұмсаған билер,
шешендер нағыз диалектиканың өкiлдерi едi. Мұндай ойшылдар
қазақта жетерлiк, олар диалектика дегеннiң не екенiн бiлмесе де,
өздерiнiң әдiлдiгiмен, туралығымен халық мақтанышы болды.
Қазақ халқы сөз қадiрiн өз қадiрiм деп бiлген. өзiнiң елдiгiн де,
кеңдiгiн де, кемеңгерлiгiн де осы сөзге сыйғызған. Бiтпес даудың
да, бәтуасыз шудың да кесiмi сөз болған. «Шешендiк сөз – тек ауыз
134
Қазақ эстетикасының
құндылықтық-мағыналық негіздері
әдебиетiнiң жанры ғана емес, дүние туралы ел байламы, дүниенiң
тегi жөнiндегi белгiлi бiр тиянақты көзқарастық позицияны
арқау еткен тұжырым, әлемдi рухани игерудiң формасы, басқаша
айтқанда, табиғат, адам мен қоғам заңдылықтары туралы болжау-
лар, пайымдар мен ақыл-ой жиынтығы» [141, 45–46 бб.] – дейдi
С. Ақатай.
Шешендiк сөз әдебиетке де, философиялық аңсарға да
жақын, өйткенi шешендiк сөз философиялық ойды көркем айту-
дан шығады. Аумалы-төкпелi заманды басынан кешкен халықтың
өзiндiк басқару жүйесi болған, ел қамын жеген ерлерi, сөзiн
сөйлеген шешендерi, бiлiмпаз билерi болған. Шоқанның айту-
ынша, оларды халық өзi қалап, би атап отырған. Ал, би болып
белгіленген кiсiлер өзiнiң шешендiгiн, әдiл төрелiк айта алатын
қасиетiн көпшiлiк алдында көрсете бiлген. Олар барынша адал,
ешкiмге бұра тартпайтын, тура сөйлейтiн нағыз шешен, әрi
ақылгөй, халық қамқоры болған. Сондықтан да халық «тура биде
туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «жүзден – жүйрiк, мыңнан –
тұлпар» деген мақалдар қалдырған.
Сөз өнерi жайлы Мәшһүр Жүсiп Көпеев тамаша пiкiр ай-
тыпты: «Сөз – адамның өнерi, «өнер алды – қызыл тiл» деген.
Адамның ғазизлiгi сөзбен болады. Хайуан сөз өнерi болмағаннан
хайуан болды. Көңiл – бiр жатқан кеннiң дариясы. Сонан шыққан
сөз жауһар. Ауыздан шықан сөз – көмiр. Тiл бiр болаттан
жасалған өткiр қанжар. Оның майдалап, уақтап жасап шығарып
жатқанының бәрi iнжу. Көп адамның бiр жерге бас қосқаны – бау-
бақша жасалған сияқты. Соның iшiнде сөз жемiс секiлдi. Бұ дүние
бiр қараңғылықтай нәрсе. Оны жанды қылатын ақиқат сөз. Сөз
өлiп қалған көңiлдi тiрiлтедi. Сөздiң iзетiнен адамның жаны рақат
алар…» [142, 56 б.].
Қазақ халқы қисынды, дәлелдi сөйлегендi тәуiр көредi. Ол әр
уақытта сөздiң парқына мән берген. Мақал-мәтелдерiмiздi алсақ,
тұнып тұрған философия. Сондықтан шешендер сөзiн дәлелдi
ету үшiн қашанда мақал-мәтелдерге жүгiнiп отырған. Олар
мақалдың даналығын әбден ұғынған, сөз өнерiнiң қиындылығын
да, құрметтiлiгiн де бiлген.
Танымның бастауы – өмiрлiк тәжiрибе дейдi қазақ ғұлама-
лары, өскен ортаның тыныс-тiршiлiгiн танымай, көңiлге тоқымай
саналы iс-әрекетке жол жоқ. Ел игiлiгiне қызмет ету, бiлiмiн
халық пайдасына жұмсау, адал ұрпақ тәрбиелеу сияқты өмiрдiң
135
3 Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі
эстетикалық ой сабақтастығы
мағынасын бiлдiретiн ақыл-кеңестер де маңызын жоймақ емес.
Жыраулардан, билер мен шешендерден қалған танымдық тағы-
лым адамдарды жаманнан сақтандырып, жақсы болуға үйретедi.
«Қазақ билерiнiң мұраты «кәмiл адам» тәрбиелеу, – дейдi Беке-
жан Ахан. – Ол үшiн адамға – бiрiншi бiлiм керек, екiншi – ғылым
керек, үшiншi ұғым керек. Сонан соң отты жүрек, батыл тiл керек.
Бұл орайда билер көзiмен қарасақ, «бiлiм» деп ақылды, «ғылым»
деп оқуды, «ұғым» деп оқығанды тоқуды пайымдасақ керек-тi.
Оның үстiне бiлгенiңдi батыл айтар жүрегiң, жеткiзе айтар тiлiң
болмаса не пайда?» [143, 23 б.].
Философия ежелгi грек, қытай ойшылдарынан берi дүние,
заман, өмiр, уақыт жөнiндегi көзқарас, пiкiр-сауал түрiнде да-
мып келедi. Яғни, философияның жүзеге асу формасы – диалог
(пiкiр-сауал) десек, Сократтың, Платонның, Конфуцийдiң диалог-
тарын еске түсiремiз. Ал, қазақ дәстүрiнде айтыс, пiкiр-талас, диа-
лог ақындардың, шешендер мен билердiң шығармашылығынан
кең орын алады. Ұлттық шешендiк өнерiмiздiң басты ерекшелiгi
жүйелi ой-түсiнiк пен оны көпшiлiкке көсем тiлмен жеткiзе бiлу
болып табылады. Шешендiк дәстүр жалпы халық дүниетанымын
бейнелейтiн ерекше құбылыс, ол – халықтың мұрасы, халықтың
кешегiсi мен бүгiнгiсi.
Шешеннiң негiзгi құралы – сөз. «Сөзден тәттi нәрсе жоқ.
Сөзден ауыр да нәрсе жоқ. Сөзiңдi тiлiңе билетпе, ақылыңа би-
лет. Ақылыңды, сөзiңдi ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт.
Не сөйлейтiнiңдi бiл. Қай жерде сөйлейтiнiңдi бiл. Қай кезде
сөйлейтiнiңдi бiл. Қалай сөйлейтiнiңдi бiл» деген екен Бөлтiрiк
шешен. Шешендiк батырлықты да, батылдықты да мойындатады.
Мысалы, Бөлтiрiк шешен билiк айтуда керемет тапқыр-лығымен,
семсер тiлдiлiгiмен әйгiлi болған. Тезек төреге өзi туралы:
Менiң атым – Бөлтiрiк,
Қазақ пенен қырғызға,
Сөзiмнен құлап мертiккен,
Не мықтылар өкiрiп.
Шын буырқансам, кетермiн,
Бiр ауыз сөзбен өлтiрiп! [144,45 б.] –
дейдi. Төренiң бiлiмпаз шешендерiнiң ешқайсысы Бөлтiрiк ше-
шеннiң тегеурiнiне шыдамаған екен.
136
Қазақ эстетикасының
құндылықтық-мағыналық негіздері
Бөлтірік Әлменұлы қазақ тарихындағы әрі би-шешен, әрі жау-
ынгер-батыр, палуан ретінде танымал болған көрнекті қайраткер.
Ол (1771–1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар
жерiнде дүниеге келген. Өз тұсындағы қазақтың игi жақсылары-
ның бәрiмен араласып, Сыпатай батыр, Сұраншы батыр секiлдi
өз елiнiң тәуелсiздiгi үшiн күрескен белгiлi қайраткерлермен тiзе
қоса қимылдаған. Жетiсу өлкесiн ұзақ жылдар билеген аға сұлтан
Тезектiң жан баласынан қайтпаған бетi үш-ақ адамнан қайтқан
деседi. Оған Тезек төренiң: «Мен екi ақын, бiр шешендi: бiрi – жа-
лайыр Бақтыбай, бiреуi – қызыл екей Сүйiнбай, үшiншiсi – ысты
Бөлтiрiк шешен, осы үшеуiнен бiржола сағым сынды» деген сөзi
дәлел. Жетiсудың үш дүлдүлiнiң даңқының аспандауы өзара
шығармашылық ықпалына байланысты, үшеуiне ортақ қасиет
– ащы да болса әдiлдiктi айту, тiке айту. Олардың ойы жүйелi,
тiлi уытты, ерiктi билеп кететiндей терең де мағыналы келедi.
Ғасырдың алып ақыны Жамбыл да осы үш алыптан үйренген.
«Құс көмей» шешен, «жолбарыс терiсiн жамылған» айтулы батыр
атанған, атақты билердiң бiрегейi болған Бөлтiрiктiң шешендiк
өнерi этикалық даналыққа негiзделген, өз ұлтының жер, су, ел, ер
сияқты қасиеттi ұғымдарына сипаттама бередi.
Жер деген – байлық,
Ел деген – халық.
Жердi су көтередi,
Елдi ер көтередi.
Жердiң құты күйiнде болады,
Ердiң құты үйiнде болады,
Елдiң құты биiнде болады [144, 67 б.].
Бұл шешеннiң көркемдiк ойлау жүйесiнен, рухани болмы-
сынан туған. Демек, шешеннiң философиялық көзқарасы, дүние-
таным тереңдiгi, iшкi жан дүниесiнiң тазалығы мәндi қызмет
атқарады. Кейiнгi ұрпақты ата-анасын, отбасын, жерiн, елiн,
суын қадiрлеп, қастерлеуге үндейдi, олардың азаматтық парызы,
қарызы екендiгiн айтады.
Адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарының күрделі қай-
шылықтары, қақтығыстары өмірлік шындық құбылыстарымен,
қасиеттерімен нақты дәлелдене, дәйектеле түсіндіріледі. Аз сөзге
астарлы ойды сыйғыза білу – шешендердің шығармашылық
137
3 Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі
эстетикалық ой сабақтастығы
өнерінің басты ерекшелігі. Адамдардың рухани жан әлемі
сұлулығының қоршаған ортаға, кейінгі ұрпаққа тағылым бо-
латын ұлағаты шешендер сөздерімен тұжырымдалған, яғни,
би-шешендер ғасырлар бойы ұрпақтардың сөйлеу мәдениетін
игеруін қалыптастырды.
Бөлтірік шешеннің шығармаларында сөз өнері құдіретінің
адамгершілік-эстетикалық, әлеуметтік ықпалды маңызы саралана
бағаланған. «Әкең қапа болады» атты әңгімеде «Аузы қисық болса
да байдың баласы сөйлесін» деп шынында да ауызы қисық, бірақ
жұрттың арасында ретсіз әрнәрсені айта берген байдың баласын
бағалағаны үшін жиынның шырқы бұзылғанына қапа болған
Бөлтіріктің айтқан сөйлеу мәдениетін ұғындыру ұлағатының
қазіргі күнде де мәнін жоймайтыны анық.
Адамдардың балалық және есейген, егделенген жастағы
кезеңдерінің барлығында да достық, жолдастық қарым-
қатынастардың ең маңызды орын алатыны белгілі. «Жақсымен
жолдас болған» атты әңгімеде адамдардың арасында көп жылдар
бойы қалыптасқан шынайы жолдастықты, достық көңілді қарым-
қатынастарды сақтай білу ұлағаты назарға алынған.
Жақсымен жолдас болған,
Ел ұстанған тілектей болады.
Қыз ұстаған жібектей болады
Жадыраған жаздай болады,
Айдын көлдегі қаздай болады,
Отау ортасындағы оттай болады,
От ортасындағы шоқтай болады,
Тұрағы алтын шырақтай болады.
Тұяғы асыл пырақтай болады,
Мұнша дәулет кімге тұрақтай алады?!
Адамдардың өзара жолдастығы, достығы нағыз сын сағат-
тарында, қиын-қыстау кездерінде танылады. Адамдардың ара-
сында жолдастық, достық қарым-қатынастарын тек қана дәулеті
шалқыған, қызмет дәрежесі бар кезіндегі пендешілік есепке ғана
құрып жүретіндер де кездесетіні мәлім. Ал, шын жолдастық,
достық қиыншылықтарды бірге көтеріскен мәрт мінезді қасиет-
термен ғана көрінуі тиіс емес пе?
Жақсы адамдардың достығы арқылы адамзаттың өсіп-
өркендеп келе жатқаны белгілі. Сондықтан, Бөлтірік шешеннің
138
Қазақ эстетикасының
құндылықтық-мағыналық негіздері
жолдастық, достық туралы сөздері азаматтық-отаншылдық
тұғырнамамыз берік халық екенімізді дәлелдейді. Бөлтірік ше-
шен сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік мағыналы ойлар жақсылық пен
жамандық ұғымдарын танып-білу ұлағатын саралауға арналған.
Жақсы деген кісінің
Алды-арты бірдей жарық болар...
Жаман деген кісінің
Алды-арты бірдей жау болар...
«Жаның жеті жаманнан аман болсын», «Өнерің мен өнегең
азбасын», «Жеті жетіні білгенді адам дейді», «Жеті жақсы», «Жеті
жетім», «Балаға ақыл», «Бес жаман», «Ақыл», т. б. нақыл сөздері
жас ұрпақтың адамгершілік ұлағатымен қалыптасып өсуіне
халық даналығы бойынша бағдар береді.
Бөлтірік Әлменұлының адамгершілік қасиеттерді бағалау-
дағы саналуан оқиғалар – жер дауы, жесір дауы, ұрлық, ба-
рымта, ағайынның, дос-жолдастардың қарым-қатынастары т. б.
мәселелерге байланысты туындаған сөздері халықтың жадын-
да жатталған. Би-шешендер – қазақ сөзінің қолданылуындағы
көркемдік-эстетикалық ұлағатты қалыптастырған шығарма-
шылық тұлғалар. Қазақ халқының адамзат тарихындағы құнды-
лықтар қазынасына өзіндік мол үлесі бар екендігі ғылыми дәлел-
деніп келе жатқан ақиқат.
Профессор С. Негимов осы өнер иелері сөздерінің тәлім-
тәрбиелік ұлағатын ерекше атап көрсетеді: «Қазақ қоғамында
шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел
басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халықтың
сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып екшелген, жинақталып
жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да
нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-
танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша» [138, 23 б.].
Сөз өнерi арқылы қазақ халқы әлемдi танып, бейнелейдi, ой-
лайды, қатынас жасайды, одан халықтың дүниетанымы көрiнедi,
дүниетаным жауапкершiлiкке, еркiндiкке, имандылыққа негiз-
деледi. Ақындарды, шешендердiң шығармаларында сөз – образ,
сөз – ұғым, сөз – символдар жиi қолданылады. Мысалы, Саққұлақ
шешеннiң:
139
3 Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі
эстетикалық ой сабақтастығы
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Бiлiм – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшiсi – талап,
Шолғыншысы – ой [138, 150 б.], –
деген сөзiндегi ақыл, бiлiм, талап, ой сияқты сөз – ұғымдарға
көркемдiк-философиялық сипаттама бередi. Сөз ой түбiне
жетедi. Асан қайғының «таза мiнсiз асыл сөз ой түбiнде жатады»
деп ойды сумен салыстыруы, су – ойдың символы, екiншiден,
ол – бейзаттық рухани құбылыс. Ойдың түйiнi – ұғым, ұғым сөз
арқылы белгiленедi. «Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi» терең
ауқымды мағыналы ұғым. Осындай ұғым ғана асыл сөз арқылы
заттық түрге айнала алады.
Шешендiк өнерде кесек-кесек ой өрбiтiп, тапқыр сөздер өрiп,
билiк айтудың үстiне, күштi дауыс, мықты рух ауадай қажет.
Даналықтан нәр алған, тәжiрибеден туған өрнектi ойлар жан-
дүниеңмен тұтастық тауып, асқан шабытпен айтылғанда ғана
өзiне табындырады. Би-шешендер қазақ даласында тәртiптiң,
имандылықтың, iзгiлiктiң болуына көп әсер еттi. Шешен-билер
мемлекет тағдырын шешетiн шынайы тұлғалар. Мемлекеттiң
көсегесiнiң көгеруi, дамуы нағыз шешен-билердiң тегеурiндi
өнерiмен, өнегесiмен, қызметiмен тамырлас. Оларды тәртiптiң
тұтқасын ұстаушы, ұлтының салт-дәстүрiн, рухани болмысының
қасиеттерiн, ерекшелiктерiн бойына дарытқан тектi тұлға, ереже-
қағидаларына жүйрiк әрi жетiлдiрушi дархан дарын, әлеуметтi
iлгерi сүйрейтiн, қызғыштай қорғайтын, жақсылыққа үндейтiн
үлгiлi ұйымдастырушы деп айта аламыз.
Ауыз әдебиеті әсемдік пен сұлулыққа толы, онда ғасырлар
бойы ел арасына тараған халықтық эстетиканың мол байлығы
сақталған. Ауыз әдебиетінде халық жеке бастың мұң-мұқтажынан
гөрі халық мүддесін жоғары қойды, онда ел мәселесі, бірлік,
әлеуметтік жағдай басты орын алды. Әрқашан халық біртұтас,
жұрт болуды, жау шақыншылығына біріге соққы беріп, ел
тыныштығын берік сақтауды мақсат етті. Осы мәселелерді ақын-
жырауларымыз өз шығармаларына арқау етті.
Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде
қалыптасты. Ол ақын-жыраулар шығармаларында өзінің шарық-
тау шыңына жетті. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз,
140
Достарыңызбен бөлісу: |