30. Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.
Философиялық антропологияда адамның жетекші қажеттелігі болып табылатын, қоғамдағы оның қалыптасуының негізгі тәсілдерінің бірі махаббат мәселесі маңызды орын алады. Гегель әрбір махаббат «нақты берілген заттар сезіміне» деген махаббат болып табылады,- деп тұжырымдайды. Махабаттың абстрактілі, тек ақылмен ғана қабылдануы мүмкін емес. «Ойға қонымды – сүйікті болуы мүмкін емес». Махаббат қарым-қатынасқа түсетін адамдарға, өзіндік сұлулықты алып жүретін нақты бір жақсылыққа, іс-әрекетке, заттарға білдірілетін махаббат болады. «Адамзатты» немесе «жалпы адамды» сүюге болмайды, тек жеке-дара адамды барлық оның нақтылығымен сүюге болады. Ницшеге сәйкес махаббат әрқашанда өзімшіл. Бұл мағынада махаббат пен адамгершілік бірін-бірі тыс шығарады, махаббат «жақсы мен жаманның ар жағында» қалады. Егер рухтылық махаббатта мүмкін болса, онда тек қана оның ұшқыр саналылықтың «өзектен өтетін» мағынасында сезімдік рух бар. Махаббат ерік-жігердің өзін-өзі дәлелдеудің амалы, өйткені ол қарама-қарсы жынысқа деген махабат сезімі ғана емес, сондай-ақ жалпы өмірге, әсіресе билікке деген махаббат құмарлығы білдіріледі. Э. Фромның «Сүю өнері» атты кітабында – сүю деген құмарлық – бұл адамның жағымды, ұнамды, тіршілік орнықтырушы әуесқойлықтың ең мағыналы көрінісі. «Махаббат – адамның тіршілік ету мәселесі туралы сұраққа жалғыз, нақты бекітілген жауап». Оның пікірінше, жалпы махаббат – тәжірибені талап ететін және ой қорытындылауды игеретін түсінік пен түйсік өнері. Ол көптеген адамдардың бұл жағдайды танығысы келмейтінін айтады. Біріншіден, адамдардың көпшілігі махаббатқа «қалай сүю керек» емес, «қалай сүйікті болу керек» деген, яғни махаббат мүмкіншілік жағдайы мағынасында қарайды. Екіншіден, мәселе сүю қабілетінде емес, мәселе махаббаттың өзінде. Үшіншіден, «ғашықтық» және «махаббат жағдайы» түсініктері бірігіп, қорытындысында махаббаттан жеңіл ештеңе жоқ дегенге әкеледі. Х.Ортега-Гассет махаббаты адамзат іс-әрекеттерінің барлық жақтарында пайда болатын (еңбекке, отанға, қанағатқа және т.б.) әрекет деп көрсетеді. «Махаббат біздің ішкі күйзелісімізден, ол жанымыздың көптеген қозғалысынан пайда болатын: ойымыздың, талпынуымыздың, әрекеттеріміздің жемісі; махаббаттан бәрі пайда болады, тұқымнан шығатын егін іспеттес; махаббат – бұл жағдай, аталған жан қозғалысының пайда болуы ». Махаббаттың ерекшелігін: «Махаббат – нақты махаббат, ғашықтың жалпы жағдайы емес, – қандай да бір объектіге бағытталған зат немес жеке адам, яғни сезімнің таза кепілі. Есте сақтаудың сезімтал бір пайда болуы сияқты, махаббат есте сақтаудың барлық жиынтықтарынан өзгеше: сүю, жақсы көру – бұл бақылау, ойлау, еске түсіру, көз алдыңа келтіру; келесі жағынан, махаббат аракідік өзгелермен араласады. Еш күмәнсіз, әуестену – махаббаттың пайда болуы, бірақ махаббаттың өзі әуестену емес... Біздің махаббатымыз – біздің әуестенулеріміздің барлық жиынтығында, тұқымнан өсетін сияқты, өседі»