Таным мүмкіндіктері адам ақылының тану мүмкіндіктерімен шектеледі.
Агностицизмнің көрнекті теоретиктері қатарында Иммануил Кант (1724-1804) та бар. Кант пікірінше, адам ақылының мүмкіндіктері көп болғанымен шектеулі. Ақылының танымдық мүмкіндіктерінің шектеулілігі мен шектілігіне байланысты адам ешқашан шеше алмайтын жұмбақтар – қайшылықтар (антиномиялар) бар. Мысалы, “Құдай бар”, “Құдай жоқ”. Кант философиясында осы сияқты шешілмеітін қайшылықтар (антиномиялар) төртеу. Адамның танымдық мүмкіндігіне енетіндердің өзі де, Кант пікірінше, ешқашан толық танылмайды, өйткені ақыл – бар болғаны заттардың адам сезіміне, сезімдік танымға қалдыратын бейнесін ғана тариды, ал осы заттың ішкі мәнін – “өзіндік затты”-ешқашан.