Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80

645 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Философ, читающий курс «История и философия науки», не 

должен следовать за логикой мысли исследователя или описы-

вать  и  пересказывать  его  исследования,  а  должен  стоять  выше 

конкретного исследователя и оказывать ему методологическую 

помощь. Если философия потеряет свою высокую, глобальную 

мировоззренческую  и  методологическую  роль,  не  будет  зани-

маться  общетеоретическими  вопросами,  то  она  потеряет  свою 

направляющую миссию. Нужно брать на себя эту ведущую роль, 

поддерживать все ценное, прогрессивное в научных исследова-

ниях, поддерживать и убеждать ученого в его полезном деле. Об 

этом еще сто лет назад писал немецкий философ О. Шпенглер, 

автор книги «Закат Европы». Без этого нет прогресса в науке. 

Философ не может и не должен быть инертным. По природе 

своей философ – противник всякого застоя и должен занимать 

активную жизненную позицию. Общество нуждается именно в 

таких философах. «Если философ, – писал аль-Фараби, – не на-

ходит себе применения, то такой философ бесполезен». В своем 

предисловии к французскому изданию «Капитала» К. Маркс пи-

сал: «В науке нет широкой столбовой дороги, и только тот может 

достигнуть ее сияющих вершин, кто, не страшась усталости, ка-

рабкается по ее каменистым тропам» [1]. 

Становление  ученого  –  долгий  и  трудный  процесс.  Не  лю-

бой образованный человек способен быть ученым. А.С. Пушкин 

сказал: «Есть высшая смелость – смелость изобретения». Наука 

требует от ученого именно вот этой смелости, т. е. быть честным, 

писать правду, выражать свое мнение. Р. Декарт (1596–1650 гг.) 

писал в своем труде «Рассуждение о методе», что есть два сорта 

умов (т. е. ученых). Одни – самоуверенны, верят только в себя, 

не считаются с мнением других. Вторые не имеют собственно-

го мнения, следуют за другими. Р. Декарт признавал, что его не 

устраивают ни те, ни другие, поскольку они противоречат науке, 

мешают становлению истинного ученого. Он говорил, что, если 

первые раз ошибутся, то больше не способны вернуться на стезю 

науки, а вторые вообще не имеют в науке собственного мнения. 

Истинный ученый кропотливо изучает объект своего исследова-

ния, изучает работы других, анализирует их и делает свои вы-

воды. Чтобы высказать свое мнение, он должен, во-первых, глу-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

646 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

боко знать то, о чем хочет сказать, и, во-вторых, иметь смелость 

публично высказать это. 

Академик В.И. Вернадский (1863–1945 гг.), знаменитый био-

геохимик,  создатель  учения  о  ноосфере,  ознакомившись  с  ге-

ниальным произведением И. Гете (1749–1832 гг.) «Фауст», над 

которым поэт работал почти шестьдесят лет, сравнил это труд в 

области художественного творчества с подвигом. Говоря о том, 

что И. Гете раскрыл через образ Фауста глубокую «тайну при-

роды», В.И. Вернадский сказал, что, как бы далеко не ушла наука 

вперед от воззрений Гете, «нам останется неоспоримая заслуга 

зачинателя сравнительной анатомии, морфологии, генетической 

биологии и т. д.» [2]. Это – действительно высокая оценка труда 

И. Гете, данная выдающимся ученым-естествоиспытателем. Вот 

такая смелость необходима исследователю. 

Знаменитый  физик,  лауреат  Нобелевской  премии  Э.  Резер-

форд (1871–1937 гг.) создал планетарную систему внутри атома, 

наподобие солнечной системы, согласно которой, в центре атома 

находятся протон и нейтрон, вокруг которых вращаются другие 

элементарные частицы. Символом этого процесса является эм-

блема  атома.  Когда  В.И.  Ленин  писал  работу  «Материализм  и 

эмпириокритицизм»,  была  известна  только  одна  элементарная 

частица – электрон. Сегодня таких элементарных частиц насчи-

тываются  сотни.  Возвращаясь  к  Э.  Резерфорду,  хотим  сказать, 

что и ему с трудом пришлось убедиться в том, что элементарные 

частицы  обладают  корпускулярно-волновым  дуализмом.  Таких 

примеров можно привести много. Все они говорят о сложном и 

противоречивом пути развития науки. Следовательно, при изуче-

нии курса «История и философия науки» надо обращать внима-

ние именно на этот тернистый путь. 

Путь становления наук – сложный и многогранный. Лауреат 

Нобелевской премии И.Е. Тамм (1895–1871 гг.) говорил: «Если 

Вы хотите стать настоящим физиком, а не высококвалифициро-

ванным  ремесленником,  Вы  не  должны  исключать  возможно-

сти иных форм реальности, отличных от формы существования 

материальной действительности» [3]. Это значит, что академик 

предполагает существование не только материального, что похо-

же на положения теории Г. Лейбница (1646–1716 гг.) о монадах. 



I Казахстанский философский Конгресс 

647 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Интересна и другая мысль. Выдающийся физик Н. Бор (1885–

1962 гг.) пишет: «Будущая физика должна включать в себя со-

знание» [4]. Что все это означает

Это означает, что в науке происходят такие процессы, кото-

рые затрагивают глубинные, тончайшие явления мира, порожда-

ют самые непостижимые для сознания выводы, которые стирают 

различия между материальным и идеальным, между фантасти-

кой и реальностью. 

Посудите  сами.  Демокрит  говорил,  что  атом  настолько  ма-

лый, что увидеть его невозможно, потому он постижим только 

для  ума.  Электрон  же,  открытый  Дж.  Томпсоном  в  1897  г.  как 

элементарная частица, в 2000 раз меньше атома. А вот ядро атом 

– протон во сколько раз меньше атома? [5]. Невероятно! Разве 

это не фантастика? Можно ли это представить себе? Нет. Но по-

нять  можно  умом,  потому  что  это  –  реальность.  Приходишь  к 

выводу, как был прав античный философ Демокрит, сказавший 

об органичности чувственного познания. Говоря о роли сознания 

в физике, Н. Бор, очевидно, имел в виду и такой процесс. 

В заключение скажем, что в КазНТУ им. К.И. Сатпаева лек-

ции  по  «Истории  и  философии  науки»  читаются  по  этапам, 

главным  образом,  опираясь  на  труды  выдающихся  философов, 

начиная с Платона и Аристотеля и заканчивая современностью. 

Это  призвано  повысить  философскую  культуру  соискателей  и 

обогатить их знания. Семинарские занятия проводятся по темам: 

«Философские  проблемы  математики»,  «Философские  пробле-

мы  физики»,  «Философские  проблемы  химии»,  «Философские 

проблемы информатики», «Философские проблемы техники» и 

др. Курс завершается приемом экзамена. 

В этом, как мы полагаем, смысл введения курса «История и 

философия науки» в учебные планы высших учебных заведений. 

Литература

Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. – Изд. 2-е. – Т. 23. – C. 25.

2 Совершенно секретно. – 1999. – № 7 (122). – С.12.

3 Там же. 

Глинка К.А. Общая химия. – Л.: Химия, 1984. – С. 704.

5 Там же. 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

648 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ФИЛОСОФИЯ, ФИЛОСОФ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯНЫ

ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

 

Гүлжиһан НҰРЫШЕВА



(Алматы)

Философия  ғылымының  мәні  мен  мақсаты,  қоғамда  және 

жеке  адамның,  әсіресе  жастардың  өмірінде  алатын  орны  тура-

лы сұрақтар қазіргі заманғы философтарды қатты толғандырып 

отыр. Философия қазіргі қоғамға, жас ұрпаққа қажет пе? Оның 

болашағы бар ма? Жаһандану, ақпараттану, техникаландыру за-

манында философия шетке ысырылып, пайдасыз, уақыты өткен 

ғылымдар мен пәндердің қатарына қосылып кетпей ме? Жоғары 

оқу  орындарының  оқу  бағдарламаларындағы  міндетті  түрде 

оқытылатын пән статусын сақтап қала ала ма? Философ дегеніміз 

кім? Оның негізгі міндеттері қандай? Әлде таза философиялық 

пайымдаумен шектелу философ үшін жеткілікті ме?

Міне,  бізді  қазіргі  таңда  мазалап  отырған  сұрақтардың  бұл 

бір легі ғана. Тереңдеп тексерсек, философия мен философтың 

қоғамдағы рөлі туралы пікірталас философия тарихында үнемі 

жүріп отырған екен. Аристотельдің пайымдауынша, философия 

еркін, ешқандай мақсатты көздемей жүргізілетін қызмет, рухтың 

іштен бекуі, асқақтауы және оны жүзеге асыру үшін құмарлықтар 

жойылып, өмірлік қажеттіліктер қанағаттандырылып, сана жал-

пы заттар туралы ойлау үшін алысқа самғауы тиіс.

И.  Кант:  «философқа  екі  нәрсе:  1)  оларды  мүмкін  бола-

тын  барлық  мақсаттарға  қолдану  үшін  талант  және  қолдана 

білу мәдениеті; 2) құралдарды белгілі бір мақсаттарға қолдану 

дағдысы  қажет»  деген  болатын  [1,  с.  332].  Ол  философияның 

барлық  жүйелері  –  ақыл-ойды  қолдана  білу  тарихы  деп 

тұжырымдайды. Бұл пікір қазіргі заманғы философтар айналы-

сып жүрген қызметтің мазмұнына жақын деп ойлаймыз.

Гегельдің пікірі басқаша. Оның ойынша, халық өзінің нақты 

өмірінің шегінен шығып, күйреуіне бағыт алғанда, ішкі ұмтылыс 

пен  сыртқы  қызметтің  арасында  алшақтық  пайда  болып,  рух 

барлық тірі өмір сүруге немқұрайлылық танытқанда немесе көңілі 


I Казахстанский философский Конгресс 

649 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

толмағанда,  адамгершіліктік  өмір  ыдырағанда  философиялық 

пайымдау пайда болады және грек философтарының мемлекеттік 

істерден аулақ болғанының да себебі осында жатыр [2, с. 61]. 

Қоғамның  философия  мен  философтарға  көзқарасын 

Н.Бердяев  өте  дәл  жеткізген:  «Философтың  жағдайы  шыны-

мен  трагедиялық.  Оны  ешкім  сүймейді.  Мәдениет  тарихының 

барлық  кезеңдерінде  философияға  деген  жеккөрініштілік 

байқалады  және  ол  сантүрлі  тараптан  көрінеді.  Философия 

мәдениеттің ең нашар қорғалған жағы. ...Философтар әрқашан 

адамзаттың  шағын  ғана  тобы  болды,  олар  ылғи  да  аз.  Соған 

қарамастан адамдардың оларды соншалықты жақсы көрмейтіні 

таңданарлық. Философия мен философтарды діннің адамдары, 

теологтар, шіркеу иерархиясы және қарапайым ғана сенушілер, 

ғалымдар,  және  әртүрлі  мамандық  өкілдері,  саясаткерлер  мен 

әлеуметтік  қызметкерлер,  мемлекет  билігінің  адамдары,  косер-

ваторлар мен революционерлер, инженерлер мен техниктер, ар-

тистер, қарапайым адамдар, тоғышарлар сүймейді» [3, с. 238].

Тарихи  даму  барысында,  көзіміз  жеткендей,  барлық  филосо-

фиялық жүйелер мен философтар өткен осы күйді қазіргі заманғы 

философия мен философтар бастарынан кешіп отырғаны жасы-

рын емес. Не істеу керек? Сарыуайымға салынып, «философияның 

күні бітті» деген оймен өмір ағынына еріп өмір сүре берген дұрыс 

па,  әлде  философия  мен  философтардың  қоғамдағы  рөлі  тура-

лы оптимистік көзқарасқа ұмтылу қажет пе? Әрине, қиын болса 

да, екінші жолды қалаймыз және бұл жолдағы басты теориялық 

және  практикалық  ұстанымымыз  белгілі  қазақ  философы 

О.А. Сегізбаевтың «философия тоғышарлық түсінік тұрғысынан 

жеке адамға да, қоғамға да ештеңе бермейді. Иә! Шынында да со-

лай, егер де ешқандай да ғылымның адамзатқа ештеңе бермейтінін 

білмесек. Ал білсек! Онда философиядан адамзаттың өзі адамзат 

ретінде онсыз қалыптаса алмайтын, ештеңемен алмастыру мүмкін 

емес пайда алуға болады» деген ойлары болмақ [4, с. 16].

Негізгі  зерттеу  объектісі  адамның  рухы,  санасы,  ойы, 

адамгершілігі, өмірінің мәні мен мағынасы, өмір мен қоғамдағы 

рөлі,  тұлға  ретінде  қалыптасуы  және  т.  б.  күрделі  рухани 

мәселелер  болып  табылатын  философияны  көпшілікке,  соның 

ішінде  студент  жастарға  қалай  жеткізуге  болады?  Философия 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

650 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

жоғары оқу орындарында қалай оқытылғанда, философ (ғалым 

және оқытушы деп ажыратпай-ақ) қандай болғанда философия 

мен философ қоғамның өздеріне деген теріс көзқарасын өзгертіп, 

беделін жоғарылата алады – осы туралы ойларымызбен бүгінгі 

конгресс барысында бөліссек деген мақсат бар.

Ең  әуелі  «Философия»  пәнінің  жоғары  оқу  орындарына 

арналған типтік бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет. Елба-

сы өзінің Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы 

Жолдауында  ескірген  пәндерді  жоғары  оқу  орындарының  оқу 

бағдарламаларынан  алып  тастау  туралы  айтқан  болатын.  Осы 

ойды тереңдетсек, уақыты өткен тақырыптар «Философия» пәні 

бойынша  бағдарламадан  алынып,  қазіргі  постиндустриалдық 

қоғам  адамының  қалыптасуы  мәселелерімен  байланысты  жаңа 

тақырыптар  енгізілуі  тиіс.  Мысалы,  Қазақстан-Британ  техни-

калық университетінде оқытылатын бағдарламаға «Ғылым фи-

лософиясы»,  «Ақпараттық  қоғам  философиясы»,  «Ақпараттық 

қоғамдағы адам философиясы» және тағы басқа тың тақырып-

тар бірнеше жыл бұрын енгізілді және бұл шешіміміздің дұрыс-

тығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Екінші  мәселе  –  «Философия»  пәнін  оқытатын  философ-

ұстаздың ғылыми қызметі мен білімі қазіргі заманның жоғары 

талаптарына сай болуы тиіс. Кезінде Кант айтқан «философияны 

кездейсоқ шарлатандар емес, арнайы білімі бар мамандар оқытуы 

тиіс» деген ойлар қазір де маңызды. Бірақ, қазіргі заманда білімді 

философ болып қана қою жеткіліксіз. Жастарға адам түсінбейтін, 

тым  ғылыми  терминдерге  толы  дәрістер  емес,  мүмкіндігінше 

түсінікті,  жатық  тілмен  баяндалған,  қазіргі  заманның  өзекті 

мәселелерімен  тығыз  байланысты  дәрістер  оқуымыз  қажет. 

Қазіргі  заманғы  оқытушы  оқытудың  инновациялық  түрлерін, 

техникалық  құралдарды  толық  меңгеруі  тиіс,  онсыз  креативті 

студенттік  аудиторияда  сабақ  беру  қиынға  түседі.  Әрбір  дәріс 

бойынша  слайдтар  дайындалып,  техникалық  оқу  құралдары 

кеңінен  қолданылса,  бұл  факторлардың  студенттің  тақырыпты 

меңгеруіне,  философияға  қызығушылығын  арттыруына  оң 

ықпал ететінін іс жүзінде байқауға болады. 

Қазіргі ұстаз-философ зерттеу университетінде қызмет етеді, 

яғни  оқытушылық  тәжірибе  мен  ғылыми  ізденіс  қатар  жүріп 



I Казахстанский философский Конгресс 

651 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

отыруы  тиіс.  Бұрын  ғылыми  жобалармен  негізінен  алғанда 

ғылыми-зерттеу  институттарының  қызметкерлері  айналысатын 

болса, соңғы жылдары жоғары оқу орындарының оқытушылары 

Білім  және  Ғылым  министрлігінің  гранттық  қаржылау  конкур-

старына белсене қатысуда, бұл, әрине, оқыту сапасын арттыруға, 

оқытушының  теориялық  деңгейін  көтеріп,  әлемдік  ғылымның 

көшінен қалып қоймауына игі себеп.

«Философия»  пәнін  оқытудың  маңызды  бөлігі  –  пән  бой-

ынша  практикалық  (семинар)  сабақтары.  Олардың  барысында 

студент  оқытушы  дәрісінен,  кітаптар  мен  Интернет  жүйесінен 

алған білімдерін бекітеді, өзіндік ойлауын дамытып, белгілі бір 

тұжырымдар түйіндейді. Практикалық сабақтарды да қызықты, 

мазмұнды  және  пайдалы  түрде  өткізуге  ұмтылуымыз  қажет. 

Студенттердің  берілген  тақырып  бойынша  өз  түсінігін  құру, 

өзінің қағаз жазбаларына немесе оқулыққа сүйеніп, ауызша ба-

яндап беруінің күні өтті. Қазіргі студенттерге оқытушы «Асси-

стент институты», «Философиялық скетчтер», «Философиялық 

жаттығулар»  және  тағы  басқа  әдістер  арқылы  техникалық 

оқу  құралдарын  кеңінен  қолданып,  презентациялар  жасау, 

сценалық  көріністер  дайындау,  оқытушыға  көмекші  ассистент, 

модератор  қызметтерін  атқару,  қысқаша  тапсырмалар,  әйгілі 

философтардың ойларынан үзінділер бойынша өз ойларын айту 

және тағы басқа тапсырмалар бере алады. 

Жас  маман  үшін  өз  ойын  дәл,  анық,  әдемі  жеткізе  білу  өте 

маңызды.  Кезінде  софистер  грек  мемлекетінің  азаматтарын 

шешендік (риторика) өнерге арнайы үйретуді мақсат еткен болса, 

сондай қажеттілік қазір туып отыр деуге болады. Қоғамның кез-

келген саласының қызметкеріне өткір ақыл, шебер тіл аса қажет. 

Оқу бағдарламасында сөйлеуді көп қажет етпейтін техникалық 

пәндердің басымдылығы себебінен студенттердің сөйлеу өнерін 

дамыта  түсу  қажеттігін  байқаған  соң  біз  басты  назарымызды 

практикалық  сабақтар  барысында  олардың  көбірек  сөйлеуіне, 

өз ойларын жүйелі түрде, мазмұнды, еркін жеткізуіне аудардық. 

Бұл шаралар соңғы жылдары жақсы нәтижелерге жеткізді.

Философия ғылымының кең ауқымын қазіргідей бір семестр 

барысында меңгеру мүмкін емес, ол өмір бойы жүретін процесс. 

Біздің міндетіміз студенттің бойында бұл ғылым туралы негізгі 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

652 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

түсінікті, оған деген құштарлықты қалыптастыру, аз ғана кредит 

шеңберіне мүмкіндігінше көбірек мазмұн қамту. Студенттердің 

өзіндік  жұмыстары  осы  мақсатқа  негізделген.  Жоғары  білім 

жүйесі мықты дамыған елдерде студенттің өзіндік жұмыстарына 

ерекше назар аударылып, жалпы уақыттың 70-75 пайызы соларға 

бөлінеді. Біз «Философия» пәні бойынша өзіндік жұмыстың екі 

түрін жоспарлаймыз: үй жұмысы (эссе) және белгілі бір түпнұсқа 

бойынша  ақпараттық  технология  құралдарын  қолдана  отырып 

презентация дайындау. 

Эссе тақырыптарын оқытушы ұсынады және олар үнемі, әрбір 

семестр сайын өзгеріп отырады. Эссе жазу студенттің логикалық 

және  өзіндік  ойлау  қабілеттерін  жетілдіреді,  түпнұсқаны  зерт-

теп, қойылған мәселеге жеке, тұлғалық көзқарас қалыптастыруға 

бейімдейді. Мысалы, Конфуций, Гераклит, Сократ, Аристотель, 

Абай, Шәкәрім және басқа ойшылдардың философиясы бойын-

ша жазылған эсселер осы пікіріміздің дәлелі.

Пәнді оқыту барысында түпнұсқаны зерттеуге баса назар ауда-

рылып отыр. Философиялық туындыны түпнұсқасында оқудың 

орны  бөлек,  жалпы  баяндау,  түсіндірме-комментарий  беру  оны 

ешқашан алмастыра алмайды. Әрине, түсіндірме философиялық 

туындының авторы мен осы туындыда қарастырылған мәселелер 

туралы құнды ақпарат бере алады. Бірақ еңбек туралы баяндау-

шы оны өз көзқарасы тұрғысынан талдайтынын ұмытпау керек, 

сондықтан комментарийді немесе оқулықты ғана оқыған адамның 

таңдауы  шектеліп,  ол  еріксіз  басқаның  ықпалында  кетеді.  Ал 

түпнұсқаны  игеруші  адам  философиялық  пайымдау  еркіндігіне 

ие болады, философиялық туындының нағыз мәніне жету арқылы 

шығарманың  авторы,  оның  философиялық  көзқарастары  неме-

се жүйесі, қарастырған мәселесі туралы өзіндік пікір-тұжырым 

қалыптастырып, жалпы жеке де өз көрінісін табады.

Түпнұсқаны зерттеу процесінде танушы субъектінің бойын-

да білімге деген жеке, тұлғалық қатынас одан әрі нығая түседі. 

Түпнұсқа философтың интеллектуалдық ойының жемісі, ал та-

нушы  тұлға  үшін  «...интеллектуалдық  әдемілік  жаңалықтарға 

жол көрсетуші және ақиқаттылықтың белгісі» [5, с. 299]. 

Мемлекеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шеңберінде 

«Философия»  сериясымен  шыққан  томдарының  барлығын 



I Казахстанский философский Конгресс 

653 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

дерлік  философия  пәнін  оқыту  барысында  кеңінен  қолдануға 

болады.  Себебі,  тақырыптарды  оқулықтың  ғана  көмегімен 

түсіну үстіртін, жалаң сипатқа ие. Сондықтан да студенттеріміз 

практикалық  сабақтарға  дайындық  барысында  және  өзіндік 

жұмыстарға арналған тапсырмаларды игеруде «Антикалық фи-

лософия»,  «Аристотель  философиясы»,  «Ортағасырлық  діни 

философия», «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Өмір 

философиясы», «Ғылым мен техниканың Батыстық философия-

сы» және тағы басқа томдарға енгізілген шығармаларды терең 

талдауға ұмтылады.

Түпнұсқа  бойынша  презентациялардың  басым  көпшілігі 

оқытушы  ұсынған  тақырыптар  бойынша  дайындалады.  Бұл 

шараның  екі  пайдалы  жағы  бар.  Біріншіден,  студенттер 

оқытушы  ұсынған  тізімнен  таңдаған  түпнұсқаны  толық  игеру-

ге ұмтылады. Екіншіден, презентация кезінде осы түпнұсқамен 

басқа  студенттер  де  таныса  алады.  Презентация  тақырыптары 

ретінде  М.Әуезовтың  көпшілік  біле  бермейтін  «Философия 

жайынан»,  Н.Макиавеллидің  «Билеуші»,  Э.Роттердамскийдің 

«Ақымақтықты  мадақтау»,  Э.Тоффлердің  «Үшінші  толқын» 

еңбектері  және  тағы  басқа  іргелі  туындылар  ұсынылып 

отырғанын айта кетуге болады.

«Философия»  пәнінің  беделін  арттыруға  пән  бойынша 

интеллектуалдық  клубтар  ұйымдастыру  да  үлесін  қоса  ала-

ды.  Мысалы,  ҚБТУ  студенттері  кафедра  жанындағы  «IDEA» 

интеллектуалдық-философиялық  клубының  жұмысына  жақсы 

қатысады. Клуб ғылыми танымдық, әдістемелік және тәрбиелік 

қызметтер  атқарады.  Студенттер  клуб  мәжілістерінде  «Фило-

софия»  пәні  бойынша  тақырыптарды  тереңдеп  зерттеп  қана 

қоймай, белгілі ғалымдар Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, Қ. Нұрланова, 

С. Нұрмұратов, С. Колчигин, А. Швыдко, А. Сырғақбаева және 

тағы басқа философтармен жақын танысып, өз ойларымен бөлісу 

мүмкіндігіне ие болды.

Философияның  әрбір  адамға,  әсіресе  жас  маманға  аса 

қажетті  ғылым  екендігі  сөзсіз.  Себебі,  «философиялық  рух 

философияның  жүйелі  формаларынан  азат  ойшыл  адамның 

бойында  жеке,  қараңғы  инстинкт,  бедел  немесе  сенім  ретінде 

көрінетіннің  барлығын  тексеруден  өткізетін  жердің  бәрінде 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

654 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

көрінеді.  Ол  зерттеушілер  әдістемелік  сананың  көмегімен  өз 

ғылымдарын  соңғы  заңды  негіздерге  жинақтайтын  немесе 

бірнеше ғылымдарды жалпылауға ұмтылған жерде. Ол өмірлік 

идеалдар  мен  құндылықтар  жаңа  тексеруден  өтетін  жерде. 

Дәуірдің қойнауында немесе адамның жүрегінде ретсіз немесе 

жауласқан  түрде  соқтығысқанның  бәрі  ойлау  арқылы  татулас-

тырылады;  қараңғы  айқындалады,  тікелей  қасында  тұрғанның 

бәрі байланысқа келтіріледі» [6, с.160]. 

Мәселе  осы  пәнді  жоғары  оқу  орындарында  сапалы  да 

мазмұнды  оқытуға,  жалпы  философия  ғылымын  көпшілікке 

жеткізуге ұмтылуда. Мүмкін осы арқылы қоғамның философия 

мен философтарға деген көзқарасын өзгерте алармыз?!

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет