Философияның анықтамасы мен пәні Философия



бет12/13
Дата17.02.2023
өлшемі61,39 Kb.
#68700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Философия

Антропология — адам туралы ілім
Философия тарихы адамның мәні жайыдағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.
Философияның көп мәселелерінің ішінде ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғылымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті»қолдап отыр. Осыдан 13 млрд.жыл бұрын «Ұлы жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырған екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны «Homo Sapiens» -саналы адам, «Homo Faber»-құралданған адам деп Д.Франклин айтқан. «Zoon Politicon»-қоғами жануар деп айтқан Аристотель. «Нomo Morales» деген атты И.Кант берген, Абай оны «Нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді . «Homo Aesteticus»-сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның бізге ғажап жағын көрсетеді. Адам-дүниедегі жекелген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ляззат алатын пенде. Біз тек ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені , өкінішкі орай , бүгінігі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сай келмейтін сұлулық жиі кездеседі. Голландия ойшылы адмға «Homo Ludens» -ойнайтын адам деген ұғым берген. Адам өз өмірінде жүздеген ролдерді ойнайды. Шекспирдің айтуынша, «Наша жизь-театр, а мы в нем актеры»,- дегендей… «Homo Erectus»- тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мағынасы бар. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа- ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналды. Адам өз қолдарымен 2000-нан астам әртүрлі нәрселерді жасай алады екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ.

Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
Қазақ философиясының басты мәселесі — адам (тұлға) және қоғам. Бұл арақатынаста өмірдің мәні мәселесінің әлеуметтік-философиялық аспектісі ашылады.Адамның жеке өмірінің маңызды көрінісі — оның құндылықтарының ең жоғары интеграциясы болып табылатын өмір мағынасының болуы. Өмірдің белгілі бір мағынасын қалыптастыру мәдениет тарихында дамыған белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды интернационализациялауды қамтиды. Қазақ халқының санасында қасиетті орындар мен қабірлерді қастерлеумен байланысты көшпелі мәдениеттің ежелгі дәуірі туралы түсінік терең тамыр жайған. Белгілі бір құрмет ежелден халықтың жадында сақталған. Қазақ халқы, дала сияқты, жаңа идеялардың толқынына ашық болды және діни адамгершілікке жат емес. Қазақ көшпенділерінің ділі басқа этностар мен мәдениеттерге деген толеранттылықпен айқындалды. Шын мәнінде қазақтардың ежелгі дүниетанымы зороастрлық болған және оның іздері отқа табынуда, сумен және жермен байланысты тазарту және емдеу рәсімдерінде айқын байқалады» Шығыста дін мен философияның антропологиялық бағыты тарихи тұрақты сипатқа ие деп саналады. Ерекше бағыт — бұл адамға және оның мақсатына деген көзқарасын білдіретін, белгілі бір өмір жағдайларымен қоршалған және сопылық бағыт алған ислам. «Православиелік исламнан күрделі философиялық базамен және соған сәйкес антропологиялық іліммен ерекшеленетін суфизмде христиан идеялары (адам Құдайдың бейнесі мен ұқсастығы ретінде) және буддизм мен индуизмге тән идеялар (патетизм, иогиялық практика) біріктірілген. Сопылық діни талаптардың сыртқы сақталуына емес, адамның ішкі өзін-өзі жетілдіруіне назар аударады, бұл, сайып келгенде, ондағы Құдайдың маңызын білдіреді» Сопылықтың X-XI ғасырлардағы мұсылман мәдени ренессансы ретінде әлемдік мәдениетке қосқан елеулі үлесін жоққа шығармаймыз, сопылық қазақ даласына жат емес, керісінше, қазақтың жанына жақын терең ойды қамтыған және XIX ғасырға дейін қоса алғанда маңызды рөл атқарған. «Әлемдік сопылықтың құрамдас бөліктерінің бірі — қазақ философиясы. Қазақ даласы «ақылды жүрек» тұжырымдамасын дамыту және тарату үшін құнарлы орта болды, «сопылықтың өзін-өзі жетілдіру жолы адамның жүрек кеңістігінде жүзеге асырылады» [5]. Сопылық тұжырымдамасының бұл тұжырымы қазақ рухына өте жақын болды. Мәдениеттің тарихи сипаты ұлттық өзін-өзі тануда ерекше құндылыққа ие және оны әр адам қабылдайды және оның құндылықтарының жоғары интеграциясы ретінде әрекет етеді, демек ол мағынаның болуын білдіреді.
Антропосоциогенез: адамның қалыптасу процесі.
Антропогенез (грек. антһропос – адам, генесіс – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:

ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;


ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді
Адамның мәні мен табиғаты. Адамдағы биологиялық және әлеуметтік бірлік. Адамның тұтастығы.
Адамның табиғаты мен мəніне қатысты антропологиядағы философиялық көзқарастардың мəні
Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-əрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Əлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, əлеуметтанумен, мəдениеттанумен, əлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) - деп есептейді.
Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті – материалистік жəне идеалистік,атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер жəне басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын жəне негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік əлем» философиясынан көруге болады
Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға. Тұлғаның генезисі. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның дербестігі мен тұтастығы.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік қасиеттердің болатыны. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Қазіргі жаһандық әлемдегі және ақпараттық мәдениеттегі адам мәселесі.
Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түпқазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің құрылуы аса маңызды кезең болды. Интернет желісі – бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртұтас ақпарат кеңістігі. Интернетті қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.
Ақпараттық қоғам – өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнің мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік өркениет адам жандүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады.«Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970 жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ғылыми- техникалық өркениет салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық «техникаландырылған» және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).
«Ақпараттық қоғам» тұжырымдары
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән:
1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында «ақпараттық қоғам» ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады;
2) ақпараттық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады.
Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі – индустриалды, үшіншісі – ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке «кәсіптік» жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым).
Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
- экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
- қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі.
Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген «ақпараттық қауымдастықтармен» алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға «шағын» экономикалық қалыптарды – үйдегі жеке индивидуалды қызметті, «электронды коттеджді» қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген.

27. Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.
Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім)
Адам болмысының негізгі категориялары-бақыт, сенім, өмір және өлім болып табылады. Бұл категориялар дам өмірінің мәнің анықтайды. Жалпы маңызды қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, тараптар мен шындық қатынастары – категория деп аталады. Осылайша, философиялық категориялар болмыстың қасиеттері мен арақатынасын ортақ түрде қарастырады.
Бақыт-адам болмысының философиялық категориясын төрт ұстаным арқылы қарастыруға болады:
1) Бақыт-тағдырдың мейірімділігі және сәттілік.
2) Бақыт - қарқынды қуаныш жай-күйі.
3) Бақыт - ең жақсы игіліктерге ие болу, өмірдің оң балансын табу.
4) Бақыт-өмірге қанағаттану сезімі.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, бақыт - бұл жалпы адамның өмірі ішкі қанағаттану сезіміне әрі барлық игіліктердің оңтайлы үйлесімі болатын құндылыққа байланысты қалыптасады деуге болады.
Әрине, ешкім бақыт деген не екенін нақты білмейді және әр адам оны әртүрлі түсінеді. Ең көп таралған көзқарас бақытты қуанышпен байланыстырады.
Көп адам бақытты өз қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырумен байланыстырады. Мысалы: оларда барлығы бар, олар бай әрі ауқатты тұрмыс кешеді, денсаулықтары сыр бермейді, олар үшін физикалық және рухани рахатқа кеңелу оңай әрі қол жетімді яғни, бақытты болу үшін не керектің барлығы бар. Бақыт жайында ежелгі грек аңызы бар: бірде бай патша Крез данышпан Солоннан ,бақытты адамды көрдің бе?,- деп сұрайды .Солон: бақытты адамды ешқашан көрмегенін және жалпы көре алмайтынын айтады. Сонда Крез: «Бірақ мен сенің алдыңда тұрмын, - деп ашуланды. Ең бақытты менмін, өйткені мен ең баймын»,-дейді. Бірақ Солон : «бұл туралы айтуға әлі ерте себебі ,Крез әлі тірі»,- деп жауап берді. Шын мәнінде, көп ұзамай Крездің мемлекетіне жаулар шабуыл жасап, оның мемлекетін талқандады және өзін өлтірді. Яғни, гректер тек өлім өмірге аяқталған көрініс береді деп санайды. Өмір аяқталған соң ғана адам бақытты не бақытсыз деп жауап беруге болады. Өмір жалғасып жатқан кезде, адамды бақытты деп айта алмайсын,- деп санаған.

Демек, бақыт-бұл ішкі тыныштықты білдіреді, қорқыныш пен уайымның орнына өмірдің әр өткен минуттың, қоршаған ортаның сұлулығы мен қасиетін бағалап түсінуден құралады.


Сенім адам болмысының басты категорияларының бірі. Діни сенім-өте сезімтал тәжірибе жемісі десе болады. Бірақ көптеген адамдар үшін мұндай тәжірибе-бос дыбыс іспеттес. Тіпті кейде сенім қол жетімді болса да, адамдар өзіне тән аса сезімтал сипатты яғни сенімді байқамайды, сезінбейді. Сіз сұлулықты тамашалай аласыз, онда қиял арқылы сұлулық жағымды эмоциялар ғана береді. Құдайға сенуге болады, бірақ күмәндануға, діни тәжірибеге күмәндануға, оны иллюзия деп санауға болады.
Франк сенімді, ақиқатқа жан арқылы ұмтылу, тыныш әрі әрдайым бар, «Құдай дауысына» құлақ асу еркі деп септеді. Бұл ерік бізді осы көрінбейтін және біздің жанымыздың қараңғы тереңдігінен ұшқындаған «шуаққа» мән беруге мүмкіндік береді. Бұл ұшқыннан рухани болмыстың күннен тараған шуақ сезіледі. Демек, сенім руханилықпен тығыз байланыста болады.
Өзінің түпкі мәніндегі сенім, трансценденттік жеке Құдайдың өмір сүруіне сенім емес, рухтың ішкі күйі, жүректің толымдылығы, баланың шынайы қуанышты секілді сипатқа ие. Бұл рухтың жай-күйі шексіз махаббаттың бізді жаратқан Құдайдың, шексіз махаббатымен, жақсылық , тыныштық, игіліктің сарқылмас қазынасымен тығыз байланысты сезімімен ұштасады.
Сенім идея да, идеялар жүйесі де емес. Ол өмірдің өзі мен тіршіліктің қайнар көзі. Ол өзіндік сезім және күш ретінде әрекет ететін өзіндік сана болып табылады.
Сенім адамды алға қарай жылжуға, қиын сәттерде мойымауға итермелейтін күш ретінде қабылданады. Ал сенімсіздіктің негізінде күмәндану бар. Яғни күмәндану, әрнәрсеге күдікпен қарау, сенімді жояды. Сенімді жоғалтпау үшін адам үнемі рухани тұрғыда дамуға, жан мен тән үйлесімділігін сезінуге, табиғатпен байланысын үзбеуге ұмтылу керек.
Өлім категориясы -адам өмірінің маңызды факторы болып табылады. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. Ежелгі грек мифологиясында Құдайлардың адамды жазалай алатын ең қорқынышты жаза- мәңгі өлместік болды. Кітаптарда, романдарда, трактаттарда өлмеушілік адамзаттың басты арманы ретінде таңданды. Егер адам мәңгі өлмейді деп елестетіп көрсек: оның барлық туыстары мен достары, балалары мен немерелері өлді, ал ол өмір сүруде, мүлдем жалғыз және өзіңе түсініксіз , танымайтын уақыт пен мәдениетке тап болады. Бұл шын мәнінде қорқынышты. Сонда өмірдің бар мәні, құндылығы жойылатын іспеттес
28. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.


Дәріс тезистері.
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).
Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның
ажалдығы және ажалсыздығы. Адамның өлімі мен өлместігі.
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның
өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің
шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді
жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма !”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде.
Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылықты өмірде байқалмайтын кіші-гірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.
Кезінде Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты.
Кейбіреулер өмірінің жартысын “гүлге қонған көбелек” сияқты өткізіп,
қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып,
оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда “Ұлы мәртебелі Табиғат”
оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, бүкіл ағайын-туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады.
Ондай адамға өлер алдында “Әттең-ай!”,- деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді.Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүнием мәңгі өмір сүреді,- деген үмітпен өмірмен қоштасады.
Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззәт алудан басқа еш нәрсе жоқ,- деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ, оқтын-оқтын мешітке барып (кім біледі, мүмкін Алла–тағала бар шығар,- деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) садақа беріп, намаз оқытады.
Бірақ, бәрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, жаны
түршігеді. Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді.
Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды. Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып өмірдің шаттығын да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірін толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның өзінде, ол оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол – нағыз адам. Ондай адам көп жұрттың есінде мәңгілік қалады.
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия” (auto - өзім, nazіa - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып “эвтаназия”,- дейді. Әңгіме адамның өз еркімен қоғамның көмегі арқылы бұл дүниеден кетуі. Яғни, оның “суицидтан”- өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы – ол қоғамның рұқсаты және көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік ләззәт алу өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш зардап шекпей бұл өмірден тәтті ұйқыға шомылып кете барғысы келеді. Енді бұл мәселені біз де талдап көрелік.
Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік даму жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. Расында да, егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я болмаса, қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге көмектессе де болатын сияқты.
Бірақ, мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі терең интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген әр адам Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде бір адам өмір соңында “қайғылы үштікті” (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту – адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.

Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, сондықтан, ешкімнің де адам өмірін қиуға (соның ішінде - адамның өзін-өзі де) құқы жоқ.


Аутоназияның моральдық-құқтық жағына келер болсақ, ғалымдардың айтуына қарағанда, заңды түрде оны өмірге еңгізгенде неше-түрлі басқа теріс салдарлар пайда болуы мүмкін. Мысалы, адамның дене мүшелерін сату, екіншіден, адам жүрегіне үрей салып өмірден кету жөнінде шешімге келуге мәжбүрлеу т.с.с. келеңсіз жағдайлардың пайда болуы ғажап емес.
Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде аутоназия жөнінде заң қабылданып ол іске асуда. Енді келесі үлкен мәселені – өлместік. Бұл мәселе адам өмірі мән-мағнасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан айырмашылығы қандай?,- деген сұрақ пайда болады емес пе!
Өлместік мәселесі – кез келген діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды. Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның жан-дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де, бүгінгі таңдағы бірде-бір дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды.
Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. Алайда, мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға “о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды” көзге елестету өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де. Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Өйткені, өмір жаңа өмірді тудырып өз өмірін жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с
29. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі және Қожа Ахмет Йассауидың мистикалық дүниетанымы.
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Қорқыт қайда барса да, өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүреді.
Қайда барса да, алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға:«бұл кімнің көрі» деп сауал қойса, олар: «Қорқыттың көрі», - деп жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстіне өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде, оны жылан шағып өлтіріпті дейді. «Қайда барса да Қорқыттың көрі» дегенде, Қорқыттың өз басының ғана емес, сол өз заманындағы аталық қоғам арасындағы қайшылықтар, әділетсіздіктер Қорқытты осындай пессимизмге алып келді деп түсінуіміз керек. Яғни, адам өмірін мәңгілік жасау аңсары өзекті идея іспетті. Бұл өте бір философиялық астарлары бар ұғым. Адам өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, бақсылар Қорқытты дүниеге өлмей, тірі кетті деген. «Өлі десем - өлі емес, тірі десем - тірі емес» деген сөз осыдан қалған.
Сонда ата-баба күшіне сыйынған Қорқыт «пендеге өлім парыз» дейтін ислам идеясымен келіспегендігін көрсетеді. Қорқыттың өлімге қарсы күресуі, одан құтылудың жолдарын іздеп:
«Көкке ұшқан құс жылайды,
Көп жасаған қарт жылайды,
Аспандағы ай жылайды,
Алты жасар бала жылайды»,-
деп айтуынан біз өлімге дауа іздеген Қорқыт философиясын танимыз.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі – адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.
Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы.
Иасауи дүниетанымының негізінде сопылық жатыр. Сопылық –басқа танымдардан ерекше исламдық дүниетаным формасы. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаһи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптелелед



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет