Философияның анықтамасы мен пәні Философия


Таным философиялық мәселе ретінде



бет9/13
Дата17.02.2023
өлшемі61,39 Kb.
#68700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Философия

11. Таным философиялық мәселе ретінде.
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты.
12. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және түйсік.
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды
Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей есер ететін объективтік дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиетгері мен сапаларының бейнеленуі. Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі больш табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі болып табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Адамның сана-сезімiнiң тағы да бiр керемет ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi - сөздiк-ұғымдық түрі.
13. Танымның объектісі мен субъектісі.
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. 14. Негізінен философия ұғымының негізгі мақсаттарының бірі - ақиқатты зерттеу, тану, шындыққа көз жеткізу екенін білеміз. «Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде, сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау». Философия ғылымы өзінің даму тарихында ақиқат концепциясы аясында түрлі тұжырымдамалардан өтті. Соның алғашқысы классикалық тұжырымдамамен байланысты. Бұл тұжырымдама бойынша шындық дегеніміз – адам білімінің нақты жағдайда, кез келген обьективті шындыққа сәйкес келуі деп ұғынылды. Алғаш ақиқат ұғымының классикалық негізін салған, ақиқат жайлы тұжырымды әрі нанымды мәлімет берген ежелгі грек ойшылдары - Платон мен Аристолель болды.
Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.
Танымның даму процесін бейнелейтін категория – абсолютті және салыстырмалы ақиқат. Бұл ұғымдар бұрын танылған және болашақта танылатын құбылыстарды, не болмаса біздің болашақта таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырайтын ақиқаттардың арақатынасын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет