Салыстырмалы ақиқат шындыққа жақын және оған едәуір сәйкес келетін, бірақ толық емес ақиқат.
Абсолютті ақиқат – бұл обьект туралы нақты да толық жетілген шындық. Толық айтқанда абсолютті ақиқат- шынайылыққа сәйкес обьективті болмыс туралы бұлжымайтын білім
Практика – ақиқаттың өлшемі. Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі
зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат елшемі" деп, әдетте, бір - қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:
1. ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;
2. құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.
Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп —тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты (прагматизм), енді біреулері жалпыға танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақикаттың формалды логика өлшемімен шектеледі, төртішпілер білімнід ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың елшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім езімен-өзі түйықталады, ал акикатты айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мүндайда ақикат өлшемі шарттарын практика, демек, қоғамдық - тарихи үдеріс ретінде түсіндіретш материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады.
Практика коғамдағы адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады. Практика, ақиқат өлшемі ретінде көрінеотырып, оған кажетті қасиеттерге ие, мысалы, объектіге бағытталады және кызметімен білім аясының шеңберінен шыға алады. Практика адамды объективті шынайылықпен қауыштырады. Онда заттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен коса практикалык кызметтің жүзеге асырылуы білімге төуелді. Практиканың қайсысы болса да, жаңғыртатын заттардьщ қасиеті туралы ақпарларға негізделеді, белгілі бір мақсаттан
Ғылыми танымның құрылымы. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі.
Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады.
Ғылыми таным эмпириялық жəне теориялық деңгейлерге бөлінеді. Эмпириялық жəне теориялық – ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық жəне теориялық зерттеулерге бөлінеді. зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тəжірибе деректеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен жəне дамытумен байланысты жəне объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста жəне бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында деп біледі.
Танымның эмпирикалық жəне теориялық деңгейлері. Эмпириялық және теориялық – ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық және теориялық зерттеулерге бөлінеді. зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын ашады, эмпир. зерттеуді бағдарлап, оған жөн сілтеп отырады. Ғылым жаңа эмпир. деректермен толыға отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәніндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпир. таныммен тығыз байланысты теор. ойлау жүйесі шешеді. Эмпириялық және теориялық мәселесінің диалект. -материалистік шешімі гносеологияның, методологияның және ғыл. логиканың болжамдарды тексерудің ғылым заңдарын білдіретін білімнің және бақылау мен тәжірибе деректерін қалыптастыратын білімнің арақатынасын, идеализацияның, типологияның, түсіндірудің табиғаты, т.б. маңызды мәселелерді пысықтау негізі болып табылады.
Сциентизм жəне антисциентизм. Ғылым мен техника. Сциентизм (лат. scientia-білім, ғылым) - ғылымның мəдениет жүйесіндегі, қоғамның идеялық өміріндегі рөлін абсолютизациялаудан тұратын тұжырымдама. Сəиентизм үшін идеалкез-келген ғылыми білім ғана емес, ең алдымен жаратылыстану білімінің нəтижелері мен əдістері. Сциентизм өкілдері білімнің бұл түрі адам өмірінің барлық іргелі мəселелерін негіздеу жəне бағалау үшін, тиімді қызмет бағдарламаларын жасау үшін жеткілікті бүкіл мəдениеттің маңызды жетістіктерін жинайды деп тұжырымдайды. Сциентизм - бұл көзқарастардың қатаң жобаланған жүйесі емес, ол идеологиялық бағдар болып табылады жəне əртүрлі жолдармен көрінеді: нақты ғылымдарға еліктеуден бастап (анықтамалар жүйесі, логикалық формализм, философиялық-дүниетанымдық немесе əлеуметтік-гуманитарлық мəселелерді талдаудағы аксиомалық құрылыс, математикалық символизмді жасанды қолдану), философиялық-дүниетанымдық мəселелерді таным мен мағынаның (неопозитивизм) мағынасы жоқ деп теріске шығаруға жəне жаратылыстану ғылымдарын жалғыз мүмкін білім ретінде қарастыруға дейін барады. Философиядағы сциентизмнің бағыттары позитивті ғылымға (негізінен жаратылыстану ғылымына) бағытталған, ол философиядағы дəстүрлі дүниетанымдық мəселелерді, оларды ғылыми құралдармен шешу мүмкіндігін жоққа шығарады, ғылымның философиялық (дүниетанымдық) маңыздылығын жояды. Тарихи тұрғыдан бұл үрдіс əртүрлі формада болды. Сонымен, О. Конт философияны нақты "позитивті" ғылымдардың қосындысына дейін қысқартуға тырысты жəне "əлемнің синтетикалық бейнесін" ұсына отырып, өткен метафизиканы батыл қабылдамады. Философияның "ғылмдардың ғылымы" ретіндегі идеясы қазір үмітсіз ескірген, ғылымға бағытталған философияның рөлін қазір неопозитивизм немесе кең тұжырымдаманы қолданып отырым аналитикалық философия атауды талап етеді. Антисциентизм - бұл сциентизмге қарама-қарсы ұғым. Ол адам өмірінің негізгі мəселелерін шешуде ғылымның мүмкінді шектулі екенің ескеріп, ғылымды адам өміріне дұшпандық ретінде бағалайды. Антицентизмдегі силософия таза утилитарлық сипатқа ие жəне əлем мен адамның шынайы мəселелерін түсінуге қабілетсіз ғылымнан түбегейлі өзгеше нəрсе ретінде қарастырылады. Антисцентизм əлеуметтік-гуманитарлық білімді тек ғылыми зерттеудің объективтілік принципі қолданылмайтын сана формасы ретінде түсіндіреді. Ол экзистенциализмде, даралықта, қарсы мəдениеттің əртүрлі тұжырымдамаларында жəне экологиялық қозғалыстарда айқын көрініс тапты. Сонымен, экзистенциализмнің өкілі М. Хайдеггер ғылым, əрине, болмысты түсінудің бір түрі екенін айтады бірақ, ол философиямен салыстырғанда шектеулі білімді білдіреді, өйткені ол жалпы болмысқа қатысты емес.