Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет67/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80

685 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Мир окутан сетями Интернета, между человеком и реально-

стью  вторгается  множество  посредников,  слов,  терминов,  зна-

ков, отдаляющих живую плоть мира. Философия, которая всегда 

считала делом чести всеобщее мышление, отныне призывается 

к другой задаче: научить человека заново видеть мир во всей его 

красочности и неповторимой прелести. И тогда он приобщится 

к тайне универсума, обретет интегральное целостное сознание, 

планетарное мышление [7, с. 8]. 

Философия всегда движется как бы между двумя полюсами: на 

одном она тесно соприкасается с реалиями современной ей жизни, 

на другом – выходит за их рамки и создает своеобразные проекты 

тех общественных и духовных структур, которые могут стать осно-

ваниями будущего развития культуры. В этом смысле философия 

одновременно выс ту пает и квинтэссенцией современной культу-

ры, и смысловым ядром культуры будущего, свое образной наукой 

о «возможных человеческих мирах». Утрата любого из этих изме-

рений в философии приводит к ее вырождению либо уводит в ото-

рванные от жизни бессодержательные тео ретические упражнения.

Таким образом, философия, как стремление к познанию само-

го  себя,  определяет  и  выражает  собой  весь  процесс  духовного 

развития человека, предлагая нам осмысление, а также переос-

мысление тех или иных процессов так или иначе связанных с бу-

дущим развитием человеческой цивилизации. Роль философии в 

системе высшего образования, тем самым, остается значимой и 

любое отрицание этого является заблуждением.



Литература

1 См.: Сооб ще ние Президента МФФО проф. Питера Кэмпа // Вест-

ник Российского философского общества. – 2005. – № 1(33).

Байдаров Е.У. XXI век – век глобализации и интеллек туального 

развития // Аль Пари. – 2008. – №1–2. – С. 159–162.

3 Казахстанская правда. – 2008, 31 января. 

Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М.: Политиздат, 1991. 

Jaspers K. Idee der Universitat. B., 1923 / Цит. по: Алексеев П.В. На-

ука и мировоззрение. – М.: Политиздат, 1983. 

Швейцер А. Благоговение перед жизнью. – М., 1992. 

Мерло-Понти М. Философские очерки. – М., 1996.


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

686 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТТЕГІ ЖАҢА БІЛІМНІҢ

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Кульпан АЛИКЕНОВА

(Талдықорған)

Ғылымның  даму  үрдісінде  оның  түбегейлі  өзгеру  кезеңдері 

болады. Ол ғылымның нормативті құрылымын және философия-

лық негіздерін өзгертумен байланысты. Бұл ғылыми рационал-

дылық типтерінің өзгеруіне қатысты. Жаратылыстану тарихын-

да  осындай  төрт  революцияны  аңғарамыз.  Алғашқысы  XVII 

ғасырдағы  классикалық  жаратылыстанудың  қалыптасуынан 

байқалады.  Ол  классикалық  ғылымның  қағидаларынан  нәр 

алған, жаңа заманның орайына бейімделген нақтыланған білім-

мен  тығыз  байланысты  болды.  Оның  негізгі  идеясы  болып 

ғылыми білімнің объективтілігі мен пәнділігі, субъектілігі және 

таным қызметінің процедуралары, оларды түсіндіруден тысқары 

қарастыру  есептеледі.  Тәжірибелік  фактілерді  ұғындыру  және 

алдын  ала  болжауға  жеткізетін  теориялар  құрастыратын  онто-

логиялық принциптерді айқындау басты бағыт деп саналды.

Түсіндіру  үшін  механикалық  себептер  мен  субстанциялар-

ды  іздеу,  механиканың  негізгі  принциптері  мен  тұжырымдары 

басшылыққа алынды. Осының негізінде табиғаттың механикалық 

бейнесі  әлемнің  жалпы  ғылымдық  бейнесі  рөлін  атқарады. 

Нәтижесінде  табиғаттың  механикалық  бейнесі  құрылып, 

ол  бір  мезгілде  физикалық  білім  саласын  және  дүниенің 

жалпығылымдық бейнесін қамтуға тырысты.

XVII–XVIIІ  ғасырлардағы  жаратылыстанудың  нормалары 

мен  онтологиялық  принциптері  механизм  идеялары  үстемдік 

құрған  ерекше  философиялық  жүйеге  негізделген.  Оның 

эпистемологиялық  құрылымын  табиғаттың  құпияларын  экс-

перимент  пен  қадағалау  арқылы  алуға  болады  және  ақыл  оны 

өз  қабілеті  арқылы  танып  біледі,  ал  ақылға  тек  зерттелуші 

объектінің  қасиеттері  мен  белгілері  берілсе  жетеді  деген  кон-

цепция  қалыптасқан.  «Кіші»  жүйе  деген  ұғым  қолданылған. 

Оның  мәні:  аз  ғана  элементтердің  саны,  күштеу  арқылы  өзара 


I Казахстанский философский Конгресс 

687 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

қатынас және өте тығыз тәуелділікке байланыс. Жалпылықтың 

қасиеттері оның бөліктерінің жағдайы және қасиеттерімен толық 

анықталады.  Зат  –  тұрақты  дене,  үрдіс  –  заттардың  кеңістікте 

уақыт арқылы қозғалуы, ал себептілік лапластық мәнінде.

 «Зат», «үрдіс», «бөлік», «себептік», «уақыт», «кеңістік» т.б. 

ұғымдар  осы  ғасырлардағы  жаратылыстанудың  философиялық 

негіздерін айқындаған онтологиялық категориялар. Бірақ, ХVІІ–

ХІХ ғғ. бірінші жартысында осындай тұрақтылыққа ие болған 

жаратылыстану  негізінде  пәндік  ұйымдасқан  ғылымдар  пай-

да  болып,  екінші  ғылыми  революцияға  алып  келеді.  Бұл  кезде 

дүниенің  механикалық  бейнесі  жалпығылымдық  дәрежеден 

айырылды.  Сонымен  қатар  зерттеудің  пәнділік  идеалдары  мен 

нормалары  дифференцияланды.  Мысалы,  биология  мен  геоло-

гияда эволюциялық түсіндірме идеялары пайда болды, ал физи-

када даму  идеясы сол  қалпында  қала  берді.  Бірақ  өріс  теория-

сын  дамыту  барысында  бұрынғы  механикалық  түсіндірулер  өз 

күшін жоя бастады. Осылардың бәрі объектінің ерекшеліктерін 

ұғынуда  зерттеудің  үшінші  сатысын  –  идеялар  мен  зерттеу 

нормаларын  ұйымдастыруға  жетеледі.  Дегенмен  классикалық 

ғылымның жалпы танымдық белгілері осы тарихи кезеңде әлі де 

сақтаулы болатын.

Осы  ерекшеліктер  ғылымның  философиялық  негіздерін 

өзгертті. Категориялық жүйелердің мән-мағынасы кең ауқымды 

ұғымдарға  айналады.  Эпистемологияда  әртүрлі  ғылымдар 

тәсілдері қарым-қатынасы, ілімдер синтезі және ғылымдар клас-

сификациясы  негізгі  мәселелер  мағынасына  ие  болады.  Бұл 

бұрынғы  дүние  ғылыми  бейнесінің  тұтастық  идеясының  жой-

ылуына  және  әр  түрлі  ғылыми  зерттеулерде  нормативті  құры-

лымдардың  пайда  болуына  байланысты  еді.  Ғылымның  бір-

лігін,  білімнің  дифференциясы  мен  интеграциясын  қарастыру 

жолдары  фундаменталды  философиялық  мәселеге  айналып, 

ғылымның кейінгі даму жолының өзекті мәселесін құрады.

Ғылыми  революцияның  бірінші  және  екінші  сатылары 

классикалық  ғылым  және  оның  стилінің  құрылып  және  даму 

кезеңіне сәйкес келеді. Үшінші ғылыми революция осы стильді 

жаңғыртумен  және  классикалық  емес  жаратылыстанудың 

қалыптасу  кезеңімен  тығыз  байланысты.  Ол  кезең  ХІХ  ғасыр-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

688 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

дың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  ортасын  қамтиды  және  білімнің 

барлық  салаларына  тән  болды:  физикада  ядролық  атомдардың 

бөлінуін ашу, релятивистік және кванттық теория; космология-

да стационарлық емес ғарыштық концепция; химияда кванттық 

химия,  биологияда  генетиканың  қалыптасуы.  Кибернетика 

жүйелеріндегі теорияның пайда болуы. Осындай жетістіктердің 

нәтижесінде жаңа классикалық емес ғылымның идеалдары мен 

нормалары қалыптасты. Олар біржақты онтологизмнен бас тар-

тып, теориялар мен табиғат бейнелерінің салыстырмалы шындық 

екенін түсінді. Бір шындықтың орнына бірінен-бірі нақты тео-

риялар  объектіні  бейнелеулері  ұқсамайтын  әр  түрлі  объективті 

шындық білім орын алды. Объектіні түсіндіру мен жазу кезінде 

танымның  құралдары  мен  операцияларға  сілтеме  жасау  еске 

ұсталады. Бұл мәселе – кванттық релятивистік физикада басым 

көрінді.


Интеграция  және  дүниенің  жалпығылымдық  бейнесі  енді 

табиғатты  өте  күрделі  динамикалық  жүйе  ретінде  қарастырды 

Бұған физикадағы микро, макро және мегадүние, биологиядағы 

тұқым  қуалаушылық  механизмдері,  кибернетикадағы  басқару-

дың жалпы заңдылықтары және қайталану байланысы. Бұлардың 

бәрі табиғаттың тұтастай құрылымын жасауға алғышарт болып, 

ғарышты  иерархиялық  құрылған  күрделі  динамикалық  бірлік 

ретінде  ойлауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жетістіктер  ғылымның 

жаңа  философиялық  негіздерін  толықтырды.  Білімнің  тарихи 

өзгеру  идеясы  және  ғылымдағы  онтологиялық  принциптердің 

салыстырмалы шындық болатыны танымдағы субъектінің бел-

сенділігімен  байланыстырылды.  Субъект  дүниеден  тысқары 

емес, керісінше, оның ішінде және тығыз байланысты – тәуелді 

деген  ұғым  басымдылық  көрсетті.  Адамның  сұрақ  қоюы 

танымның құралдары мен әдістеріне тікелей тәуелді. Бұдан келіп 

категориялардың  жаңа  түсініктері  қалыптасады.  Мысалы,  объ-

ект категориясы зат ретінде ғана емес, үрдіс ретінде белгіленеді.

ХХ  ғасырдың  соңына  қарай  ғылымда  орасан  зор  өзгерістер 

байқалады,  оларды  төртінші  жаһандық  ғылыми  революция 

деп атауға болады. Ғылымның әлеуметтік өмірге енуі, компью-

терлендірілу, күрделі және өте қымбат құралдар кешенін зерттеу 

ұйымдары және т.б. ғылыми қызметтерін күрт өзгертті. Пәндік 



I Казахстанский философский Конгресс 

689 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

зерттеулер  мен  қатар  пәнаралық  және  проблемалық  зерттеу 

түрлері алдынғы орынға шықты. Кешенді зерттеу бағдарламалары 

негізгі білім өндірісіне айналды. Оны іске асыру барысында тео-

риялық  және  эксперименталдық  зерттеулер,  қолданбалы  және 

фундаменталды  білімдер,  олардың  арасындағы  тікелей  неме-

се  жанама  байланыстар  өзара  қатысып  кетуі  заңдылық.  Нәти-

же-сінде  әр  түрлі  принциптер  мен  көзқарастар  қалыптасқан 

ғылыми ізденістер күшейе түседі. Олар бір-біріне тәуелді болып, 

бүтіндей жалпығылымдық дүние бейнесінің үзінділері қасиетіне 

ие болады.

Ғылыми білімнің ең негізгі сипаттамасы оның динамикасы, 

яғни  өсуі,  өзгеруі,  дамуы  т.  б.  болады.  Білімнің  дамуы  –  түрлі 

сапалық  сатыларды  қамтитын  күрделі  диалектикалық  үрдіс. 

Ол  үрдісті  мифтің  логикаға,  логиканың  «ғылымға  дейінгіге», 

«ғылымға  дейінгіден»,  ғылымға,  классикалық  ғылымнан  нео-

классикалық  және  постклассикалыққа,  білмеуден  білуге,  таяз 

білімнен  терең,  жетілген  білімге  қарай  қозғалысы  ретінде 

қарастыруға болады. 

Батыстық  философияда  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында 

білімнің дамуы негізгі мәселе болып табылады және эволюция-

лық эпистемология және постпозитивизм бағыттарында ерекше 

көрінеді. 

Эволюциялық  эпистемология  –  батыстық  философия-

гносеологиялық ойда пайда болған бағыт, оның негізгі міндеті 

– танымның шығу тегі мен даму сатысын, оның формалары мен 

механизмдерін  анықтау,  осы  негізде  біртұтас  білімнің  эволю-

циялық  теориясын  құру.  Эволюциялық  эпистемология  өзіндік 

білімнің  даму  моделдерін  ең  алдымен  тірі  табиғат  пен  таным-

да  кездесетін  механизмдердің  дамуындағы  ұқсастықтар  және 

жалпы органикалық эволюция теориясының негізінде жасайды. 

Эволюциялық  эпистемологияның  өкілдері  ғылыми  теориялар-

ды, идеяларды, ғылыми-теориялық білімді эволюциялық модел-

дің мақсаттарына негіздей отырып, қайта құрды. 

Ғылыми  білімнің  динамикасы  алғашқы  теориялық  модел-

дер мен заңдар құру үрдісі ретінде танылуы мүмкін. И. Лакатос 

алғашқы  теориялық  моделдердің  құрылуы  Евклидтің  бағдар-

ламасына, эмпирикалық және индуктивті бағдарламаға сүйенуі 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

690 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

мүмкін,  оладың  үшеуі  де  білімнің  дедуктивті  жүйе  ретінде 

ұйымдастырылуынан шыққан деп атап өткен. 

Евклид  бағдарламасы  тривиальді  мағынаны  білдіретін  тер-

миндерден ғана тұратын қарапайым айтылған ойдың қорытын-

дысын дедуктивтендіруге болады. Оларды, сондықтан білімнің 

қарапайымдылық бағдарламасы деп атайды. Ол тек ақиқат пай-

ымдаулармен жұмыс істейді, болжаулар мен терістеулер оған тән 

емес. 

Эмпирикалық  бағдарлама  жалпыға  танымал  эмпирикалық 



қасиетке  ие  тұжырымдар  негізінде  жасалады.  Егер  ол  тұжы-

рымдар жалған болса, аталған баға теорияның жоғарғы деңгей-

леріне  еніп,  дедукция  бойынша  жүйені  толтырады.  Бұл  екі 

бағдарлама да логикалық түйсікке сүйенеді.

Индуктивтік бағдарламаны Лакатос ақиқат шығатын орынды 

жоғарыдан базалық тұжырымдармен қамтамасыз етіп, қосымша 

логикалық принцип, яғни ақиқаттың қайта құрылу мақсатында 

туындаған  бағдарламасы  деп  есептейді.  Бірақ  ғылымның  да-

муы  барысында  индуктивті  логиканы  кездейсоқтық  логика 

ығыстырды. 

Жалпы  теориялық  сызбалардың  басты  ерекшелігі  олардың 

тәжірибенің  индуктивті  жалпылануының  нәтижесі  болмауын-

да. Дамыған ғылымда теориялық сызбалар басында алғашында 

құрылған  абстрактілі  объектілер  арқылы  гипотезалық  модел-

дер  сияқты  құрылады.  Ғылым  зерттеудің  алғашқы  сатысында 

теориялық моделдердің құрылымы тікелей тәжірибені жүйелеу 

жолымен  жасалады.  Теориялық  моделдердің  маңызды  сипаты 

оның құрылымы мен абстрактілі объектілердің басқа білімге ауы-

стыра алу мүмкіндігінде болады. Абстрактілі объектіні таңдауға 

зерттеу тәжірибесін дамытатын, оның міндеттері мен шешімін 

анықтайтын әлемнің ғылыми бейнесі ықпал етеді.

Ғылыми  заңдардың  құрылуы  және  жеке  заңдардың  пробле-

маға  ұласуы  эксперименталды  және  эмпирикалық  негізделген 

болжамдық моделдер сызбаға айналатындығын тұжырымдайды. 

Теориялық  сызбалар  басында  гипотетикалық  құрылымдар 

сияқты  енгізіліп,  кейін  эксперименттер  жиынтығы  ретінде 

қалыптасып, тәжірибенің жалпылануы ретінде негізделеді. Одан 

соң  болжамдық  моделді  сапалы  көптеген  заттарға  қолдану  са-



I Казахстанский философский Конгресс 

691 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

тысы болады, яғни салалы түрде кеңейтіледі, одан соң сандық 

математикалық теңдеу, формула ретінде безендіру, яғни заңның 

пайда  болғанын  білдіретін  кезең.  Демек,  қазіргі  зерттеулерге 

қарағанда ғылыми білімнің өсуін төмендегідей көрсетуге бола-

ды: модель – сызба – сандық және сапалық кеңейту – математи-

каландыру – заңды құру.

Жаңа  білімді  туғызу  механизміне  эмпирикалық  және 

теориялық бірлік, рационалды және индуктивті, конструктивті, 

моделденетін  таным  компоненті  жатады.  Ғылыми  білім  дина-

микасында  ғылымның  зерттеу  стратегиясын  қайта  құру,  яғни 

ғылыми революция маңызды рөл атқарады. 

Ғылымның негіздемесі зерттелетін объектінің жалпы ұйым-

дастырылуының  сипатын  әлемнің  бейнесі  есепке  алып,  ал  ол 

объектілерді  игеру  әдістері  зерттеудің  қалыптасқан  мұраттары 

мен  ережелеріне  сәйкес  болып  тұрғанда  ғана  білімнің  дамуын 

қамтамасыз етеді. Ғылым даму деңгейіне қарай шындықты көруді 

талап ететін, қалыптасқан әлем бейнесін артық тұжырымдайтын 

объектінің  жаңа  түрлерімен  бетпе-бет  келеді.  Жаңа  объектілер 

таным  әрекеті  әдістерінің  сызбасын  өзгертуді  қажет  етеді.  Бұл 

жағдайда ғылыми білімнің дамуын ғылымның негіздерін қайта 

құру  арқылы  ғана  жүзеге  асыра  алады:  біріншіден,  мұраттар 

мен  ережелер  жиынтығын  қалдыра  отырып,  әлемнің  бейнесін 

өзгертетін революция; екіншіден, әлемнің бейнесінің өзгеруіне 

қарай оның мұраттары мен ережелері де өзгереді.

Жаратылыстану тарихында білімнің қарқынды түрде дамуы 

жоғарыда аталған екі жағдайда айтылады. Мысалы: ХІХ ғасырда 

физикада электромагнитті өрістің классикалық теориясын жаса-

уда болған механикалық әлем бейнесінен электродинамикалық 

әлем бейнесіне өтуі. Бұл өзгеріс физикалық шындықты анықтау-

ға  радикалды  өзгерістер  енгізгенімен,  классикалық  физиканың 

тұжырымдарын  өзгертпеді.  Ал  екінші  жағдайға  классикалық 

ережелерді,  түсініктерді,  сипаттауларды,  негіздемелерді  және 

білімді  ұйымдастыруды  қайта  құрумен  сипатталатын  квантты-

релятивті физика мысал бола алады. 

Зерттеліп отырған болмыстың жаңа әлемдік бейнесі және та-

ным  әрекетінің  жаңа  формалары  бір ғылымда тұжырымдалып, 

кейін басқа ғылымдарға революциялық ықпалын тигізуі мүмкін. 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

692 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Мұнда зерттеу негіздерінің қайта құрылуының екі жолын көр-

сетуге  болады: 1) білімнің іштей пәндік дамуына байланысты; 

2) пәнаралық байланыстар негізінде. 

Ғылыми  пәннің  негіздерінің  ішкі  даму  нәтижесінде 

өзгеруі  әдетте  қалыптасқан  әлем  бейнесінде  түсіндірілмейтін 

фактілерді  жинақтаудан  басталады.  Мұндай  фактілер  ғылымда 

аса маңызды, зерттеу нысанына айналған арнайы эмпирикалық 

және теориялық міндеттерді шешуде жаңа сипатты объектілерді 

білдіреді.  Оларды  анықтау  үшін  зерттеудің  құралдары  мен 

әдістері  жетілдіріледі,  мәселен  жаңа  құрылғылар,  аппараттар, 

бақылау тәсілдері, жаңа математикалық тәсілдер т.б.

Ғылымның әлемдік бейнесі мен оның таным ережелерін қай-

та қарау оның табиғатына сын көзбен қараудан басталады. Бұрын 

оларды зерттелетін шындықтың табиғаты ретінде мінсіз болса, 

кейін  олардың  шартты,  өтпелі  табиғаты  анықталады.  Осындай 

ойлар зерттеліп отырған болмыстың әлемдік бейнесіне қатысты 

сұрақтарды  туындатады.  Мұндайда  философиялық  талдау  ескі 

негіздемелерді  талдауға  көмектеседі.  Сонымен  қатар  фило-

софия  жаңа  негіздемелерді  жасауда  конструктивті  қызметті  де 

атқарады. Әлемнің бейнесі де, түсініктер де, негіздемелер де жаңа 

эмпирикалық  мәліметтерден  индуктивті  жолмен  алынбайды. 

Жаңа эмпирикалық материал тек ескі түсініктердің жаңа заманға 

сәйкес келмейтінін ашып бере алады. Ғылымның жаңа бейнесін 

құру ерекше идеяларды талап етеді, ескі түсініктерді қайта топ-

тастыруды, жаңа элементтерді қосуды қажет етеді. Мұндай идея-

лар ғылымның танымдық жағдайларына философиялық талдау 

жасайтын салаларда ғана құрылады. Олар зерттеудің қарқынды 

дамуын қамтамасыз ететін жалпы эвристика қызметін атқарады. 


I Казахстанский философский Конгресс 

693 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

БЫТЬ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫМ ФИЛОСОФОМ

Зауре САРСЕНБАЕВА

(Алматы)

В  современном  обществе  институт  философского  образова-

ния  утрачивает  свою  социальную  значимость,  падает  «рейтинг» 

философии как общеобразовательной дисциплины, с точки зрения 

общества, казахстанское профессиональное философское сообще-

ство в его нынешнем виде зачастую представляет собой нечто со-

вершенно бесполезное. Уже ставится вопрос о том, нужно ли стра-

не преподавание философии в таком огромном объеме и масшта-

бе? Падение статуса философии, престижа профессии философа 

актуализирует осмысление роли философии в современную эпоху.

Сегодня внутри самой философской науки идет ломка преж-

них  стереотипов,  стирание  граней,  низвержение  авторитетов. 

Царит  плюрализм  мнений.  Такое  положение  дел  способно  вы-

звать реакцию отторжения от вузовской философии. Фактически 

игнорируется,  что  только  на  основе  философии  формируются 

целостная научная картина мира, знания вообще, что философия 

способствует  формированию  абсолютно  необходимого  обще-

ству культурно-нравственного климата, духовного мира челове-

ка. По сути, преподавание философии является способом обуче-

ния человека мыслить свободно и критически. Философия учит 

рассуждать рационально, а не просто высказывать мнения, она 

позволяет  развивать  критический  разум,  противостоящий  док-

тринальному мышлению. Обучение свободному, рефлексивному 

мышлению  помогает  людям  сопротивляться  различным  фор-

мам  пропаганды,  фанатизма  и  нетерпимости.  Философия  учит 

миру, межкультурной толерантности к плюрализму мысли и от-

ветственности, позволяет противостоять вызовам современного 

мира, особенно в области этики.

Философия и гуманитарные науки формируют личность как 

мыслящего и ответственного творца собственной жизни. Чело-

век, не приобщившийся к философии и гуманитарной культуре, 

оказывается не более чем роботом, действующим по вложенной 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

694 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

в него кем-то программе и покорно подчиняющимся указаниям 

рекламы и средств массовой информации.

Каждый  человек  нашей  эпохи  лишь  тогда  формируется  как 

личность,  когда  способен  философствовать,  задумываться  над 

смыслом своего и всеобщего бытия, задумываться как бы изна-

чально.

К философским размышлениям всегда подталкивало услож-



нение осваиваемого мира, несущее возрастающую опасность вы-

живанию, стабильности общества. В целом смысл философских 

размышлений состоит в поиске новых, более эффективных путей 

интерпретации, конкретизации абстрактных представлений, по-

нятий, в попытке сдвинуть ранее сложившиеся культурные про-

граммы, всеобщие смыслы, схематизмы проблем, представления 

о  субстанции  на  основе  новых  пластов  знаний,  нового  уровня 

сложностей осваиваемой реальности, осознания необходимости 

разрешать все более сложные задачи. Как правило, одновремен-

но  актуализируется  критика  предшествующих  форм  философ-

ствования, идеологии, как результата имитационной культуры и 

определенного социального заказа.

Постепенно философские размышления сдвигаются к культи-

вированию новых возможностей, в этом проявляется глубинное 

творческое стремление человека к непрерывному поиску новых 

путей самоутверждения в мире, а также, несогласие субъекта на 

свое исчезновение в бездне небытия в результате произвола дру-

гих  людей,  собственной  незрелости,  стрессов,  неспособности 

формулировать адекватные сложности осваиваемого мира, смыс-

лы, формировать достаточные для выживания эффективные ре-

шения, случайностей бездушных природных процессов, капри-

зов идолов, божества. В итоге человек уже не рассматривает себя 

в качестве функции внешних сил, он приходит к представлениям 

о себе, своих отношениях и культуре как результату собственных 

действий,  критическому  осмыслению  своей  деятельности.  Как 

следствие, появляется не новый ответ на старый вопрос, а про-

исходит сдвиг в собственном позиционировании, диалог фило-

софов разных времен. Усложнение философствования означает 

развитие философской методологии, подходов к общественным 

формам жизни человека и его деятельности.



I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет