Сананы онтологиялық түсіну Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. 3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:
1) тітіркену – өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.
2) сезімталдық – жануарлар дүниесіне тән..
3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты.
4) адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы түрі.
Сананың құрылымы Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Сананың негізгі концепциясы Бейсаналылық
Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері
Сананың құрылымы. Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбығын балаған. Халқымыздың «шыбын-жан»деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтаған шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу, бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қонып жүретін рухани дүние – жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда, өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл — өте ертедегі дәуірде туған түсінік.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана балық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотг деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой – мидың рухани жемісі де, өт – бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен Ф. Энгельс мұндай пікірді тұрпайы мате-риализм деп атап, орынды сынға алады.
Барлық тіршіліктің негізі клетка екені белгілі. Ол — өздігінен өмір сүріп, көбейе алатын жүйе. Ендігі мәселе сол өмір клеткадан басталатын болса, оған дейін тіршілік нышаны болмаған ба деген сауал туындайды. Бұл бір. Екіншіден, сол клетканың өзі қайдан шыққан? – деген сұрау тағы мазалайды, өйткені, органикалық және органикалық емес материя бар дейміз. Ол екеуі бірінен-бірі қалай туындады, арасында дәнекер бар ма десек, ондай дәнекер бар екен. Әйтпесе, тіршілік қайдан шықты деген сұрау адам баласын ұдайы ойландыра бермек екен. Ол дәнекер, сөйтсек, никлени қышқылы екен. Ол барлық клеткада да бар. Мәселен, клетка құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірі клетка өзегі – ядросы, екіншісі – оны қоршаған қабыршық. Ол цитоплазма деп аталады. Екеуінде де әлгі қышқыл бар. Ядродағы қышқылды ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы), ал қабыршақтағы қышқылды РНК (рибонуклеин қышқылы) дейді. Бұл қышқылдар, бір жағынан, клеткалардың өмір сүру, екінші жағынан, тұқым қуалау негізі.