Философия, саясаттану


  Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
толыққанды, денелі, алып тұлғалы әскери тұлғаны көшірмелеуден 
туған көркемдік таным образы. Ендеше, ол күнделікті тұтынатын 
бұйым,  сәт  сайын  кездесетін  айғақ  болғандықтан,  келесі  кезек-
те,  жас  ұрпақты  осындай  рухта  тәрбиелеудің  визуальді  құралы 
да  қызметін  атқарған.  Осыған  орай,  ұлттық  дүниетанымдағы 
дүниеге ер бала келу қуанышының неліктен қыз балаға қарағанда 
басымдау болғандығын туындатуымызға болады. Себебі, ер бала 
бұл тұста, туыстық жағынан ұрпақ жалғастығының кепілі болуы 
қырынан емес, потенциалды әскер ретіндегі қоғамның бағалы ре-
сурсы ретінде қадірленуіне байланысты болып келеді. 
Жаугершілік замандағы ұрыстардағы шығындалған әскердің 
орнын  толтыру,  қалың  қолдың  сан  мен  сапасының  бірлігін 
қамтамасыз ету, сайып келгенде, ерлік пен елдіктің тұғырлылығын 
сақтау қашанда әскери тұлғалардың жетіспеушілігін (дефицитін) 
тудырып  отырды,  міне,  дүниеге  ер  бала  келу  қуанышының 
мәні,  «шекесі  торсықтай  ұл  туды»  деген  мақтаныш  пафос  таза 
өмірмәнділік  экзистенция  болумен  қатар  дала  эстетикасының 
экспликациясы  болып  табылады.  Осы  тұста  «Ер»,  «Еркек»,  «Ба-
тыр» т. б. ер адамға қатысты ұғымдарды полифониялық деңгейде 
сараптаған  С.  Оспановтың  тәңіршілдік  дүниетаным  бойынша 
байыпталған  тұжырымдары  арқылы  [102,  268–269  бб.]  біз  осы 
эстетикалық нышанның түпмағынасын толығырақ ұғына аламыз. 
Екіншіден,  ол  жалпы  көшпелі  өмірдегі  қолданылатын 
практикалық  бұйым.  Сондықтан,  торсық  көшпеліліктің  де 
рәміздік бейнесі деп айта аламыз. Торсықты ойлап табу, оны пай-
далану әрине сол көшпенділік өмір үшін қажетті болғандықтан 
шығарылғандығы  түсінікті.  Үшіншіден,  торсық  қилы  заман-
да,  әсіресе,  шөл  қысқан  сәттерде  талайлардың  өмірін  сақтап 
қалған ыдыс немесе бір торсық сусынға зар қылып өлімге алып 
келуге  себепші  де  болған  құбылыс.  Міне  торсық  концептісіне, 
халқымыздың  таза  осындай  өмірмәнділік  экзистенциялары 
сіңірілгендіктен,  ол  өздігінен  қастерлі  бұйым.  Сайып  келгенде, 
осының  бәрі  торсықтың  тек  жай  ғана  адам  мүсініне  еліктеудің 
үлгісі  емес,  көшпелі  өмірдің  нақты  ассоциациялық  бейнесін 
білдіретін таза эстетикалық құрал екендігіне көз жеткізе аламыз. 
Адамды жерлеудің түркілік дәстүрлерінің сақ қорғандарынан 
кейінгі көрінісі – балбалтастар. Нақтырақ айтқанда, ол құлпытас 
емес, құлпытас ислам дінінің ықпалынан адамды кейіптеуге тиым 
салудан  туындаған  осы  балбалтастың  «жұмсартылған»  бейнесі 

94 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
тәрізді деп айта аламыз. Мәселе, осы адам мүсіндеумен туыстас 
мүсін өнерінде болып отыр. Бұл да көшпеліліктің бүгінгі күні де 
әлемге  әйгіленген  көркемдік  образы.  Балбалтастардың  экспли-
кациясы,  біріншіден,  оның  түркі  халқының  өмір  сүру  аймағын, 
шекарасын белгілеуінде. Халық көшпелі болғандықтан, оның сол 
сәтте сол елсіз далада, жапан түзде өмір сүріп отырғандығының 
кепілі  ретінде  де  қызмет  атқарған  балбалтастар,  мүсін  өнерінен 
гөрі  өзіндік  бір  ансамбльдерді  құрауы  арқылы  архитектураға 
ұқсайды.  Демек,  балбалтастардың  айдаладағы  тұрысының  өзі 
сол кездегі жаулары мен басқа да көршілес елдерге «бұл – біздің 
еліміздің  мекені»,  біздің  жеріміз  деген  сыртқы  саяси  мағынаны 
білдіреді. Бүгінгі күнгі балбалтастардың Қырымнан т. б. жерлер-
ден табылуы біздің тарихымызды куәландырып тұр. 
Екіншіден,  олар  кең  елсіз  сахарадағы  бағдар  мен  бағытты 
білдірген  сыңайлы,  сайын  даладағы  қазақ,  біздіңше,  олардың 
әрбіреуінің  орналасқан  жерлерін  тұспалдап  білген  сыңайлы. 
Сонымен қатар, әрбір рудың да аймағы мен мекен етіп отырған 
жерлерін  шамалау  үшін  қажет  эстетикалық  қырымен  қатар, 
белгі  ретіндегі  практикалық  жағы  да  болған  деп  айта  аламыз. 
Бұның  бүгінгі  күнге  дейін  сақталған  көнелеу  көріністері  белгілі 
бір  географиялық  кеңістікті  сипаттауда  «пәленшенің  мәйітінің 
қасында», «түгенше мазарының тұсында» деп нақтылай түсуінен 
анығырақ байқалады. Себебі , сайын далада бұдан басқа тұрақты 
және нақты, әлеуметтік уақыт бойынша мәңгі объект жоқ. 
Үшіншіден, ол – үнсіздік, тұрақтылық, мәңгілік, тылсымдық 
сияқты  таза  эстетикалық  сапаларды  иеленеді.  Бұл  сапалар 
халқымыздың  тұтас  тарихының  куәсі,  өмірдің  өткіншілігі 
мен  дүниенің  жалғандығын  қайталап  еске  түсіріп  отырудың 
физикалық  объективті  көрінісі.  Сондықтан  түп  төркіні  траге-
диялық  құбылыстан  туған  балбалтастар,  өзінің  қастерлілігі  мен 
көнелігі арқылы асқақтай түседі. Бұл тұстағы үнсіздік тек сыртқы 
форма, ал тұтас тарихтың, талай өлім мен өмірдің, қуаныш пен 
қайғының куәсі болған бұл тастардың бізге айтар сыры көп, де-
мек,  оның  өзі  құпия  бір  тұтас  мәтін  іспетті.  Ал  тұрақтылық 
пен  мәңгілікке  ескерткіш  қалдыруға  тым  көңіл  бөлу  әлем 
халықтарында, кейіннен қазақ халқында да мазарлар, пирамида-
лар т. б. сияқты архитектуралық өнермен шешімін тапқан. 
Бүгінгі бейнелеу өнеріндегі жиі кездесетін персонаждардың 
бірі  осы  балбалтастарды  нақыштау  болып  табылады.  Балбал-

 
 
 
                      
                                                  95
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
тастың  осындай  ішкі  мағынасын  бейсаналы  болса  да  түйсіну, 
архетиптік түрде сезіну байырғы мүсін өнерін бейнелеу өнерімен 
қайта кейіптеу тәсілі бойынша бүгінгі отандық суретшілеріміздің 
шығармашылығы  арқылы  жүзеге  асып  отыр.  Тек  қана  балбал-
тастар  ғана  емес,  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  өнеріміз, 
әсіресе, осы бейнелеу өнеріміз ұлттық идеяның тарихи-танымдық 
қырына баса назар аударып, архетиптерді қайта оятуда жоғары-
дағы  түпобраздар;  бөріні,  ұлттық  бұйымдарды,  бақсыны  т.  б. 
да  нақыштауда  ерекше  көзге  түсіп  келеді.  «Сонымен  көшпелі 
мәдениетте,  тіпті  одан  да  бұрын  қалыптасқан  әлемді  біртұтас-
тықта  қабылдау  өлшемі  қазіргі  заман  суретшілерінің  шығар-
машылығының  басты  парадигмасына  айналды  десек  те  бола-
ды», – деп ұсынылған пікірлер де аталған арақатынас пен рухани 
сабақтастықтың шынайылығын ашып көрсеткен ұстанымдардың 
куәсі [109, 58 б.]. Демек, таза көшпенділік рух пен түркілік бол-
мысты бейнелейтін нақты, маңызды, тұрақты формалардың түп-
образдар деп атауға болатындай мағынасы бар екендігін аштық. 
Сайып келгенде, осыдан «бұндай дүниені көркемдік тұрғыдан 
игерудің  экспликацияларының  бүгінгі  күнгі  мәдени-әлеуметтік 
маңызы  неде,  болашақ  ұрпақтарды  тарихи  эстетикалық  таным-
нан сусындатудың практикалық қырлары қандай» деп туындаған 
өмірмәнділік сауалдардарға мынадай жалпылама жобаларымыз-
да ұсына аламыз: интеллектуальді ұлт қалыптастыру арнасында 
ұрпақтардың  руханияттық  пен  эстетикалық  танымын  молай-
ту, еңбек қоғамына негізделген өзіне сенімділік тұғырды тарихи 
негіздер  бойынша  паш  ету,  отаншылыққа  тәрбиелеуде  ұлттық 
рухты ерлік пен  әсемдік категориялары арқылы  бекітіп берудің 
тәсілдерін ұсыну т. б. Мысалы, бұл зерттеудің ұлтжандылық пен 
елінсүйгіштікті  қалыптастырудағы  өзіндік  қырларын  былайша 
таратып айтуымызға болады. 
Ұлтжандылықты-отаншылдықты  ұрпақтарымыздың  бойын-
да  қалыптастыру  тек  рационалды  немесе  эмоционалды  көңіл-
күймен  ғана  жүзеге  аспайды,  ол  екеуінің  аралығындағы  ампли-
тудада  ауытқитын  эстетикалық  санамен  де  байланысты  болып 
келетіндігін  естен  шығармаған  жөн.  Ендеше,  «рационалдылық-
эстетикалық-эмоционалдылық»  тізбегінен  тамыр  тартатын  нұс-
қаны басшылыққа алуымызға болады. 
Ұлтжандылық сана, олай болса, бүгінгі күні өткенді зерделеу-
мен, оны сезімдік тұрғыдан терең түйсінумен қатар, оған сүйсіну, 

96 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
тұшыну,  қайтадан  рәміздеу-образдау,  сүйтіп,  ішкі  дүниенің  ру-
хани тебіренісін сұлуландыру, оны тарихи таныммен үндестіру-
үйлесімдендіру  арқылы  толыға  түседі.  Осы  орайда,  түркі-қазақ 
халқының дүниені көркемдік тұрғыдан игерудің образдары мен 
үлгілерінің  жалпы  бағдарлары  емес,  экспликациясының  бүгінгі 
ұрпақ  санасына  әсер  етуде  өзіндік  бір  ықпалды  арнасы  бар 
екендігін  басшылыққа  алуымыз  керек.  Бұл  экспликациялар 
табиғи-эволюциялық,  қажетті-мәнді  тұрғыдан  архетиптерді 
оятуға келіп түйісіп қана қоймайды, себебі, ол бейсана тұңғиығына 
негізделген,  сонымен  қатар  эстетикалық  сана  деңгейіне  келіп 
тоғысатындығына да байланысты болып шығады. 
Соңғы үш жүз жылдай отаршылдық әсерінен қысымшылықта 
болған  ұлттық  сана  өзіне  бүгін  де  еркіндік  іздеумен  келеді.  Сол 
еркіндікті шарықтатудың, одан әрі рухтану сатысына көтерілудің 
тәсілдерін іздейді. Осы орайда, мәселен, «көк бөрі» рухы еркіндік 
пен азаттықтың образдарын тұтастай байырғы кейпінде кейіптеп 
береді. Демек, нақтырақ айтқанда, мәселе осы көк бөрі рухының 
эстетикалық экспликацияларының өзін жас ұрпаққа дәл осылай 
түсіндіріп беруде жатыр. Көк түркілер тарихының тұтас келбетін 
аша алатын, әсіресе, ерлік пен елдік рухын паш ететін дайын мо-
дель  бүгінгі  отаншылдық  рухты  қалыптастыру  үшін  сұранып 
тұрған бағдар іспетті. 
Жалпы  әрбір  халық  үшін  оның  өткені  кейінгіге  қастерлілік 
болып сабақтасуы тиіс. Осы қастерлілікті түйсінген сана түркілік 
рухтың да қастерлігін түйсінудің жеке жағдайларына қарай өтеді. 
Мысалы, «Көк Түркілік – Көк Бөрілік» рухтың кейінгі ұрпақ үшін 
рухани-эстетикалық  қажеттілік  екендігін  терең  байыптай  білген 
ХХ ғасырдағы ақындарымыздың бірі – М. Жұмабаев болатын. Ол 
поэзияның  көркемдік  тәсілдері  арқылы  көне  образдарды  жаңа 
образдармен бере білді. 
Демек, эстетикалық ақиқат өршіл Көк түркілік бөрілік рух-
ты  бүгінгі  ұрпақ  өзінен  (бейсанасынан,  ділінен)  қайтадан  іздеуі 
тиіс, себебі, ол із-түзсіз жоғалып кетуі де мүмкін емес. Осы рухты 
психологиялық  тұрғыдан  проекциялау  ата-бабасының  болмы-
сын белгілі бір деңгейде барынша тұтасынан түйсінуге жетелейді, 
Дж. Кулидің «айнадағы Мен» теориясына сәйкес, олардың орны-
на  өзін  қойып  қарайтын  «айнаны»  ұйымдастырады.  Ендеше,  біз 
ұсынған экспликациялар жасырынған кодттарды бере салып, оны 
шешуді  талап  ететін  әдіснамадан  гөрі  нақты  түсіндіріп  беретін 

 
 
 
                      
                                                  97
2   Этноэстетика және халықтың көркем мәдениеті
тетік  болып  табылады.  Мысалы,  туымыздың  көк  түсі  жалпы  ал-
ғанда,  көк  түркілік  архетиптерді  оятуға  арналған  эстетикалық 
визуальді нышан. Бірақ архетипке берілген бұндай өнімнің нәти-
жесінің  өзі  көп  жағдайда  көмескі  және  «архетип  ояна  ма,  оянса 
қашан» деген сияқты сауалдарға жетелейді. Мысалы, оның «Көк 
Тәңірі – Көк Бөрі – Көк Түркілік» эстетикалық түзілімін түсіндіріп 
меңгерту  керек.  Бұл  Көк  Тәңірге  табынып,  бөріге  жалбарынып, 
байырғы түркілік дәуірге оралу дегенді мүлде білдірмейді, мәселе 
осы үштікті біріктірген «Көкті» түйсіну, оның эстетикасын ұғыну, 
сол Көк-рухтың қуаты мен күшін, тәсілі мен әдісін, яғни, ішкі маз-
мұнын бүгінгі отаншылдық сезімге қолдана білу болып табылады. 
Ал  жоғарыдағы  мүйіз,  торсық  архетиптері  мен  ол  образ-
дардың  бүгінгі  күнге  тасымалдануы  еліміз  ұстанып  отырған 
спортпен  шұғылдану,  денсаулықты  нығайту,  еңбекқорлық 
арқылы жетілген тұлға қалыптастыру саясатына келіп тоғысады. 
Сонымен қатар олар қуаттылық рәмізінің белгісі ретінде жалпы-
ланып, тұтастай ел мен халқымыздың қуаттылығына шақыратын 
образдар түрінде бүгінгі әлемде дамыған отыз елдің қатарына ену 
стратегиясын іске асыруда өзінің еліктірушілік қырлары арқылы 
эстетикалық толықтырушылық (компенсаторлық) қызметін паш 
ете алады. Себебі қашанда, еліміздегі жеке адамдардың тұлғалық 
қуаты ел қуатының жасампаз-ілгерішіл алғышарты. 
Демек, ұлттық эстетикалық нышандар өмірдің өзінен туында-
ған,  көшпелі  халықтың  тұтас  болмысын  кейіптейтін,  өзінің  өмір 
салтын  әлемге  таныстыратын  бүгінгі  этноэстетикалық  бейнелер 
деп айта аламыз. Бұл орайда, біз халқымыздың дүниенің көркемдік 
бейнесін  эстетикалық  тұрғыдан  көшірмелеудің  жолдарын  ғана 
емес, сол көшірілген денотаттың, яғни, объектінің өзінің ішкі ма-
ғынасын ашу арқылы оның өнерде қалай нақышталғандығына аса 
маңыз бердік және бүгінгі таңдағы маңызына тоқталып өттік.

98 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙ САБАҚТАСТЫҒЫ
 
 3.1 Көшпенділік әлемі және болмысты эстетикалық игеру
Қазақ  халқының  рухани  мәдениетіндегі  эстетикалық  ой 
жалғастығын  ашу  үшін  халықтың  эстетикалық  танымының 
дәстүрлі  және  қазіргі  өзгешеліктерін  рухани  сабақтастық  қыр-
ларында  тарихи  философиялық  тұрғыда  талдау  қажет  болады. 
Халықтың эстетикалық санасында өзіндік өшпес із қалдырған со-
нау ерте орта ғасырлардың басында өмір сүрген Қорқыт атадан 
кешегі  Абайға  дейінгі  Ұлы  Дала  ойшылдарының  эстетикалық 
көзқарастарын сараптаумен қатар, дәстүрлі қазақ мәдениеті мен 
дүниетанымындағы,  әдебиеті  мен  өнеріндегі  әлемді  көркемдік 
игерудің айрықшалықтарын пайымдау керек болады. Алайда, ру-
хани мәдениеттегі эстетикалық айшықтарды ашпас бұрын, оның 
материалдық  мәдениеттегі  (кеңестік  дәуір  ғылымынан  қалған 
дәстүрде жалпы мәдениет, осылайша, материалдық және рухани 
деп екіге бөлінетін) көріністеріне көз жібергенді жөн көрдік.
Әдетте,  шаруашылық  мәдени  типті  қарастырғанда,  оны 
руханилықпен  байланыссыз  тек  материалдық  тұрғыда  сипат-
тайтын үрдіс бар. «Кез-келген рухани құбылыс пен оның заттан-
дырылған түрі – адамдық тұтас әрекеттің екі жағы» [110, 141 б.] 
екендігі  соңғы  уақыттардағы  ғылыми  әдебиетте  мойындалған. 
Шаруашылық мәдени типтердің таксономикалық дербес бөлікте-
ріндегі (шаруашылық ұжымдары, тұрғын үй типтері, тұрмыстық 
қажетті  өтеу  бітімдері,  құрал-жабдықтар,  бос  уақытты  өткізу 
дәстүрі,  әдет-ғұрыптар  және  т.  б.)  қазақтардың  материалдық 
мәдениетінің  символикалық  сипаты  мен  оныңмағыналарының 
аксиологиялық  және  семиотикалық  қырларының  түсіндірілуі 
Н. Әлімбай, М.С. Мұқанов [111], Х. Арғынбаев [112], С. Қасқабасов 
[113], Ә.Т. Төлеубаев [114], А. Сейдімбек [115], Н. Шаханова [116] 
және т. б. еңбектерінде жан-жақты зерттелген. Көшпелі қоғамның 

 
 
 
                      
                                                  99
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
ерекшеліктері  жөнінде  жоғарыдағы  авторлардан  бұрын  кеңес 
дәуіріндегі  белгілі  ғалым,  философ  Д.Кішібековтің  «Көшпелі 
қоғам» еңбегінде сөз болған еді.
Шаруашылық-мәдени  типология  қазақтың  мәдениеті  мен 
тарихын  зерттеуде  белгілі  дәрежеде  қоғамдық-экономикалық 
формацияның  орнын  алмастыра  отырып,  ғылыми  әдіснамалық 
қызмет  атқарып  жүр  (С.П.  Толстов,  М.Г.  Левин,  Б.  Андрианов, 
Н.Н. Чебоксаров, Н.Э. Масанов және т. б.). Жалпы қазақ халқы-
ның  дәстүрлі  эстетикалық  санасы  мен  мәдениетінің  діңгегін  де, 
ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегін де құрайтын көшпенділік 
құбылысы философия мен ғылыми әдіснамадағы басы ашылма-
ған  «ақтаңдақтардың»  бірі  болып  табылады.  Күні  кешеге  дейін 
әлеуметтік  болмысты  талдаудың  жалғыз  лайықты  тәсілдері  деп 
есептеліп  келген  әмбебап  еуроорталықтық  әдістер  көшпенділік 
өркениетті  назардан  тыс  қалдырды,  «әдіснамалық  нәсілшілдік-
тің»  салдарынан  оны  зерттеу  аймағынан  алып  тастады. Тек  соң-
ғы  ХХ  ғасыр  бойы  еуропалық  рационалистік  дүниетанымның 
тығырыққа  келуі  барысында,  сондай-ақ  шығыс  халықтарының 
«мәдени  империализммен»  күресі  барысында  ғана  «эндогендік 
дамудың»  өркениеттік  түбірлері  зерттеу  жұмыстарының 
тақырыптарына айналды. 
Осыған  сай,  ғылым  мен  философияда  үстемдік  етіп  отыр-
ған әмбебап екі әдіснаманың – дәурені өтіп бара жатқан форма-
циялық  парадигма  мен  жалпы  ортақ  теориясы  болмаса  да, 
белгілі  бір  қоғам  мәдениетінің  барлық  формалары  мен  рухани-
лығының  негізін  құрайтын  субстанциясы  өркениет  түрінде 
мойындалған  өркениеттік  парадигма  аясында  шаруашылық-
мәдени  типология  әдісін  қолданудың  жөні  бар.  ІІІаруашылық-
мәдени тип ұғымы мәдениеттанудағы хронотоп түсінігіне жақын, 
ол  әлеуметтік  экономикалық  дамудың  бір  деңгейінде  тұрған 
қауымдастықтардың ұқсас табиғи ортадағы тарихи қалыптасқан 
біртектес шаруашылық пен мәдениет жүйесін бейнелейді.
 Қазақстан территориясы адамзаттың ертедегі дәуірлерінен, 
дәлірек айтқанда «біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжыл-
дықтың басынан бастап [117, 31 б.] XX ғасырға дейін суразиялық 
номадизмнің (номад – грекше кошпенді) эпицентрі болып қызмет 
етіп  келді.  Мұндағы  «Еуразия»  деп  аталатын  шартты  тарихи-
географиялық  термин  –  Орталық  Азияның  негізгі  территория-
сы, оның ядросы Карпаттан Алтайға дейін созылып жатқан Ұлы 

100 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
дала деп аталатын кеңістік. Еуразия – бұл тек географиялық ұғым 
емес,  ол  мәдени-өркениеттік  бірлікті  де  білдіреді.  Еуразиялық 
кеңістікті баяғыдан осы жердің табиғи ландшафтына бейімделіп, 
шаруашылықтарын  жүргізген  халықтар  –  түркілер,  моңғолдар, 
фин-угорлар  және  славяндар  мекендеді.  Соған  сәйкес  бұл  жер-
де  өзге  өркениеттік  бітімдерден  өзгеше  еуразиялық  өркениет 
қалыптасты.  Бұл  мәдени-тарихи  сабақтастық  тарих  ырғағының 
бойында  қалыптасқан  құдіретті  империялардың  құрылуынан 
аңғарылады. 
Еуразиялық  көшпенділердің  эстетикалық  санасы  мен  қазақ 
халқының дәстүрлі этномәдениетіне тән белгілер қола дәуіріндегі 
«андрон мәдениетінен» бастау алып, ежелгі темір дәуірінде сақ, 
үйсін,  ғұн  тайпалары  мәдениетінен  де  көрініс  тапты.  Біз  үлгі 
ретінде алып отырған ШМТ осы өлкеге қатысты. 
Адамзат  баласының  тарихындағы  ең  ұзақ  жасаған  (үш  мың 
жыл)  әлеуметтік  тарихи  формацияның,  «атты  көшпелі  өрке-
ниеттің»  (М.  Әуезов,  С.  Ақатай  анықтамасына  сәйкес)  немесе 
«далалық өркениеттің» (А. Қасымжанов) өн бойында осы терри-
торияны  мекендеген  көшпелі  этностардың  үздік  жетістіктерін 
бойына  сіңіре  отырып,  өзіндік  көшпелі  шаруашылық-мәдени 
дәстүрін  сақтап  қалған  бірден-бір  халықтардың  бірі  –  қазақтар. 
Сондықтан да олардың дәстүрлі этномәдениетінің негізгі архетипі 
– көшпенділік.
Қазақ  халқының  дәстүрлі  мәдениетінде,  әсіресе  шаруашы-
лығында  көшпенділік  басым  болды  ма,  әлде  отырықшылық  ба-
сым  болды  ма  деген  даулы  пікірталас  тархшылар  арасында  да, 
қоғамтанушылар арасында да біраздан бері саябырламай келеді. 
Әрине, табиғатында таза көшпенділік немесе таза отырықшылық 
деген болмайды. Дегенмен, шаруашылық жүргізу мен өмір сүру 
тәртібіне  байланысты  бұл  екі  құбылыстың  бірінің  басым  болу-
ына  орай  аталмыш  дилемманың  (Батыс  пен  Шығыс,  Қала  мен 
Дала тәрізді) өмірде бар екені даусыз. Ғылымда қоғамдық еңбек 
бөлінісінен туындады деп саналатын бұл дихотомияның бастауы 
Абыл мен Қабыл арасындағы қақтығыстан тарайтын діни аңыздар-
да да кездеседі. Өмір сүру қамының бұл қос үрдісі материалдық 
мәдениетпен қатар, әрбір ұлттың салт-дәстүрі, дүниетанымы мен 
философиясы, әдебиеті мен өнері сияқты рухани мәдениетіне де 
әсерін тигізіп, өзіндік ізін қалдырады. Яғни, бұлардың әрқайсысы 
өзіндік  рухани-адамгершілік  тұғырларды,  әлеуметтік-мәдени 

 
 
 
                      
                                                  101
3   Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
эстетикалық ой сабақтастығы
құндылықтар  мен  мәдени-тарихи  ерекшеліктерді  өндіріп-өңдеп 
шығарады.
Көшпенділік әлемінің қалыптастырған өзгелерге ұқсамайтын 
өзіндік  төлтумалылығын,  өзіндік  номадалық  құндылықтары 
мен  стереотиптерін  қазақ  халқының  бойынан  мол  табуға  бола-
ды.  Көшпенділердің  киім-кешек,  тұрғын  үйлері  мен  тұрмыста 
қолданатын  құрал-жаблықтары  көші-қонға  бейім  жиналма-
лы,  құрастырмалы  болды.  Жылқыны  қолға  үйрету,  садақ,  шал-
бар,  киіз  үй  және  т.  б.  көшпенділердің  ойлап  тапқан  туынды-
лары  екенінен  жас  оқырман  хабардар  шығар.  Көшпенділікке 
ең бейімделген төрт түлік мал – қой мен ешкі, жылқы мен түйе 
болды,  сиыр  соншалықты  транспортабелді  болмады.  Қазақтың 
ауыз  әдебиетіндегі  жырларда  бүлдіршін  балаларды  «қозым», 
«құлыным», «ботам» деп еркелетеді де, бұзауым немесе торпағым 
деп айтпайды. Қазақ ауыз әдебиетінде төрт түліктің барлығының 
қасиеттеріне байланысты теңеулер беріледі, ал сиырға және т. б. 
байланысты эпитеттер жоқтың қасы. Ал жылқы болса, бұл – қоз-
ғалыс, көшпенді үнемі ат үстінде, аспан мен жердің ортасында өмір 
сүреді. Қазақ тілінде жылқы түрлерінің атауының өзі 50-ден асып 
жығылады.  Көшпендінің  малсыз  күні  жоқ.  Малынан  айрылған 
қазақтың  1930-жылдар  басында  жаппай  аштыққа  (3  млн.  адам 
шығыны) ұрынғаны белгілі. Осының өзінен-ақ қазақ мәдениетінде 
көшпенділіктің  қаншалықты  басым  болғанын  аңғаруға  болады. 
Сондықтан көшпенділік құбылысының біздің халықтың тарихи-
мәдени арғы тегі екендігі күмәнсіз шындық. 
Әрине,  біздің  жердің  табиғи  жағдайларына  қарай  жайы-
лымдық  мал  шаруашылығымен  қатар,  темір  қорытумен,  қала-
лармен, қолөнермен, егін шаруашылығымен, оның ішінде суарма-
лы (ирригациялық) өнермен сипатталатын технологиялық және 
мәдени жетістіктер де болды. Бұл қазақ тарихында отырықшылық 
басым болды деген қағиданы жақтаушыларға қол болуы мүмкін. 
Алайда,  отырықшылыққа  тән  бұл  құбылыстар  негізгі  басымды-
лық – көшпенділіктің маргиналды аумақтарында, оның сауда және 
егін өнімдерімен айырбас жасалатын шеткері аймақтарында ғана 
орын алды. Ал жалпыхалықтық сананы, оның ішінде Еуразиялық 
Ұлы  дала  халықтарының  осы  дәстүрін  жиырмасыншы  ғасырға 
дейін бұзбай алып келген қазақ халқының тарихи санасын, оның 
ішінде  эстетикалық  санасы  мен  танымын  да  көшпенділікке  тән 
құндылықтар айқындады. Мұны кезінде осы Ұлы даланы керне-

102 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет