«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Асан қайғы тұжырымдарының саяси-әлеуметтік мәнін көрсет



бет48/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
21.Асан қайғы тұжырымдарының саяси-әлеуметтік мәнін көрсет.
Асан қайғы (Хасан)Сәбитұлы (14ғ ақыры- 15 ғасырдың басы)- мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.
Асан Қайғының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:
1)этикалық дүниетаным- ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
2)Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.
3)Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіспеншілігі, тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.
Көне жырау Асан қайғының есімі көптеген түркі халықтарының аңыздары мен ертегілерінде кездесетіні көрсетілген. Халық арасында оның «қайғы», яғни қайғы- қасіретті, қайғылы, сормаңдай атанғандығы, айтылған. Бытыраған қазақ ру-тайпаларының бірлігі, топтасуы идеясын көтерген алғашқылардың бірі жəне оның бұл мұңы «Жерұйық» атты шығармасында жырланғаны дəлелденген. Асан қайғының негізгі арманы - халыққа жайлы қоныс іздеу. Ол -сонау Қорқыт заманынан келе жатқан əлеуметтік сарын. Дала философы Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш-жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, əлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, қайғырды. Оның арман еткен Жерұйығы -суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды»,- деп санады ақын.
Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Жырау толғауларындағы философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше.

Пайдаланылған әдебиет:


1. Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: оқулық. -Алматы: Санат, -928 б.
2. Нысаналин А. Асан қайғы: ақиқат пен аңыз // Түркістан. -2014. -1 мамыр. -10-б.
3. Жандарбек З. Асан қайғы мен Жəнібек хан. (Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себептері) // Қазақ тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет